МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

 

Аяпбергенова Алтынхан Муканбеткалиевна

№17 Байқоңыр ЖОББМ информатика пәні мұғалімі

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің елімізде де жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Білім беруде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын. Әсіресе, ақпараттық  дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

АКТ арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушының интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами қасиетін қалыптастыруына игі әсерін тигізеді. Ақпараттық технология еңбексүйгіштікке үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген заманда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдалану арқылы ғылымның кез келген саласын қарқынды дамытып, одан тиімді нәтиже алуымызға болады.

Жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушы үшін де ұстаз үшін де ыңғайлы . Сабақтарымызда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды негізгі мақсаты:

1.Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:

- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;

- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;

- оқыту процесінің сапасын арттыру;

- пәнаралық байланысты тереңдету;

-қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

2. Оқушыны  заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау;

-коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

-өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;

-компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;

-пәнаралық байланыс орнату;

- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.Информатика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдалану-педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты – коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Өз сабағымда күнделікті жаңа тақырыптарды АКТ-ның желілік түрін пайдалана отырып түсіндіремін. Мысалы, электрондық оқулық, интернет желісін күнделікті сабағымда қолданамын.

Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа  тақырыпқа  деген   баланың  құштарлығы  оянады  деп ойлаймын. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.

Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.