Берикова Айсана Бериккызы

Казахстан Каркаралинск ЖББОМ №28

Интерактивтік оқыту танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы  реттінде

Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.

Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру үшін:

- мектептің материалдық – техникалық базасын;

- ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттерін;

- оқушылардың ақпараттың мәдениетін қалыптастыру қажет.

Оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) жәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады.

Мазмұндық жағына – мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық материалдарды күрделендіру және т.б.

Процесуалдық жағына – бағдарламалау тәсілдері, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.

Мотивациялық – оқу барысында оқушының белсенділігін қамтамасыз ету тәсілдері, танымдық қызығушылықты қалыптастыру т.б.

Ұйымдастыру – мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, оқу пәнін жете меңгеруі.

Осы тәсілдердің бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, проблемалық оқыту тәсілі: проблемалы-сұхбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмалар, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-бағдарламалық, проблемалы-контекстік, проблемалы-модульдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.

Интерактивтік оқыту технологиясы мен тәсілі интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады.

Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқулықтар, топ – топ, топ – оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламалық – технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқыту сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

·       § Пән бойынша базалық білімді меңгері;

·       § Алған білімді жүйелеу;

·       § Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

·       § Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

Оқушыларға оқу материалдарымен өздігімен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын қабылдау және оқушыларды ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Қорытындылай келе бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Бұл оқыту тәсілі әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы

2.     «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т.

3.     Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.