Экономические науки/ 4.Инвестиционная деятельность и фондовые рынки

Магистр Теңізбаева Д.С., студенттер Оспан Н., Айтыварова А.

Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан

Аймақтағы инвестициялық ахуал: бүгіні мен болашағы

 

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн:  жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу;  инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

Тәуелсіздік жариялаған жылдары еліміздің алдында экономиканы дағдарыстан шығару міндеті шешуші басылымдыққа айналды. Онсыз өркениет жолына түсу мүмкін емес еді. Экономикалық модернизацияны Қазақстан Кеңес Одағы күйреуінен басталған терең экономикалық дағдарысты жеңуден бастады десек қателеспейміз. Ал, экономиканы дағдарыстан құтқару үшін және дамуының басты факторы ретінде қаражат табу прпоблемасы тұрды. Себебі елдің ішкі ресурстары экономиканы қайта құруды қаржыландыру, сондай-ақ әлеуметтік қорғаудың өз деңгейінде болуы үшін жеткіліксіз еді. Ішкі инвестициялық ресурстардың жеткіліксіздігінен сыртқы, шетелдік инвестицияларды тарту стратегиялық мәселеге айналды.
Елдің нарықтық экономикасының негізін қалау егемендік алған жылдары өзінің тұрақсыздығын танытты. Ол кезде бүгінгідей инвестициялық қор мен оған басшылық жасау алдағы жоспардың еншісіндегі елес қана болатын. 1990 жылдар ортасында елдегі инвестициялық ахуал әлемдегі жоғары дамыған елдердің инвестор өкілдерімен тығыз байланысты бастады. Қазақстандағы өндіріс орындары, кәсіпорындар мен шағын цехтар, жекелеген арнайы қызмет көрсету орындары жұмыс күшін сақтауда әлсіздік танытып, тауар қатынасын дамыту ісінде қаржы тапшылығына ұшырады. Нәтижесінде нарықтық қатынастардың басты проблемасы – жұмыссыздық ахуалы шиеленісті. Дағдарыстан шығып, жұмыссыздықты тежеу үшін өзге де туындаған проблемалардың алдын – алу мақсатында, сондай – ақ қалыптасып, жаңадан бой түзеп келе жатқан мемлекетте қайшылықтар мен әлеуметтік катаклизмаларға қарсы негізгі амортизаторлық күш ел экономикасына инвестиция тарту болып табылды. Қазақстан өзінің инвестициялық саясатында өркениетті елдердің тәжірибесінен дұрыс сабақ ала білген, ғылыми тұжырымдалған бағдарламамен жұмыс істей білді. Қазақстан инвесторларға неғұрлым қолайлы жағдай жасау принципін ұстанды. Республика үкіметі елді жылдар бойғы жинаған тәжірибелерінен сабақ алған, халықаралық дәрежеде инвестиция саласында әріптес мемлекет ретінде инвесторларға ыңғайлы заңдар мен нормативті актілері бар және екі жақты тең дәрежеде пайдасын көздеген мемлекет ретінде таныта алды.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс.әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан.жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

2010 жылы “Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама” қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау және әлемдік сауда жүйесіне өңделген тауарлардың экспортын ілгерілету арқылы кірігу болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде көптеген мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Олардың түпкілікті мақсаттарының бірі – түрлі деңгейдегі бизнеске жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсету. Атап айтсақ, өңір экономикасының қарышты дамуына Индустриалды – инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуы айтарлықтай септігін тигізіп отыр. Бірінші бесжылдықта Индустрияландыру картасына сәйкес жалпы құны 123,3 млрд. теңгені құрайтын 33 жоба жүзеге асып, 4958 жұмыс орындары ашылды. Екінші бесжылдықта кәсіпкерлікті қолдау картасына сәйкес, жалпы құны 555,3 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Осы айтылған жобалардың ішінде, жалпы құны 34,2 млрд. теңгені құрйатын 9 жоба жүзеге асырылып, облысымыздың 600 тұрғыны жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

«Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының құрылуы - Қазақстан үшін жаңа 16 химиялық өндірістің іске қосылып, республикада өндірілмейтін немесе аз мөлшерде шығаратын химиялық өнімдерді шығарумен, сондай – ақ айтарлықтай экономикалық пайда түсетін жағымен ерекшеленбек. Бүгінгі таңда Аймақ аумағында өз жобаларын жүзеге асыру үшін 5 қатысушы тіркеліп, 6 өндірісті жүзеге асыруды «Каустикалық сода және хлор», «Глифосат (гербицид) және үшхлорлы фосфорды өндіру», «Пестицидтер өндіру», «Метанол өндіру», «Құрғақ бутилды ксантогенат натрий өндіру», «Табиғи газды терең өңдейтін зауыт құрылысы» жобалары. Жобалар бойынша жалпы тартылатын инвестициялар көлемі 259,5 млрд. теңгені құрап отыр.

2016 жылғы қаңтарда негізгі қорға салынған инвестициялар көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 6,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 150,1%-ды құрады. Көлемнің өсуі «Азиатский газопровод» ЖШС «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының құрылысына инвестиция салу есебінен болды.

Негізгі қорға салынған инвестицияның жалпы көлемінің 51%-ы (3,3 млрд теңгесі) «көлік және қоймалау» саласына берілді.

ҚР 2010-2014 жылдарға және 2015-2019 жылдардағы Қазақстанның Индустриализациялау Картасына енгізілген Жамбыл облысы бойынша инвестициялық жобалар тізіміне 46 жоба енгізілді. Соңғы уақытта 25 жоба жүзеге асырылды, ал қалғандары келесі жылдары іске қосылатындар.

Инвеcтициялық климатты жақсарту, жаңа инвестицилар тарту және оларды дамытуға мемлекеттік қолдау жүйесін күшейту Қазақстан саясатының басымдылық бағыты болып табылады. Нәтижесінде  мемлекетіміздің халықаралық бәсекелестік қабілеті ел экономикасына тартылған шетел инвестициясымен оның табиғи байлықты игерудегі орнын анықтайды. Мұнан шығатын қортынды жаңа шетел инвестицияларының тартылуымен Қазақстан болашағы ондағы инвесторлар тұтынуының қанағаттану дәрежесіне тәуелді екенін көрсетеді.                         

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2005жыл, 18-ақпан.

2.Богатов В.В. Инвестиции: Инвестиционный портфель. Источник финансирования. Выбор стратегии. СПБ: Питер 2003г.

3.Шарп У.Ф., Александр Г.Дж., Бэйли Дж.В. «Инвестиции» -Университетский учебник. –М.:«Инфра –М».1998.