Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Құлбаев А.Б.,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Қазақстан Республикасы

 

Театр өнері – мамандықтарындағы оқу, білім және инновация

 

Әр ұлт өнерінің өзіндік сыр-сипатына орай бүгінгі жахандану заманын сай студенттер тәрбиелеудің де қыр-сырлары сан-алуан болуы керек... Театр өнері коллективтік өнер қатарына жататындықтан алғашқы дәрістің бағыт-бағдары да ұжымдық өнерге тән элементтерден құралғаны абзал. Бірінші курс студенттерінің тренинг, этюдтері зейін мен зердеге арналса, пластикалық сабақтардың би, сахна қозғалысы, пантомимо, ритмика стэп пәндері аталған элементтердің қосымша дамытушысы болғанын қалар едім. Актер элементтеріне жасалған этюд, тренингтер студенттердің партнерлік қабілетін, сана түсіністігіне ой салып олардың өзіндік, еркін әрекетке баруына жол ашары анық. Аталған  пәндерге қоса тіл мәдениетіндегі сөйлеу мәнерін саралп-сапталуына да аса зор мән беру керек. Оқу процесіндегі бүгінгі Болон процесіне  сай бакалавр дәрежесі көптеген жаңалықтар мен қиыншылықтарды да ала келді. Біріншіден, оқу семестрлерінің апталары қысқарды, оның есесіне өзіндік жұмыстар сағаты қосылды. Өндірістік практика жұмыстары жанданды. Ал, актерлік мамандықтарда ұстаздың басшылығымен өтетін пәндерге біраз қиыншылықтар туды. Бұл пәннің сапалы өтуіне әсерін тигізбей қоймайды. Оқу кредиттерінен толық өтуде емтихан, рейтинг мәселесі алдынғы қатарға шықты. Университет бітір, институт бітір, Академия бітір бәрі жоғарғы білімдік дәреже алу үшін магистратураны бітіру керек. Ал, барлығы бірдей магистратураны бітіре бермейді ғой!?!

Келесі бір ой тармағы бүгінгі жахандану кезінде алыс жақын шет елдермен қарым-қатынас жасауға ортақ тіл ағылшын тіліне акцент беріп отырғандығы. Біз бәрібір үш тілді білумен қатар, жоғарғы білімді жастардың мамандықтарды жақсы игерумен бірге мәдениеттілігін, әдептілігіне де баса назар аударуымыз керек-ақ... Оқылатын пәндер қатырана халықаралық қарым-қатарына тіліндегі әр халықтың әдеп-ғұрып, мәдениетін сыртқы қозғалыс, бет, қол қимылдарына арналған, қалыптасқан діні мен діліне, психологиялық ерекшелігінен хабардар болатын «Халықаралық этикет» пәнін қосу. Бұл ұлт-аралық қарым-қатынасты білу мен зерделеуге, әр халықтың ерекшелігіне сай құрметпен қарауына зор роль атқарары хақ.

Барша студент жастарымыздың жан-жақты білім алып рухани байлықта өсуіне, сыйластық пен құрметке сай әр халықтың мәдениетін, әдебиетін, өнеріне деген қызығушылығы мектеп, институт қабырғасынан басталуы керек. Осындай іс-әрекеттер жастар тәрбиесінде де игілікті әсер беруне күмән жоқ. Бұл мәселе тек өнер оқу орындарында ғана емес, технико-гуманитарлық білім салаларындағы факультатив «Общественные профессии» немесе «компонент по-выбору» бағдарламаларына енгізуге мол мүмкіншілік бар...

Әрі қарай өрлеу мен инновациялық мамандардың біліктілігін арттыруда халық-аралық студенттер алмасудағы оқуды жалғастыру жағы. Бұл мәселені «Академическая мобильность» бағдарламасы бойынша дейміз. Әр мемлекеттердегі жоғарғы оқу орындарындағы білім стандарттары әрқилы оған күмән жоқ. Бірақ сол «академиялық мобильность» деп алаталын мемлекет аралық оқу бағдарламасы театр өнері мамандығын бітіруші студенттерге біраз қиындықтар тұғызады. Атап айтатын болсақ, үшінші, төртінші курс студенттері классикалық, заманауи, т.т.б. үлгідегі спектакльдерді сахналауға кіріседі, партнерлермен әрекетке түсіп образ сомдайды. Ал, сол курстардан кеткен 3-4 студент жарты жыл шетте жүріп қайта келіп өз кейіпкерін сомдау үшін қайтадан бастауы керек. Ешбір актер оқу сатыларына сырттай даярланып партнерлерімен бірден әрекетке түсіп жемісті еңбек көрсетуі екі талай. Және әр мектептің әр мемлекеттің өнер жанрларындағы ұстанымы әртүрлі. Бір елдің мектебін екінші шағырмашылық мектепке телуі болмайтын шаруа. Тіл жағынан да қиындықтар мәселесінің бары рас... Қанша француз, ағылшын тілдерін жете белгенімен қазақ актерлері қазақ, өзбек, монгол, қытай халқының актерлері ағылшын француз, орыс актерлерінің образдық баламасын толыққанды жасауы мүмкін емес. Сол сияқты ағылшын, француз, орыс халқының өкілдері де қазақ ұлтының кейіпкерлерін қанша сомдағанымен  толыққанды болуы екіталай. Сондықтан ұлттық ерекшелік пен ұлтаралық қарым-қатынастағы мәдениет пен өнер, театр мен кино мамандықтарына ерекше мән беріп тәлім-тәрбие ұлтарарық білім мен ғылымды дамытуда өнерге де келісілген салаластық, ортақ пайымды қадамдар қажет-ақ. Біз халықтар достығы мен бірлескен ұжымдық өркениетке жету бағдарламасында өнер саласында да қарқынды қызмет атқаруда саны емес, сапалы еңбек ету керектігін атап айтқым келеді. Оған оқу стандарттарының бейімделуі тиіс екендігіне қол жеткізсек.

Бұл іс-шарадан біріншіден, студенттердің тілге дінге-ділге қызығушылығымен қатар таңдаған мамандықтың қыр-сырын меңгеру барысында үлкен жол ашыларына сенімім мол. Мамандар дайындаудағы еркін бағдарламаның жаңа белестерін жаңаша көзқараспен толықтыра түссек.