Педагогика/ Проблемы подготовки специалистов
Балтабаева Гулистан Абдулахановна,
Өндірістік оқыту шебері,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі,
Қызылорда облысы, Қазақстан
Республикасы
Өндірістік оқыту шеберінің іс-әрекетіндегі
нұсқау берудің алатын орны
Өндірістік
оқыту – оқыту процесінің бір бөлігі. Өндірістік
оқытудағы өндірістік оқыту шеберінің негізгі,
басты іс-әрекеті - нұсқау беру болса, ал студенттердің
іс-әрекеті – оқу болып табылады. Оқу процесінде оқу мен
нұсқау беру өзара тығыз байланысты жүзеге асады.
Өндірістік
оқыту шебері үнемі мыналарды меңгеріп есте сақтауы
керек: студенттерді танымдық практикалық іс-әрекет
қорытындысынан білімді меңгеруін, кәсіби дағды мен
білігін қалыптастыруын қадағалау. Студенттердің
оқу өндірістегі белсенділік негіздері олардың өз
бетінше танымдық және өндірістік сондай-ақ жоспарлау
іскерлігі, білігі, дағдысы қалыптасып дамиды.
Оқыту
процесінде педагог, студент және өндірістік оқыту
шеберінің өзара әрекет жүйесі студенттердің
соңғы іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты болады.
Өндірістік оқыту процесі оқытудың әртүрлі
әдістері мен формаларын қолданумен жүзеге асырылады.
Оқу процесін
құру тәсілдері оқыту формаларымен, студенттердің
оқу-өндірістік іс-әрекетімен анықталады. Сабақ
құрылымы өндірістік оқыту шеберінің жан-жақты
жетекшілігімен түсіндіріледі.
Оқытудың
теориялық және өндірістік әдістерінің арасында
белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы
кәсіптік-техникалық пәндер циклі бойынша жаңа
теориялық ақпараттар мен мәліметтерді барлық студенттерге
бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында
сабақ топтарға, топшаларға, бригадаларға бөлініп
қажет болған жағдайда жекелей де жүргізіледі. (Мысалы:
автокөлік құралдарын жүргізуге үйрету,
балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен бөлшектерді жинау,
құрастыру т.б.). Студенттердің танымдық
іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері
мынадай екі топқа бөлінеді:
1) Еске түсіру,
2) Іздену.
Еске түсіру
өнімді әдіс арқылы білімді дайын күйінде алады немесе
практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып
оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің
басшылығымен игереді.
Ал іздену
әдістері студенттерді бірізділікпен, мақсатқа бағыттай
отырып, оқу процесі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық
есептерді (міндеттерді) орындау немесе шығару арқылы жаңа
білім, іскерлікпен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып
табылады.
Педагогтердің
оқу қызметі кез-келген басқа қызметтер сияқты
келесі құрылымдық элементтерден тұрады: мақсат,
мазмұн, қызмет, нәтиже.
Өндірістік
оқытуға қатысты оқу
мақсаты және мазмұны ереже бойынша студенттерге шебер
арқылы беріледі. Шебер қойған қызмет мақсаттары
(оқу және өндірістік) студентпен қабылданып,
олардың тұлғалық мән алуының мағынасы
зор. Тек осы жағдайда оқу мақсаттары студенттердің
түрткісі қызметіне айналып, олардың ішкі талпыныстарын,
қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білдіреді.
Студенттердің
оқу-өндірістік қызметі оқудың негізі ретінде
оның түрткілерімен анықталады және сыртқы
(процессуалдық, пәндік) және ішкі жақтарынан
тұрады.
Оқыту
процесінде студент шеберді тыңдайды, оның сұрақтарына
жауап береді, станокты (құрал, аппарат) ретке келтіреді, оның
жұмысын байқайды, жөндейді, технологиялық
процестің барысын реттейді, дайындалып жатқан детальді,
орындалған жұмысты бақылайды және т.б. осының
бәрі оқудың сыртқы, пәндік іс-әрекетін
құрайды. Әрбір игерілетін еңбек тәсілі,
операциясы, жұмысты орындау тәсілдері студенттің алдына
көптеген оқу-өндірістік міндеттер қояды.
Сондай-ақ алынған тәжірибе, іс-әрекет тәсілдері,
білімнің қызмет бірлігін пәндік іс-әрекеттер
анықтайды.
Сонымен қатар,
пәндік іс-әрекеттерді орындау процесінде таным мен тәжірибенің
жиналуы, сондай-ақ студенттің профессионалдық
шеберлігінің негіздері қалыптасады. Оқудың сыртқы
процессуалдық, пәндік жағы оның ішкі жағын
құрайтын психикалық процестермен тығыз байланысты.
Студенттің
оқу-өндірістік іс-әрекетінің ішкі (ақыл-ой)
жағына шебердің нұсқаулық тапсырмаларын
қабылдауы мен ойлауы, атқаратын жұмысты бақылауы мен
өзін-өзі бақылау тәсілдері, жұмысты
орындаудың рационалды тәсілін ақыл-оймен ізденуі және
жоспарлауы, болжамдарды құру және оларды тексерулер жатады.
Студенттің танымдық
және оқу-өндірістік міндеттерді орындау жағдайында студент
орындаған іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Осылайша, оқудың ішкі және
сыртқы жоспары бір-біріне өтеді, тығыз диалектикалық
бірлікте болады. Осындай оқу-өндірістік қызметтің ішкі
және сыртқы жақтарының бірлігінің
нәтижесінде студенттерде іскерліктер мен дағдылар
қалыптасады, ертерек алынған білімдер айқындалады,
кеңейеді, белгіленеді.
Оқу-өндірістік
қызметтің ішкі және сыртқы жақтары студенттердің
осы қызметті орындау тәсілдерін игеруін және оқу
тәсілдерін білуін талап етеді.
Қорыта
айтқанда, студенттердің оқу-өндірістік әрекетінің
нәтижесі білім берудің мазмұнын игеруде – білім, іскерлік
және дағды, кәсіптік қызметтің тәсілдері
мен ақыл-ой тәжірибесі олардың тұлғалық сапалық
қасиеттерінің қалыптасуына ұласады.
Әдебиеттер
1.Жуков Г.Н. Основы
педагогических знаний мастера производственного обучения. Учебное пособие. -
М:, 2005.
2.Қозыбай А., Жексенбиева Н., Өстеміров
К. Топ жетекшісі (Өндірістік оқыту шебері). Оқу
құралы. «Фолиант» баспасы, Астана-2010.
3. Зеер Э.Ф.
Психология личностно-ориентированного профессионального образования. –
Екатеринбург: Изд-во Урал. гос. проф.-пед. ун-та, 2000.