Сельское хозяйство/ Организация
сельскохозяйственного производства
ӘОЖ 631.671.1:633.18
Қошқаров
С.И. – профессор, Бұланбаева П.О. – а-ш.ғ.м.,
Бектай А.Б. - 4
курс студенті
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Сырдария суы минералдылығының
өзгеруі
Соңғы
уақытта Сырдария өзенінің суы негізінен оның
жағалауында орналасқан елдердің халық
шаруашылығының түрлі салаларына пайдалануына байланысты
ағыны толығынан реттелген. Осыған байланысты өткен
ғасырдың 75-80 жылдары өзен суының сапасы күрделі
өзгерістерге кезіккен. Суармалы алқаптардың аумағы
күрт өсуіне сәйкес олардан кері ағатын
қашыртқы-кәріз суының мөлшері көбейді.
Қашыртқы-кәріз суында түрлі тұздар мен зиянды
химиялық құрамалар көлемі барынша ұлғайды.
Сырдария суы минералдылығының өзгеруін
1960-2015 жылдар аралығындағы өзгеру графигі төмендегі
суретте берілген. Графиктің астыңғы жағындағы
аумақ көк түспен боялған. Оның алғашқыдағы мөлшері 0,35 г/л
болса, соңындағы мөлшері 0,40-0,45 г/л шамасында. Бұл, Сырдария өзені
суының бұрыннан келе жатқан табиғи
сортаңдылығы. Зерттеу кезеңінің басында судың
минералдылығы 0,30-0,35 г/л шамасында болса, ал соңғы
уақытта 0,40-0,45 г/л дейін жоғарылаған. Алайда, бұл
анау айтқандай жоғары өсім емес. Өзен суының
сортаңдылығы негізінен антропогендік әсерден жоғары
мөлшерде өзгеріп жатыр. Оған басты себеп Сырдарияның
жағалуында мекендеген елдердің өзенге түрлі
пайдаланыста болған суларды өзенге тазартпай қайтадан
жіберуінде. Бұл жағдай өткен ғасырдың 65-70
жылдары орын ала бастаған. Сөйтіп, 1980-1985 жылдары Сырдария
суының минералдылығы 1,85-1,90 г/л дейін жоғарылаған. Соңғы
20-25 жылдар көлемінде өзен суының тұздылығы біршама
төмен мөлшерде (1,4-1,5 г/л шамасында) тұрақтағаны байқалады.
Дегенмен, судың сапасын бүгінгі күні жақсы деп айтуға
әлі де ерте. 1990-1995 жылдары орын алған Сырдария суының
минералдылығының өсімдік пен дақылдарға
көрсетіп жатқан материалдық зиянының мөлшері
есептелген болатын [1,2]. Талдап қарасақ бүгінгі күні
де сол материалдық зиян мен шығын оншалықты азаймағанын
байқауға болады.
Сурет. Сырдария суы минералдылығының өзгеру графигі [3]
Қызылорда
облысы ауа-райы жағдайына байланысты шөл аймағына кіреді.
Бұл аумақта жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ден
төмен, ал ылғалдың булануы жоғары (1000-1200 мм
шамасында). Сондықтан, осы өңірде егін шаруашылығын
қолдап суарусыз өркендету мүмкін емес. Аймақта егілетін
ең басты дақылдар - күріш пен жоңышқа. Күріш
дақылының орташа маусымдық суару мөлшері бір
гектарға шаққанда 25000-27000 тешеметр. Жоңышқа
дақылының орташа маусымдық суару мөлшері 550-650 мм.
Демек, бір гектар суармалы егіске орта есеппен 1550-1675 мм ылғал
беріледі [4].
Осы суару мөлшерін өзен
суы минералдылығының антропогендік бөлігіне көбейту
арқылы бір гектар егіске келіп түскен зиянды тұздар
мөлшері анықталды (кесте).
Кесте. Сырдарияның
төменгі ағысында орналасқан суармалы алқаптардың
бір гектар егісіне вегетациялық кезеңде келіп түскен зиянды
тұздар мөлшері
|
Кезеңдер |
Жылдар |
Сырдария суы
минералдылығының антропогендік, зиянды мөлшері, S, г/л |
Бір
гектар егіске жаз бойы келіп түскен зиянды тұздар мөлшері, S, т/га |
|
I (1960-1966 жылдары) |
1960 1962 1964 1966 |
0,16 0,12 0,18 0,20 |
2,68 2,01 3,02 3,35 |
|
II (1968-1986 жылдар) |
1968 1970 1972 1974 1976 1978 1980 1982 1984 1986 |
0,38 0,68 0,84 0,92 1,02 1,13 1,31 1,31 1,39 1,43 |
06,41 11,42 14,14 15,43 16,75 18,42 21,81 21,92 23,31 23,52 |
|
III (1988-1990 жылдар) |
1988 1990 |
1,11 1,02 |
18,43 17,10 |
|
IV (1992-2015 жылдар) |
1992 1994 1996 1998 2000 2002 2004 2006 2008 2010 2015 |
0,97 0,98 1,04 1,04 1,06 1,08 1,08 1,08 1,08 1,09 1,08 |
16,23 16,42 16,75 17,41 17,84 18,09 18,09 18,09 18,09 18,25 18,09 |
Алғашқы
кезеңде Сырдария суымен келіп түскен тұздардың
мөлшері гектарына небәрі 2,5-3,5 тоннадан аспаған. Осындай аз
көлемде келген тұздың ылғалдың егістік топырағынан
төмен қарай сүзілген сумен шайылып кететіні белгілі. Демек,
ол уақытта өзен суының гидрохимиялық режимі
қолайлы болған. Екінші кезеңнің басында өзен суы
сапасының нашарлауына байланысты өңір суармалы
алақаптары топырағының тұз режиміне күрделі
түрде қолайсыз салмақ түсе бастады. Бұл
уақытта бір гектар егіс топырағына келіп түскен зиянды
тұз мөлшері 10 тоннадан асып түсті. 1986 жылы бұл
көрсеткіш өзінің шыңына жетіп, 23,52 тонна болды.
Мұндай жағдайда суармалы егістің мелиоративтік ахуалы
күрт нашарлады, топырақ сортаңдана бастады [4,5].
Осының
себебінен 1986 жылы өзен суымен келген тұздар бір метрлік
топырақ қабатының сортаңдылығын 1,315
пайызға өсірсе, сол көрсеткіш 2010 жылы 2,812 пайызға
дейін өскен. Бұл, сөз жоқ, өңір суармалы алқаптарының
мелиоративтік жағдайын күрделендіріп қиындатуда.
Соңғы
жылдары (2005-2015жж.) өзен суының сапасы біршама
жақсарғаны байқалады. Дегенмен, судың
минералдылығы әлі жоғары деңгейде тұрғаны
рас. Бұл, өз кезегінде өзеннің төменгі
ағысында орналасқан Қызылорда облысының
өсімдік дүниесіне
және суармалы алқаптарда өндірілетін дақылдар
өнімінің сапасына кері әсерін тигізбей жатқан
жоқ. Сондықтан, осыған байланысты орын алып жатқан
өсімдіктер мен дақылдар өнімділігінің төмендеуін
бақылау мен анықтау мәселесі алдымызда тұрғаны
белгілі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Кошкаров С. И. Мелиорация ландшафтов в низовых реки Сырдарьи. – Алматы:
Ғылым, 1997. - 268 с.
2. Кошкаров С.И., Буланбаева
П.У. Гидрогеохимический режим ландшафтов в низовьях Сырдарьи // Вестник
Национальной инженерной академии Республики Казахстан. – 2013. - №4 (50). – С.
128-133.
3. Рау А.Г., Калыбекова Е.М.,
Абикенова С.М. Номирование водоотведения с рисовых орсительных систем бассейна
р.Сырдарьи. Материалы международной
научно-практической конференции «Международный Фонд Спасения Арала – 20 лет на
пути сотрудничества». - Алматы, 2013, - С.190-194.
4. Отчеты по водопользованию
Кызылординского областного комитета по водным ресурсам. – Кызылорда,
1965-2012гг.
5. Рау А.Г., Калыбекова Е.М.,
Абикенова С.М. Эколого-экономическое
обоснование повышения продуктивности орошаемого земледелия в бассейне реки
Сырдарьи. –
Алматы, 2011. - С.183-190.