Мадалимова Жанар

№159 мектеп-гимназиясы

aibosha@mail.ru

 

Түпнұсқа мәтініндегі метафоралық ауысулардың когнитивтік жолдары

 

Метафора қазіргі тіл саласында бұрыңғы заманмен салыстырғанда күрделі және маңызды құбылыстардың бірі болып саналады. Қазіргі таңда халықаралық қатынастың өркендеу уақытында, адамзат тарихының дамыған дәуірінде салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі негізгі мәселе болып отыр. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, метафора – лексикадағы өзінің көркемдік ерекшеліктеріне бай, аудармада уәжділік пен ерекше тәсілдерді қажет ететін көркемдеуіш құрал. Ол көркем мәтіннің адресатқа әсер ету қызметі жағынан қарастырылып келді. Ал кейінгі уақытта тілтанушы ғалымдар метафораның тілдік сипатына көңіл аудара бастады. Метафора тілдің сөзжасамдық, лексикалық сұранысын өтеуші құрал екендігі ескеріле басталды. Шынайы өмірдегі нысандарды атауда метафора ерекше рөл атқарады, оның белгісі күнделікті қолданып жатқан дәстүрлі метафоралардан байқауымызға болады. Метафора тілдік таңбалардың  жасалуындағы адамзат баласының танымы, дүниені қабылдауы және оны тілде бейнеленуінде ерекше маңызды қызмет атқарады. Сол себептен когнитивтік мәселелерді қарастыруға түрткі болды. Көркем мәтіндік аудармада метафора және метафоралық сөз тіркестері өте жиі кездеседі, олар жаңа образдар жасауға көмектеседі. Себебі, көркем шығарманың басты қарауы ол «екі нысанды салыстыру, жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына» беру. Метафора арқылы адамның ойлау дүниесінде күтпеген, батыл ассоциациялар жасалады да, шығарма тілі өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен оқырманың баурап алады.

Метафоралық мағыналарды презентациялаудың поэтикалық тәсілі болып табылатын генитивтік құрылымдар түрі жағынан ықшам, әрі толық мазмұнды  келеді. Предикаттан метафоралық аталымның айырмашылығы генетивтік құрылымдар предикаттық белгілердің бірі арқылы нысанды сипаттайды. Олардың сөйлемдегі функционалды рөлі адресаттың назарын тілде сөйлеушінің санасында бекіген айқын контрастивтік мағынадағы құрылымдарға назар аударту болып табылады.

Түпнұсқа мәтіндегі метафоралық ауысудың тілдік механизмі түрліше. Метафоралық ауысу: 1) нысанды атауда: "the house was an oven when the air conditioner broke in July – үйді қатты ыстыққа теңеген кезі; the house was a white elephant –үй қажетсіз сыйлық еді; 2) предикат қызметіндегі зат есімде: Thomas is an industrious beaver, devising intricate plans for the treehouse and fashioning the wooden pieces – Томас ол ағаш үйге қатысты қызықты жоспарлары бар және ағаш бөліктерін жапсыратын еңбек сүйгіш құндыз;he had become almost a myth – ол мүлдем миф болып қалды; 3) етістік пен предикат қызметіндегі етістік формаларында: the man fell under her spell –ер жігіттің ұнатып қалуы; by deserting his wife and child – әйелі мен баласын тастау; 4) сын есім мен үстеулерді қолдануда: heated argument – қызу қанды пікірталас; cold grey eyes– суық сұр көздер; the spidery fingers of her hands – оның қолдарының ұқыпсыз саусақтары; 5) генитивті тіркестерде: the straw of the water – судың сабаны; the eyes of the flowers – гүлдің көздері; crown of red-gold hair – сары, алтын түстес шаштардың тәжісі; 6)  адвербиалды құрылымдарда:he ran musically – ол әуенді жүгірді; 7) салыстырмалы құрылымдарда: a film like a bird was beginning to come, followed her– фильм оған құстай көріне бастады; 8) тұрақты фразеологиялық тіркестерде.

Метафоралық мағыналардың түрлі реңктерін жүзеге асыруға арналған. Метафоралық ауысулардың өнімді түрі болып атрибуттық немесе адвербиалды атрибуттық метафоралар. Көркем мәтінде атрибуттық метафоралар идеологиялық статусқа ие болады және шығарманың басты кейіпкерлерін субьективті-авторлық тұрғыда сипаттайды. Бұл жағдайда коннотативті реңк басым болады. Метафоралық тіркестердің ішінде жиі қолданылатын атрибуттық сөз тіркестер тобы. Атрибуттық құрылымның тобын  көсемше, есімшелі сөз тіркестері, субстантивтік сөз тіркестері жатады.  Соңғы атрибуттық құрылым тобының ерекшелігі шынайы болмыс нысанына бағыттайды, ал атрибуттық мағынадағы лексема  метафоралы түрде қолданылады.

Когнитивтік талдау сөздің танымдық табиғатын таныту барысында «компоненттік талдау», «семантикалық талдау»  әдістерімен ғылыми әдістемелік байланысқа түседі. Компоненттік талдау әдісі- мағыналы тіл бірліктерінің мазмұндық жағын зерттеу әдісі. Бұл талдау әдісі мағынаның ең кіші семантикалық бөлшектерін ажырату. Ол әрбір тіл бірлігінің мағынасы семантикалық белгілерден яғни семалардан тұратыны, тілдің сөздік құрамы шағын семантикалық белгілердің көмегімен анықталуы мүмкін деген ғылыми болжамға негізделген. Компоненттік талдау әдісі алғашында XXғ.50 жылдары анықтала бастады,және ол лексиканы зерттеуде әр түрлі тілдердегі лексикалық бірліктердің шағын тобын сипаттау үшін пайдаланылған. Компоненттік талдау әдісі тіл туралы жүйелі-парадигмалық түсініктермен, тығыз байланысты.

Сөздердің сөйлеу кезіндегі қызметіне байланысты компоненттік талдау әдісін синтагматикада қолдануда бірқатар заңдылық бар. Осылардың негізінде сөз тіркесінде сөздерді дұрыс қолдану ережелері қалыптасады. Мысалы, олар сөздердің сұрыпталу шегін анықтау (Дж.Кац, Дж.Фодор), лексикалық мағыналарды білдіру (Ю.Д.Апресян), семантикалық келістіру (В.Г.Гак) т.б.

Когнитивтік талдау ойдың өрелігімен, рухани білімнің қуаттылығын қажет етеді және жаңа ақпараттар арқылы  үнемі өзгеріске түсіп отыратын «ішкі әлемнің» үлгісін жасауға жәрдемдеседі, сонымен қатар, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарындағы келісімдер мен қарама-қайшылықтарды анықтауда таптырмайтын әдіс болып табылады.

Шарлотта Бронтенің «Jane Eyre» романындағы танымның бір түрі болып саналатын метафораларды танымдық тұрғыда талдаудың негізінде олардың табиғатымен танысуға болады [98]. Метафоралық тіркестердің құрылымдық-семантикалық сараптамасы денотаттарды зерттеу шеңберінде жүргізіледі.Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, тілдегі метафоралық ауысулар нақты заңдылыққа бағынады. Жазушы дүниені ерекше байқағыштығы мен өте күшті сезімталдығын, сол сезген, байқаған, көрген дүниесін  сөзбен суреттеп жеткізу қабілеттерінің күштілігін танытады.  Белгілі бір ұғымды түсіндірудегі қолданған сөз айшықтарынан оның дүниеге деген көзқарасын байқауға болады. Жазушыға тән ерекшелік-абстрактілі ұғымдарды ой елегінен өткізіп метафоралар арқылы бейнелеп жеткізеді.Тілді танымдық тұрғыдан зерттеу мәселесі көптеген ғылыми сала әдістерінің кешенді гармониясымен және ойлау, ой түю, қабылдау, түйсіну, қорытындылау, тану, танымдық талдау тәрізді деректі-дерексіздік құбылыстарды нақтыландыру әдісі тұрғысынан қарастырылады.

Ш.Бронтенің «Jane Eyre» романындағы табиғатқа, әртүрлі кейіпкерлерге және салыстырмалы құрылымдарға негізделген метафоралардың аудармаларына танымдық талдау жасап көрелік.

Мысалы:I could not see into the interior; and both my eyes and spirit seemed drawn from the gloomy house--from the grey-hollow filled with rayless cells, as it appeared to me--to that sky expanded before me,--a blue sea absolved from taint of cloud; the moon ascending it in solemn march; for those trembling stars that followed her course; they made my heart tremble, my veins glow when I viewed them.

Sky was a blue sea absolved from taint of cloud – аспан ешқандай бұлттары жоқ, тазартылған көк теңіз болатын. Автор аспанның каншалықты ашық екенін оқырманға жеткізу үшін аталған метафораны қолданған. Когнитивтік метафораның айқын мысалы, зат→физикалық әлем  бағытында жүргізілген метафоралық ауысу үлгісі предикат кызметіндегі  етістік арқылы жүзеге асып тұр. Негіз-фрейм «taint-індет» жаңа мағына қолданылып, табиғат құбылысына байланысты мақсат-фреймге ауысып, ұғымды вербалдайды. Мақсат фреймге бұлттардың болмағаны арқылы аспанның ашық екенін білдіргісі келген.Бұл ауысуда мақсат-фреймнің ұяшығы жаңа ақпаратпен толықты. Көбінесе індет сөзі аурумен байланысты қолданғандықтан, бұл тіркесті ешқандай бұлттары жоқ деген мағынада түсіндіріліп тұр.

I could not see into the interior; and both my eyes and spirit seemed drawn from the gloomy house--from the grey-hollow filled with rayless cells, as it appeared to me--to that sky expanded before me,--a blue sea absolved from taint of cloud; the moon ascending it in solemn march; for those trembling stars that followed her course; they made my heart tremble, my veins glow when I viewed them.

Trembling stars made my heart tremble – дірілдеген жұлдыздар менің жүргімнің мазасын кетірді. Когнитивті метафора, физикалық әлем→психикалық әлем  үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу предикат қызметіндегі зат есім арқылы жасалып тұр. Автор «tremble-дірілдеген» деген сөзді қолдану арқылы оқырманды өзіне қарату үшін қолданған. Негізгі фрейм «trembling stars» арқылы Джен Эйрдің жүрегінің дірілдегенін,яғни қыздың сенімсіздігін  білдіргісі келген. 

Whether is it better, I ask, to be a slave in a fool's paradise at Marseilles--fevered with delusive bliss one hour- -suffocating with the bitterest tears of remorse and shame the next- -or to be a village-schoolmistress, free and honest, in a breezy mountain nook in the healthy heart of England?

Heart of England - Англияның жүрегі. Когнитивтік  метафора затты атауға негізделген. Зат→физикалық әлем үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу. Мұндағы зат есім «heart - жүрек» жаңа мағынада қолданылып «орталық» деген мағына жасап тұр. Негіз-фрейм- «жүрек» мақсат-фрейм «орталық» сөзіне ауысты. Мақсат-фреймге жүрекпен байланысты ақпарат жаңғыртылып, Англияның басты, маңызды, орталық қала екенін сипаттау үшін қолданылған. Когнитивтік концептуалды деривация үдерісі  орын алған. «Heart - жүрек» зат есімі мағынаны вербалдайды. 

Метафора - тілді, мәдениетті, ғылым мен өмірді, бүкіл әлемді бір жерге тоғыстырады.Танымның әмбебаптығы болып табылады, әлемді метафора арқылы бейнелеуді қазіргі психологтар адамның мәдениетіне сәйкес, адамның шығу тарихымен байланыстырады. Ал, адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Метафораларды, олардың құрылымы мен мәтіндегі қызметтерін танымдық тұрғыда саралау- шығарманы тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Қаламгер туындыларындағы метафоралық қолданыстар  жаңа ұғымдарға атау береді, әрі тілді байытады, сонымен қатар тілдік үнемдеуді жүзеге асыра отырып, берілген ойды нәрлендіреді.