Қосжанов А.С., з.ғ.к., профессор
Арынова А., «Ю-21к» тобының студенті
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономиқалық университеті,
Қазақстан
АЗАМАТТЫҚ
ҚОҒАМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ресейдегі
азаматтық қоғам проблемасы, ХІХ ғасырдың
ортасындағы Александров реформаларынан басталып, бүгінгі
күнге дейін дерлік өзіндік тән сипаттарымен көбірек
талас туғызып, талқыланып келе жатқан
мәселелердің бірі болып саналады. Егер жарияланымдар
статистикасына, сондай-ақ теледидар бағдарламаларының
контент-талдауына жүгінетін болсақ, онда, осы
тақырыптың, яғни Ресейдегі азаматтық
қоғамның, саяси дискурста немесе сараптамалық
қоғамдастықтың, ғалымдардың, теоретиктер
мен аса алуан көзқарастардағы идеологтардың ғана
емес, сонымен бірге қарапайым адамдардың да пікір-таластарын
туғызатын және ол, көзқарастардың үнемі
толығып отыратын тақырыбына кіретініне көз жеткізуге болады
[1].
Біріншіден,
бұл оның эвристикалық әлеуетін, екіншіден,
«азаматтық қоғам» идеясы қажетті деңгейде
тұжырымдамалық негіздемелерге ие болмағанын, сондықтан
да аксиомалар ретінде заңтануда (юриспруденцияда) қолданылатын,
жеткілікті метатеориялық деңгейі қалыптаспағанын
растайды. [2]
Жұмыстың
өзектілігі, адам қоғамының өмірлік
қызметінің: экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани
барлық салаларында қатардағы қарапайым
азаматтардың және олардың ерікті бірлестіктері
рөлінің маңызы анық арта түсуімен байланысты деп
түсіну керек.
Халықаралық
шиеленісті бәсеңдету, табиғат апаттарынан, катастрофалардан
және өзге де әлеуметтік ауыртпалық,
тауқыметтерден зардап шеккен халықтарға көмек
көрсететін ерікті негіздегі қозғалыстар мен
қоғамдық ұйымдардың табысы кеңінен
белгілі.Оған аса дамыған азаматтық қоғам кезінде
ғана қол жеткізуге болады.
Аталмыш
жұмыстың өзектілігі, тағы мынадай жағдайлармен,
яғни мемлекеттің ендігі уақытта өзінің тікелей
міндеттері – азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қауқарсыз екендігімен
анықталады.Сонымен қатар, азаматтық
қоғамның ешқандай құрылымдары мемлекеттік
құрылымдарды алмастыра алмайды.Алайда, олар қоғам
өмірінің әртүрлі салаларындағы
проблемалардың қойылысына бастамашы болуы, оларды шешу жолдарын
ұсынуы және жобаларды жүзеге асыруға белсенді
қатысуы мүмкін.Бұл айтылғандар, РФ
Қоғамдық палатасын және өңірлік
қоғамдық палаталарды қоса алғанда,
әртүрлі деңгейлердегі - федералдық,
өңірлік, муниципалдық мемлекеттік құрылымдар
жанындағы қоғамдық сарапшылар кеңестерінің
жүйесі арқылы мүмкін болады.Осындай ынтымақтастықтың
негізі – азаматтық қоғам құрылымдары тарапынан
сараптамалық және қоғамдық қолдау болып
саналады.Ресей өңірлерінде қоршаған ортаны қорғауға
жұршылықтың қатысуы осындай жолдың тиімділігін
дәлелдейді.
Ресейде
азаматтық қоғамның дамуы ерекше маңызға ие болуда.Ресей
Федерациясының Президенті 2009 жылғы 12 қарашадағы РФ
Федералдық Жиналысындағы Жолдауында елді дағдарыстан
шығарудың тиімді тетігін ұсынды.Мемлекетке
толыққанды серіктес болуға қабілетті азаматтық
қоғамды нығайту, ондағы негізгі аспектілердің бірі
болып саналады.Ресейдегі сәтсіздіктердің түптамыры –
азаматтық қоғамның дамымағандығы және
биліктің олармен сөйлесе алмауы және ынтымақтаса
білмеуі.Сондықтан, ең маңызды міндет – «азаматтық
қоғамды дамыту үшін жағдай жасау.Адамдар
төңірегінде, айналасында не болып жатқанына
немқұрайлы қарай алмайды, сондықтан олар
өздерінің ізгілікті ұмтылыстарын жүзеге асыру
үшін бүкіл мүмкіндікке ие болуы тиіс» [3].
Осымен
байланысты, азаматтық қоғам сияқты осындай
әлеуметтік феноменнің теориялық негіздерін жан-жақты
зерделеу, сондай-ақ оның институттарының қалыптасу
әлемдік тәжірибесін зерделеу маңызды болып саналады.
Зерттеу
тақырыбының талданып зерттелгендігі.
«Азаматтық
қоғам – мемлекет» оппозициясын болжайтын тәсілдемелер И.
Кант, Г. Гегель, А. Смит, К. Маркс, А. Токвиль еңбектерінде
ұсынылған.Оны қарастырған социологиялық ракусты
Э. Дюркгейм, М. Вебер еңбектерінен табуға болады.
Аталмыш
жұмысты жазу үшін азаматтық қоғамға
арналған жұмыстардың кең шеңберінде талдау
жасалынды, солардың арасынан: С.А. Авакьян, А.Б. Венгеров, К.С. Гаджиев,
О.И. Чистяков, И.Я. Фарбер, В.А. Ржевский, В.С. Нерсесянц сияқты мемлекет
және құқық теориясы саласындағы ресейлік
жетекші конституционалистер мен мамандардың еңбектерін атап өткім
келеді.
Азаматтық
қоғам мәселелері (теория, оның пайда болу тарихы мен
дамуы, мемлекетпен өзара іс-қимыл жасау формалары, оның
институттары ұғымы мен жіктеуі): З.Т. Голенкова, И.И. Кальной, О.И.
Ганин, Д.Ю. Грудцын, Д.Е. Краснянский, А.И. Подберезкин сияқты
ғалымдардың еңбектерінде неғұрлым жан-жақты
зерттелді.
Зерттеу
нысаны – әлеуметтік феномен ретіндегі азаматтық қоғам.
Зерттеу
пәні – азаматтық қоғамның теориялық
негіздері және оның қалыптасу үдерісі.
Жұмыстың
мақсаты:
Азаматтық
қоғамның теориялық негіздерін жан-жақты зерделеу
және оның пайда болу алғышарттарын, оны
қалыптастыруға оң ықпал ететін жағдайларды
анықтау.
Жұмыстың
мақсаты келесі міндеттердің қойылысы арқылы
нақтыланады:
1) әлеуметтік-философиялық
ойлардағы «азаматтық қоғам» ұғымының
эволюциясын талдау;
2) азаматтық
қоғамның маңызды белгілерін, негізгі функцияларын және құрылымын
анықтау;
3) Батыс Еуропадағы,
АҚШ-тағы және Ресейдегі азаматтық қоғам
институттарының қалыптасу тарихын қарастыру.
Ғылыми
материалды және практикалық тәжірибені функционалдық,
салыстырмалық-құқықтық, тарихи-философиялық
және тағы басқа жинақтау (қорыту) тәсілдері
зерттеудің методологиялық негізі болып пайдаланылды.
Жұмыстың
міндеттері оның құрылымын анықтайды.Ол, алты
параграфтарға бөлінген, екі тараудан, кіріспеден,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, дерек көздерінен
тұрады.Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі
негізделеді, зерттеу мақсаты мен міндеттері, нысаны мен пәні
анықталады.Бірінші тарауда азаматтық қоғамның
теориялық негіздері ашылып көрсетіледі.Екінші тарауда
азаматтық қоғам құрудың шетелдік және
отандық тәжірибесі талданады.Пайдаланылған әдебиеттер
мен дерек көздерінің тізімі 23 атаудан тұрады.
Ресейдің
саяси өмірінде қазіргі уақытта, оның не екенін
көз алдыға аса елестете қоймағанмен, азаматтық
қоғам туралы көп айтылады.Азаматтық қоғам
жайлы түсініктің жай-күйі, азаматтық қоғам
ұғымының өзі кеңестік кезеңде отандық
теориялық-заң білімінен шығарылып тасталған,
ондаған жылдар бойлары қалыптасқаны белгілі.Соған
қарамастан азаматтық қоғам ғылыми және
саяси айналымға кірді, ол әлдебір бір фетишке, яғни пір
тұтатын затқа айналмауы тиіс.«Дамыған азаматтық
қоғамсыз демократия мүмкін емес» деген түрдегі
тұжырымды шындық деп қабылдай бермеу керек [4].
Сол
үшін де отандық мемлекет және құқық
теориясы, сондай-ақ осы ұғымның пайда болу
бастауларына, оның бастапқы мазмұнына жүгінді, алайда,
өкінішке қарай, мемлекет пен құқықтың
мәжбүлеушілік сипаттамаларына кезікті.Және Гегельдің
аса бай теориялық-құқықтық мұрасын
сырт қалдырып, одан философиялық идеяларды ғана өзіне
алды, оның өзінде де, қоғамды коммунистік жарылқаушы
қоғам етіп өзгертумен үндес келетін идеяларды,
диалектикалық логиканы ғана алды.Ендігі жерде, Гегельдің
теориялық-құқықтық мұрасы
сақталатын өзге сөреге де қарайтын уақыт келді.
«Азаматтық
қоғам» ұғымы Аристотель полисінің идеяларына,
табиғи құқық идеяларына
апарады.Қоғамның мүшесі болу азамат болуды
–мемлекеттің мүшесі болуды, сол арқылы оның
заңдарына сәйкестікте және өзге азаматтарға зиян
келтірместен міндетті болу және әрекет етуді білдірген болар еді.
Азаматтық
қоғамның аса терең ой елегінен өткізілген
ұғымы, ілгеріде айтылғандай, Гегель еңбектерінде,
оның атақты «Құқық философиясында»
көрініс тапты.
Гегель
бойынша, азаматтық қоғам – бұл, ең алдымен, жеке
меншікке негізделген қажеттіліктер жүйесі, сондай-ақ дін,
отбасы, сословия, мемлекеттік құрылыс,
құқық, мораль, борыш, мәдениет, білім беру,
заңдар және одан туындайтын субъектілердің өзара
заңи байланыстары. Табиғи, «мәдениетті емес» жай-күйден
«адамдар азаматтық қоғамға кіруі тиіс, я
соңғы жағдайда ғана
құқықтық қатынастар шындыққа,
ақиқатқа ие болады».Бұл ретте ол, «қазіргі
әлемде» ғана осындай қоғам болуы мүмкін деп атап
көрсетті.Басқалай сөзбен айтсақ, азаматтық
қоғам – жабайылыққа, дамымағандыққа,
өркениетті еместікке қарсы болжанады.Және таптық
буржуазиялық қоғам, әрине сол ретінде түсіндірілді.
Адам,
оның рөлі, функциялары, жағдайы азаматтық
қоғам туралы Гегельдің ілімдерінде басты элемент болып
қатысады.Гегельдік көзқарастарға сәйкес,
жекелеген тұлға өзі үшін өзі мақсат болып
саналады, оның қызметі, ең алдымен, өзіндік
қызмет-тілектерін (табиғи және әлеуметтік)
қанағаттандыруға бағытталған.Осы мағынада
ол, әлдебір эгоистік индивид болып көрінеді.Сол мезгілде
тұлға, өзге адамдармен белгілі бір қарым-қатынастарда
бола отырып, өзінің талап-тілектерін, қажеттіліктерін
қанағаттандыруы мүмкін.Азаматтық қоғамда
әркім өзі үшін - мақсат пен бүкіл басқалары
ол үшін ештеңе емес.Алайда, басқалармен арақатынассыз
ол, өз мақсаттарының бүкіл көлеміне жете алмайды.
Азаматтық
қоғам туралы мәселенің
қойылысы.«Қоғамдық шарт», «Халықтың
егемендігі» және т.б. теориялармен байланыста Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж.Ж.
Руссо, В фон Гумбольд пен өзге де ағартушылардың
еңбектерінде көрініс тапқан.
Азаматтық
қоғам проблемасына ерекше
көзқарас марксизмде байқалады. К. Маркс, мемлекет, сырттай
қарағанда, тұтастай алғанда азаматтық
қоғамды қамти отырып, іс жүзінде үстемдік етуші
әлеуметтік топтардың меншік иелерінің мүдделеріне
қызмет етеді. Ол былай дейді: «өндіріс дамуының, айырбас пен
тұтынудың белгілі бір сатысын алып қарасаңыз және
сіз белгілі бір қоғамдық құрылыс, отбасы, сословия
немесе таптардың белгілі бір ұйымын, бір сөзбен
айтқанда - белгілі бір азаматтық қоғам аласыз. Белгілі
бір азаматтық қоғамды алып қарасаңыз және
сіз азаматтық қоғамның ресми бетәлпеті ғана
болып саналатын, белгілі бір саяси құрылысты аласыз.
В.И.
Ленин азаматтық қоғам және
құқықтық мемлекет ұғымдарын
мүлде пайдаланған жоқ.Адамзаттың бостандық алуы
таптық айырмашылықтарды жою және азаматтық
қоғам мен мемлекет арасындағы бөлінуді келе-келе жою,
сондай-ақ жеке және ұжымдық өмір сүруді
үйлестіруге және біріктіруге қол жеткізу нәтижесінде
келеді деп саналды. Қорытындысында, жалпыға ортақ
мүддені білдіруші және оның кепілі ретінде
қарастырылған жағдайларды, мемлекет, нақты социализм жағдайларында толық
өзіне бағындырып, қоғамды жұтып қойды.
Кеңестік қоғамтанудан «азаматтық қоғам»
ұғымының мүлде жоғалып кетуі,
таңқаларлық нәрсе емес [5].
Белгілі
италиялық социолог А. Грамшидің осы проблемаға деген
көзқарасы қызықты болып көрінеді. Ол «мемлекеттік
билік аппаратына тікелей енгізілмеген: кәсіби, діни, қайырымдылық,
сондай-ақ қоғамдық саяси топтар мен бірлестіктерді,
әлеуметтік таптар мен жіктердің «жеке меншік» ұйымдарын,
азаматтық қоғам деп түсінді. Аталмыш экономикалық
құрылымдармен, сол сияқты мемлекетпен - өз шешімін
негіздеп, үстемдік етудің саяси және
құқықтық формаларын қабылдайтын ашық
таптық күрес аренасымен тығыз байланыстыра отырып,
азаматтық қоғамды экономикалық және саяси
қоғамдар аралығына орналастырады.
Одан
әрі, азаматтық
қоғамның қазіргі түсінігіне тоқталғым
келеді.
Шет
елдік және отандық әдебиетте азаматтық
қоғамның әртүрлі анықтамалары
(дефинициялары) беріледі. Мәселен, британ ғалымы, демократияны
зерделеу Орталығының директоры Дж. Кин азаматтық
қоғамға келесідей анықтама береді: «Азаматтық
қоғам – бұл, баламалы азаматтық бастамалармен
қатысатын, бір-бірімен және мемлекеттік билік органдарымен
үнемі текетіресте болатын, мәжбүрлемеушілік,
өзін-өзі ұйымдастыру және өздік рефлексивтілік
соған тән болып саналатын, заңмен қорғалатын ескі
және жаңа әлеуметтік институттар мен жекелеген
тұлғалардың бір мезгілде күрделі динамикалық
ансамблін сипаттайтын категория; мемлекеттік билік органдары олардың
қызметін қорғайды, шектейді және оны мүмкін
етеді; және болашақты дамытудың әлеуметтік жобасын
болжап, біліп отыратын категория» [6].
К.С.
Гаджиевтің пікірі бойынша, «азаматтық қоғам – бұл
әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени және рухани саланың
өмірлік қызметін, оларды жаңғырту мен оларды
ұрпақтан ұрпаққа беруді қамтамасыз ету
жүйесі, жекелеген индивидтер мен ұжымдардың
өзін-өзі көрсетуі үшін жағдайларды
қамтамасыз етуге, жеке немесе ұжымдық бола ма бәрібір,
жеке мүдделер мен қажеттіліктерді жүзеге асыруды
қамтамасыз етуге шақырылған, мемлекеттен тәуелсіз
және дербес қоғамдық институттар мен қатынастар
жүйесі» [7].
Өкінішке
қарай, қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстарды талдау арқылы азаматтық
қоғамға қалыптасқан көзқарас, аса
кең таралған болып саналады.Ресейде аталмыш әлеуметтік
институттар сондықтан да болуы мүмкін.Мәселен, З.Т. Голенкованың
пікірі бойынша, азаматтық қоғам: өзінің
азаматтық құқықтары бар азамат пен азаматтық
(саяси емес және мемлекеттік емес) ұйымдар:
қауымдастықтар, бірлестіктер, қоғамдық
қозғалыстар мен азаматтық институттар олардың басты
субъектілері болып саналатын, қоғамдық
коммуникациялардың, әлеуметтік байланыстардың, институттар
мен құндылықтардың өзгешелікті жиынтығы»
[8].
И.А.
Гобозов мынадай анықтама береді: «Азаматтық қоғам –
бұл, әділет заңдары мен нормалары шеңберлерінде
әрекет ететін және ресми билік органдарына айтарлықтай
ықпал ететін, әртүрлі саяси партиялар, ұйымдар,
қозғалыстар, комитеттер, қауымдастықтар, жиналыстар,
қоғамдық және т.б. түрінде ресми емес
құрылымдар болып өмір сүретін, осындай
қоғам» [9].
Лондон
экономика мектебінің азаматтық қоғам
Орталығының ғалымдары тұжырымдаған:
«Азаматтық қоғам – бұл, мүдделерді,
мақсаттар мен құндылықтарды бөлісуден туындайтын,
ұжымдық іс-қимылдар аренасы. Теорияда азаматтық
қоғамның институционалдық формасы мемлекет, отбасы
және нарық үшін айқындалған осындай формалардан
өзгешеленеді, алайда, тәжірибеде мемлекет, азаматтық
қоғам, отбасы және нарық шекараларын ажырату
қиын, бұлыңғыр және талқылауды қажет
етеді. Азаматтық қоғам әдетте: тіркелген
қайырымдылық мекемесі, даму жөніндегі мемлекеттік емес
ұйымдар, қауымдастықтар, әйелдер ұйымдары,
сенімге құрылған ұйымдар, кәсіподақ
қауымдастықтары, кәсіпорындар, өзіне-өзі
көмек көрсететін топтар, әлеуметтік қозғалыс,
бизнес қауымдастықтары,
қандай да бір көзқарастарды қорғау жөніндегі
коалициялар және топтық сияқты, осындай ұйымдардан
тұрады» деген анықтама, ғылыми әдебиеттердегі ең
беделдісі болып саналады.
Келтірілген
бүкіл анықтамалар (дефинициялар) бір-біріне қайшы келмейді
және азаматтық қоғам күрделі,
көпқырлы және көпфакторлы феномен болып
көрінетінін растайды.
Сонымен,
әртүрлі елдердің аса көрнекті саяси философия
өкілдерінің азаматтық қоғам жайлы ілгеріде
келтірілген көзқарастарынан төмендегідей қорытындылар
жасауға болады:
– азаматтық қоғам –
құқықтық мемлекет құрудың
бастапқы кезеңінде пайда болған, адамзаттың тарихи
дамуының өнімі;
– барлық азаматтардың жеке
меншік базасында экономикалық дербестік алу мүмкіндіктерінің
пайда болуы азаматтық қоғамның пайда болуының
міндетті жағдайы болып саналады;
– сословиялық
артықшылықтарды жою және адамның
тұлғалық өсуі, азаматтық қоғамды
қалыптастырудың аса маңызды алғышарты болып саналады;
– азаматтық қоғамның
қалыптасуы экономикалық және
құқықтық қатынастардың
дамығандығына, мемлекеттік-билік құрылымдарына
қоғамдық бақылау тетігінің пәрменділік
дәрежесіне қатысты болады;
– азаматтық
қоғам мемлекетпен тығыз байланыста болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
[1] Краснянский, Д.Е. Гражданское
общество как Европейский выбор России / Д.Е.Краснянский // Научный вестник МГТУ
ГА. 2007. - № 113. – С. 158-160.
[2]
Кальной, И. И. Гражданское общество: истоки и современность / И.И. Кальной. -
СПб.: Юридический центр Пресс, 2000. - 256 с.
[3]
Послание Президента РФ Федеральному Собранию Российской Федерации от 12 ноября
2009 года // http://www.kremlin.ru/transcripts/5979.
[4]
Венгеров, А.Б. Теория государства и права: учебник для юридических вузов. 3-е
изд. / А.Б.Венгеров. – М.: Юриспруденция, 2000. – .528 с.
[5]
Ганин, О.Н. Понятие гражданское общество: сущность и содержание / О.Н. Ганин //
Фундаментальные исследования. 2005. № 2. – С. 93-94.
[6]
Кин, Дж. Демократия и гражданское общество / Дж. Кин; пер. с англ. - М.:
Прогресс-Традиция, 2001. — 400 с.
[7]
Гаджиев, К.С. Политология: учебник для высших учебных заведений / К.С.Гаджиев.
– М.: Логос, 2001.– 488 с.
[8]
Голенкова, З.Т. Гражданское общество / З.Т.Голенкова // Социс. 1997. - №3. -
С.26
[9]
Гобозова, И.А. Социальная философия: учебник / И.А. Гобозова. - М.: Савин,
2003. - 528 с.