Магистрант Тоқан Зайра

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

 

Қабырғалы темірбетон жабындарын өндіруде технологиялық карталарды унификацияландыру

 

Аннотация Бұл мақалада қабырғалы темірбетон жабындарын өндіруде технологиялық карталарды унификацияландыру жайында қарастырылады.

Кілт сөздер: қабырғалы темірбетон жабындары, нормативтік талаптар, қауіпсіздік ережелерін, технологиялық карта, технологиялық қамтамасыз ету, унификацияландыру.

2015 жылғы Қазақстан Президентінің халыққа жолдауында «Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті», - деп атап көрсеткен болатын [1]. Сонымен қатар Елбасы қазіргі қарқынды жүріп жатқан құрылыстың оны дайындайтын материалға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру саласын ұлттық-инновациялық жүйе арқылы дамыту, жалпы елдің экономикалық өрлеуінің бір бағыты болатынын баса айтқан болатын.

Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясының қарқынды дамуы, құрылысқа қажетті негізгі қасиеттері жетілдірілген және техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын кеңінен өндіруді қажет етеді. Тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірудің негізігі жолдарының бірі, оларды дайындауда жергілікті шикізаттық материалдарды кеңінен қолдану болып табылады. Құрамалы темірбетоннан жасалынған бұйымдар мен конструкциялар негізінен тұрғын үй, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстарда кеңінен қолданылады. Бұл бұйымдар құрылыс өндірісін индустрияландыру бағытындағы ең қолайлы материалдар. Құрама темірбетонды кең көлемде қолдану бір типті өнімдер мен конструкциялар шығарумен қатар өндірісті жартылай автоматтандыруға, механизациялауға мүмкіншілік тудырады.

Осыған байланысты, құрылыс материалдарын, оның ішінде қабырғалы темірбетон жабындарын өндіруде технологиялық карталарды унификацияландыру экономикаға едәуір тиімді болып саналады. Қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық картасы құрылысты ұйымдастыру және жұмыстарды жүргізу жобасымен қатар құрылыстағы негізгі ұйымдық-технологиялық құжат болып табылады.

Технологиялық карта қазіргі заманғы механикаландыру құралдарын, технологиялық жабдықтар, құралдар мен құрылғыларды барынша тиімді пайдалана отырып, еңбекті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды. Қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық картасына мерзімдерді қысқартуға және жұмыстардың сапасын жақсартуға, олардың өзіндік құнын төмендетуге ықпал ететін құрылыс өндірісінің технологиясы бойынша барынша прогрессивті және ұтымды әдістер енгізіледі. Ол жұмыстарды нормативтік талаптар мен қауіпсіздік ережелерін қамтитындықтан тек қана үнемді және жоғары сапалы емес, сондай-ақ, қауіпсіз орындауды қамтамасыз етеді.

Ұйымдық-технологиялық құжаттардың, оның ішінде технологиялық карталардың болуы және оларды құрылыс өндірісінде пайдалану көбінесе құрылыс ұйымының қуатын және бәсекеге қабілеттілігін алдын-ала анықтайды.

Қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық картасы мемлекеттік норматив ретінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған технологиялық карталардың құрамын, әзірлену, ресімделу, келісілу және бекітілу тәртібін белгілейді және құрылысты ұйымдастыру жобаларын әзірлеу кезінде қолданылады, сондай-ақ өндіріс жұмыстарының жобасының құрамына кіреді.

Сондай-ақ, ҚР СН 1.03-00 талаптарына сәйкес құрылыс ұйымының сапа жүйесін сертификаттау және орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау кезінде талап етіледі.

Осы орайда ескере кететін бір жайт, осы мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде ақпараттық «Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша көрсеткіші» және ағымдағы жылға жай-күйі бойынша жыл сайын жасалатын «Мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткіші» бойынша сілтеме құжаттардың қолданысын тексеру орынды. Егер сілтеме құжат ауыстырылса немесе өзгертілсе, онда осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған не өзгертілген құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырылмай қабылданбаса, онда оған сілтеме берілген жағдай осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады. Қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық картасы құрылысты құрылыстағы еңбек өнімділілігін және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын арттыруға, жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру, технологиясы және механикаландыру бойынша ұтымды шешімдермен қамтамасыз ету үшін әзірленеді.

Сонымен қатар қазіргі заманғы механикаландыру құралдарын, технологиялық керек-жарақтарды, құралдарды, саймандарды және құрылғыларды, материалдық-техникалық ресурстарды барынша тиімді пайдалана отырып, еңбекті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды. Қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық картасы мыналарды пайдалану үшін жасалады:

- жұмыстардың геодезиялық, жер, қадалық, тас, монтаждау, бетон, шатыр, едендерді орнату, санитарлық-техникалық, әрлеу және т.б. жеке түрлерін орындауға;

- жұмыстарды жүргізу жобасының құрамында ғимаратты, құрылысты немесе олардың бөлігін (торабын) салуға.

Технологиялық картада құрылыс процесінің технологиялық операцияларының құрамы және жүйелілігі, құрылыс машиналарының және жабдықтардың, технологиялық керек-жарақтардың, құрал мен құрылғылардың құрамы және саны келтіріледі, материалдық-техникалық ресурстардың шығыны анықталады, жұмыстардың сапасына және қабылдауға қойылатын талаптар белгіленеді, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар көзделеді.

Материалдық-техникалық ресурстар, еңбек және машиналы уақыт шығындары технологиялық процеске және операцияларына, жұмыстардың барлық көлеміне немесе соңғы өнімнің ірілендірілген өлшегіштеріне арналған технологиялық карталарда келтіріледі. Технологиялық карталарды әзірлеу үшін нормативтік база қолданыстағы мемлекеттік стандарттар, құрылыс нормалары және ержелер, басқа да нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ, хронометраж немесе жұмыс күнінің фотосуреті болып табылады. Сонымен қатар пайдаланылған бастапқы деректерді сақтау Ұлттық қорлар және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

Қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық карталарының арнайы әзірлену, келісілу және бекітілу тәртібі болады. Біріншіден, ол тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жобалау-технологиялық ұйымымен әзірленеді. Сондай-ақ технологиялық карталар құрылыс ұйымының меншікті күштерімен әзірленуі мүмкін. Екіншіден, технологиялық карталарды әзірлеу тапсырыс беруші және әзірлеуші арасындағы оларды орындау шарты бойынша жүзеге асырылады. Шарт жасасу кезінде тапсырыс беруші нормативтік-техникалық құжатты әзірлеуге қысқаша техникалық тапсырысты (техникалық ерекшелікті) бекітеді, онда әзірлеменің негізгі мақсаттары және міндеттері, жұмыс кезеңдері және оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ құжатты пікір алу және келісуге жіберуге қажет ұйымдар көрсетіледі. Картаны әзірлеуді негізгі әзірлеуші және нормативтік-техникалық құжатты шартта белгіленген мерзімде сапалы дайындауды қамтамасыз ететін қосылып орындаушылар ұйымдастырады. Әзірлеуді ұйымдастыру бастапқы кезеңде өзіне бастапқы құжаттаманы жинауды және талдауды (техникалық, технологиялық және т.б.) қамтиды.

Қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық карталарын әзірлеу оңтайлы шешімдерді таңдау шарты кезінде мына факторлар бойынша жүзеге асырылады:

- өндіріс технологиясы және жұмыстарды ұйымдастыру;

- еңбекті қорғау, экологиялық және өрт қауіпсіздігі;

- технологиялық қамтамасыз ету және материалдық-техникалық ресурстар құралдарының құрамы.

Қорыта келгенде, қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық карталары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі. Тапсырыс беруші ҚР СН 1.01-01 белгіленген тәртіпте бекітеді және қолданысқа енгізеді. Карталарды басып шығаруды және таратуды Тапсырыс беруші немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да ұйым Тапсырыс берушімен шарт негізінде жүзеге асырады. Меншік иесі Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы болып табылатын технологиялық карталарды басып шығару және тарату ҚР ҚБҚ 1.01-02 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша.

2. ҚР ҚБҚ 1.01-02-2001 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді тіркеу, оларды басып шығару және тарату тәртібі.

3. ҚР СТ 1.5-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттардың қалыптастырылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

4. ҚР СН 1.03-00-2011 Құрылыс өндірісі. Құрылыс кәсіпорындарын, ғимараттарды және құрылыстарды ұйымдастыру.

5. ҚР СН 1.01-01-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер.

6. Косторных Л.И. Добавки в бетоны и строительные растворы. Р-н-Д. Феникс. 2007. 179 с.