№42 орта мектеп
Башкеева Алтын
Айткуловна учитель по пред школе
Мектеп алды даярлық тобының балаларды
мектепке дайындау
Білім беру және
ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі
кезеңде мектепалды даярлық тобы мен бастауыш білім беру ісін
жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің
көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының
алғашқы сатысы болып саналатын мектепалды даярлық тобы
болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға,
жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік
шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім
беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Мақсат, мазмұн
бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту
құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне
қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға
негізделген білім берудің мектепалды даярлық тобы, бастауыш буын
сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы
бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы
байланыстың жоқтығын көрсетеді.
Берілген
бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке
тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері
ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепалды даярлық білім беру бір-бірінен
алшақ жатыр деуге болады. Сондықтан дайындық тобы мен
бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:
аталған сатыдағы білім берудің өзіндік
мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының
бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді
дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің
қамтамасыз етілуіне;
екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік
компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар
аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі,
ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар
аталған сабақтастық сақталу үшін мектепалды
даярлық кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың
өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық
және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен
байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда —
мектепке дейінгі және мектепалды шақтағы
жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды,
қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке
дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы
өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды
қамтамасыз етеді.
Сабақтастық даму
кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ
мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс
олардың толық және жеке жақтарының кейбір
элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке
тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру
деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру
жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады.
Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа —
баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға
неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде:
балалардың жеке тұлғалық дамуын
қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік
қызметтерін қамтамасыз етеді;
білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру;
біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің
және оқыту түрлерінің біртұтастығын
ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып арасындағы
сабақтастықтың негіздемесі:балалардың білуге деген
құмарлығын дамыту;
балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс
тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;
балалардың интеллектуалдық және
тұлғалық дамуына бағытталған
шығармашылық қиялын дамыту;
тілдік қарым-қатынасын дамыту
(құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып,
сөйлесе білу)
Сабақтастық
үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
Мектепалды даярлық
сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік
құндылығы қысқартылады және
балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі
қалыптасады.
Мектеп өз
жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі
балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың
жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы
ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай
түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін
үздіксіз іске асырып отырады.
Бұл:
— мектепалды даярлық тобы мен мектептегі білім үрдісінің
мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;
әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын
сақтау, эмоционалдық саулығы).
Мектепалды даярлық пен бастауыш білім сатысының
сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу
керек, мұнда педагогтар мектепалды даярлық топтарында білім берудің формалары,
әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас
аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып
мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепалды даярлық
тобының міндеттері:
салауатты өмір сүру салтының
құндылығына балаларды қатыстыру;
эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр
түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш
мектептің міндеттері:
салауатты өмір сүру салтының құндылығын
қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған
сай реттеу;
қоршаған ортамен
белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен
өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
мектепалды даярлық
тобындағы жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында
қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету.
Мектеп пен мектепалды сабақтарын салыстыра отыра келесі
ұқсастықтарды атап айтуға болады:
Бір маңыздылық:
балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және
білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту
мектепте де, мектепалды даярлық тобында да бағдарлама бойынша
өткізіледі.
Айқын және
қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр
уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту
міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық
жұмыс жүргізуі.
Білім беру әр бала,
әр оқушы үшін тұлғалық
мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін
өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын,
құруға, өзіндік қорғану, өзіндік
тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және
адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен
қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.Білім
беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап,
тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас
бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның
қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын
болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз
деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз
жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының
арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.Астана,2010.
2. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі.
3. Мұханбетжанова Ә.М., Мұханбетчина А.Г. Мектеп жасына
дейінгі балалардың іс-әрекеттік құзыреттілігі.
//Ізденіс. Алматы, №1 (1)., 2009.,
247-249б.
4. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе.-М., 1986.-143с.