Сейдакова Айнұр Есенгелдіқызы

Жаңаөзен политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы, Маңғыстау облысы, Қазақстан


АНА ТІЛІМ - АРДАҒЫМ

                         

Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл,

Қазақтар шешен әрі әдемі, сөйлеудің үлкен шебері  (П.М. Мешоранский).

Ана тіліммен мақтанамын! Жоғалмай тұтас күйінде бізге жеткеніне, мемлекеттен тіл дәрежесін алғанымен мақтанамын.

Жер бетінде қанша ұлттар мен ұлыстар бар. Өз тілі жоғалып, өзге тілде баласына ат қойып, өзге тілде оқып жүрген!

Қайран батыр бабаларым! Бізге мәңгілік мұра етіп Ана жерімізді, Ана тілімізді, Салт-дәстүрімізді жоғалтпай жеткізгеніңіз үшін – мәңгілік қарыздармыз!
        Ана тілі дегеніміз – осы тілді жасаған, жасап келе кеткен мәңгілік мәселесі. Ана тілін өгей ұлдары ғана ұмытады – деп дарабоз жазушы Ғабит Мүсірепов жүрек сөзімен жеткізген болатын.

Ана тіліміз арқылы ғана біз бір-бірімізді, халқымызды, бүкіл елімізді танып білеміз.

Маңғыстау деген бұл аймақ, даласы құм мен шаң ойнақ демекші, мен бүгін Ана тілім арқылы өзім туып өскен Маңғыстауым жайлы жырламақпын.

Маңғыстау негізінен қазақи аймақ. Бұл аймақта қазақ тілінде сөйлеу, ана тілін ұмыту жайлы сөз қозғаудың өзі артық.

Жаңаөзен қаласындағы жиырмадан асқан мектептің біреуі ғана орыс мектебі. Қалғанының бәрі қазақ мектептері.

Қазақ тілді аймақ болғандықтан ба жерімізде өнерпаздар көп аймақ. «Маңғыстау өнерпаздар елі» - деп бекер айтылмаған. Қиялдап кетемін, қиял жетегіне еріп, Отпан таудың басына шығып батыр бабалардың рухымен сырласып, өзіме қуат аламын, көмейіме сөз тығыла сылдырлап сөз келе береді.
           Отпен тау, ерліктің отын жаққан тау,

Көкбөрі төске шыққан тау.

Ерлікке елді шақырып,

Жауымыз бізден ыққан тау –

деп, Отпан тауға қарап отырып, осы тарихи мәдени орын жайлы неге жырламасқа! Неге көркем фильм шығармасқа, - деп бабалардың ізі қалған Отпан тауға қарай өрлей бердім!

Көкбөрі болып сөйлеген Сабыр Адайдың жырын ақын отырып ойға кеттім...

Маңғыстау ана тілінің туын заңғар көкке кеткен киелі орда...

Зайырлы Пір Бекет атамыздың өзі қолына қалам ұстап жыр төккен...

Сүгір атам жырлаған, Қашаған бабам жырдан күмбез салған, Әбіштей дарабоз сөзден тұғыр тұрғызған маң далаға қарап ойлана бердім! Далам қандай қандай кең болса, онда жасаушы адамдардың да ой өрісі сондай кең, көкірегінде күй күмбірлеген, бесігін күй мен жыр тербеген өлке жатыр көз алдымда!

Өткен өмір белестерінен қазіргі Егеменді ел болған замандағы Маңғыстауға көз салдым! Өркениеті мен өнері бірге шалқыған, көк теңіздің жағасында аққуы қалқыған, ару қала ақтауға көз салдым...

Дүлей жырды боратқан Сабыр Адайдың жырын қайталап, Светқали Нұржанның сырлы жырын жырлар, Темір Мыңжастың өткер жырын оқып іштей сүйсіндім...

Далама қарадым! Әлі де талай қырандар қалқитын, ақындар шалқитын, жыраулар жырдан күмбез тұрғызатын далама қарадым.

Бұл далада бір ауыз сөзбен дауласқанды тоқтатқан, жауласқанды жеңген Досан бидей, Мәтжан бидей ойға көсем, сөзге шешен кемеңгерлерімнің іздері, айтқан сөздері сайрап жатыр! Есенғалидың асқақ жырлары құлағыма әлі келіп тұрғандай.

Екі кітабы шығып үлгерген жас қыран ақын, Ш. Есенов Университетінің ұстазы болып жүріп, ақындық қылқаламын тастамаған Бақтыбай Жайлауов жырларынан Мұқағали салған ізді көрем! Пірі Мұқағалиды тыңдағандай боламын!

Ана тілі – сен менің ардағымсың!

Ана тілі – сен ерлікке шақырар менің қорғанымсың!

Ана тілі – елімді жерімді сүйгізер менің сезімімсің!

Ана тілі – сенен қуаттанған менің арым намысымсың!

Ана тілі – сәбиіме айтар әлди жырымсың!

Ана тілі – сүйгеніме айтар жүрек сырымсың!

Ана тілі – Қазақ елін мәңгі ел қатарына жеткізер қозғаушы күш-қайратымсың!

Ана тілі – досымды өзіме тартар дұшпанымды кері қайтарар айбатымсың!

Ана тілі Рухани жаңғыруыма өзек болған, сеніміме тірек болған ана тілімсің, Мен сенімен мәңгі біргемін!

 

Әдебиеттер:

 

1. Назарбаев Н.Ә. Болашақа бағдар – рухани жаңғыру.12 сәуір 2017ж.

2. Ана тілі газеті. Мамыр 2017ж.

3. Сабыр Адай  «Қасқырлар бізге қарағанда ұлтшыл да ұрпақшыл», 2016ж.

4. Темір Мыңжасов шығармашылығы, «Ақ қайың жылап тұр» 2012ж.