Право/13. Гражданское право

 

Аманкелдина Ж. Г.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан

Ғаламторға орналастырылған дербес деректерді пайдаланудың құқықтық аспектілері

                                                          

Ақпараттық технологиялардың қарқынды даму алып, ғаламторда онлайн қызметтердің таралуы мен әлеуметтік желілер атағының үдемелі танымалдылығы  басталғаннан бері әлеуметтік қоғам алдында ғаламтор кеңістігінде құқықтық реттеу мәселелері туындап отыр.  Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер адамдар арасындағы қарым-қатынастың қарапайым құралына айналды.

Кез-келген әлеуметтік желі өзіне тіркелген пайдаланушы туралы кейбір ақпараттардың орналастырылуын қажет етеді. Егер адам өзі туралы шынайы ақпараттарды көрсетсе, онда аталған ақпараттарды дербес деректер ақпараттық жүйесіне енгізеді. Және де бұл көрсетілген ақпараттар тізбегі адамның аты-жөні, жасы, тұрғылықты жерінен бастап сүйікті актері, түсі т.с.с. өте кең болуы мүмкін.

Ең алдымен «Дербес деректер» ұғымына анықтама бере кетсек, Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 21 маусымындағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 1 бабында сәйкес дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер.

Әр адам кез-келген әлеуметтік желіге тіркеле отырып, ол жерге өзі туралы жеке ақпараттарды орналастыра отырып, ол автоматты түрде дербес деректерді қорғау құқығына ие болады. Сонымен бірге виртуалды кеңістік мемлекеттен тыс болғандықтан ғаламторды құқықтық реттеу айтарлықтай қиын.

Осы негізде қазіргі таңда біздің заңнамамен реттелмейтін көптеген мәселелер туындап отыр. Мәселен,  дербес парақша бұзылған жағдайда жауапкершілікке кім тартылу керек, сайт иесі ме әлде сайттағы ақпараттық кеңістікті уақытша жалға алушы ма, сайт құрастырушылар ма әлде мүмкін өз парақшасы үшін оңай кілтсөзді таңдаған тікелей сол аккаунтты пайдаланушы ма? Аталған мәселе шешімін табуды қажет етеді, себебі бұзу кезінде адамның хат алмасу құпиясы конституциялық құқығы бұзылуы мүмкін.

Алайда, әлеуметтік желілерді пайдалану барасындағы мәселелер тізімі мейлінше толық емес. Көптеген адамдар өздеріның әлеуметтік желілерге  салған ақпараттарының кез-келген адамға қолжетімді екенін және оны арам пиғылда пайдаланылуы мүмкін екенін түсінбейді. Әлеуметтік желі пайдаланушылары туралы ақпаратты оның жұмыс берушісі, туған-туыстары, қарыз жинаушылар, қылмыскерлер т.с.с. таба алады. Сот орындаушылары борышкерлерін табу үшін немесе олардың жеке мүлкі туралы мәлімет алу үшін әлеуметтік желілерді пайдаланған кездері белгілі. Мүмкін, бұл борышкерлерді іздеудің оңтайлы жолы шығар, бірақ бір жағынан қызметтік мақсатта жеке суреттер мен дербес ақпараттарды қарап, ол мағлұматтарды пайдалану заңмен реттелмейді, яғни, бұл әрекеттерді жеке өмірге қолсұғушылық деп қарастыруға болады.  Сонымен бірге, мәлеметтерді пайдаланушы ерікті түрде жариялағанын ескеру керек.

Сонымен қатар, жұмысберушілер болашақ қызметкері туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады. Тағы да мұндай әрекеттердің заңдылығы туралы сұрақ туындайды, өйткені аталмыш ақпараттар жұмысберушіге көруге арналмаған ғой. Және мұны жеке өмірге құлсұғушылық деп қарастыруға болады ма?

Алайда бір жағынан дербес деректерді ерікті түрде жариялау туралы сұрақ ашық қалып отыр. Себебі, жеке парақшаға орналастырылған ақпаратар көп жағдайда ашық қолданысқа ие. Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың көбі өздерінің дербес деректерін қорғамайды, сонымен олар көрсетілген ақпараттарды кез-келген адамның пайдалануы мүмкін екендігінен сезіктенбейді. Көрсетілген дәйекті жеке ақпаратқа деген немқұрайлылық деп қарап, пайдаланушылардың өздерін жауапкершілікке  тартуға болады ма?

Бүгінгі таңда шынайы виртуалды кеңістіктің дамуында мүмкін диффамациялық құқық үлкен маңызға ие болатын шығар. Диффамация – қандай да бір тұлғаның беделін түсіріп, жаманатты етіп, атына кір келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді  тарату, баспаға жариялау түріндегі құқықбұзушылық. Бұл мәселе  әлеуметтік желі пайдаланушыларының әрқайсысының басынан өтуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе,  күн сайын әлеуметтік желі пайдаланушылар санының өсіп келе жатқандығын ескеру керек. Алайда ақпараттық салада құқықбұзушылар санының өсуіне орай құзіретте органдардың тарапынан  заңның орындалуын қатаң қадағалау қажет.  Өткен жылдан бері қолданыстағы заң тек дербес деректерді қорғау, пайдалану, сақтау және өңдеудің негізгі амалдарын ғана бекітеді, алайда жаһандық ақпараттыө-коммуникациялық желінің ерекшелігін ескермейді. Замануи адамның жеке өмірінің біраз уақыты ғаламторда өтеді, және тәжірибие көрсеткендей, пайдаланушылар өте көп жағдайда ақпараттарын жасыруға келгенде әлсіздік танытып жатады. Мұның себептеренің бірі заңдағы кейбір кемшіліктер, бұл мәселелерді арнайы заң қабылдау арқылы шешуге болады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі дербес парақшаны қарауға және бұғаттауға, жеке хат алмасуға және сол сияқты тағы басқа әрекеттерге  соттық ықпалшара беру керек. Әлеуметтік желіде аккаунттың бұзуылуына жауапты тұлғаларды белгілеу керек. Дербес деректердің қауіпсіздігі пайдаланушылардың өздеріне байланысты екенін ескеру керек. Осылайша, бүгінгі таңда қазақстанның барлық заңнамалық жүйесінде ғаламтор ақпараттық ортасында заңнаманы дамыту қажетті толықтыру болмақ. 

 

Литература:

1. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңы;

2. Статья «Судебные исполнители Караганды ищут должников через социальные сети», информационный портал: http://www.nv.kz/2014/03/13/68308/;

3. Статья «О необходимости отдельного закона о деятельности в глобальных информационно-коммуникационных сетях (Интернете)», автор: Ерджанов Т. К. http://konkurs.zakon.kz/4619142-o-neobkhodimosti-otdelnogo-akona-o.html;

4. Мақала «Дербес деректер туралы» заңға күмән айтылды»

Автор Мақпал Мұқанқызы, http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_comes_into_force_a_law_on_personal_data/25171582.html