Экономические науки/ 16.Макроэкономика

Магистр Теңізбаева Д.С., студенттер Оспан Н., Жамаш Ж.

Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан

Елдің экономикалық өсуі - рухани жаңғырудың айғағы

 

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек.

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа  жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің теорияларын көптеген экономистер дамытты. Соның ішінде, Дж.Кейнс, Ч.Кобб, П.Дуглас, Э.Денисон, С.Кузнец, Й.Шумпетер, Р.Харрод, Е.Домар, Р.Солоу, Э.Фелпс, П.Ромер, К.Эрроу, Г.Мэнкью, Д.Уэйл, Д.Ромер, Р.Лукас, Х.Юзава сияқты ғалымдар ерекше үлес қосты.

Экономикалық өсудің  негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

·      Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

·      Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

·      Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

·      Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу  тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1.    Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2.    Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға  шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

·      халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

·      адамның бос уақытының көбеюі;

·      әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

·      адам капиталына инвестицияны өсіру;

·      адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

·      жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

·      еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық жағдайы бойынша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.

Экономикалық даму жағдайында келесі факторлармен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды.

Мемлекеттік реттеу саясаты макроэкономикалық тұрақтылыққа зиянын тигізбей экономиканың дамуын ынталандыратын, теңгерімді болуы тиіс. Экономиканың теңгерімді және сапалы өсу кезеңінде осындай ұстаным экономиканы «сауықтыруды», оның қайта «қызып кетуін» болдырмауды және перспективада инвестициялардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Инновациялық үрдістердің тиімділігін арттыру және тездетудің түйінді факторына инвестициялық-инновациялық басқару саналады. Бұл әрі фактор, әрі  үйлестіруші, ықпалдастырушы күш. Оның көмегімен инвестициялық және инновациялық кедергілерді жоя отырып, инновациялық-инвестициялық дамудың  стратегиясының тиімді вариантын таңдау арқылы оның ұтымды жолына түсуге көмектеседі.  

Экономикалық өсудің тұрақты және серпінді қарқындарын әлемдік экономика дамуының серпініне қатаң байланыстыра отырып қолдауға мүмкін емес болады. Экономикалық дамудың тұрақтылығы экономиканың өсуінің қайнар көздерінің ішкі сұраныс пен ұсыныс факторларына қайта бағдарлауға, олардың өсуді қамтамасыз етудегі рөлінің артуы, ішкі сұранысқа бағдарланған шикізат емес салаларды және экономиканың өзегі деп аталатын–әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттікке ие салаларды дамытуда жүзеге асырылатын болады.

Экономиканың өсуі, кіріс деңгейі, жұмыспен қамту және инфляция деңгейі бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторлары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалады. 2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай қойылған экономиканың өсу параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында 2010 – 2014 жылдары нақты ЖІӨ-ні 15,7 %-ке ұлғайуы болды. Қазақстанның Жұмыссыздық деңгейін 2020 жылға қарай 5 %-тен аспайтын деңгейде қамтамасыз ету үшін 2010 – 2014 жылдары оның 7 %-ке дейін төмендеуі болды.

Қалпына келтіру кезеңінде дағдарыс кезінде бәсеңдеген салалардың өсу қарқыны, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетуі тиіс, одан кейін бірінші қатарға Қазақстанның өндірістік әлеуетін кеңейтуге арналған негіздің іргесін қалау көрініс табады.

ЖІӨ-нің нақты өсуін қалпына келтіру, экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі қолайлы макроэкономикалық ортаны қамтамасыз еткен кезде мүмкін болады. Өз кезегінде, орта мерзімді кезеңдегі экономикалық өсудің сапасы мен тұрақтылығы экономиканың «өзегімен» қамтамасыз етілуі тиіс.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсуінің кезеңдеріндегі экономикалық көрсеткіштер, 2013-2017жж.

Елiмiздiң экономикалық даму барысында бүгiнде көптеген мәселелер мен кедергiлер де баршылық. Олар:

·      демографиямыздың әлсiздiгi және көп ұлттылық;

·      бiр жақты шикiзат бағыттылығы;

·      әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

·      кәсiпорындардың жалпы техникалық-технологиялық артта қалуы;

·      өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;

·      ғылым мен өндiрiс арасында ықпалды байланыстың болмауы;

·      халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де кеңестiк ойлаудың сарқыны қалушылық;

·      ел территориясында глобалды және өңiрлiк экологиялық проблемалардың көптеп болуы;

·      елiмiзде туристiк индустрияны дамытудың қолайлы жақтары бола тұрып, оның тым мардымсыздығы.

Қорыта айтқанда:

·      Экономикалық өсуді жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің өсуі немесе потенциалды ЖҰӨ-нің өсуі ретінде анықтауға болады. Ол ішкі және халықаралық әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу үшін қолданылатын өндіріс өсімін қамтамасыз етеді.

·      Экономикалық өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи және еңбек ресурстары, капитал, технологиялар.

·      Экстенсивті өсу кезінде жұмыссыздық жеңгейінің қысқаруына қол жеткізіледі және өсу қарқындарын жоғарлатуға үмкіндік беретін толық жұмысбастылыққа жету. Бірақ ол уақытша құбылыс, өйткені толық жұмысбастылық жағдайы жыл сайын толықтандырыла алмайды және келесі жылы өсу қарқыны өзгеріссіз қалады.

·      Дамудың экстенсивті түрінде жұмысшылардың көбісі жоғары маманданбаған.

·      Экстенсивті өсу көбінесе тоқыраушылық сипатқа ие. Іс-жүзінде техникалық прогресс жоқ, өндірістік негізгі қорлар моральді және физикалық тозады, жұмысшылардың қор қаруландырылуы төмендейді.

·      Дұрыс салықтық және инвестициялық саясат кезінде мемлекет экономикалық өсуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн бiр адамдай жұмылып қызмет iстеу барлық Қазақстан Республикасының алдындағы мiндетi десек артық болмас.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

2. Мамыров Н.Қ.,  Тiлеужанова М.Ә. -  Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 432 бет.