Право/9.Гражданское право
Смагулов
А.А., з.ғ.д., профессор
Косжанов
А.С., з.ғ.к., доцент
Копбулов
Р.А., құқық магистрі
ЖАСТАР БОЙЫНДА ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Ұлт көшбасшысы Н.
Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауы
мемлекеттің алдағы жылдары дамуының басты бағдары мен
тірегі болып табылатыны сөзсіз. Ал, кешегі "Нұрлы жол – болашаққа
бастар жол" атты Елбасының Жолдауы барша бірлігі жарасқан,
ынтымағы берік мемлекетімізді алдағы уақытта бәсекеге
қабілетті 30 елдің қатарына қосатын маңызды
бағыт болмақ.
1997 жылдан бері әр жыл
сайын халыққа Жолдауда Елбасы Н. Назарбаев елдің дамуы мен
маңызды бағдар алуында жастардың орнын айрықша екенін
әр кез атап келеді. Жолдауда ел жастарының назарына
мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардың
алғашқы кезеңдері мен бүгінгі жағдайы жайлы
салыстырулар айрықша аталып өтілді: "Біздің жастарымыз
жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы
жылдардағы этносаралық соғыстар мен
қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ.
Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы
тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан
солай болуға тиіс сияқты қабылдайды. Мен жастар –
біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып
келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен
жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті
ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап,
құлаш сермейтін тұсы осы!".
Жоғарыда айтылған
Елбасының сөздері жастар үшін тәрбиелік маңызы
зор. Сондай-ақ, жастар Отанды сүю, аға буынға деген
құрмет көрсету, болашаққа жарқын идеялармен
ұмтылу сынды қасиеттерді бойларына сіңіреді.
Президентіміз өзінің
қанатты сөздерінде: "Жастар- елдің болашағы
ғана емес, олар-елдің болашағын жасайтын бүгіні"-деген.
Осы орайда, бүгінгі таңда, дербес елімізде жүргізіліп
жатқан сантүрлі саяси, экономикалық, әлеуметтік,
идеологиялық оң реформалардың жемісін көретін де, оны
дамтып, жүзеге асыратын да, бүгінгі жас буын өкілдері екені
анық. Ол үшін жастар, трбиесі мен тәлімі жоғары, білімі
мен тәжірибесі үздік, бәсекеге қабілетті
жан-жақты дамыған қоғам мүшесі болуы керек.
Және де, ол үшін аянбай еңбек етуі маңызды.
"Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол" атты Жолдаудағы әлеуметтік
салалар бойынша, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытудың
бағдарламалары тоқтамайтынын және әлеуметтік
төлемдердің көлемі артпаса, оның кемімейтіні айтылды.
Бұл дегеніміз, әлемдік экономикадағы дағдарыстарға
қарамастан елдегі халықтың әл-ауқатын арттыру
маңызды орынға ие деген сөз.
Тағыда бір ескере кететін жәт, осынау Жолдауда алға
қойылып отырған мақсаттар мен жетістіктерге жетуде
мемлекеттік басқарудағы реформалар мен мемлекеттік
қызметкерлер жауапкершілігінің маңызды екені атап
өтілді. Кез-келген деңгейдегі басқару мекемелеріндегі қызметшілер
және жоғары билік институттарында қабылданатын шешімдер мен
атқарылатын жұмыстар сапасы жоғары болуы керек.
Сондықтан-да, жастарға білім алуда қанат бітіретін осындай
идеялық бағыттардың алатын орыны айрықша.
Қазақстанның
қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің
барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады.
Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне
жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе
отырып, байыпты шешім қабылдай білу және өздеріне жаңа
талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Сондай елеулі
өзгерістердің бірі –
демократиялық-құқықтық мемлекет
құру міндетін шешу. Мемлекеттік
саяси-құқықтық қайта
құрудың маңызды құрамдас
бөлігі – адамның құқықтық
мәдениетінің деңгейін көтеруге тікелей тәуелді.
Өйткені, құқықтық мемлекетке азаматтардың
жоғары саяси және құқықтық
білімділігі, құқық бұзушылыққа
қарсы тұра білу қабілеттілігі мен дайындығы тән.
Қазақстан
Республикасының құқықтық мемлекет ретінде
дамуы әрбір азамат бойына құқықтық
құндылықтарды сіңіріп, құқықтық
сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті
қоғам үшін қымбат қазына – адам,
адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас
ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі
аса маңызды. Сол себептен құқықтық
мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан
басталады. Оны қалыптастыру үшін жүйелі де мазмұнды
тәрбие қажет.
Мемлекетіміз жастарға
құқықтың тәрбие беру ісіне
көңіл бөліп келеді. Қазақстан заңдарына
терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз
сақтау және орындау - ұзақ уақыт тәрбие
жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне
құқықтық сананың төмендегі,
материалдық және рухани игіліктер жайлы түсінбеушілік
қоғамға жат қылықтарды туғызатыны
сөзсіз. «Адамның құқықтық
мәдениеті - күрделі психологиялық құбылыс.
Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің
көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы -
адамгершілікті қалыптастыруда орынды тәртіп және
мінез-құлық тәрбиесінің жоғары
деңгейінде болуы».
«Өркениетті
қоғамда құқықтық мәдениет
әр адамның жалпы мәдениетінің қажетті
бөлшегі, әрбір лауазымды адамға қойылар кәсіби
талап болып табылады. Тиісті құқық тәртібін
орнықтырмайынша, біздің экономиканы реформалауымыз,
қоғам өмірінде демократиялық қалыпты
өлшемдерді бекітуіміз неғайбыл» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
пікірі қоғамда құқықтық
мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аса
назар аудартады.
Заңдылықты сезіну
құқықтық мәдениеттің
құрамы екендігін түсіну қиын емес дей келе, заңды
білмеу - құқықтық мәдениеттің елеулі
кемшілігі. Құқықтық мәдениет
жастардың жан-жақты құқықтық
білімдерінің болуы керек. Сондықтан, жастардың саяси
құқықтық мәдениетін көрсетуде
девианттық іс-әрекеттердің мәні мен маңызын
түсіну өте маңызды. Қоғам өміріндегі
қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп
жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ,
әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса
қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан
ауытқу оңай. Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті
нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік,
патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің
баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп
отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар
қауымы оқушымен қатар ата – аналармен,
құқық қорғау органдары
қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық
сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен,
қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің
өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер
болса, нәтижелі болмақ.
Құқықтық
мәдениетті қалыптастыру еліміздің болашағын
айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең
ұрпаққа сапалы құқықтық білім
мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті,
құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді,
нормативтік - құықықтық құжаттармен
үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа
алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен
тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды
және қажырлы еңбекті қажет етеді. Қорыта
келгенде, құқықтану материалдары мақсатты
бағытталып, жүйелі жүргізілетін болса, онда жастардың
құқықтық мәдениетін қалыптастыру
мәселесі оңтайлы шешімін табатынына сенеміз. Келелі жұмысты
атқаруда бала құқығын қорғау, балаға
қарым - қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын
ескеру де нәтиже береді деп ойлаймын.
Әдебиеттер тізімі
1.
«Әлеуметтік-эконошскалық модернизация - Қазақстан
дамуының басты векторы» атты Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2012, қаңтар;
2. Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2014
жылғы 17 қаңтар;
3. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»
атты Қазақстан
халқына Жолдауы 2015 жылғы 30 қараша.