География
сабағында сыни тұрғыдан ойлау методикасын қолдану
және дамыту
Бейсембаева
Зауреш Сатекбаевна
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне
енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі
елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен
білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -
әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел
дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып,
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі
ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне
қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге
үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.[1]
Білім беру саласы қызметкерлерінің
алдына қойылып отырған міндеттердің бірі –
оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру
және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар жаңа
технологиялар және интерактивтік әдістемелерін сабақ
барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі
қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Бұл тығырықтан
шығудың бірден - бір жолы оқу - тәрбие процесінде
жаңа технолгиялардың әдіс - тәсілдерін енгізу,
әрбір білім алушылардың білімге деген
қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен
ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Жаңа
технологиялық процестің негізі – жаңалықтарды
қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық
қызметі. Жаңашылдық білім деңгейінің
көтерілуіне жағдай туғызады.
Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында «орта білім
берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске
асыруға, өзін – өзі дамыту және өз бетінше
дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп
көрсетілген.[2]
Осыған байланысты білім беру сапасы
бойынша басты назар адамның алған білімін қолдануына
қажетті және үздіксіз оқуға мүмкіндік
беретін біліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру
жүйесін құруға бағытталуы қажет.
Біз ұстаздар қауымы қандай
болмасын жаңалыққа құлақ түре
жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта
қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз
анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар
қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа
аламын.
География пәнін оқушыларға
оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің
ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс
және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі
қажет.
Педагог – ғалымдар қазіргі кезде
қолданып жүрген білім беру технологиясы терминін әр
қырынан ашып көрсетуде. Түсіндірме сөздікте «Технология
– бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі
амалдардың жиынтығы» делінген.[3]
Б. Лихачев педагогикалық технология
оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздейтін
педагогикалық ықпал десе, В. И. Беспалько «Оқу үрдісін
жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама
береді.
М. Кларин «Педагогикалық технология –
белгілі мақсатқа қол жеткізу жолында қолданылатын
барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық
құралдардың жүйелі жиынтығы және
жұмыс істеу реті» деп жазады.[4]
Мектеп оқушыларының танымдық
белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде
белгілі ғалым Сократтың оқыту үрдісіне
көңіл бөлемін. Оқу сапасын арттыру үшін
күнделікті сабақта жаңа технологияларды пайдаланамын.
Осы негізде география пәнін оқытуда
«сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану тиімді
деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары
негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз –
оқушының қоршаған ортаға, ақпарат
әлеміне, өзінің іс – әрекетіне сын
тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау»
жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі
сол, оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап
үйренеді. Білімді Өз еңбектері арқылы ой елегінен
өткізе отырып,
алады.
Бұл техногияны пайдаланудың тиімді
тұстары мыналар:
1. Оқушының пәнге деген жеке
қызыушылығын оятады;
2. Танымдық қабілеттілігін
қалыптастырады;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие
қалыптастырады;
4. Оқушыны шығармашылық
жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын
үнемдейді
6. Қосымша мәліметтер береді.
7. Оқушыларға сенімділік
білдіріледі;
8. Талантты, қабілетті балалар
өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі,
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген
сенімсіздіктен арылады.
9. Білім дәрежесі бірдей оқу
топтарында оқу жеңілдейді.
Бұл бағдарламаның мені
қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп,
дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы,
өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке
бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау –
өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан - жақты
пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол
тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны
дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы
оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.[5]
Бұл технологияның негізгі
ұстанымдар: әлсін – әлі қайталау, міндетті
кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің
болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді
түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды,
табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің
бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып
келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын
мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау
кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі
үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын
жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып,
өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни
тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады. Өзіне деген
сенімі артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының
пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар
қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады.
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай
үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Оқушының дербес ойлауын дамыту
үшін география сабағындағы бұл технологияның
тиімділігі бұрынғы білім мен жаңа ұғым
ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз
шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда
оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек,
ойын айтуға оқушы шығармашылығын
қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын
ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру
мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы
білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар
алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе
жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында
болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не
үйретемін?», және «Оқушы үйреніп шығады? деген
сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану»
кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы
сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы
жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде
әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар
өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі
бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын
қолдану арқылы тақырыптардың
ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады.
Осы кезеңде пікір - сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға
болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік
көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда
сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5
- 6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны
сабаққа тарта білгеніміз.
Білім беру мазмұнын жаңарту,
оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің
өзара қарым - қатынасын жоғары деңгейде
ұйымдастыру секілді міндеттердің қай - қайсысы да
әрекетсіз іске аспайды.
Оқу - адамның саналы
өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті
мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының
сана - сезімін дамытуға бағытталады.
“Әрбір бала - болашақ данышпан»
деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи
таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі
үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет -
оқушылардың шығармашылық қабілетін,
танымдық белсенділігін, ой - өрісін дамыту үшін аянбай
еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық
күшін дамыту.
Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік,
рухани қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие сапасын
арттыруға мүмкіндік береді. [6, 7, 8]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.«Білім беру мекемелері қызметкерлерін
ақпараттық – коммуникацикалық технология саласы бойынша
біліктілігін көтерудің ғылыми - әдістемелік негіздері»
Алматы – 2006
2. ҚР 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан, 28
желтоқсан, 2003.
3. В. П. Беспалько. Слагаемые педагогические технологии. М.
1989.
4. М. В. Кларин. Технология обучения; идеал
иреальность. Рига эксперимент, 1999, 180 б.
5.«Жеке тұлғаның
шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е. Т. Акитбаев.,
2006ж
6.«География және табиғат»
ғылым педагогикалық журналы.№1, 2, 3, 2012.
7. Бәкелестікке қабілетті
тұлға тәрбиелеу. Қ. Жүнісханов. 2008.
8.«Оқыту - тәрбиелеу технологиясы»
журнал - 2010 №3, 5, 2011 ж. ж №5, 10