Қазақ философиясының бастаулары
Сұлтан Нығыметалла
Сақтағанұлы ЭЭ-15-1 тобының студенті,
ғылыми жетекші Адылханова Самал Ерденовна,
ҚарМТУ, Қарағанды қаласы.
Қазақ топырығында философиялық ойлардың
құрамдас бөлігі ретінде 2,5 мың жылдай бұрын
өмір сүріп, көне грек ой-өрісінде өзінің
өшпес ізін қалдырған Анахарсисті (Анарыс) айтуға
болады. Грек философиясында Анахарсисті өздерінің дана жеті
бабаларының біреуі деп санайды.Сондықтан қазақ
және грек философиясын салыстыра қарасақ.
Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды.
Əлемнiң қайнар көзi мен негiзi туралы бiлiмдi
данышпандық деп атады, осыған сəйкес өткеннің,
қазiргi жəне келешектiң мəнiн аңғару
мəселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың, табиғаттың
мəнiн түсiнуге ұмтылу, ежелгi грек философиясына тəн
болды. Бұл əрекеттi мифология атқарды, ол сенiмге
сүйенген табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен
философияның арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф
барлық тiршiлiктiң қалай туғанын əңгiмеледi,
ал философия: “Ол неден пайда болды?”–деп сұрады. Əртүрлi
дəуiрдiң философтары антикалық философиядан
шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты. Гректер «философия»
терминiн енгізді, ал адам онда рухани белсендiк типiнiң ерекшелiгiн
анықтады.
Басқа халықтардың философиясы
сияқты қазақ философиясы да өз қайнар көзін
көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер
аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса,
қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені,
өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір
ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе
жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер.
Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық
тұрғыдан талдануда.
Оларға жеке тоқталатын
болсақ. Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың
орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде
өмірге келді.Антикалық философия
деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын бiлдiредi.
“Антика” сөзiнiң латын тiлiнен аударғанда “көне” деген
мағынаны бiлдiретiнiн ескерсек, бұл жалпы философиялық ой
дамуының бастапқы кезеңiн аңғартар едi. Ертедегі Грекияның
алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты
ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай
алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін,
алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық
философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық
ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып
тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда
«натурфилософия» деп атайды. Дүние
қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды
деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз
пікірлерін алға тартты.
Ал ежелгі қазақ халқының философиясына
тоқталатын болсақ басқа халықтар тәрізді
Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға
ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына таңдана қарап,
өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға
талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын
ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі,
көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір
тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен
дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген
ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа
халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған
үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше,
табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас
орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен
айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық
санасы биік болған. Көне сақ -
түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан
бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын
Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан
тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен
күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ,
құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен
суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік
бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне
жатқызған. Сонымен қатар, көне түріктердің
нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай -
Ұмай болды.
Алайда, қалыптасқан дəстүр бойынша антикалық
дəуiр тек батыстың көне заманын бiлдiрiп, осы грек-рим
əлемiне қатысты айтылады. Ал хронологиялық шеңберiне
келер болсақ, антикалық философия өзiнiң бастауын
б.з.д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы
император Юстинианның барлық христиандық емес
философиялық мектептердi ресми түрде жаптырған датасымен
байланыстырылады.
Сонымен, көне грек философиясы адамның
мәнін түсінуге үлкен қадам жасады.Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас
өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене,
өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре
отырып, философияның көзқарастық және
рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра
қарастырып, алғашқы философиялық ой-пікірдің
қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге
дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.
Философиялық ой-пікір бүкіл дүниежүзілік
деңгейде б.з.д. VII-V ғғ. пайда бола бастаған кезде,
біздің бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны-
Анарысты тудырды. Олай болса, біз сол заманнан бері бүкіл
дүниежүзілік рухани көштен қалмай, тарихи
халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны біз
әрқашанда мақтан етуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бейсенов
Қ. Философия тарихы. – Алматы, 1992.
2. Қазақ энциклопедиясы,
5 том
3. Қазақ энциклопедиясы
4. Серік Мырзалы Философия-Алматы,
2014