Астанова
Б.Д., э.ғ.к. доцент, Келесова У.С
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Екіқабат әйелдерге
арналған сыртқы киімді маркетингтік және
көркем-конструктивті талдаудың нәтижелері
Кез келген мемлекеттің басты байлығы —
халқы болып табылатыны сөзсіз. Халық дегеніміз күнделікті
өмірдің өндірісі мен ұдайы өсім үрдісінде
табиғи тарихи қалыптасып, үздіксіз жаңарып отыратын
адамдардың бір тұтастығы, адамзат қоғамының
басты материалды компоненті (құраушы бөлігі). Мемлекет
басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарындағы
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан
халқына жолдауында «Бәсекелестікті дамыту
үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында
тең жағдай туғызу керек. Елімізде жыл сайын 400
мыңға жуық бала туады, бұл – 1999 жылғы
деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы
үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек» деп атап
өтті [1].
Жүкті әйелдер киімін жобалау – күрделі
мәселе, және оның шешімін табу үшін акушерлік,
физиология, инженерлік, антропология, демография, маркетинг және т.б.
салаларды қарастыру қажет. Қазіргі экономикалық
жағдайда кіші және орта бизнес тігін өндірістері оңтайлы
өндірістік коллекцияны құрастыру үшін тұтынушылар
топтарының сұранысын маркетинг тәсілдері арқылы зерттеу
негізінде жеке кәсіпорынның техникалық, технологиялық,
қаржы талабын ескере отырып жасайды. Маркетингтік зерттеулер
әдісінің бір түрі STEP – талдау негізінде жүкті
әйелдер үшін қазіргі Қазақстандық киім
нарығының дамуына ықпал ететін әлеуметтік,
технологиялық, экономикалық және саяси факторлары
анықтауға болады. Крюкова Н. А., Левцова Н.
Б. маркетингтік
зерттеулер әдісінің бір түрі STEP – талдау негізінде
жүкті әйелдерге арналған қазіргі киім нарығының дамуына ықпал
ететін әлеуметтік,
технологиялық, экономикалық және саяси факторларды атап
көрсетті. Бірақ, жұмыста ескі, 1990 жылдың
статистикалық көрсеткіштері мысал ретінде берілген және
екіқабат әйелдердің сұранысы толық зерттелмеген. Ал Л. Н. Андреева, О. Е.
Гаврилова, Е. И. Гусева Ресей нарығын зерттеп, 20 – 33 жас
аралығындағы екіқабат әйелдерден сауалнама алған.
Сауалнамаға 30 адам қатысқан. Алайда автор
аймақтың демографиялық жағдайын
қарастырмаған. Халық санының табиғи өсуі,
яғни туу көрсеткішін зерттеу, тауардың сұранысқа
ие болатынының бірден бір көрсеткіш [2].
Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2017 жылдың басынан 1 қыркүйекке
дейінгі Қазақстан Республикасы халық санының
өзгеруі туралы ақпаратына сүйенсек, Жамбыл облысында жыл
басына халық саны 1115307 адам болса, 1 қыркүйекке дейін
1116272 адамға жеткен. халық санының табиғи өсімі
12501 адамды құрайды.Сонымен өңір деңгейінде
екіқабат әйелдердің сан көрсеткішінің
көтерілуін дәлелдеуге болады. Сондықтан жобаланатын
бұйымдардың тұтынушылық сұранысын қамтамасыз
етіу қажеттілігі анықталды [3].
Болашақ аналардың көбісі арнайы киімдер
сатып алудан бас тартады. Себебі аз уақыт киетін, жүктіліктен кейін
қолданбайтын бұйымға ақша шығарғылары
келмейді. Көбінесе ол жүкті әйелдерге арналған
маусымдық сырт киімдер, яғни пальто, плащ т.б.
Маркетингтік зерттеулердің негізгі міндеттерінің бірі –
сұранысты зерттеу. Тауарға деген сұраныс болмаса, оны
өндірудің ешқандай мағынасы болмайды. Ассортимент
құрамын, және басқа да сипаттамаларды анықтау
үшін болашақ аналар арасында сауалнама жүргіздім.
Сауалнамаға 25 – 30 жас аралығындағы 50 әйел
қатысты. Олардың 40% қызмет істейді, ал 60% үй
шаруасындағы әйелдер. Сауалнамаға
қатысқандардың 55%-ы арнайы киім сатып алады екен,
қалған 45%-ы екіқабат әйелдерге арналған киім
сатып алмайтыны анықталды. Сауалнама
барысында әйелдердің 65%-ына ыңғайлы маусымдық
сырт киім, 30%-ына белдемше, 5% -ына арнайы шалбарлар табу қиын екені
анықталды. Қазірге таңда киімнің сән
перспективалық бағыты көптеген стильдерге орын береді.
Оның ішінде бұрыннан белгілі классикалық, спорттық,
романтикалық және минимализм, винтаж стилі, сафари, кантри,
casual стильдері. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің
55-% -ы casual стиліне басымдылық береді екен. «Екіқабат
әйелдерге арналған маусымдық плащ, тренчкот немесе
күртеше сатып аласыз ба?» - деген сұраққа 40%-ы – ия,
60%-ы – жоқ деп жауап берді. Бұл, Қазақстан киім
нарығында екіқабат әйелдерге арналған
көпфункционалды киім шығару мәселесі толық
зерттелмегенімен және кең ауқымда
шығарылмайтындығымен түсіндіріледі. Сол себепті де
жүкті әйелдерге киім табу қиын. Сондай-ақ келесі
мәлліметтер жиналды: сауалнамаға қатысқандардың
60%-ы тізеге дейін келетін ұзындықтағы, 45%-ы түймемен
түймеленетін, 55%- оймалы қалтасы бар, 56%- camel түсті,
жеңі сыдырмамен өңделген, капюшонсыз, тік жағалы маусымдық
сырт киімді қалайды екен.
Әдебиет
1. Қазастан Республикасы президентінің
ресми сайты.
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31
қаңтардағы «Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
атты Қазақстан халқына Жолдауы. http://www.akorda.kz/kz
2. Л. Н. Андреева, О. Е. Гаврилова, Е.
И. Гусева Особенности проектирования одежды для беременных женщин из
полимерных материалов с учетом изменения антропометрических параметров фигуры.
3. Қазақстан
Республикасы ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті.
Жамбыл облысының статистика департаменті: Негізгі әлеуметтік –
экономикалық көрсеткіштердің серпіні. Http://zhambyl.stat.gov.kz/kz/dinamika/15