Жүнісова М.Қ.
Ф.ғ,к., доцент, Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Ордабаева З.З.
Аға
оқытушы,Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
ЕСІМДІКТЕРДІҢ ДЕРБЕС
СӨЙЛЕМДЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ
Г.Я. Солганик дербес сөйлемдердің байланысу жолдарын екі типке бөледі:1)
тізбекті байланыс; 2)параллель байланыс. Тізбекті байланыс дербес сөйлемдердегі бір ұғымның
я ойдың бір сөйлемдерге өріліп шығып қайталануы
арқылы жүзеге асады. Ондай қайталаудың 3 түрі
бар:1)лексикалық қайталау; 2) синонимдік қайталау; 3)
есімдікті қайталау [1].
Қазақ мәтініндегі
дербес сөйлемдердің де осы
жолмен байланысатынын Ж. Жақыпов
та көрсетеді [2].
Тізбекті есімдікті байланыс
стильдің функционалды
түрлерінің бәрінде
бірдей қолданылады. Бұл тізбекті байланыстың үш
түрінің ұқсас
жақтарымен қоса айырмашылығы да жоқ
емес.Ұқсас жақтары –
есімдікті тізбекті байланыс пен
лексикалық қайталау нормативке жатады, ал
айырмашылығына тоқталатын болсақ, есімдікті қайталау
ықшамдау мақсатында қолданылады. Ал синонимдік қайталау мен есімдікті
қайталаудың
ұқсастығы сонда, екеуі де сөйлеу икемділігі
үшін жұмсалады. Айыршылығы – синонимдік қайталау,
негізінен, көркем әдебиет стиліне тән болса, тізбекті
қайталау әмбебап.
Тізбекті синонимдік байланыс пен лексикалық қайталаудан
гөрі есімдікті байланыс
сөйлемдерді тығыз байланыстырады. Дербес сөйлемдерді байланыстырғанда есімдік
алдыңғы сөйлемдердегі
аталмыш сөздерді (затты, құбылыс атауын т.с.с.) ауыстыру
үшін қолданылады.
Негізінде, есімдік – көп
қолданылатын сөз табының бірі. Оған дәлел ретінде
орыс тілі синтаксисінің маманы А.Н. Гвоздевтің еңбегіндегі
«... есімдіктер тілде өте маңызды функцияны орындайды, осыған
байланысты жиі қолданылады, өзінің жиі қолданылу
мүмкіндігіне қарай жеке сөз таптарының арасында бірінші
орын алады» деген пікірін
алға тартуға болады [3, 282].
Синтаксистегі байланыстырып
сөйлеуде есімдіктің рөлінің маңыздылығы
соншалық, оны кейбір авторлар
бірден-бір байланыстырғыш құрал ретінде пайымдайды.
Есімдіктердің тілімізде жиі қолданылуының
себебі мынадай жайттармен түсіндіріледі: біріншіден, есімдіктердің
қызметі – орынбасарлық қызмет; екіншіден, дербес
сөйлемдерді байланыстырады, сонымен қатар сөйлемдерді
құрмаластыруда айрықша
орын алады. Есімдіктердің мағыналық
түрлерінің арасында сілтеу есімдіктерінің жай
сөйлемдерді құрмаластыруда қызметі ерекше.
Есімдіктің бұл түрі жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыра отыра
құрмалас сөйлем сыңарларының арасында
түсіндірмелі мағыналық қатынас жасайды. Сол,
сонша, соншалық, сондай, соншама т.с.с. сөздер келесі сыңардағы
құбылысқа, ойға сілтейді де, осы сөздердің
мәнін келесі сөйлемде анықтайды.
«Ел
ұмытпаса, ғұмырыңның ұзарғаны –
сол:бүгінгіңді ертеңге
таратады,ертеңгіңді одан кейінгі естиді, сөйтіп
бір-біріне жалғасады» деп аталық ақылын айтқан (Б.
Нұржекеев).
Бұл сөйлемдегі
бірінші сыңардағы «сол» баяндауышының мәнін екінші
сыңар қамтып тұр.
Сілтеу есімдіктері құрмалас
сөйлемдерде алдыңғы
компоненттерде сөз болған бір сөздің орнына жүріп,
сол сөйлемдерді құрмаластырады. «Қанша дегенмен қара ниет адамдар қатты
саспайды,олардың ойы зымыран құстан да жүйрік».
Сонымен қатар, дербес
сөйлемдерді байланыстырғанда алдыңғы
сөйлемдердегі болып
отырған жайды да көрсетіп,
яғни бір сөйлемнің де орнына
жүре алады.
... Сол
Бибіхан енді диссертация жазып, ғылыммен шұғылданбақ,
филология факультетінің студенттеріне әдебиеттен дәріс беретін ұстаз болғысы келмек. Бұл
іске оның білімі сай ма?Бибіхан,
рас сөз жағына пысық
әйел, шаруаға да тыңғылықты,
кісі сыйлауға да шебер. Бірақ
ғылым жолына түсу үшін мұның бәрі
жеткіліксіз. Ғалымдыққа
жетпек үшін адамға ең алдымен тыңғылықты терең білім мен жақсы қабілет керек. Әділбек білетін
Бибіхан бұл қасиеттерден
ада, ендеше оған құр әлектеніп,босқа әуре болудың не керегі бар .
(Н.Ғабдуллин).
Бірінші сөйлемдегі жайтты екінші
сөйлемдегі бұл есімдігі
сілтеп, көрсетіп тұрса, ал кейінгі үшінші,төртінші,
бесінші сөйлемдерде айтылған
жағдай соңғы
сөйлемдегі бұл
есімдігімен қайталанып тұр. Бұл сілтеме ретроспективті сілтемеге жатады. Ретроспективті
есімдік алдыңғы болып кеткен жайға,
құбылысқа нұсқайды.
Дербес сөйлемдерді байланыстыруда
есімдіктің рөлі аса зор екендігін
жоғарыда айтып кеттік. Есімдіктердің негізгі атқаратын
функциясы алдыңғы
сөйлемдегі аталған есімді ауыстыру болса, осы қызметіне орай
алдыңғы аталған затты
атауына қарай «ол, олар»
есімдігі жіктеуге қарағанда, сілтеу есімдігіне жақын.
Қазіргі тілдік
грамматикамызда жіктеу
есімдігінің үшінші жағы
екі түрлі қызмет атқаруына байланысты жіктеу-сілтеу есімдігіне жатқызылып
жүр. Бұл ІІІ жақ жіктеу
есімдігі шығу
төркіні жағынан да сілтеу
есімдігіне жақын екендігін ғалымдарымыз дәлелдеген.
Синтаксистік мағыналық сипаты жағынан үшінші жақ жіктеу есімдіктерін
анафоралық есімдік түріне жатқызамыз. Дау жоқ, дарыған адамсың. Дарыған
нәрсеңді ешкім бойыңнан тартып ала алмайды,ол – сенің өмірлік өз
сыбағаң. Анафоралық есімдіктер алдығы болып кеткен
оқиғаны, құбылысты сілтеп көрсетеді. Бұл
есімдік түрі алдында айтылып
кеткен сөзге сілтеме жасаса,
ретроспективті есімдік алдыңғы болып кеткен
жайға,құбылысқа нұсқайды.Осы
сілтеудің екі түрін де ғалымдар анафоралық есімдік деп қарастырады [4].
Есімдіктің әр түрлі
мағыналық топтарының ішінде
өте кең түрде қолданылатыны – сөз болып отырған жіктеу-сілтеу (анафоралық)
есімдіктері.
Бұл ІІІ
жақ жіктеу-сілтеу есімдіктері туралы Г.Я.Солганик
«Среди различных местоимений наиболее
широко распространены
описываемые лично-указательные
(анафорические он, она, оно, они). Цепная местоименная связь выраженная этими
местоимениями, наиболее проста лаконична.Цепные связи с перечисленными местоимениями приближаются по своей сущности к цепным связам, выражено
посредством лексического повтора. С синтаксической точкой зрения здесь полное тождеств: при одинаковых
структрах отношениях («подлежащее-дополнение») меняются лишь средства, способ
выражения этих отношения – в место «лексического» показывающего
благодаря повтору, какие члены
соединяемых предложений соотносится, – местоименный при котором соотносящиеся члены предложении
и выражает благодаря этому синтаксическую связь между ними» [1.72].
Бұл айтылғандарға дәлел ретінде өзіміздің
тілімізде есімдіктердің тізбекті
байланысының синтаксистік
қызметіне мысал келтіріп өтейік.
Лондонның зейнетақыға шыққан
қарт әйелдері үйде
отырмайды екен. Олар дүние жүзіне саяхат жасайды.
Оларды Парижден, Римнен көруге
болады.(«Ғалам
ғажаптары»).
Темекі
Еуропада ХVІ ғасырдың бас
кезінде пайда болған.Оны ағылшындар
дәрі ретінде пайдаланған. («Ғалам ғажаптары»).
Біздің Алатауда
Балтатұмсық дейтін кішкентай құс бар.Оны жұрттың
бәрі біле бермейді.
Барлық мысалдарда
сөйлемдер арасында
құрылымдық сәйкестік (бастауыш-толықтауыш)
арқылы тығыз байланыс көрінеді, бұнда
толықтауыш жіктеу есімдігінен жасалған.
Дербес сөйлемдерде екінші сөйлемнің басында
қолданылатын жіктеу-сілтеу
есімдігінен жасалған
толықтауыш негізгі мағыналық байланыс жүгін
атқарады және сөйлемдерді
тығыз байланыстырады. Жіктеу-сілтеу есімдіктерінің
көмегімен тізбекті
байланыстың басқа да
құрылымдық түрлері жасалады, мысалға
«толықтауыш-бастауыш».
...Мұғалімдеріңмен,
анау екі апаңмен, екі жездеңмен ақылдас. Олар менен гөрі сауатты ғой,
дұрыс жөн нұсқар.(Н.Ғабдуллин).
Енді
тізбекті байланыстың «бастауыш-бастауыш» формасына мысал
келтірейік.
Е.Г.Брусиловскиийдің
«Ер Тарғын» операсы – қазақтың
тұңғыш операларының бірі. Ол алғаш рет 1937 жылы
15 қаңтарда Қазақтың музыка театрында
қойылды. (З.Жанұзақов).
Сүлік
– құрттар түріне жатады.Сүлік 10-15 грамға дейін
қанды сорып алады.Ол бір
жарым жылға дейін қоректенеді («Ғалам ғажаптары»).
Зоологтар көшеден
өтеті хайуанаттардың ең зерделі дегендерінің тізімін жасады. Бірінші орынды қаз
алды.Ол ешқашан машина доңғалағының астына
түспепті. («Ғалам
ғажаптары»).
Келесі келтірілген мысалдарда тізбекті байланыстың басқа
құрылымдық түрлері
«толықтауыш- толықтауыш».
Ол енді Бибіханға қарады.Оған риза бола бастады. (Н.Ғабдуллин).
–Ал енді «Амандасу» деген
әнін айтып берейін.Оны дауыс ашарға шығарған екен, біз бірақ ортасында
да айтып жүрміз, – деді жауап
күткендей Қаныкештің бетіне тоқтала қарап (Б.Нұржекеев) . Ол қазақ балаларының өз тілінде сауат
ашуына арнап тұңғыш әліппе жасады.Оны 1912 жылы
Орынбор қаласында бастырып шығады.
Сілтеу есімдіктерінің дербес
сөйлемдерді байланыстыруын тіл білімінде қарастырған Ж.
Жақыпов «Сілтеу есімдіктері дербес сөйлемдерді синтаксистік
күрделі бірлік компоненттерін
байланыстырғанда, өзі жеке-дара ғана тұрып байланыстыра
бермейді, синтаксисті күрделі бірлік сыңарлары есімдіктік
қайталаумен, лексикалық я синонимдік қайталау бірлесіп келуі арқылы байланысып отырады. Бұндай
жағдайда алдыңғы сөйлемдегі сөз я сөздер келесі сөйлемде нақтылана,
дәлдене қайталанады да, екі
сөйлем арасындағы қатынас нығая түседі»деп тұжырым жасайды [5].
Оған мысал келтіріп өтейік:
Қонақ
еткен ауылдар, қошемет көрсеткен қыз-қырқын,
батагөй қарттар мен сауыққой жігіттер – есіне солар түссе,бүйрегі бүлк етіп бір қозғалып кеткендей болады:оларды еске алғанның өзі соншалық рақат. Көзін
жұмса-ақ бәрі
қаз-қалпында көз
алдына дөңгеленіп келе қалады. (Б.Нұржекеев).
Сілтеу есімдіктерінің
сөйлемдегі ойды тиянақсыз, контекске тәуелді етуінің
және аяқталған
сөйлемдерді байланыстыруының
өзіндік ерекшеліктеріне Ж.Жақыпов өз еңбегінде
тоқталып өтеді [4].
Сілтеу есімдіктері атқаратын функциясына қарай анафоралық
және эпифоралық болып бөлінеді.
Эпифоралық сілтеме өзінен кейінгі болатын оқиғаға, құбылысқа сілтейді.
Мысалы. Демек мынадай. Жас жауынгер Өтегенов взводтағы артта
қалушылардың бірі болатын. Кедергілі қашықтықты
игеруі «үш» деген
бағаның ол жақ, бұл жағында. Алысқа да
нашар жүгіреді. Қимылы әлі күнге шабан.
(Н.Ақышев).Бұл келтірілген
үзіндіде мынадай есімдігі соңғы болатын жағдайға
сілтеп тұр.
Есімдіктер дербес
сөйлемдерді тізбекті түрде
байланыстырудың негізгі құралдарының бірі болып
табылады. Олар өзі қатысып тұрған сөйлемді мәтінге өзінен
бұрынғы я өзінен кейінгі тұрған сөйлемдердің мазмұнымен
жалғастырып тұрады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Г.Я.
Солганик.Синтаксическая стилистика. М., 1973.
2.
Ж. Жақыпов. Сложные синтаксические единства в современном казахском языке.Автореф.
дис.канд.филолог.наук. А., 1990.
3.
А.Н. Гвоздев. Современный руский язык,М.,1961.
4.С.
И. Рудяк. Указательные местоимения в
сложноподчиненном предложении и связном тексте.(К вопросу о
лексико-грамматическом статусе указательных местоимении): Автореф. дис. канд.
филолог. наук. Новосибирск, 1979.
5.Ж. Жақыпов. Сөйлеу синтаксисінің
сипаттары. Қарағанды,1988, 48-бет.