э.ғ.к. Кушенова М.Ш.
КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
ТАЛДАУ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Төлемқабілеттілік және
қаржылық тұрақтылық нарықтық
экономика жағдайындағы кәсіпорынның
қаржылық-экономикалық қызметінің маңызды
сипаттамалары болып табылады. Егер кәсіпорын қаржылық
тұрғыда тұрақты, төлемқабілетті болса, онда
оның осы саладағы өзге кәсіпорындардың алдында
инвестициялар тарту, несиелер алу, жеткізушілерді таңдау және
білікті кадрларды таңдауда артықшылықтары болады. Сонымен
бірге, ол бюджетке салықтардығ әлеуметтік
қорларға жарналарды, жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақыны, акционерлерге дивидендтерді уақытылы төлеп
отыратындықтан, ал банктерге несиелер мен пайыздарды қайтаруды
кепілдендіретіндіктен, мемлекет және қоғаммен
қақтығысқа түспейді.
Кәсіпорынның тұрақтылығы
жоғары болған сайын, ол нарықтық конъюнктураның
кенеттен болатын өзгерісіне тәуелді болмайды, және
сәйкесінше оның банкроттылық шегінде болу қаупі
төмен болады.
Қазіргі уақытта экономика дамуының
басты міндеттері өндіріс тиімділігін арттыру, сонымен қатар ішкі
және халықаралық нарықтарда кәсіпорынның
тұрақты жайғасымды иеленуі болып табылады. Нарық
жағдайында кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметі өзін-өзі қаржыландыру есебінен жүзеге
асырылады, ал меншікті қаржылық ресурстар жетіспеген жағдайда
қарыз қаражаттары есебінен жүргізіледі. Сондықтан
кәсіпорынның қарыз қаражаттарынан қаржылық
тәуелсіздігі қандай, және кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы қандай екендігін білу
қажет. Қаржылық тұрақтылық көбіне
капитал құрылымымен, яғни кәсіпорынның жалпы
капиталындағы меншікті және қарыз қаражаттарының
үлесімен анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылық дәрежесі инвесторлар мен кредиторларды
қызықтырады, себебі оны бағалаудың негізінде олар
кәсіпорынға қаражаттар салымы туралы шешім қабылдайды,
сондықтан кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын басқару мәселелері кәсіпорын
үшін өзекті болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық –
бұл бөлінуі мен өсімі лайықты экономикалық
тәуекел жағдайында төлемқабілеттілік пен
несиелікқабілеттілікті сақтай отырып, пайда мен капитал
өсімінің негізінде кәсіпорын дамуын қамтамасыз ететін
қаржылық ресурстардың жағдайы.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын бағалаудың бірнеше әдістемесін
бөліп көрсетуге болады:
1.
қаржылық
тұрақтылығын типін анықтау;
2.
қаржылық
тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштерін
есептеу;
3.
қаржылық
тұрақтылықты кешенді бағалау.
"Қазақстан темір жолы"
ҰК" АҚ-ның қаржылық
тұрақтылығын талдайық.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу
үшін бастапқы мәліметтер 1-кестеде берілген.
Кесте 1
"Қазақстан темір жолы"
ҰК" АҚ за 2014 – 2016 жж. негізгі қаржылық
көрсеткіштерін есептеу үшін бастапқы мәліметтер,
млн.теңге
|
Көрсеткіштер |
2014
ж. |
2015
ж. |
2016
ж. |
Өсу
қарқыны,% 2016/2015жж. |
|
1.Айналымнан тыс активтер |
850497,7 |
1018357,6 |
1344772,5 |
132,1 |
|
2.Запастар (ҚҚС-пен) |
20942,9 |
22501,4 |
41484,7 |
184,4 |
|
3.
Ақша қаражаттары мен қысқа
мерзімді қаржылық салымдар |
52676,2 |
94857,3 |
130436,6 |
137,5 |
|
4.
Айналым активтері |
144315,8 |
282109,1 |
319464,5 |
113,2 |
|
5.
Капитал және резервтер |
661003,2 |
752200,8 |
950477,7 |
126,4 |
|
6.Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
213171,6 |
297044,9 |
463477,6 |
156,0 |
|
7.Қысқа мерзімді міндеттемелер |
120638,6 |
251221,1 |
250281,6 |
99,6 |
|
8.
Баланс |
994813,5 |
1300466,7 |
1664236,9 |
127,97 |
|
Е С К Е Р Т У – кесте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ 2014-2016 жж. қаржылық есептілік
мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
||||
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын автономия, меншікті және қарыз
қаражаттарының ара қатынасы, маневрлік, запастардың
меншікті қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етілу
коэффициенттері сипаттайды.
Ұйымның автономия коэффициенті
2016 жылы 0,57 құрады. Алынған мән
"ҚТЖ"
ҰК" АҚ-да меншікті және қарыз капиталының
оңтайлы ара қатынасын
(меншікті
капиталдың ұйымның жалпы капиталындағы үлесі
57%-ды құрайды) көрсетіп отыр. 2016 жылы автономия
коэффициентінің өзгерісі – 0,008 құрап отыр.
Кесте 2
"Қазақстан темір жолы"
ҰК" АҚ-ның 2014-2016 жж. қаржылық
тұрақтылығының коэффициенттері, млн. теңге
|
Көрсеткіштер |
2014
ж. |
2015
ж. |
2016
ж. |
Өзгерісі (±) |
|
|
2015ж./ 2014ж. |
2016ж/
2015ж. |
||||
|
Автономия коэффициенті |
0,66 |
0,578 |
0,57 |
-0,08 |
-0,008 |
|
Қарыз және меншікті
қаражаттар қатынасының коэффициенті |
0,5 |
0,728 |
0,428 |
0,228 |
-0,3 |
|
Коэффициент
маневренности |
-0,28 |
-3,5 |
-0,4 |
-3,22 |
3,1 |
|
Запастардың
қалыптастырудың меншікті көздерімен қамтамасыз етілуі
коэффициенті |
-9,05 |
-1,18 |
-9,5 |
7,87 |
-8,3 |
|
Меншікті айналым
қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті |
-1,3 |
-0,94 |
-1,2 |
0,36 |
-0,26 |
|
Тұрақты
актив индексі |
1,29 |
1,35 |
1,4 |
0,06 |
0,05 |
|
Инвестицияларды
жабу коэффициенті |
1,322 |
1,4 |
1,28 |
0,078 |
-0,12 |
|
Айналым
қаражаттарының мобильділік коэффициенті |
0,365 |
0,33 |
0,4 |
-0,035 |
0,07 |
|
Е С К Е Р Т У – кесте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ 2014-2016 жж. қаржылық есептілік
мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
|||||
2016 жылы меншікті айналым
қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті -1,2 болды, ал 2015
жылы меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу
коэффициентінің мәні -0,9 болған (яғни 0,26-ға
төмендеген). Талданып отырған кезеңде коэффициенттің
мәні нормативті мәнге сәйкес келмейді.
Талданып отырған кезең ішінде
инвестицияларды жабу коэффициентінің әлсіз көтерілуі болды,
яғни 1,322-ден 1,4-ке дейін. 2014-2016жж. коэффициенттің мәні
нормаға сәйкес келеді.
Материалдық запастардың
қамтамасыз етілу коэффициенті 2016 жылдағы жағдай бойынша
-9,5-ке тең болған. Аталмыш көрсеткіштің мәні
соңғы жылы біршама төмендеген (-8,3).
Осылайша, 2014-2016 жж.
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
төмендеп
отырған.
Талдаулар негізінде келесі қорытындыларды жасауға болады:
- запастар мен шығындар меншікті айналым қаражаттарымен
жабылмайды;
- саланың дағдарысты қаржылық
жағдайының сақталуының басты себебі – бұл
айналымнан тыс активтер өсімінің оларды қалыптастыру
көздерінің өсу қарқынан басым болуы:меншікті
айналым қаражаттары 2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 204 млрд.
теңгеге азайған, сонымен бірге запастар құны
соңғы үш жылда 2 есеге дейін ұлғайған;
- салада сыртқы қарыз көздерін пайдаланудың
қанағаттанарлықсыздығы теріс көрсеткіш болып
табылады. Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар тартылмайды,
яғни кәсіпорын өндірістік қызметте қарыз
қаражаттарын тарта алмайды немесе тартқысы келмейді.
Қаржылық тұрақтылық типінің үш
өлшемді көрсеткішін есептеу нәтижесінде кәсіпорында
меншікті айналым қаражаттарының біршама жетіспеушілігі бар деген
қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге жетіспеушілік артуда.
Біздің көзқарасымыз бойынша қаржылық
жағдайды жақсарту үшін айналым активтерінде меншікті
қаражаттар көздерін ұлғайту қажет және
қосымша қарыз қаражаттарын тарту керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
1. Когденко В.Г. Экономический анализ:
учебное пособие.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006. – 390 с.
2. «Қазақстантеміржолы» Ұлттық Компания»
АҚ-ның сайты//www.railway.kz
3. Донцова Л.В., Никифирова Н.А. Анализ
финансовой отчетности. Учебник. М.: Изд-во «Дело и сервис», 2006.-368с.