ГОСУДАРСТВЕННОЕ  УПРАВЛЕНИЕ/ 2.Современные технологии управления.

 

Ертай Х., Қыдырбай Е.

Қазтұтынуодағы Қарағанды эконмикалық университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

 

Бүгінгі таңда тұрғындардың нақты топтарының - зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, коп балалы жанұялардың өз қажеттіліктерін мемлекеттің қолдауынсыз қанағаттандыра алмай қиыншылықтары туындауда. Бұл үдерістер еліміздің көптеген аймақтарында әлеуметтік тұрақсыздықты көрсетіп тұр. Сондықтан жоғарыда айтылған топтағы азаматтардың әлеуметтік қорғалуы қоғамда алғашқы кезеңдегі мақсат болып табылады.

Жоғарыда атап өткендей,  халықты әлеуметтік қорғау саясаты аймақтық деңгейде дайындалуы қажет, себебі сонда ғана бұл жақын, аймақтық специфика мен ерекшеліктерін есепке ала отырып жеке тұрғындардың мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көмек көрсетуді, бір жүйеден екінші жүйеге трансформациялануда немесе жедел даму кезеңінде тұрақтылықты сақтауға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, индустриалды дамыған батыс және шығыс елдерінде қалыптасқан ұлттық дәстүрге негізделген әртүрлі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне, сонымен бірге, сол жүйенің даму спецификасына ие болады. Мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етуге шығындар кейбір елдерде ЖІӨ-нің 15% дан 30 %-ға дейін жетеді. [1]

Халықты әлеуметтік қорғаудың алғашқы саясаты аймақтық деңгейде өңделуі керек, себебі осы жағдайда ғана халыққа максималды жақын болады және аймақтық спецификалар мен ерекшеліктерді ескеріп жекелеген категория мен азаматтардың мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикальқ тұжырымдамасын жасау үшін аймақ экономикасының ерекшелігін ескеру қажет. Әртүрлі елдердегі экономикада, мысалы нарықтық жоспарлы тетіктері аймақтардың әлеуметтік- экономикалық дамытуды теңестіру туралы басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз болады. Мемлекеттік әлеуметтік саясатты аймақтық сауықтыру ол қай моделде туындаса да аймақаралық қарама- қайшылықтарды теңестіру үшін қажет.

Біздің республикамызда халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен халықтың осал топтарын атаулы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі бойынша шараларды айта кету керек. Халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесінде маңызды орынды зейнетақымен қамтамасыз ету алады. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың бір құралы - мемлекеттік атаулы көмек көрсету болып табылады. Атаулы бағдарлама әлеуметтік көмек пен кедейшілікті төмендетуді ықпал етеді. Атаулы бағдарламалардың негізгі басымдылығы кедейлікпен күрес жүргізу тиімділігі болып табылады.

Аймақтық органдардың мәліметтері бойынша халықты еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларда (01.08.2016 ж.) атаулы әлеуметтік көмек табыстың кедейшілік шегінен төмен 88,5 мың азаматына тағайындалған. [2]

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындағанда балалар саны 62,4 пайызды,

еңбекпен өзіндік қамтылған азаматтар - 10,1 пайызды, жұмыссыздар- 7,9 пайызды және еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар - 0,2 пайызды құраған.

Қазақставда елдің әлеуметтік даму Концепциясын жасауды қажет және оның негізгі мақсаты мен ұлттық басымдылығына адамның материалдық, санаткерлік, руханн әлеуетін дамыту жатуы тиіс.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекет 2014-2015 жылдарға Жол қартасы Бағдарламасын жүзеге асырып, 2020 Жол картасы бағдарламасы мен халықты еңбекпен қамтудың 2020 Бағдарламасын жүзеге асыруда атаулы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде негізгі бағыттар анықталған.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы қаржыландырудың негізгі көзі мемлекеттік бюджет болып табылады. Әлеуметтік сала мәселелерін шепгуге бағытталған бюджет шығындары өсу қарқынына ие. Мысалы, 2014 жылы - әлеуметтік қамту мен әлеуметтік көмек шығындары 186 715 млн. теңгега, ал 2015 жылы - 905 272,7 млн. теңгега (4,8 есеге артқан) құрады, бірақ бұл көрсеткшіті ЖІӨ үлесімен қарастырсақ, онда кейбір төмендеулерді көреміз. 2014 жылы - 5,7%-ды құраса, 2016ж,- 4,2 %-ды құраған. Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылық пен көмек көрсетуді нығайту мемлекетіміздің маңызды міндеті болып табылады. [3]

7. Аймақтар бойынша атаулы әлеуметтік көмекті салыстыру барысында 2015 жылы облыстағы АӘК алатындардың үлкен тобын 46%- дан 64 %-ға дейін балалар құраған. Қазақстандағы отбасының орташа мөлшері - 3,6 адам, бірақ бұл көрсеткіш аймақ пен тұратын орнына байланысты қарастырылады. Елдің оңтүстік - шығысында негізінен үлкен отбасылар орналасқан. Бұған Қызылорда облысы (5,1 адам), Оңтүстік Қазақстан облысы (4,9 адам), Атырау облысы (4,6 адам) және Жамбыл облысы (4,1 адам) жатады. Көпбалалы отбасылардың кедейлік тәуекелділігіне қаупі жоғары. АӘК алатын балалардың үлкен үлесі (64%, 63% және 62%) Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс- Қазақстан обылыстарында байқалады.

Жұмыссыздар АӘК алушылардың жалпы санының 10,4%- дан 39,4 % құрап, мөлшері бойьшша екінші топ болып  табылады. Жалпы алушылардың  санының 4,3% дан 21,6%-ы басқа тұлғалардың үлесіне тиесілі. Қарағанды обылысы, Астана, Алматы қалалары және Оңтүстік-Қазақстан обылысында ол сәйкесінше 21,6, 20,7 және 17% құрады. Айта кету керек, Атырау, Батыс- Қазақстан және Солтүстік-Қазақстан обылыстары АӘК алатындардың  шамамен 10% халықтың жұмыс істейтіндердің санынан болған.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі арқылы игіліктерді қайта бөлу жүзеге асады және ол халықтың кейбір осал топтарының өмір деңгейін қолдауға мүмкіндік береді. Мысалы, оларға халықтың аз қамтылғандар, мүгедектері бар отбасылар, халықтың жұмыссыз, жұмысқа қабілеті жоқ бөліп, балалар, зейнеткерлер, студенттер жатады. Халықтың осындай топтарын қамту елдеп кедейлік деңгейін төмендетеді.

2016 жылдағы «Қазақстанның ірі қалаларында әлеуметтік көңіл-күй» зерттеулерінің нәтижесінде анықталғандай қала халқының 34% мемлекеттен,

билік пен басқарудың жергілікті органдарынан көмек пен қолдау күтеді. Бұл халықтың арасында патерналистік көңіл- күйді сипаттап қана қоймай, экономика мен қоғамда әлеуметтік игіліктерді қайта бөлуге мемлекеттің қатысу қажеттілігін көрсетеді. [4]

Статистнка бойынша Агенттіктің мәліметтері материалдық игіліктерді жақсарту үшін мемлекет тарапынан үй шаруашылығының 60,8% зейнетақы мен еңбек ақыны жоғарылату, 15,8% жұмыс беру, 5,1% қажет кәсіп алу үішн оқыту мен қайта оқыту есебінен жүзеге асатынын көрсетеді. «Еңбекпен қамтудың 2020» мемлекеттік бағдарламасында «2015 жылдан еңбекпен қамту мен атаулы әлеуметтік көмек жүйесі арасында оңтайлы байланыс орнату» жүйесін жетілдіру ұсынылған. Аз қамтылған отбасыларынан еңбекке жарамды жастағы тұлғаларға АӘК орындалған жүмысқа әлеуметтік келісім- шарт жасағаннан кейін тағайындалады. Қарсы жағдайда АӘК төлеу тоқтатылады, бірақ отбасы АӘК алу құқығына ие болып қала береді. Еңбекке жарамды жастағы тұлғалары жоқ немесе отбасында мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар (мүгедектер, әлеуметтік маңызды ауруға шалдыққан түлғалар) аз қамтылған отбасылар үппн АӘК Қазақстан Республнкасындағы қолданыстағы заңға сәйкес ұсынылады.

Кедейлерді анықтаумен байланысты көптеген мәселелер бар екендігі анықталды, себебі олар өздерінің нақты жиынтық табыстарын жасырады. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша беріледі, бірақ алатын адамдардың саны халықтың кедейлік шегінен төмен табыс алатындарына тең келмейді. Ауылдық аудандарда АӘК берумен байланысты бірқатар мәселелер анықталған. Біріншіден, АӘК жүйесі ауылдық еңбекпен қамтылуға кері әсерін тигізеді. Екіншіден, адамдарда ауылдық аудандарда еңбек ету мотивациясы сақталған күннің өзінде еңбек үшін шектеулі мүмкіндіктерден еңбек нарығы саласына тиімді саясат жүргізу қиындық туғызуда. Сонымен қатар ауылдық аудандарда микронесиелеу кестесін ұтымды жүзеге асыру қнындығы туындайды, осы мәселеш шешудің тиімді құралдары еш табылмай отыр.

Мемлекеттік бағдарлама барысындағы аймақтық аспектілерді жасау алты кезеңнен тұруы тиіс деп санаймыз:

1-іш кезең - табиғи- климаттық факторлар әсерінен, сонымен қатар жүргізілген саяси, әлеуметтік және эконокикалық жаңашылдықтар әсерінен қалыптасқан базалық ресурстық әлеует анықталады. Табиғи, еңбек, инветициялық ресурстар, сонымен қатар талданатын субъектінің ннновациялық әлеуеті туралы мәліметтер қарастырылады.

2-ші кезең - аймақтың мамандандырылуын құрайтын басымды салаларды анықтап алу қажет, аймақтық және жалпы мемлекеттік деңгейде әлеуметтік- экономпкалық даму орны мен рөлін қарастырады.

3-ші кезең - мамандандыру саласының даму деңгейін талдау, олардың эксорттық- импорттық операциялардағы, халықтың еңбекке қабілетті санындағы, аймақтағы әлеуметтік- экономикалық жағдайына әсер етуі және онда нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырудағы үлесі анықталуы тиіс.

4- іш кезең - егер мамандандыру саласы жалғыз болып табылмаса, бірақ онда аймақтың барлық еңбек ресурсының 50 % жұмыспен қамтылса, онда қаржы және ғылыми- техникалық саласын қолдау бағдарламасын жасау керек, ал төмен мамандаған жағдайда салалық құрылымының басқа бағыттарын дамыту экономикалық маңызды, ол аймақтық мүмкіндіктерді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар, құрылымдық дағдарыс, жұмыссыздық, әлеуметтік- экономикалық субъект нәтижесінің төмендеуіне жол бермейді. [5]

5-іш кезең - алғашқы кезеңце алынған мәліметтерді өңдеу негізінде мемлекеттік және жеке капитал салымдарын тартуды қарастыратын әлеуметтік- экономикалық субъектілерді дамыту бағдарламалары жасалады.

6-шы кезең - аймақтық даму бағдарламасын жүзеге асырудың экономикалық тетікгері мен құралдарын анықтайды.

ҚР халқын әлеуметтік қорғауды талдау халықтың өмір сапасын жақсартуға бөгет жасайтын мәселелердің болуьн сипаттайды. Бұл мәселелерді шешу «Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға Стратегиялық даму жоспары» ҚР Үкіметімен ұсынылған әлеуметтік саясат аясындағы Стратегиялық мақсаттарда қарастырылған.

Әлеуметтік көмек бағдарламасьш орындауда төменгі деңгейде әкімшілік шығындарды қысқарту және жұмыстың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында қоғамдық ұйымдарды тарту қарастырылады. Үкіметпен локальдік мәселелерді шешу мен елде волонтерлер институтын кеңейтуге бағытталған территориялды үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдай құру бойынша қадамдар жасалуда.

Қазіргі таңда ҚР көптеген аймақтарымен халықты атаулы әлеуметтік қорғау жасау тәжірибесі жинақталған, ол ондай көмектің жетілген экономикалық тетіктерін жасау үшін және өмір сүру минимумын есепке алып аз қамтылғандар бойынша жәрдемақыға өту үшін маңызды.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.  «Әлеуметтік-эконошскалық модернизация - Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - 2012, қаңтар; Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2014 жылғы 17 қаңтар; Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты  Қазақстан халқына Жолдауы 2015 жылғы 30 қараша; 2016 жылдың 18 мамыр күні Мемлекет басшысының төрағалығымен елдің 2016 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған кеңестегі баяндама материалы.

2.            Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан // http: www.enbek.gov.kz.

3.            Kudasheva T.V., Kanseitova A.K. Individual Income Tax as an Instrument for Income Redistribution in the Republic of Kazakhstan // The Kazakh-American Free University Academic Journal. -USA; Oregon, 2014. - P. 48-55.

4.            Аимбетов С. Наша цель-сделать, как лучше: Пути реформирования социальной защиты населения // Казахстан: Экономика и жизнь. - 2014. с.11-14.

5.            Национальный отчет о человеческом развитии 2014г.- Астана, 2014.