Аблайханов Б.М.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі,

Қарағанды қ.

 

Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел болашағы

 

Ұстаз деген ұлы есім екенін қай қоғамда болмасын  ұлы есім екенін мойындаған ұлтпыз. Қоғамның өзгерісі, дамудың жаңа кезеңі мұғалім, ата-ана және оқушы қауымдастығын айналып өтпеді. Ұстаз ұлттық және адами құндылықтарды оқушы бойына сіңіріп, ел ертеңіне өлшеусіз үлес қосатын мамандық болғаннан кейін ұлы тұлғаға теңеген болар.

Бүгінгі біз ұрпағы алдындағы ата-ананың әлсіздігін, баласына өз сөзін ткерлік мекте«жеткізе» алмайтын, өзгелерден көмек сұрап адами құндылықты құлдыратып ертеңіне күмәнмен қарайтын замандастарымыз көбеюде. Отбасында ата-ананың «тәйтін» естімеген бала ертең оқушы болады. Бар білгенін білімін алдындағы оқушыға сіңіремін деп келген мұғалімнің немесе өзге оқушылардан естіген сынды дұрыс қабылдамай, отбасында талқылап, кез-келген баласына қатысты сынды теріске шығарып «кінәліні» іздеп білім ордасына келетін ата-аналар, біраз уақыттан соң баласы үшін ұстаздардан көмек сұрайтыны шындық. Ата-ана «әлсіздігі» неде, кім кінәлі? Еңбек жолымда төмендегідей ойлар түйдім.

1.        Қазақстан тәуелсіздігін алып, бойын тіктеп, алдыға қарай қадам басқан сәтте, елімізде дағдарыс басталды. Бала тәрбиесімен айналысып ошақ басында отырған аналар қолына «ала сумкасын» арқалап табыс көзін іздеп кеткені ащыда болса шындық. Ал әкелердің көпшілігі ішімідікке салынып, отбасын тастап кету жағдайлары көптеп кездесті. Не әкеден не анадан дұрыс тәрбие алмаған балалар бүгінде ата-ана атанып отыр.

2.        90 жылдар «мафия» мен «рекеттің» қолы жүріп, білімдінің емес білектінің заманы болды. Білмегенін білуге ұмтылатудың орнына жасөспірімдер осы кезде өздеріне «авторитет» жинау үшін көше кезіп, түрле төбелестерде күшін сынады.

3.        Балаға бірден-бір тәрбие құралы деп сенім артқан ақпарат құралдары бұл кезде шетелдік қазақ діліне мүлдем сай келмейтін,  жастар арасында зорлық-зомбылықты, қатыгездікті насихаттайтын кино фильмдер мен бағдарламалар жайлап соққы үстіне соққы болды.

Қоғам тарапынан ұстаздар қауымына артар кінәсі де жетіп артылады. Айтқан сөзін орынды жеткізе алмайтын, педагогика мен психологиядан бей хабар әріптестердің қатарымызда жүргенін жоққа шығара алмаймыз. Ұстаздықтың осынша ұсақталуына не себеп:

1.        Тәуелсіздігімізге қуанып, қиын-қыстау кезі туғанда мемлекеттен ақша алатын мұғалімдер болғаны белгілі. Осыған байланысты нарықтық қатынасқа байланысты қысқартуға ұшыраған экономист, аграном сияқты мамандық иелері бір күнде мұғалім болып шықты.

2.        Жоғары оқу орындарында сырттай оқу жүйесінде мамандығын ауыстырып бір парақ қағаз үшін жылына екі рет келіп «көрініп» кететін мамандардар бүгінде мұғалім болып жүр.

3.        Сонымен қатар қоғамдық жұмысқа көп тартылатын ұстаздар қауымы сабақ барысында әр түрлі іс-шараларға қатысуы мен бірінші кезекте қағаз жұмысына басымдылық беруі мұғалім беделінің төмендеуіне себепші фактордың бірі деп білемін.

Әрине, бүгінгі жаһандану заманы да адам баласын өз ығына көндіріп, өз ықпалын күшейтуде. Нарықтың заңдылығы болар, адамдар отбасының материалдық қамын бірінші орын шығарып, «жұмыс бастылық» белең алды. Осының әсерінен «телефонмен тәрбиеленген» ұрпақ өсіп келеді. «Қарыны тоқ, киімі көк» болса болды деп ой түйетін ата-ана, баласының барлық материалдық қажеттілігін қанағаттандырып отырғанда, оның жан-дүниесіне үңілу, баламен сырласуға уақыт таппайтын ата-аналардың көп екені белгілі. Дегенмен балаға өзінің сырын еркін айтатын, толыққанды кеңес беретін орта керек. Осыған байланысты отбасында осындай жылылықты көрмеген бала, өзіне орта іздейді. Ата-анамен баланың арасы алшақтаған сәтте, бала тәрбиесіне қоғамдық орта араласады. Бүгінгі біздің қоғам қандай? Көпшілігі жеке басының қамын ойлайтын, өзгенің кез-келген мүмкіндігін өз мүддесіне пайдалануға тарысатын қоғам. Ақпарат тасқынында көпшілік  жасөспірімдер өз-өздерін жоғалтып өзгенің ықпалымен жаман жолға түсіп жатады.

Тағы көпті алаңдататын бүгінгі қоғамның бір мәселісі ол, «жетімін жылатпаған»қазақ үшін, жетімдер үйіндегі қара домалақтар мен қара көздеріміз отбасылық жылылықты көрмей өсуі ертеңімізге деген алаңдаушылықты күшейтеді. Отбасында ана мейірімі мен әкенің ұлағатына, ата-әженің тағылымына «тойып» өскен бала, отбасы адам үшін алтын қазық екенін түсінеді. Дей тұрғанмен бүгінде «уақытша некелер» көбейді. Толық емес отбасында тәрбиеленген, отбасылық құндылықтың «жартысын» алған  ұрпақ болашақта қандай болады?

Дегенмен қоғамда өзін жоғалтпай, өздерінің қарым-қабілеттерін білім алуға, қоғамға бір пайдасын тигіземін деп жүрген саналы жастарымыздың қоғамға ықпалы артып келе жатқаны белгілі. Елбасы өзінің стратегиялық саясатының басымдылықтарында жастар мәселесіне терең үңіліп, тәуелсіздік ұрпақтарының аяқтарын тіктеп, еліміздің қарыштап дамуына үлес қосу үшін барынша жағыдай жасауды.

«Ел боламын десең бесігінді түзе» деген қазақ бүгінде осы олқылықтарды жою үшін құқықтық нормативтік актілерімізді ыңғайлап, білімге құштар жастардың әлемнің кез-келген оқу орнында білім алып, тәжірбие алмасуға толық жағдай жасалған. Ірі кәсіпорындармен келісімге келу арқылы оқу бітірген жас мамандарды еңбекке орналастыруда мемлекеттің басты назарында.

Мұғалім мамандығын таңдаған түлектерге де талаптар күшейтіліп оқуға түсу үшін бірнеше сатылық сынақтардан өту де мұғалім мәртебесін қайтаруға арналған бір қадам.

Қоғамды жоғарыда айтылған мәселелерді шешу жолына жұмылдырсақ, біз алмайтын қамал, бағындырмайтын белес болмас. Ертеңімізге сеніммен қарап, әлемге ұлылығымзыды дәлелдеуге деген қарышты қадамдарымызды сенімді жасар едік.