Магистрант Шалманов
Ерсултан
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, Қазақстан, Астана
ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН
ӨНДІРУДІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ
Аннотация
Бұл мақалада
құрғақ құрылыс материалдарының
түрлерін өндіру және олардың өзіндік
құнын төмендету жайында айтылады.
Кілт сөздер: құрғақ
құрылыс араласпалары, цемент-құм қалау
араласпалары, қалауға арналған ерітінділер, желімдегіш
құрылыс ерітінділері, тақталық желімдер, цемент,
əк сылақтары, гипс сылақтары, ангидридті араласпалар, гипс
шпаклевкалары.
Соңғы
жылдары химия өндірісі мен құрылыс ғылымдары
жетістіктерінің арқасында əртүрлі жоғары сапалы
құрғақ араласпалар өндірісі едəуір дамып
келеді. Мұндай құрғақ араласпалардың
артықшылықтары көптеп саналады. Атап айтқанда,
оның компоненттерінің түйіршіктік құрамы мен
қатынастары сақталған; құрғақ
араласпалар арнайы қаптарға салынатындықтан, оларды
тасымалдау, қоймада сақтау ыңғайлы; қажетті
мөлшерде араласпаны жылдам дайындауға болатындықтан, материал
шығынын да азайтуға болады; дайын болған ерітіндінің
иілімділігінің жəне сусақ ұстап тұруының
арқасында цемент 10-15%-ке дейін қолданылады; компоненттері
дəл өлшеніп, жақсы араласқандықтан,
құрғақ араласпаның құрамы
әрдайым тұрақты болып келеді; дайын ерітіндінің
иілімділік қасиеті жақсартылғандықтан,
құрылысшылардың еңбек өнімділігі 20-25%-ке
артады; көлік шығыны 15%-ке кемиді; осының арқасында
құрылыстық технологиялық процестердің
жеңілдеуімен қатар, құрылыс жұмыстарының
сапасы да жоғарылайды [1].
Жоғарыда
келтірілген артықшылықтардың арқасында бұл
материалдар құрылыс технологиясын жоғарғы
деңгейге көтеріп, өндірісте жəне əлемнің
көптеген елдерінің құрылыс саласында да кеңінен
қолданыла бастады. Құрғақ құрылыс
араласпалары əртүрлі жұмыстарға, əсіресе
өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Ұсақ толтырғыштың уақтығына байланысты олар
ерітінділер мен шпаклевкалар деп аталатын екі үлкен топқа
бөлінеді. Ерітінділерде – толтырғыш ретінде ерітіндінің
тағайындалуына байланысты өлшемдері 1,25–2,5 жəне 5 мм-ден
аспайтын құм қолданылады, ал шпаклевкаларда –
толтырғыштың өлшемі 0,3-0,4 мм жоғары болмауы керек.
Дайындалуы жағынан құрғақ араласпалар мына
түрлерге бөлінеді:
–
қалауға арналған ерітінділер;
–
тақталар мен блоктарға арналған желімдегіш
құрылыс ерітінділері;
–
цемент негізіндегі тақталық желімдер;
–
гипс байланыстырғышы негізіндегі тақталық желімдер;
–
цемент, əк сылақтары;
–
гипс сылақтары;
–
өзі тегістелетін құйма едендерге арналған ангидридті
араласпалар;
–
өзі тегістелетін құйма едендерге арналған цемент араласпалары;
–
гипс шпаклевкалары;
–
цемент шпаклевкалары;
–
өңдеулік тақталарды жапсыруға арналған цемент
араласпалары;
–
өңдеулік тақталарды жапсыруға арналған гипс
араласпалары.
Аталған
құрғақ араласпалардың əрқайсысы
өз кезегінде материалдарды қолдану ерекшелігіне қарай
бірқатар құрамдарымен сипатталады. Мысалы, стандартты
қалауға арналған ерітінді жəне жеңіл қалау
ерітінділері: цемент шпаклевкасы – минералдық негіздерге арналған
шпаклевкаға, жылу изоляциялық жүйелерді бекітуге
арналған желімдік шпаклевка, бетон бетін өңдейтін, бетон
бетін жөндейтін, гидроизоляциялық шпаклевкаларға
бөлінеді. Цемент-құм қалау араласпаларының
айрықша ерекшеліктері: жұмыстарды тек қана жазда емес,
температура – 15оС-қа дейінгі қыс мезгілінде де жүргізуге
болатындығында. Бұл əсіресе отандық
құрылыста құнды Қазақстанның
солтүстігінде, оның ішінде əсіресе Астанада, қыста
температура жиі –15С-тан төмен болатыны белгілі [2].
Құрғақ
қоспа құрылыс материалдарының тағы бірі–
тегістеліп тазаланып, дайындалған төсеуге арналған тақталық
араласпалар. Бұл материал негізге арнайы тісті қалақшамен
жұқа қабатпен жағылатындықтан, желімдік
ерітіндіні едəуір үнемдеуге болады. Тақталық араласпалар
тізімі, еден мен қабырғаларды өңдеу жұмыстарын
ғимараттардың ішінде де, сыртында да жүргізуге
мүмкіндік береді. Құйма едендерге арналған өзі
тегістелетін араласпалар – линолеум, тақта, паркет төсеу үшін
еденнің бетін тегістеуге қолданылады. Соңғы жылдары
ғимараттардың қасбеті мен интерьерлік жұмыстарға
арналған минералдық толтырғыш қосылған əк-цемент
негізіндегі құрғақ декоративті сылақ араласпалары
кеңінен тараған. Ол шығарылатын материалдар инсоляцияға
(күн шұғыласына), атмосфералық əсерлерге
төзімді. Мұндайда дайын құрамның
қалыңдығы 3 мм-ге дейін болады. Ал бетті арнайы білік
көмегімен тек қана тегіс емес, бұдыр етіп те жасауға
болады. Бетон, кірпіштен жасалған қабырға, төбелерді
сылауға цемент құрғақ сылақтары жатады.
Дайын ерітінді қолмен немесе механикалық жолмен
қалыңдығын 5-10 мм етіп жағылады. Цемент, бор жəне
гипс негізіндегі құрғақ сылақ араласпалары
қабырға, төбе жəне қасбеттерді сырлап, тегістеу
үшін қолданылады. Олар сызаттарды бітеуге, салмақ
түсетін конструкцияларды бекітуге, декоративті беттерді алуға
арналған. Шпаклевкалардың ерекше түрлері тек бетон мен кірпіш
беттерінде ғана емес, ағаш беттеріне де арналған.
Сонымен,
құрғақ араласпалар əртүрлі өңдеу
жұмыстарын жүргізгенде қолданылып, өңделген
беттердің сапасын қамтамасыз етеді. Құрғақ
қоспа құрылыс материалдарының түрінің
көптігіне қарамастан, олардың барлығының
құрамына ұсақталған полимерлер қосылады.
Құрылыс материалдарын сулы дисперсия түріндегі
органикалық заттармен модификациялау (түрлендіру) көптен бері
белгілі. Біздің ата-бабамыз егер əк жəне басқа минералдық
байланыстырғышқа кейбір табиғи органикалық
өнімдерді қосса, олардың беріктігі жоғарылайды деген
тұжырым жасаған [3].
Құрғақ
құрылыс материалдарын өндіру шығындарының есебі
мен аудитіне және талдауға айрықша орын беріледі. Себебі,
қазіргі кездегі қатаң бәсекелестік күресте табыс
пен ұйымның қызмет етуін сақтап қалудың
басты факторы болып өнімнің өзіндік құнын
төмендету үшін өндіріс шығындары мен
өнімнің өзіндік құны туралы дер кезінде
және сенімді ақпараттар қажет болады. Ал, бұл өз
алдына құрғақ құрылыс материалдарының
сапасы мен өндірістің тиімділігін, сондай-ақ оны одан
әрі жетілдіру жолдарын іздестіруге, өнімнің өзіндік
құнын төмендету резервтерін анықтауға толық
мүмкіндіктер береді [4].
Құрғақ
құрылыс материалдарын өндіру жұмыстарын орындау
және қызметтерді көрсету барысында жұмсалатын
шығындардың негізгі бөлігін құрайтын
материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды
тиімді пайдалануға тек алынатын табыстың мөлшері ғана
емес, сондай-ақ табысқа салынатын салық, ұйымның өміршеңдігі
және басқа да аспектілер тәуелді болады.
Нарықтық
қатынастар жағдайында құрғақ
құрылыс материалдарын өндіру шығындарын, ондағы
атқарылатын жұмыстар мен қызметтердің өзіндік
құндарын және кәсіпорын қызметінің
қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртіптері
бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен әдістемесінің маңызды
мәселелерінің бірі болып саналады. Өнімнің
өзіндік құны туралы түсініктер осыған дейін де
қазіргі уақытта да экономистер мен ғалымдардың
еңбектерінде айтылып келеді. Солардың бірі А.П. Бортниковтің
пікірі бойынша “…өзіндік құн – бұл
кәсіпорынның өнімді өндіру және сатуға
байланысты ағымдағы шығындардың ақшалай
нысанындағы көрінісі”. Дегенмен де, мұндай анықтама жан-жақты, жеткілікті
мазмұнын аша алмайды, ол тек өзіндік құнның пайда
болу түріне түсініктеме береді [5].
Г.А. Соколовскаяның
пікірінше, өнімнің өзіндік құнын «ресурстарды
үнемдеу деңгейі» деп сипаттайды. Өзіндік
құнның мұндай түсінігімен де толық келісуге
болмайды, өйткені ол көрсеткіш өзіндік құн
мазмұнының өзіне қарсы келеді. Өзіндік
құн кәсіпорынға қандай да бір өнімнің
өндірісі қаншаға шығатынын көрсетеді, яғни
өндірістік шығындардың белгілі бір деңгейін сипаттайды.
Ал, ресурстарды үнемдеу деңгейі өндіріс процесіне
жұмсалған өндірістік құралдар мен жұмысшы
күшінің көлемін білдіреді [6].
Құрғақ
құрылыс материалдарын дайындау мен механизмдерін пайдалану
әралуан шығындарды тудырады. Бұл шығындарды бірмезгілдік және
ағымдық шығындарға жіктейді. Бірмезгілдік шығындарға:
- құрылыс материалдарын
тасымалдау, оларды тиеу және түсіру, техникаларды монтаждау,
бұзып-жинау және сынақтан өткізу, механизмдерді
орналастыру шығындары, жүк көтергіш механизмдердің
жұмысының құны, соның ішінде
жұмысшылардың еңбек ақысы, материалдар шығыны
және т.б.;
- құрылыс материалдарын дайындайтын
техникалары, машиналары мен механизмдерін бекітуге қажетті
әртүрлі көмекші уақытша құрылғыларды
орнатуға және де осы құрылғыларды қайта
жинауға жұмсалған шығындар, соның ішінде жұмысшылардың
еңбек ақысы, материалдар шығыны, т.б. енгізіледі.
Шығыстарға апарылуы тиіс
шығындар сомасын құрылыс техникаларын пайдалану
шығындарының құрамына ай сайын төмендегі
формуламен анықталған мөлшерде көшіреді: С=Е/П, мұндағы: С – ай
сайынғы есептен шығарылуға жататын бірмезгілдік
шығындардың сомасы; Е – бірмезгілдік шығындардың жалпы сомасы; П – құрылыс материалдарын дайындау техникасын
пайдалану кезеңдерінің саны, ай [6]. Ағымдағы шығындардың
құрамына төмендегілер енгізіледі:
- құрғақ құрылыс материалдарын
даярлайтын цехтар мен
механизмдерді басқарумен және қызмет көрсетумен
айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы;
- электрэнергиясының,
отынның, жанар-жағар май және өзге де көмекші материалдардың
құны;
- машиналарға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарының құны;
- жалға алынған
машиналар мен механизмдерді пайдаланғаны үшін төленетін
жалақы;
- машиналар мен механизмдерді пайдалануға
жұмсалған басқа да шығындар.
Ұйымның өз
меншігіндегі құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану
шығындарын және сырттан тартылған механизмдер
қызметінің құнын, көбіне, объектілердің
өзіндік құнына тіке жолмен қосады.
Нарықтық
қатынастар жағдайында орындалған жұмыстар мен
қызметтердің өзіндік құндарының дұрыс
қалыптасуы құрылыс ұйымының
қаржылық-шаруашылық қызметінің соңғы
нәтижесіне әсерін тигізеді. Яғни, шаруашылық субъектілерінің
үздіксіз өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін
төменде берілген өзіндік құнды төмендету жолдарын
іс жүзінде қолдану арқылы нақты нәтижелерге
қол жеткізуге болады.
Соған байланысты
құрғақ құрылыс қоспаларын дайындау
жұмыстарымен айналысатын ұйымдар үшін өндіріс
шығындарын тиімді, әрі үнемді пайдалану мақсатында
және саладағы қызметтердің өзіндік
құндарын төмендету үшін төмендегі
шаралардың орындалуы қажет деп санаймыз:
- құрғақ
құрылыс материалдарын үнемді пайдалану, яғни
құрылыс материалдарын дайындауға жұмсалатын негізгі
және көмекші құрғақ араласпалардың
сапасын жоймай, оларды норма бойынша дер кезінде цехқа жіберу,
материалдарды сақтау және тасымалдау шығындарын азайта
отырып, пайдалану кезінде ғана тасымалдау, өндіріс
ұйымының өзінде шығарылған материалдарды
пайдалану мүмкіндіктерін жоғарылату; жолдарды күрделі
және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан бұрын
пайдаланған материалдарды қайтадан өңдеп қолдану,
транспорттық шығындарды азайту; тиеу-түсіру кезінде
ысыраптарды болдырмау үшін арнайы тиеу және түсіру
құралдарын пайдалану;
- еңбекті ұйымдастыру
мен басқаруды жетілдіру, яғни құрғақ
құрылыс материалдарын дайындайтын ұйымдардың мамандану
деңгейін жоғарылату; алдыңғы қатарлы
еңбекақы формаларын қолдану; жұмыс уақытын тиімді
пайдалану үшін өндірісте тұрып қалу жағдайлары
мен жұмысшылар ағымын қысқарту;
жұмысшылардың қосымша еңбекақыларын дабыл
құжаттарындағы мәліметтерді қатаң тексере
отырып төлеу;
-
санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсету мен
құрылыс материалдарын даярлау цехтарындағы жұмысты
ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды, сонымен бірге
өндірістегі ақауларды болдырмау арқылы үстеме
шығындардың сметаға сәйкес жұмсалуын
бақылау;
- құрғақ
қоспа араласпаларды даярлау жұмыстарын механизацияландыру,
яғни өнімділігі жоғары жаңа цехтар мен механизмдерді
пайдалану арқылы машина-сағат және машина-смена сандарын
қысқарту, дайындалатын құрылыс материалдарының
сапасын жоғарылату мақсатында және жұмыс уақытын
үнемді пайдалану үшін арнайы техникаларды пайдалану; машиналар мен
механизмдердің өнімділігін ескере отырып, оларды орындалатын
жұмыстың түрлері арасында дұрыс бөлу;
құрылыс машиналарына пайдаланатын отын мен қосымша материалдарды
үнемді пайдалану; жөндеу және техникалық қызмет
көрсетуге байланысты шығындарды азайту; құрылыс
материалдарын дайындайтын цехтың, техникасының кідірістерін
қысқарту [5].
Құрылыстық
қоспалар үшін кәдімгі табиғи құмды
(таулық, өзендік, көлдік т.б түрлер) немесе
тығыздығы төмендеу жасанды құмдарды (керамзиттік,
термозиттік, күптірілген перлиттік немесе вермукулиттік, пемзалық,
туфтық) қолданады. Байланыстырушы зат шығынын
мүмкіндігінше азайту үшін құмның
гранулометриялық құрамы нормалды және
тығыздығы жоғарылау болғаны жөн. Үй
қабырғаларын қалауда, плиткамен қаптарда және
сыларда қолданатын құрылыстық
құрғақ қоспалардың құрамын
түрлі минералдық қоспалары бар цемент негізінде дайындау
керек.
Жылжымалылығын
жақсарту үшін созымталдандырушы, гидрофобизациялаушы – ауа
қамтымалаушы органикалық қоспаларды енгізеді. Құрғақ
құрылыс қоспалары бір жерде арнаулы зауыттарда дайындалады.
Кейінгі жылдары автоматтандырылған кәсіпорындар көптеп
дамуда. Мұндай кәсіпорындарында берілген бағдарлама бойынша
құрғақ құрылыс қоспаларының
әр алуан түрін және маркасын дайындайды. Жан-жақты
автоматталынған зауыттарда барлық механизмдер жұмыстары
автоматтық жолмен басқару, бақылау, дозалау және
байланыс құралдарымен жабдықталынып бір басқару
пультінде шоғырланған. Басты процестерінің реттелінуі арнайы
программа бойынша жүргізіледі.
Құрғақ
құрылыс қоспаларын дайындаған жағдайда,
ылғалдылығы 1-ден көп емес араласпаны тікелей жұмыс
орнында сумен араластырады. Құрғақ қоспаның
нысанға жеткенше түйіршектеніп қалуынан және
цементтің активтігі төмендеп кетуінен сақтану үшін,
және де оның көптеген қасиеттерін жақсарту
үшін гидрофобтаушы қоспаны енгізеді. Құрылыс
қоспаларын дайындайтын зауыттар құрамына араластыратын
қондырғылар, шикізат материалдарының қоймалары
және басқа қосалқы жабдықтар кіреді.
Құрғақ қоспалар дайындау үшін мезгілмен
немесе дамылсыз істейтін араластырғыштарды қолданады.
Құрғақ құрылыс қоспаларын дайындарда
құрамаларын массасы бойынша дозалайды. Мезгілдік істейтін
араластырғыш қондырғылар ұлпа тәрізді
материалдарды, құмды, цементті, органикалық қоспаларды
дозалайтын таразылық порциялық дозаторлармен жабдықталады.
Құрғақ қоспалардың оңды
төселгіштігі жаңадан дайындалған ертіндінің жылжымалығына
және оның су ұстағыш қабілетіне байланысты.
Араласпа жылжымалылығын лабораторияда металдан жасалынған массасы
300 гр стандарттық конустың араласқа бату тереңдігімен
анықтайды [3].
Қорыта
келгенде, бүгінгі күні отандық құрғақ
құрылыс қоспаларын өндіру нарықтық
экономиканың талаптарына, ұйымды басқарудың
экономикалық әдістерінің талаптарына біртіндеп бейімделуі
жүріп жатыр, бірақ оны ойдағыдай жүзеге асыру
үшін ұйымдастыру әдістемелік тұрғыдан
тыңғылықты дайындалуды талап етіледі.
Құрғақ қоспа материалдарын өндіру шығындарын, жұмыстар
мен қызметтердің өзіндік құндарын және
кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін
қалыптастыру тәртіптері бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен
өндіріс әдістемесінің маңызды мәселелерінің
бірі болып саналады.
Әдебиеттер:
1.Үдербаев
С.Н. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Алматы: 2006, 169
б.
2.
Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н. Попов, М.Б. Каддо. – 2-е
изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк., 2005. -438 с.
3. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды
құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 2 том.
4. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые
особенности бухгалтерского учета. – Алматы: Центр аудит Казахстан, 2000.
5. Друри К. Введение в
управленческий и производственный учет: Учеб. пособие для вузов / Пер с англ. Под ред. Н. Дэриашвили. – М.:
Аудит, ЮНИТИ, 1998.
6. Назарова
В. Л. Бухгалтерский учет в отраслях. – Алматы: Экономика, 2005.