Сыздықова С.М., Саурбаева Р.С
  Әлеуметтік ғылым магистрлері, аға оқытушылар

 Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, Қазақстан

 

САЛТ ДӘСТҮРІМ – ХАЛҚЫМНЫҢ БЕЙНЕСІ

 

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс». Н.Ә. Назарбаев.

Ғаламшарда атын әлемге таныта бастаған Қазақ елі – менің туған жерім бар! Егеменді Тәуелсіз ел – Қазақ жері бар! Оның көп ұлтты тату, ынтымақшыл халқы бар; Ең бастысы сан ғасырмен біте қайнасып жоғалмай келе жатқан тілі мен дәстүрі бар. Бүгіннен нұрлы, бүгінінен кемел жарқын болашағы бар; Сол күнге деген берік сенімі бар! Жарқын болашаққа бағыт бағдар беріп тұрған кемеңгер көшбасшысы бар!

  Салт-дәстүр мен әдет ғұрып қоғамдағы әлеуметтік қатынас түрлерінің мәдени деңгейін көрсетумен қатар ұлттық тәрбиенің де негізін құрайды.

  Дәстүрсіз халық жоқ. Ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасып әдет-ғұрып, әдет-инабат тұғыры болып табылады.   Дәстүрлер де заманға сай жаңғырып отырады. Дәстүрлер арқылы қайта жаңғыру жүзеге асады, ескі қатынас түрлері ескіріп, жаңа дәстүрлер өмірге келеді. Дәстүр – ұлыстардың берік өмір сүру бірлігін сақтайды, яғни дәстүрін сақтау арқылы бірлікті сақтайды. Салт-дәстүр адамдарды жақындастырады қоғамдағы салт-дәстүр – әлеуметтік бірлікті қалыптастырудың құралы және ұйтқысы болады.

  Салт-дәстүр – жақындастырады араластырады, біріктіреді. Жастардың салт дәстүрді сақтауын үлкендер санасына сіңіріп өсіреді.

Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық салт дәстүрімізді сақтау көнерген дағдылардан арылып заманға сай келетінін дамыту – біздерге,  Елбасымыз сеніп тапсырған аманат.

Ұлттық дағдылардың әдеттердің қазіргі заманға сай келмейтін кейбір дағдылар мен әдеттерден арылуды  ұсынамын.

Білімнің салтанат құруы. «Біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарын үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы елдердің санатына қосылдық». Н.Ә. Назарбаев.

Құндылықтар жөнінен «білімді» бәрінен жоғары қоятын елдің біріміз. Елбасымыздың бұл салада да еңбегі орасан.

Біздің елімізде соңғы екі-үш жылдың ішінде қаншама мектептер, балабақшалар салынды. Мектептер кәсіби арнаулы оқу орындары заманауи оқу ақпарат құралдары мен тәминделді.

Осының бәрін көріп Елбасымыздың барлық саланы қамтып, елдің қамын ойлап, жарқын болашаққа бағыт бағдар беріп, ел санасын жаңғыртып ұран тастап отырған көшбасшымызға шексіз алғысымызды айтамыз.

Сананың ашықтығы. Елбасымыздың көрегендігіне қалай тәнті болмайсың! Кинолардан көріп шетелдіктердің өмір сүру жағдаятына қызығамыз. Бірақ кенеттен сенің сол елге күтпегенде жолың түссе қайтер едің? Қайтер едің? Тіл білмейсің!

Тірлік жасау үшін тіл білуің қажет!

Демек өркениетті елдерге жету үшін өркениетті елдердің тілін үйренуіміз қажет екенін түсіндік.

Университетіміздің  көптеген студенттері «Тіл үйрену» курстарына түсіп кетті.           Ағылшын тілін жылдам үйренудің амалы – Латын әрібіне көшу екендігін Елбасымыз кешіктіруге болмайтынын баса айтқан болатын.

Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, адамның мәңгілік жасайтын өлкесі. Туған жерге, оның мәдениетімен салт дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу шынайы елжандылықтың белгісі ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан ғайыр аумақты ғана қорғап қойған жоқ – ол елдің болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады.

Туған жер бағдарламасында – осы жер үшін жан берген батырлар осы жерді жырлап кеткен ақындар, зайырлы даңқты адамдар есімін дәріптеуді ұсынды. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мұражайларды көбейтуді ұсыныс жасады.

Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасында: Ұлытау жәдігерлері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тараздың ескі ескерткіштері және Бекет Ата кесенесін жаңғыртуға қаржы бөлуді тапсырды. Киелі орындар, тарихи тұлғалар – біздің символдық қолқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екендігі баршамызға аян. Өткен бабалар рухына тағзым ету, оларды еске алып, рухын шат ету, кесенелерін жаңғырту қазақ халқына тән салт-дәстүріміздің салтанаты екенін бәрімізде білеміз!

Дәстүріміздің ескіргені не қолданудан қалғаны не жаңғырғаны бар ма?

Кейде ойланамын жоғалған дәстүріміз жоқ сиякты, бәрі де қайта жаңғырып, өмірімізде қолданып келеді.

Ұлы Абай айтқандай:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең – бесік жырымен бастаған өмірдің жоқтауымен аяқталуын Абай қалай жеткізген!

Өмірде осы салт дәстүріміз қалай қолдануда?

Бесік жыры бар, қолданыла ма?

Әрине сәбилер жағына келсек көңілімізді жүдетеді...

Сәбилердің жастығының астына Қайрат Нұртас, не болмаса Төреғали Төрәлінің әндерін ұялы телефоннан жіберіп қойып, өздері сериал көріп отыратын әжелеріміз көбейгені ащы болса да шындық!

Әлди тыңдамаған сәбиден қорық, - деп ақындар жырлағандай – Әлди тыңдап мамыражай ұйқыға бататын сәбилер, Хит әндерді тыңдап жүйкесі бұзылып, ұйқысы ашылып кетеді. Тіпті электрон бесіктердегі таспаға жазылған «Әлдиді» өз әжеңнің мейірімге толы үніне тең көрмейтініміз шындық емес пе? Қазақ халқы дәстүрге бай және оны қатаң сақтайтын халық.

Рулас ағайындыдан қыз алмай, қыз беруге тыйым салынған, әлі күнге дейін сақталып келеді.

Ғалымдар зерттегендей, қаны жақын адамдардың үйленуі өмірге ауру, кемтар балалардың дүниеге келуі себепшісі екендігін біздің дана халқымыз ғылымды оқымай-ақ қараңғы сауатсыз кезінде-ақ түсінген. Туыс, қаны жақын адамдар тұрмыс құруға қатаң тиым салынған.

Салтымыздың осы талабы әлі де өз күшінде, жастарымыз бір-бірімен танысқанда «қай рудасың?» - деген сұрақты қоюды дағдыға айналдырған. Сол үшін де қазақ халқы қаны бұзылмаған таза арилық қасиетке ие халық!

Қазақ халқы қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрмен, әдет-ғұрпымен, өнерімен, би шешендерімен, көсем сөздерімен, мәдениетімен мақтана алады.

 

Әдебиеттер

1. Жаңаөзен газеті, 18 тамыз, 2017ж.

2. Оспанұлы Е. «Қазақ халқының салт дәстүрлері» 2015ж.

3. Бекманов Қ. «Халқы мықты – салты мықты» 2010ж.

4. Кенжеахметұлы С. «Қазақ халқының – салт дәстүрлері».

5. Егемен Қазақстан, 12 сәуір,  2017ж.