Право/4.Трудовое право, и право социального обеспечения.

 

Төлеген Е.А., Ю-13 с/к тобының студенті  

Саулебек Н.А., з.ғ.к., Бизнес және құқық факультетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушы

 

Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университеті,Қазақстан

 

КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ (КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ АСПЕКТІСІНДЕ)

 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіру мен мемлекетіміздің конституциялық құқығын дамытудың бірін-бір түрі кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарының еңбек құқықтарын реттеу негізгі болып табылады.

Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктердің табалдырығында тұрмыз. Кез келген қоғам мен мемлекетте елдің құқықтық қорғанысын, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі жүйелер қызмет етеді. Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздік алуы принципті түрдегі және жаңа сападағы әлеуметтік жүйенің пайда болуына әкелді.

Мемлекетте экономикалық заңдардың блогы, қаржы-экономикалық органдар жүйесі сияқты экономикалық қатынастарды реттеу механизмі бола тұра іс жүзінде кейде елдің экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге байланысты проблемаларда кездесіп қалады. Қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасында жаңадан қабылданылатын еңбек кодексі мемлекеттіміздің экономикалық дамуына әдеуір ықпалын тигізеді.

Қазақстандық құқықтық ғылымда Қазақстан «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратын; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1, 1 б] болып табылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауға байланысты проблемаларға кешенді зерттеу жүргізілді.

Мемлекеттің мұндай өсуі тек қана құқықтық мемлекетпен азаматтық қоғам құрылғанда мүмкін болады, онда заңдылық пен әділеттілік принциптері дәйекті жүзеге асырылады, мемлекеттік механизм арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалады және кепілдік беріледі [2, 3 б]. Біз құқықтық мемлекет құруға ұмтылып отырған адамның жоғары құндылықтарын құрайтындардың бәрін: оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қабілетті деп санаймыз.

Сонымен бірге көптеген зерттеушілер экономикалық мүдделер мен қажеттіліктердің объективті түрдегі қатынастардың өзара байланысы деген көзқарасты ұстанады, ол осы қатынастардың түрі субъектілерінің қызметі барысында пайда болады [3, 132 б]. Бірақ қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында өндіріс, бөлініс, айырбас және тұтыну үрдісінде адам қызметінің өзара тәуелді субъектілерін қосу ғана қайсыбір экономикалық мүдделері тудырады. Сөйтіп, экономикалық мүдделер субъектілердің қажеттіліктері мен олардың өндірістік және басқа қоғамдық практикасы арасындағы жанама буын ретінде болады [4, 69 б], яғни әлеуметтік және тарихи себептің қажетілігі болып табылады. Өз кезегінде, қажеттіліктер экономикалық мүдделердің материалдық негізін құрайды, өйткені мүдде сезіну фактісінен емес, қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағдарланған нақты әрекеттер үрдісінде туады.

Мұндай тәсіл бізге ең дұрысы және дәлелдісі болып көрінеді:

1. Ол мүдденің сондай объективті қажеттіліктер мен экономикалық қатынастардан тәуелділігі мен туындылығын көрсетеді.

2. Мүдде қоғамдық дамуды кездейсоқ процеске айналдыратын субъективті тілектердің нәтижесі ретінде емес, осы дамуды негіздеу факторы ретінде көрініс береді, сол арқылы мүдде халықтардың өмірін қозғайды.

3. Экономикалық процесті басқару механизмнің объективті негізін табады, оның орталық буынының бірі экономикалық мүдде болып табылады.

4. Мүдделердің объективтілігі экономикалық қатынастармен және олардың субъектілерінің ара жігі ашылуын көрсетеді, мұның өзі мүдделерді келістіру, әрқайсысының аясында олардың түр-түрімен өз араларындағы сөзсіз қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын табуға негіз болады.

Мүдделер экономикалық қызметті жанамалап, практикада экономикалық заңдардың орындалуына көмектеседі, бұл олардың құқықтық жүзеге асырылуының механизмі ретінде жіктеуге мүмкіндік береді [5, 3 б].

Кез-келген заң мүддеден тыс қаралмайды, олармен заң функционалды және генетикалық тұрғыда байланысты болып келеді, өйткені мүдделер мен заңдар экономикалық қатынастарға сүйенеді.

Экономика саласында заңдарды қолдану барысындағы мүдделер проблемасы біршама тереңірек зерттелген. Нарықтық қатынастарға байланысты заңдарға және де оларға деген сұраныс, ұсыныс, бәсекелестікке байланысты отандық ғалымдардың зерттеулері өте жеткіліксіз. Соның салдарынан еліміздегі экономикалық реформаларды, соның ішінде өңірлік деңгейдегі экономиканы реттеуді жүргізуде бірқатар олқылықтар да кездеседі. Еліміздің заң саласын зерттеудегі бірқатар ғалымдарымыздың тұжырымдауынша экономикалық даму мақсаттарын айқындау және оны нақты белгілеу, шаруашылық жүйесін қазіргі кезеңге сәйкес бәсекеге қабілетті әлем елдерімен сәйкестендіру үшін осы саланы өзгерту стратегиясын құру, оны қорғайтын объективті заңнамалар мен қоғам мүдделерінің сенімді бейнеленуіне сүйене отырып қана жетістікке жетуге болатындығын анықтады.

Сонымен бірге экономикалық заңдар мен экономикалық мүдделердің табиғатының объективтілігі олардың өзгермейтіндігін көрсетпейді, өйткені әрбір өндіріс тәсілінің шеңберінде, сондай-ақ ерекше алғанда олардың шеңберінен тыс өтетін мүдделер уақыт өткен сайын қажеттіліктер мен өзгерген экономикалық қатынастардың әсерімен өзгереді, мұны Қазақстан Республикасы Кеңестер Одағынан кейінгі кеңістіктегі басқа да елдердегі нарықтық өзгерістер айқын көрсетіп отыр.

Экономикалық заңдар мен мүдделер арасындағы байланыс өте күрделілігіне байланысты оларды бөліп қарауды қажет етеді. Біз нарықтық экономиканың қалыптасу, тұтасымен алғанда шаруашылық жүйесінің дағдарысты жағдайына, сондай-ақ жекелеген проблемалар және құрылымдық құрамдастары тұрғысында заңдарды бөлек қарау, олардың экономикалық мүдделер жүйесінен тыс орындау әрекеті тиімді бола алмайды деген қағидамен шектелеміз [6, 18 б].

Экономикалық заңдарды практикалық қызмет процесінде жүзеге асыру экономикалық мүдделердің экономикалық қатынастардың субъектілерімен келісімінде бейнеленеді, яғни мүдделер заңдардың көрінісінің индикаторы ретінде болады. Экономикалық мүдделердің заңға қатынасы бойынша индикативті сипаты олардың құндылығын төмендетпейді, тек қана олардың арасындағы терең өзара байланысты тану және пайдалану қажеттілігін көрсетеді.

Экономикалық мүдделер экономикалық қатынастардың тікелей сыртқы формасы деген қағида танылған болып табылады, сонымен бірге заңдар ретінде осы көріністердің ішкі формасы ретінде көрінеді.

Экономикалық әдебиетте экономикалық мүдделердің көріну формасы мен орындалысы мәселесіне байланысты нақты бір тоқтам жоқ. Кейбір зерттеулерде олардың көрінісі мен орындалысы кез-келген шаруашылық практикасымен теңестіріледі [7, 35 б]. Осындай түсініктерге сәйкес экономикалық мүдделердің нақты көріну формасы болып ынталандырудың түрлі формалары, қызметтің қаржылық нәтижелері қызмет атқарады [8, 120 б]. Ынталандыру категорияларының сипаттамасы мүдделердің өздері сияқты да біртұтас емес. Жалпы ынталар мен мүдделер ұғымы тепе-тең [9, 305 б] мағынаны білдіреді, ал ынталандырудың өзі экономикалық мүдделердің объективті негізі ретінде түсіндіріледі [10, 147 б].

Біздің пікірімізше, біз түсіндіріп отырған тәсілде қоғамдық үдерістің материалистік талдауында, оны анықтайтын категориялардың ішкі терең логикалық байланысы көрінеді, экономикалық өмірдегі объективті дәйекті болу жүзеге асырылды.

Ынталандыру – бұл субъектіні белгілі бағытта қорғауға ниеттендіретін әрдайымғы әрекет, соның нәтижесінде оның мүддесі орындалады, одан тыс бұл әрекет мағынасынан айрылуы мүмкін. Ынталандыру белгілі бір әрекеттерге бастап, оның түрлеріне байланысты материалдық және моральдық болуы мүмкін. Ынталандыруды мемлекет пен оның органдары, муниципалитеттер мен шаруашылық объектілері заңда берілген талаптар бойынша жүзеге асырады. Бұл нарықтық экономика жайдайына тән болып келеді. Экономикалық мүдделерді орындау (ынталандыру) көбінесе өзі үйлестіретін, өзі орындайтын үрдіс болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жуырда қабылданылатын Еңбек кодексінің жаңа жобасы 23-тараудан 203-баптан тұрады. Бұрынғы еңбек кодексіне қарағанда жаңа жоба азаматтық қызмет қана емес, мемлекеттік қызметті айқын көрсете білсе, жұмысқа қатысты тәртіпті қатаң қарастыра білген. Алайда кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, құқықтарын қорғау мен жұмыспен қамтамасыз ету сияқты нормалары нақтылы қаралмаған, яғни қамқоршысы мен қорғаушысының қатысуымен ғана жүзеге асырылады деп қана жазылған.

Мемлекетіміздің болашағы жастар, яғни кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылғандықтар, мемлекет осы азаматтарға аса назар аударады. Соның ішінде 18 жасқа толмағандардың тәрбиесі мен моралдық қалыптасуы, қылмысқа және бұзақылық қылықтарға үйір болмау үшін, осы санаттағы жастарды еңбекке тарта отырып, еңбек құқықтары мен бостандықтарын құқықтық жағынан қамтамасыз ету және қорғау, олардың жұмысқа деген міндеттері мен жауапкершілігін заңды және моральды тұрғыда қарау мемлекетіміздің ғана емес, әлеуметтік қоғамның да басты проблемалары болып табылады.

Кәмелетке толмағандарға 18 жасқа жетпеген адамдар жатқызылады. Бұрынғы және қазіргі жобадағы еңбек кодексінің ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, бұрынғы еңбек кодексінде Қазакстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы бұрынғы «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» № 251-ІІІ заңына сәйкес 178-бабынан 184-бабына дейін 18 жасқа толмаған қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, нормалары, ерекшеліктері мен бұрынғы Еңбек кодексінде барлық еңбекке қабілетті азаматтарға кәсіп, қызмет және жұмыс түрін таңдауда тең мүмкіндіктер белгіленген. Жұмысқа қабылдау кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына байланысты оның құқығын қандай да бір тікелей немесе жанама шектеуге, тікелей не жанама артықшылықтар белгілеуге жол берілмегенімен, жұмысының ауырлығына және түріне сәйкес бірқатар жұмыс істеу нормаларына шектеулер қойылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын қорғау бұрынғы заңның 179-бабына сәйкес зиянды және қауіпті жұмыстарда қызмет атқаруға, сонымен қатар олардың денсаулығы мен имандылығына кері әсер ететін жұмыс орындарына қабылданылмайтындығы туралы айтылған. Мысалы, ойын-сайық бизнестері, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сатуға) қолдануға тыйым салынады деп айтылған. Алайда тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың көбісі түнгі ойын-сайықтар мен мейрамханаларда жұмыс істейтіні анық. Түнгі уақытта жұмыс істеудің өзі де ауыр және зиянды болып табылатыны анық. Түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс уақытының белгіленген ұзақтылығы 1 сағатқа қысқартылады [11, 143б.]. Алайда бұндай тәртіптер тәжірибеде сақталмайды. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандардың дене күші жағынан да, рухани жағынан да толық өсіп жетілмеген және олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында түрлі қоғамдық қатынастарға қатысушылар деп те таниды.

Қазақстан Республикасында қабылданылатын жаңа еңбек кодексінің Кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың психикасы мен жасының ерекшеліктерін ескеріп, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жылы «Пекиндік Ереже» деген атпен белгілі «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының минималды стандартты Ережелерін» бекітті, ол әрбір елдің заңдарында ескерілуі тиіс және осы санаттағы істерді тергеу және сот талқылауы барысында қолданылуы керек.

Кәмелетке толмағандар құқық субъектілері ретінде өздерінің кәсіби қызметінің қайсыбір түріне қабілеттілігін байқатуға өздерін жеке тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарын ерекше бөліп көрсету керек. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы субъектілері ретіндегі жалпы және арнаулы құқыктың мәртебесі сипатына байланысты ажыратылады.

Сондай-ақ республика аумағында тұратын жас азаматтарға кәсіби бағдарлық қызметті, кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді, бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қолайлы жұмыс таңдау және жұмысқа орналасуды өкілетті органдардың делдалдық көмегін пайдалануда жұмысқа қабылдаудан орынсыз бас тарту және жұмыстан негізсіз шығарудан қорғау жөнінде тегін көмек алуға кепілдік беріледі.

Жас азаматтармен жеке еңбек шартын жасасқан кезде олардың білім алу, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік мүдделері ескерілуі керек. Кәмелетке толмағандар үшін жеңілдіктерді көздейтін заң нормаларының тегеурінді сипаты бар мысалы, қысқартылған жұмыс уақыты және тыйым салулар. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады [12, 58б.]. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді еңбегін қорғау, оқуын өнімді еңбекпен табысты ұштастыру үшін оларға қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында заңда олар үшін қысқартылған жұмыс уақыты көзделген. Кәмелетке толмаған қызметкерлер уақыттан тыс жұмыстарды атқаруға қатыстырылмайды. Жұмыс берушілер 18-ге толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасаса алмайды. Бұл арада әңгіме оларға берілген құндылықтарды сақтауға, өндеуге, сатуға, тасымалдауға немесе өндіріс барысында қолдануға тікелей қатысы бар қызмет не жұмыс туралы болып отыр. Жұмыс берушінің өз мүддесіне орай заңға сәйкес қызметкерді өз қаржысы есебінен оқытуға немесе кадрлар даярлау үшін оқуға жіберуге қақы бар.

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жеке еңбек шартын жасасқан кезде олардың білім алу, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік мүдделері ескерілуі керек.

Жұмыс берушілер тарапынан жастардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда жас азаматтардың олардың іс-әрекеттері жөнінде сотқа шағымдануға құқығы бар.

Егер кәмелетке толмаған қызметкерді оқыту тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылса, онда даярлау, мамандықтар бойынша біліктіліктің бастапқы деңгейіндегі біліктілік сипаттамасы талаптарының көлемін жүзеге асырылады. Бұл арада оқуға жіберілген кәмелетке толмағандардың жасы, жынысы және денсаулық жағдайы қазір қолданылып жүрген еңбек заңының талаптарына, экономиканың тиісті салалары жұмысшыларының,кәсіптері мен мамандықтарының еңбегін қорғау жөніндегі нормаларына сәйкес болуыкерек. Тікелей өндірістің өзінде кәсіби даярлықтан өтіп өтіп жатқан кәмелетке толмаған қызметкерге еңбек туралы заңның толықтай қатысы бар, жұмыс уақыты және тынығу уақыты. Еңбек тәртібі және тағы басқалар. Сонымен жаңа жоба мен ескі еңбек заңында азаматты жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас 16 жас болып белгіленген. Ал егерде 15 жасқа толған болса орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда жеке еңбек шартын ата-анасының немесе қорғаншы - қамқоршысының келісімімен ғана жасаса алады. 14-ке толған оқушыларды оқудан қолы бос уақытта атқаратын жұмысқа ата-анасының біреуінің қорғаншы-қамқоршысының келісімімен ғана алуға рұқсат беріледі.

Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады. Еңбекке қабілетті деп төменгі және жоғарғы шегі еңбек заңында анықталатын жас танылады. Адамды жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас он алты жас болып белгіленген. Он бес жасқа толған адамдар орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда, ата-аналарының немесе қорганышы-қамқорлығының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Кейбір жағдайларда 14-ке толған оқушыларды олардың денсаулығына және оқуына зиян келтірмейтін, оқудан бос уақытында атқаратын жұмыска ата-аналарының біреуінің (қорғаншы, қамқоршы) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Бұл жағдайда ата-анасы (қорғаншы, камқоршысы) жеке еңбек шартына кәмелетке толмағандармен бірге қол қояды.

Жүйке ауруынан және ақыл-есінің кемістігінен сот тәртібімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адам, еңбек құқығының субъектісі бола алмайды.

Кәмелетке толмағандарды жұмыска қабылдағанда мемлекеттік, коғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.

Жасы он сегізге толмаған адамдарды дене еңбегін қажет ететін ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайы зиянды, ірі қауіпті жұмыстарға қабылдауға рұқсат етілмейді.

Ауыр дене еңбегі дегеніміз — қызметкердің ауыр заттарды көтеруіне және оларды қол күшімен басқа жерге орналастыруына немесе 300 ккал/сағат энергия шығындауына байланысты болатын жұмыстар.

18 жасқа толмаған қызметкерлер жалпы ереже бойынша еңбектік-құқықтық қатынастарында кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, еңбек демалысы және өзге де еңбек жағдайлары саласында еңбек заңында белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.

Кәмелетке толмағандар үшін жеңілдіктерді көздейтін заң нормаларының тегеурінді сипаты бар (мысалы, қысқартылған жұмыс уақыты және тыйым салулар). Мәселен, жасы 18-ге толмағандар түнгі уақыттағы жұмысқа пайдаланылмайды, кәмелетке толмағандар уақыттан тыс жұмысқа жіберілмейді. Кәмелетке толмағандар жұмысқа қабылданарда міндетті медициналық тексеруден өтеді. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жиырмаға дейінгі жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға және кәсіби оқытуда бронь белгіленеді. Бронь есебінен жіберілген кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдаудан және кәсіби оқытудан бас тартуға болмайды.

Жасөспірімдердің еңбекке байланысты құқықтары мен міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексі, жаңа Еңбек кодексі және Әкімшілік іс жүргізу кодексінде қарастырылған. Бұрынғы еңбек кодексінің 181-бабында 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге күніне төрт сағаттан аспайтын, аптасына 24 сағатты құрайтын, 16-18 жасқа дейінгілерге күніне 6 сағаттан аспайтын, аптасына 36 сағатты құрайтын жұмыс істеу уақыт ұзақтығы белгіленген. Бұл орайда жұмыста баланың денсаулығына қандай да бір зиян келмеуі, рухани, психологиялық, физиологиялық әртүрлі дамуына кедергі келтіретін факторлар болмауы тиіс. Бірақ, көп жағдайда балалар өз құқықтарын білмей жатады. Сондықтан да, практада оларды жұмысқа алған лауазымды тұлғалар немесе жұмыс берушілер заңды біле тұра, заңның талаптарын орындамайтыны анық.

Кәмелетке толмаған қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша толық емес жұмыс уакыты, оны жұмысқа қабылдау кезінде не кейін белгіленеді.

Кәмелетке толмаған қызметкерлер уақыттан тыс жұмыстарды атқаруға қатыстырылмайды.

Жұмыс берушілер 18-ге толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасаса алмайды. Бұл арада әңгіме оларға берілген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға немесе өндіріс барысында қолдануға тікелей қатысы бар қызмет не жұмыс туралы болып отыр. Жұмыс берушінің өз мүддесіне орай заңға сәйкес қызметкерді өз қаржысы есебінен оқытуға немесе кадрлар даярлау үшін оқуға жіберуге қақы бар. Бұл жағдайда кадрларды кәсіби даярлау тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылуы, сондай-ақ бұған тиісті жағдайы мен алған рұксаты бар мамандандырылған ұйымдарда не орта және жоғары кәсіби оқу орындарында ұйымдастырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, заң жұмыс берушіні қызметкерді оқытуға міндеттемейді. Сонымен бірге жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлау кажет болған жағдайда жұмыс беруші өз қаржысы есебінен қызметкерлерді, әсіресе жастарды оқуға, қайта даярлауға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге жібере алады.

Егер кәмелетке толмаған қызметкерді оқыту тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылса, онда даярлау, мамандықтар бойынша біліктіліктің бастапқы деңгейіндегі біліктілік сипаттамасы талаптарының көлемінде жүзеге асырылады. Бұл арада оқуға жіберілген кәмелетке толмағандардың жасы, жынысы және денсаулық жағдайы қазір қолданылып жүрген еңбек заңының талаптарына, экономиканың тиісті салалары жұмысшыларының, кәсіптері мен мамандықтарының еңбегін қорғау жөніндегі нормаларына сәйкес болуы керек. Тікелей өндірістің өзінде көсіби даярлықтан өтіп жатқан кәмелетке толмаған қызметкерге еңбек туралы заңның толықтай қатысы бар (жұмыс уакыты және тынығу уақыты, еңбек тәртібі және т.б.). Сонымен, еңбек заңында азаматты жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас 16 жас болып белгіленген. Жасы 15-ке толған адамдар орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда жеке еңбек шартын ата-анасының немесе қорғаншы-қамқоршысының келісімімен ғана жасаса алады. 14-ке толған оқушыларды оқудан қолы бос уақытта атқаратын жұмысқа ата-анасының біреуінің (қорғаншы-қамкоршысының) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Соңғыларының келісімі жазбаша түрде (өтініш) беріледі.

Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдағанда мемлекеттік, қоғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.

Қорытындылай келе, тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және заң алдында оларды  қорғау мақсатында мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын саралай мақсатында, заң мен тәжірибені салыстыра отырып, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық нормаларын зерделеу;

2. Рейдерлік жұмыстарды жүргізу мақсатында, кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың құқықтарын қорғаумен айналысатын мемлекеттік қызмет органдарына келесідей қызметтерді атқару жөніндегі стратегиялық жұмыстар ретінде:

- әрбір кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар мен адамдардың статистикалық санағын білу;

- әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында, олардың тұратын мекен-жайлары мен әке-шешесін, кіммен тұрып жатқандарын, оларға қалай қарайтынын, сонымен қатар оқу орындарын анықтау;

- тәжірибеде 18 жасқа толмағандарға ұсынылатын жұмыс орындарын анықтау, әсіресе жеке және заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен ойын-сауық мекемелерінде рейдерлік тексерістерді ұйымдастыру;

- тәжірибеде қаңғыбастық пен қайыршылық күйге ұшыраған, үй-жайы жоқ немесе әлеуметтік жағдайлары нашар кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарға көмек көрсету мақсатында, арнайы тұратын мекемелер ашу, орналастыру және оку орындарын анықтау;

- шетел имиграциялық полициясы арқылы шетелге демалуға жиі баратын немесе шетелге тұруға кеткен 18 жасқа толмаған азаматтардың статистикалық санағын жасап тұру және мемлекетке есеп түрінде беру;

- жыл сайын жоғары оқу орындарына тегін түсіру мақсатында, бюджеттік қаржыландыру;

- мемлекетіміздің алдын ала статистикалық санақтарын жүзеге асыру жұмыстары жоғалып кетуге, құлдыққа немесе жезөкшелікке, алдап өз еркінсіз жұмысқа салынуға, оның ішінде оларды ұрлау, транплантациялық органдарын сату сияқты қылмыстардың алдын алуы мен жолын кесуге көмегін тигізеді. 

3. Кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбек орындарын, жалақысын мемлекетпен бақыланған жөн болар еді. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.                     Қазақстан Республикасы Конституциясы. Конституция республикалық референдумда қабылданды 1995 жылдың 30 тамызында. ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І, 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен. Юрист баспасы. Алматы қ., 2008ж. - С. 48.

2.                     Тлеухан Р. «Проблемы расследования и предупреждения преступлений, совершенных организационной группой в денежно-кредитной сфере», под ред. К.А. Бегалиев - Алматы: ТОО «Гридан», 1998. - С. 126 .

3.                     Осин Т.Н. Экономические интересы коллектива. - Минск: Университет, 2002. - С. 87.

4.                     Мамедов О.Ю. Производственное отношение: Политико-экономическая модель. – Ростов – на - Дону: 1997. - С. 132. 

5.                     Гершкович Б.Я. Концепция экономических интересов в условиях реформирования российской экономики // Научная мысль Кавказа - 1996. - №1. - С. 69.

6.                     Агеев В.М. Экономические интересы и объективный механизм реализации экономических законов социализма // Интересы, стимулы, эффективность.- М.: МГУ, 1974. - Ч.1. - С. 3.

7.                     Баскова М.К. Экономические интересы и их взаимодействие. Региональный аспект. - Иркутск: Иркутский университет, 1991. - С. 18.

8.                     Курочкин Ю.П. Экономические интересы в системе производственных отношений развитого социализма // Потребности, интересы, стимулы в хозяйственном механизме социалистического общества. - Л.: ЛГУ,1983. - С. 35

9.                     Гвоздев Н.Н. Стимулы социалистической экономики. - М.: 1985.- С.120.

10.                 Экономическая теория. Задачи, схемы, методические материалы / под. ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. – СПб. 1999. – С. 305.

11.                 Ахметов А., Ахметова Г., Еңбек құқығы. Оқулық. – Алматы: «Заң әдебиеті», 2005. – 405 бет.

12.                 Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. – Алматы: ЮРИСТ. 2007.-108б.