ЖММ "Болашақ" Академиясы,
Қазақстан
Адам өміріндегі кездесетін
қорқыныш түрлері және одан арылудың
мүмкіндіктері
«Батылдық - қорқыныштың жоқтығы емес,
ол өз бойыңыздағы қорқынышты өзіңіз
басқару, соны ақылмен шешу» , -деп американ жазушысы Марк Твен
айтқандай бұл дүниеде қорқынышсыз адам жоқ
шығар, сірә. Әлемде
қорықпайтын адам жоқ. Батыр да, ақын да, ғалым
да, үлкен де, кіші де қорқады.
Жалпы
қорқыныш дегеніміз индивидтің
биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі
жағдаяттарда туындайтын қауіп қолайсыз эмоция.
Қорқыныш бір нәрседен жүрексініп сескенгенде,
шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей[1].
Қорқыныш сезімі балалық шақтан бастау алады десек
қателеспейміз. 2-3 жасқа дейін балаларда сезімдік ынталандырудан
үрей туады. Одан кейін бөтен адамдардан және ажырап
қалудан қорқу болады. 5 жасқа дейін
қараңғылықтан, жануарлардан қорқу басым
болады. Оны 1-2 жылда шындыққа сай емес (елес,
құбыжық) қорқулар алмастырады. Одан 6 жастан
бастап ересектік қорқыныш басым болады: өлімнен
қорқу, аурудан қорқу, әлеуметтік ортадағы
қорқыныш. Қорқуды жеке бұзылу деп
қарастыруға болады. 2-6 жаста қорқыныш пен үрей
қалыпты жағдай. 6-12 жастағылардың 50%-ында
қорқудың көп түрлері кездесе бастайды. Сол
себептен олар қорқынышты қалыпты деп қарастырады [2].
«Жалғыз қалудан қорқу» кішкентай балаларға
тән, өйткені олар үнемі қамқорлықта. Олар
анасынан бөлектенуге, адасып қалудан, жалғыз қалудан
қорқады. Ата-анасынан қалып, мектепке бару керек
болғанда «мектеп қорқынышы» басталады. Бұл-мектепке
барудан бас тарту, бас ауыруының бсталуы, жүрек айнуы,
құсу секілді белгілер сезіледі. Кейбір жағдайларда
жылауықтанып, ашуланшақтық мінездері байқалады.
Бұл бұзылулар мектепке дейінгі жастан 18 жасқа дейін дамиды.
Қорқынышты сезу - бұл әр
адам үшін қалыпты нәрсе. Бірақ қорқыныш
сезімі шектен шығып, қорқу объектісі адам психикасына
қатты қысым көрсетсе, онда ол қарапайым
қорқыныш емес, күрделі ауру – фобия екенін мойындауымыз
қажет.
Фобия – иррационалдық және
бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір нәрсеге
жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың
өзі бұл жағдайда әсер сияқты бүркемелі
түрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру
құралы болып келеді. Психиатрияда фобия деп белгілі бір
тітіркендіргішке қорқыныш реакциясының жоғары
патологиялық көрінісін айтады. Фобия даму нәтижесінде адам
белгілі бір объектілерден, қызмет немесе жағдай түрлерінен
қорқып, олардан қаша бастайды. Осыларға байланысты
қорқыныштың көптеген түрлері бар. Солардың
ішінде ең көп түрлеріне қысқаша тоқталып
кетсек:
- клаустрофобия бастан өткізген қатты стресстен кейін,
ағзаның қорғаныс реакция ретінде пайда болуы
мүмкін. Мысалы, адам бірнеше сағат лифтте өткізді,
түтіндікте тұрып қалды және басқа да адам
өмірі немесе денсаулығына қауіпті қандай болса да,
қысаң жағдайға түсу мүмкіндігін ми
қоршауға алады;
- агорафобия (агрофобия)-кеңістіктен,
ашық жерлерден, алаңдардан, қаптаған адамдардан,
базарлардан қорқу;
- антропофобия-адамдардан немесе белгілі бір
адамдардың тобынан қорқу;
- баллистофобия — оқтан,
зымыраннан,ұшатын заттардан қорқу және де т.с.с[1,16].
Өмірдің кез келген адам қорқыныштың мына түрін сезінеді
екен:
1.
Аутизммен ауыратын жандар жалғыздықтан қорқады. Кез
келген адам бақытты болғысы келетіні белгілі. Ал, адам
қоғамнан жырақ, жалғыздан-жалғыз бақытты
болмайды. Сондықтан көптеген адам жалғыз қалудан
қорқады.
2.
Өлімнен қорқу әр адамның бойында бар.
Өлімге бас тіккендердің өзі жарық дүниені
қимайтыны белгілі. Ажалдан қорқып өлгендер
санының көптігін ғалымдар дәлелдеуде.
3. Социафобия,
агорафобия. Осындай қорқынышы бар жандар өзінің
бойындағы сезімдері мен эмоцияларын өзгелер біліп қоймаса
екен деген үрейде жүреді. Олар көбіне ойлау жағынан
ілгері жүретін, білімді жандар.
4.
Өрмекшіге, тышқанға, тарақанға,
ұшаққа, динозаврға, жыланға, елеске,
құбыжыққа, биік өкшелерге деген
қорқыныш. Үрейдің осы түрін суретшілер,
сәнқойлар мен әртістер басынан өткереді екен.
5.
Жақын қарым-қатынастан қорқыныш.
Қорқыныштың бұл түрі 16 жастағы балалар
ғана емес, 40-тан асқан ерлер мен әйелдерде де кездеседі
екен. Бұл үрей түрі жас кезінде жақын қатынастан
зардап шеккен жандарда болады.
6. Естен ауысудан
қорықпайтын адам кемде-кем. Әрине, осындай үрейі бар
жандар фантастикалық ойлардың иесі екен.
7. Верминофобия (микроағзалар
мен бактериялардан қорқыныш) көптеген ұлы
тұлғалардың басында кездесетін болған.
8.
Кәріліктен қорқу әдетте әйелдердің бойында
болады. Ер адамдардан гөрі нәзікжандылар әдемі болуды
қалайтындықтан ғалымдар қорқыныштың осы
түрін әйелдерге телиді.
Тағы сол сияқты қорқыныштар жастық және
жүйкелік деп екі типке бөлінеді.
Жастық кездегі қорқыныш- эмоционалды сезімтал балаларда,
олардың психикалық және тұлғалық
дамуның бейнеленуі ретінде белгіленеді. Олар белгілі бір жәйттер
әсерінен болады. Мысалы: ата-анасында қорқыныштардың
болуы, баласын қауіптен сақтандыруға тырысудың
мөлшерден көп болуы, ер балалардың әкелерімен
рөлдік теңдігінің болмауы жне т.б.
Жүйкелік қорқыныштар- әсіресе, эмоциялы белсенділік
пен күштенумен сипатталады. Бұл қорқыныштар созылмалы
және тұрақты болып келеді және
тұлғаның, мінездің қалыптасуына жағымсыз
әсер етеді. Осындай қорқыныштар сезімтал, ата-анасымен
қарым-қатынасқа түсуде қиындықтар
көретін және өздрі жөніндегі елестері
жанұядағы тартыстар мен эмоционалды уайымдармен
бұрмаланған балаларда болады.
Қорқыныш кезінде адамда жалпы
мазасыздану, тамырдың соғуы мен тыныс алудың жиілеуі, бозару
немесе тез қызару сияқты белгілер болады. Ал «уақытша
тұрақсыз қорқыныш» көп шаршағаннан немесе ауыр
психикалық қатерден кейін дені сау адамдарда да болуы ықтимал
екен. Ал енді қорқыныштың «біртүрлі» түрлері де
болатындығын айта кетсек, «катотрофобия» деген бар, ол адамның
кәдімгі айнадан қорқуы. Айнаға қарамақ
түгіл, оны қолға ұстамайтын жандар бар екен
өмірде. Және «фобофобия» ол – фобияның өзінен
қорқу, яғни бірдемеден қорқудан қорқу
сезімі. Және қорқудың бұл түрімен танымал
адамдардың біршамасы ауырған көрінеді. Айта берсек,
таусылмайтын «дендрофобия» – ағаш-талдардан қорқу, «хорофобия»
– билеуден қорқу, «хомихлофобия» – тұманнан
қорқу, «спектрофобия» – елестерден қорқу,
«калигинефобия» – әдемі әйелдерден қорқу секілді
санаға сыймайтын қорқудың түрлері де бар.
АҚШ
психологиялық ассоциациясы қорқыныш немесе фобия –
психикалық ауытқудың кең таралған түрі
екендігін және оның бүкіл жер шарында 11 пайыз
адамдардың өміріне қатты әсер ететіндігін айтады.
Сөзімізге дәлел ретінде, фобияның адам өміріне
қаншалықты әсері бар екендігіне тоқталсақ.
Атақты орыс жазушысы Николай Гоголь өмір бойы «тірідей көмілуден»
қатты қорқып өмір сүрген. Бұл
қорқынышқа оның жас кезінде безгекпен ауырғандығы
себеп болған деседі. Сол ауру өмір бойы атақты жазушымен
бірге болып, оның салдары ұзақ уақыт
ұйықтау мен ылғи талып қалуға
апарғандықтан, Николай Васильевич осындай кезекті талмасының
бірінде оны өлдіге санап, тірідей жерленуден қорыққан.
Өмірінің соңғы күндерінде тіптен
қорқынышы жеңіп кеткен ол ұйықтамауға
бекінген. Келесі бір – «тафефобиямен», яғни тірідей жерленуден
қорыққан АҚШ-тың бірінші президенті Джордж
Вашингтон болған. Ол үнемі өз жақындарына өзі
өлген соң тек екі күн өткеннен кейін ғана жерлеуді
тапсырған көрінеді. Сонымен қатар, танымал ақын
Владимир Маяковскийдің өмірі тіптен қызық. Ол
«гермафобия», яғни инфекция жұқтырудан қатты
қорқатын болғандықтан арнайы қолғап киіп
жүретін болған. Қаламмен өмірі өрбіген
ақынға қалам ұстау ауырлық қылған
көрінеді, ол қаламды ашық қолмен ұстаудан
аулақ болған. Қайда барса да өзімен бірге сабын, йод
және бірнеше таза шүберек алып жүретін болған екен.
Осындай фобиямен ауырған тағы бір танымал тұлға бар. Ол
туралы бүкіл әлем біледі десек, артық айтқандық
емес. Ол поп музыка өнерінің королі – Майкл Джексон. Сахнада
әншінің ақ қолғаппен жүруін
өзінің стилі, не киім кию үлгісімен шатастыруға
әбден болады. Никола Тесла өзге адамдармен амандасып, ауру
жұққызудан қорыққан. Юлий Цезарь, Адольф
Гитлер және Бенитто Муссолини мысықтардан
қорыққан. Атақты ғалым Зигмунд Фрейд
оқ-дәрі мен қарудан қорыққан[3].
Десек те,
қорқыныштан арылуға мүмкіндіктер көп.
Ешқандай дәрі-дәрмексіз, саналы түрде бойдағы
әлсіздіктерді жеңуге болады. Қорқыныш
психологиялық түзетуді үнемі қажет етпейді, ол тек
адамның бақылауынан шыққан және қалыпты
өмір сүруге кедергі жасаған уақытта ғана
қажет етеді. Сол кезде «үрейлі бұзылулар» қатарынан
диагноз қойылу мүмкін.
Қорқыныштарды емдеу әдістерінің ең
таралған түрі - науқасты қорқу объектісіне
бірте-бірте, баяу дағдыландыру. Релаксация және конгнитивті-
жүрiс-тұрыс емінің әртүрлі әдістері
қажет. Ал клаустрофобия көріністерін медикаментозды жою үшін,
әдетте антидепрессанттар қолданылады. Топтық психикалық
терапия да жоғары нәтижелі болып келеді. Нәтиже бірден
байқалмайды, бірақ тұрақты, сондықтан
шыдамдылық сақтау қажет. Асқынып кеткен клаустрофобия
орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарына
әкелуі мүмкін. Қуанышқа орай, қазіргі
уақытта клаустрофобияны емдеу медицинаға үлкен
қиыншылық тудырмайды, тіпті көп ақша да қажет
емес. Ең қауіптісі - қорқыныштан шыға алмау,
оған сіздің ойларыңызбен әрекетіңізді жаулап
алуға мүмкіндік беру. Осыны болдырмау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 А. И. Захарова. - М. : Педагогика, 1986. - 112 с.
2 Н. Л. Кряжева. - Ярославль : Академия развития,
1996. - 208 с.
3 А. Данилова. - М.
: Эксмо, 2006. - 416 с. - (Детектив
по Фрейду).