Экономические науки/13.Региональная экономика.
Аға
оқытушы Теңізбаева Д.С., аға оқытушы Алибекова В.Н.
Тараз
Мемлекеттік университеті, Қазақстан
Аймақтардағы экономиканы мемлекеттік реттеу
тұрақтылықтың негізі
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу -
еліміздің және оның жекеленген аймақтарының
экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған
мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге
бағытталуы керек.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу – бұл
халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен
деңгейін көтеру мақсатында барлық аймақтық
жүйені толық тұрақты және теңдікті
сақтай қызмет жасауын қамтамасыз ететін арнайы
ұйымдастырылған іс-әрекеттер.
Аумақтардың дамуын реттеу нақты реттеу теорияларына,
мазмұнына негіздеме тиімді болады. Өйткені реттеудің
мазмұнын нақты саяси, ұйымдастырушылық,
қаржылық, экономикалық және басқада
әрекеттер құрайды.
Мемлекеттік қолдаудың келесідей мақсаттары бар:
1.Объективті
себептерден өздері өздерін дамыта алмайтын аумақтардың
дамуына жағдай жасау дамытуды үстемелеу;
2.Жеке аймақтардың
халықтары әлеуметтік жағына көшіп қонуын
үстемелеу және ресурсты бағытты миграция;
3.Мемлекеттік тұрғыдан
маңызды әлеуеттік ісу нүктелерін құруға
және қызмет етуге қолайлы жағдайлар жасау;
4.Жеке аймақтардың
мемлекеттік қызметтерін атқаруды қамтамасыз ету;
5.Ерекше саяси және геосаяси
маңызды аймақтарда арнайы ұйымдастырушылық
тәртіптерді құрып оларды қолдау;
6.Апатты зоналардың
құрылымына оперативті іс-әрекеттер жүргізу.
Қазақстан
үшін аймақтық даму
мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:
1. Әрбір аймақтағы
халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін
теңестіру.
2. Дағдарыстық
аймақтарды құрлымдық қайта құру.
Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы
барлық мемлекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшелінеді.
Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық
қайта құру тек ірі, жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен
жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау
үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады.
Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды
— даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына
жеткізу, бірақ мұндай
жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.
3. Аймақтардың кешенді дамуын
жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру.
4. Тұрақты экономикалық
өсуді қамтамасыз ету.
Аймақтар дамуының
(дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері:
Мемлекеттегі
әрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды,
өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес
үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да
экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық
саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ
үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ
өзінің даму бағытын жүзеге асырады.
Экономиканы
мемлекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын
аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге
асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып
табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі
қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған
орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау
өзекті мәселеге айналды.
Аймақтардың
экономикасын әртараптандыруда мемлекеттік және аймақтық
мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын
көздей отырып, индустриалды-инновациялық жобаларға басымдық
беру негізінде бизнес саласының өркендеуі үшін өндіріс
саласын дамыту қажет.
Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы еліміздің 2020 жылға
дейінгі дамуы барысында айтарлықтай маңызға ие. Бағдарламаның
негізгі ерекшелігі ел экономикасын кешенді әрі жүйелі дамытуын
қарастыруында жатыр. Ал енді барлық аймақтарда дерлік
жүзеге асырылатын жобалар бюджет пен ұлттық
қордың қаражатынан және тартылатын инвестициялар
есебінен қаржыландырылады. Мемлекеттік бағдарламаға
тартылған инвестицияның жалпы сомасы 45 миллиард АҚШ долларын
құрайды. Аймақтар деңгейінде жүзеге асырылатын
жобалар еліміздегі бизнес саласының өркендеуіне айтарлықтай
үлес қосады. Өйткені, жер асты, жер үсті
қазбаларын ғана пайдалану негізінде даму бүгінгі
қарыштап дамыған әлемдік экономикада соншалықты
бағаланбайды. Нарықтық экономика шағын және орта
кәсіпкерлікті, түрлі кәсіпорындар мен өндіріс саласын
демеу негізінде өрістеп, өркендейтіні айқын. Сондықтан,
барлық аймақтар бойынша индустриялды-инновациялық жобалар
толықтай жүзеге асқанда, Қазақстан
шикізаттық мемлекеттен дайын тауар өндіретін елге айналады.
Аймақтардың индустриалды-инновациялық даму бағдарын
айқындау үшін жалпы ұлттық өнімдегі
аймақтардың үлесіне саралау қажет. Бұл
көрсеткiш аймақтың елдің барлық шаруашылық
жүйесімен экономикалық және нарықтық
байланыстарын көрсетедi. Бұл ең басты белгiсi.
Қалған барлық көрсеткiштер болса, оны толықтырып
отырады. Әрбір аймақтың жалпы ұлттық
өнімдегі үлесі – 18,2% Алматы қаласына тиіп отыр, одан
кейінгі орында – Атырау облысы (12,9%), ал ең төменгі үлес
2,1% Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының
үлесінде. Осы
деректер аймақтардың даму әлеуеттерінің әр
түрлілігіне орай олардың республикадағы алатын орнының
да түрліше болатындығын дәлелдеп отыр. Мәліметтерден белгілі болып
отырғандай, стратегиялық сипаты бап минералды ресурстардың
өте сирек кездесетін қорына және республика экономикасын
әлем шаруашылығына жоғары қарқынмен
қосуға мүмкіндігі бар ғылыми-өндірістік
әлеуеттің интенсивті даму қарқынына ие және ауыр
индустрия салаларына маманданған, жоғары технологиялық
ғылыми сыйымды өндіріс құруға экономикалық
ахуалы ыңғайлы, әсіресе, қаржы ресурстарымен
өзін-өзі қамтамасыз ете алатын Қарағанды (8,4%)
Ақтөбе (5,0%), Маңғыстау (6,4%), Батыс
Қазақстан (4,9%), Шығыс Қазақстан (5,3%) облыстарының
үлесі біршама жоғары.
Аймақтық
саясаттың мақсаттарына жету үшін үш кезең
қажет;
1.
1998-2000
жылдар – экономикалық өсу және аймақтық саясатты
іске асыру үшін алғышарттар құру кезеңі;
2.
2001-2010
жылдар – елдің экономкалық дамуының жалпы стратегиясы
шеңберінде аймақтық дамудың бірінші кезектегі
міндеттерін жүзеге асыру кезеңі.
3.
2011-2030
жылдар – аймақтық саясаттың негізгі міндеттерін шешу
кезеңі.
Қазіргі
жағдайда шаруашылық жүргізудің аймақтық
дамуы үшін:
·
орталық
атқарушы органдардың реттеуші қызметі аумақтық
шаруашылықтың барлық субъектілерінің, орталық және жергілікті атқарушы
органдардың заңы, құқықтық және
нормативтік актілерін дайындау;
·
аумақтық
дамудың маңызды бағыттары мен пропорцияларын анықтау;
·
тұру
орнына тәуелсіз республика халық үшін өмір
сүрудің белгілі бір ең төменгі деңгейінде мемлекеттік кепілдіктерді
қамтамасыз ету;
·
аймақаралық
және жалпы республикалық сипаттағы (Арал жағалауын, Каспий маңы аймағын, Семей полигоны аймағын, артта
қалған ауыл аймағын дамытуға) аумақтық
мәселелерді шешу;
·
ел
экономикасы үшін айрықша маңызы бар аумақтардың
басымды дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г.С.
Смағұлова. Аймақтық экономиканы басқару
мәселелері. Алматы : «Қазақ университеті», 2008- 110 б.
2. Гранберг А.
Аймақтық экономика негіздері : жоғарғы оқу
орынд.оқу құралы. /А. Гранберг. - 2-ші басылым. – М.: Мемл.
ун-т Экономика жоғарғы мектебі, 2003. - 495 б.