М.Н.Шаяхметова, Шоқан А.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

М.Қашқаридың тәлім- тәрбиелік идеялары.

Қазақ халқы өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болып, қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан қазіргі жаһандану дәуірінде көненің көзіндей болып, бізге ғасырлар қойнауынан жеткен педагогикалық мұраларымызды өзара ықпалдастық пен тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырудың маңызы өте зор.  Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқар педагогика ғылымының алдына тың міндеттер қоя білген. Ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеялары өнегелі өмір сүру үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің маңыздылығын дәріптеуге бағытталған. Сондықтан, оның педагогикалық тұжырымдамасының негізгі өзегі - орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі - «ұлылыққа ұмтылған», «білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», «біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп-ақлақты насихатын ұстанған» ірі тұлға.  Ғалымның  «Түрік сөздігі» еңбегін оқып-үйрену және теориялық тұрғыдан талдау бұл тек сөздік, немесе тілтану мәселелерін ғана қарастырған еңбек еместігін, онда біздің ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесі бойынша тәжірибесі жинақталып, түркі халқының педагогикалық тұжырымдамасы негізделгенін айқын көруге болады.

М.Қашқаридің педагогикалық тұжырымдамасының негізін дидактика мәселелерін құрайды. Ғұлама арнайы «дидактика» терминін қолданып, оны педагогика ғылымының саласы – оқыту теориясы ретінде анықтамағанымен, оның еңбегінің өн бойынан дидактикалық мазмұн айқын көрініп тұрады. Дидактиканың қазіргі кезде арнайы ғылым саласы ретінде анықталып, оның заңдылықтары мен негізгі зерттеу мәселелері айқындалып отырған бүгінгі таңдағы ғалымның еңбегіндегі дидактиканың көрініс беруін аңғару қиын емес. М.Қашқари дидактикасын екі деңгейде қарастыруға болады: жалпы дидактика және дербес дидактика. Жалпы дидактика тұрғысынан алып қарасақ, біріншіден, ғұлама білім беру, оқыту, үйрету, пайымдау сияқты дидактиканың негізгі ұғымдарына анықтама берген, екіншіден, білім беру мазмұнын, оқытудың принциптерін, әдістері және құралдарын айқындаған. Білім беруді ғұлама адамзаттың жинақтаған тәжірибесін, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі деп біліп, соған сәйкес барлық материалдарды өз еңбегіне арқау етеді. Қашқардың еңбегінде ғылымның әр саласынан білім беру көзделген, егер білім берудің басты қызметі алдыңғы ұрпақ өкілдерінің жинақтаған тәжірибесін жеткізу болса, ғұлама ең алдымен, білім берудің осы қызметін іске асыруды мақсат етіп қойған. «Бұл бір мәңгілік таусылмас-түгесілмес жәдігер, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым да, оған «Диуани лұғат-ит-түрк» деген ат бердім» дей отырып, өз оқырманына түркі өркениетінің тарихы, тілі, әдебиеті, географиясы, қоғамы және өмір салты туралы білім беруді көздейді.  Ғұламаның  тәлім тәрбиелік идеяларын қазіргі педагогика ғылымындағы тәрбиемен  байланыстыруға болады.

М.Қашқари ілімі мен қазіргі педагогика ғылымындағы тәрбие мазмұнының тұжырымдалуындағы өзара байланыс:

Подпись: М.Қашқари ілімінде тәрбие мазмұнының тұжырымдалуы Подпись: Қазіргі педагогика ғылымындағы тәрбие мазмұны

Скругленный прямоугольник: Ақыл-ой тәрбиесі
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скругленный прямоугольник: Экологиялық тәрбие
Скругленный прямоугольник: Эстетикалық тәрбие
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Подпись: Түркі халқының ұлылығын паш ету, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қашқари мұрасын талдау педагогикалық ой желілерін түзуге болатын төмендегідей  ұғымдар мен атаулардың бірізді жүйесі жасалғанын көрсетеді. Мәселен, олардың бірқатары әрекет, тапсырма, оқу, білік, түсіну, таным, қабылдау, әдіс, талдау, түйсік,  үйрену, ынта, ізденіс, бейімділік ұғымына қатысты болса, мектеп, жазба, шәкірт, ұлағат, ілім, ғалым, хат, дәуіт (сия сауыты), кітап, қағаз, дәптер, қоңырау, хатшы, жазбашы атауларының болуы, олардың қолданылуы осы кезеңнен басталатындығының дәйекті дәлелдері. М.Қашқаридың тәрбие мәселелерін қамтыған идеялары жүйесінде өміршеңдігімен көңіл аудартатын, бүгінгі күні де маңызын жоймаған ойлардың енді бірқатары рухани-адамгершілік мәселелері жайында. Автор жоғары адамгершілікті мінез-құлықты қалыптастыру тәрбие ісінің маңызды, қиын және күрделі саласы екендігін дұрыс көрсетеді. Сонымен, М.Қашқаридің еңбектеріндегі педагогикалық мұраны болашақ ұрпақтың оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалану – олардың құзіреттілік деңгейлерін көтеріп, үлкен жетістерге жеткізетіні даусыз.Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздарының қатарына жатқызамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Махмұт Қашқаридің педагогика ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі // Ұлт тағылымы. -  2007. - №1. - Б.29-32.

2)Қазақ ойшылдарының педагогикалық мұрасындағы патриоттық тәрбие мәселесі // Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция  материалдары. – Астана: ҚазМАТУ баспаханасы, 2007. – Б.35-38. (А.Ж.Бекмағамбетовпен авторлық бірлестікте).

3) Егеубай А.  М.Қашқари “Диуани лұғат-ит-түрк” «Жұлдыз» 1997жыл  №1