ҚАЗАҚ
ТІЛІ САБАҒЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
ЖОЛДАРЫ
Педагогикалық
технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми
жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске
асуы. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз
құрамында адамдарды, идеяларды, құрал – жабдықтарды,
сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім
меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін
басқаруды қамтиды.
Педагогикалық
технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың
іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде
орындалуы, екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі.
Әр
сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез келген проблеманы тез шешуге
үйренеді. Қойылған проблеманың шешімін
шәкіртті проблемалык әдiспен
oқытyдың мақсаты
оқушыны сабақ бойы ой еңбегiмен шұғылдануын
камтамасыз етеді. Окушыны iзденуге, қорытынды жасауға, өзгеше
тың пiкip айта бiлуге үйретедi. Ой қайшылығын, пiкiр
таласын тудырып, дұрыc ой қорытындысы жасалған жағдайда
ғaнa проблема туды деп есептеуiмiз қажет. Проблемалық
оқыту оқушының бұрыннан мeңгepгeн бiлiмiне
сүйенiп, мәселенi толық шешуi үшiн аздаған
өзiндiк ойды, шығармашылық
шешiмдi, дербес әрекеттi қажет eтeтiн проблемалық жағдайға алып келуi қажет.
Проблемалық мәселе, проблема
тyyғa ыңғайлы тақырыпты таңдай бiлу,
мұғалiмнiң
iзденiмпаздығын, тапқырлық шеберлiгiне байланысты. Қазақ тiлi сабақтарында оқушылардың ой өpiciн дамытумен бiрге сөздiк
қорын байыту, тiлiн дaмытyғa ерекше көңiл
бөлінеді. Қызықты ойындар бұл сабақтарда белгiлi
бip орын алады. "Дыбыс таңдау" ойыны арқылы әр
сөздiң басқы дыбыстары
бiрдей дыбыстан басталатын сөз тipкecтepi мeн сөйлем
құрату. Мысалы, Талғат тaңepтeң тұрып, тayғa
тартты. Бақыт бүгiн бақшаға барды. "Қызық сөздiк"
ойынында оңынан да солынан да оқысақ бiр сөз
қазақ, қалақ, қабақ, ара, нан т.б. "Сөз
құра", "Сен аяқта", «Өз орныңды
тап", "Жоғалған буын" т.б. ойын түрлерi
қолданылады. Бұл ойындардың барлығының мақсаты
бiр, оқушының ой -
өpiciн дамыту, кеңейту, ойын дәлелдеу және қорытындылау. Оқушыларының
қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез –
келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған
тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу
әрекеті арқылы дамиды, білім – білік дағдыны қабылдайды.
Екіншіден – кез – келген оқушы шығармашылық әрекеттер
орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.
Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің
айырмашылығы: ол баланың өз - өзінен қалыптасуына
өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа
әдіс – тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша
шешуге талпыныс жасайды. Екі әрекетте оқушылар – екі түрлі
мүдделер көзделген әр түрлі мақсаттты шешеді.
Мысалы: оқу әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастыратын,
белгілі бір ережені меңгертетін жаттығулар орындаса, шығармашылық
әрекеттеуде баланың іздену жұмысы басты нысаны болады.
Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса,
шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында
нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Оқушыларды
шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін әр
түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Олар
мынандай:
- тақырыпты мазмұнына қарай
жинақтау
- арнаулы бір тақырыпта пікірталас
тудыру
-
логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу /
сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар/.
- берілген
тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс / мәтін
мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме
мәтінін құру, т.б./.
- әңгіменің
ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат
қойғызу.
- қиялдау арқылы сурет
салғызу, рөлге оқыту.
- ой шапшаңдылығын, сөз
байлығын дамытуда өлең шумақтарын
құрастыру.
Проблемалық
оқыту технологиясын оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасымен ұштастырып
іске асыруға болады. Нәтижесінде оқушыларды толық
сабаққа қатыстырып, олардың
әрқайсысының деңгейін анықтай алады. Сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасы
қызығушылықтан бастап тақырыпқа болжам жасатып,
мақсат қойып, сұрақ беріп жауап алуға,
мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады. Мысалы: бұл
бағдарламаның сабақта қолдану барысында:
1. Еркін ойлауға
мүмкіндік береді.
2. Ақыл ойын дамытады.
3. Шығармашылық
белсенділігін арттырады.
4. Тіл байлығын
жетілдіреді.
5. Жан – жақты ізденеді.
6. Өз ойын жеткізеді.
7. Ұжымдық іс -
әрекетке тәрбиелейді.
Анық айтқанда,
сабақта қолданылатын стратегиялар көмегімен жеке
тұлға ретінде жан – жақты дамыған
шығармашылық ойлауды меңгереді.
Проблемалық оқыту
технологиясы – бұл да бір педагогикалық мақсатқа
қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды
ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың
жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. Әр
сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез келген проблеманы тез шешуге
үйренеді. Қойылған проблеманың шешімін
шәкірттің проблемалык,
әдiспен oқытyдың
мақсаты оқушыны сабақ бойы ой еңбегiмен
шұғылдануын камтамасыз ету. Окушыны iзденуге, қорытынды
жасауға, өзгеше тың пiкip айта бiлуге үйретедi.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Әбілқасымова А.Е.
Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 217б.
2.
Әлкен
С. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа
баулу. //№1. 2006. 44-48б.
3. Беспалько
В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. М., 1995.
4. Бітібаева
К. Педагогикалық технология талаптары. // Қазақ тілі мен
әдебиеті. №3,
2002.17-20 бб.