Педагогика. Современные методы
преподавания
АМРЕЕВА МАЙРА
ХАМИЕВНА
№161 «Бөбекжай»
балабақшасының
тәрбиешісі
Балқаш
ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Мектепалды
даярлық тобындағы балалардың оқу іс-әрекетін дамыту
Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу мен оқыту мәселесінің өрісі
кеңейіп келеді. Балаларға берілетін білім мазмұнын игерту
және оларды тұлғалық жағынан үйлесімді
қалыптастыру басты бағыттардың бірі ретінде танылып отыр.
Әсіресе мектепалды даярлық тобындағы балаларды оқу іс-әрекетін
меңгеруге даярлау ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға
дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында
үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке
дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу
қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді
тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше
көңіл бөлініп отыр. Осы құжатта
көрсетілгендей, мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты
5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалык саулығын
қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру,
олардың бойында қарапайым білім негіздері, іскерлік пен
дағдылардың алғышарттарын қалай отырып, бастауыш
мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен
қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде
ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер
Б.Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина,
Ә.Әмірова, Ә.М.Мұханбетжанова, А.Е.Манкеш,
Қ.Меңдаяқова, Ф.Н.Жұмабекова, т.б., мектепке дейінгі
білім беру теориясы және әдістемесі Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева,
Ш.Сапарбайқызы, А.Қ.Мұханбетчина т.б. еңбектерінде зерттелінген.
Қазақстандық педагогтар мен психологтар еңбектеріне
талдау жасай отырып, мектепалды даярлықта балалардың ақыл-ой
белсенділіктері, баланың оқуға құштарлығы,
әртүрлі нәрселерді тез түсінуі, кез-келген нәрсені
әп-сәтте қабылдап алатыны, олардың мінезін
қалыптастыруда педагогтардың үнемі бақылау, мадақтау,
әдістерін дұрыс қолданып отыруын, төзімділік,
табандылық, шешімділік, т.б. қасиеттердің ойын
іс-әрекеті үстінде белсенді дамитыны, әрі жетіле
түсетіндігі ғылыми-теориялық және әдістемелік
тұрғыда дәлелденгендігіне көз жеткіздік.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі
бес білім беру саласын қамтиды және мектепте білім алуға
бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды
көздеді.
Әр саланың мазмұны төмендегідей
құзыреттіліктерді қалыптастыруға
бағытталған: денсаулық сақтау;
коммуникативтік-тілдік;танымдық; шығармашылық;
әлеуметтік.
Бағдарламаның
мазмұнын іске асыру –
белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз
байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының
жұмысын жүргізу болып табылады.
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың
денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының
ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала
ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының
функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған
педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны,
міндеттері белгіленген.
«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін,
мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік іс-әрекетке
жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра
білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау
мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге
бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
«Таным»
білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын
кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау,
үлгілеу, қарапайым іздеу іс-әрекеттерін меңгеру,
табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруі, түрлі
ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған педагогикалық жұмыстардың
міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.
«Шығармашылық» білім беру саласында баланың
әлемге деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық,
классикалық және заманауи көркем құралдарының
дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар
шығармашылығы мен іс-әрекеттерін біріктіру арқылы
балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырды.
«Әлеуметтік» білім беру саласында - әлеуметтендіруді
қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті
балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің
дамуы ретінде қарастырып, еңбек және білім-білік
дағдыларын, қағидалар, құндылықтар,
салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік
қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады [3].
Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта
жұмыс атқарып, бес білім беру саласының мазмұнын іске
асырады. Балалардың іс-әрекеттерін түрлендіруді
ұйымдастыру негізінде олардың үлкендермен,
құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қарапайым
өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын
қалыптастырды.
Мектепалды жастағы балаларды зерттеу
үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық
әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері
өте күрделі және арнайы бір құралдарды
қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан тәжірибеде
салыстырмалы жеңіл тесттерді, сауалнамаларды, бақылауды,
құжаттарды талдауды және
психологиялық-педагогикалық диагностикалық эксперименттер
қолданылды.
Мектепалды жастағы балаларға білім беруде
диагностикалық әдістер арқылы, олардың:
1.
Дүниетанымдық түсініктерін анықтау.
2. Тапсырманы
ауызша орындауын тексеру.
3.
Балалардың заттарды тану ептілігін анықтау.
4.
Оқиғаның жүйелілігін анықтап, ептілікпен тауып
орнатуға
бейімделуін
қалыптастырады.
Балалардың диагностикалық міндетін, алдын-ала өтілген
материалдарды меңгеру деңгейін, мүмкіншілігінше жеке
түрде анықтау қажет. Бұл жағдай баланы мектептегі
жағдайларға қалыптасуының жандануын қамтамасыз
етеді және осының негізінде жаңа материалдарды меңгеру
үшін жағымды жағдайлар жасалынады. Жаңа материалдарды
меңгерудің тиімділігі осындай базистердің
қаншалықты негізделіп құралатындығына байланысты.
Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыруда балалардың танымдық іс - әрекетін
дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу
жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер
балалардың көзқарасын кеңейтуде және
қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау
қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше.
Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу
балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу
жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек.
Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер,
сөзжұмбақтар, математикалық ребустар,
жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар.
Мектеп алды жасындағы балаларда интеллектуалдық
операцияларының қалыптасуында баланың алмасу
көзқарасының ролін анықтады және сынып
құрамындағы оқыту барысындағы қатынас
жүйесінің әлеуметтік құрамында болды. Мектепке
дейінгі балалар ойлауының дамуы үшін бұл тәсіл ең
қолайлы тәсіл болып табылады.
Жалпы
айтқанда, осындай жағдайларға байланысты мектепалды
даярлықтағы балалардың бойындағы оқушы болу
ықыласын, маңызды әрекеттерді орындауын, оқуды бала
ерік-жігер қасиетінің дамуының жеткілікті дәрежесін,
кейбір арнайы білімдер мен дағдыларды игеруді және оқып, жаза
білуін, санауды, математикалық есептерді шығаруды, баланың
таным әрекеттерінің және танымдық
қызығушылығының даму дәрежесін, сонымен бірге
ойлау қабілеттері, мектептегі оқуға ұсынылған
жоғарғы талаптарға сай болуын, сөйлеудің дамуын,
айналасындағыларға байланыстырып, жүйелендіріп және
түсінікті етіп, заттарды, суреттерді, оқиғаларды және
т.б. игеріп алу ептілігін, баланың жалпы әрекетке кірісуін, сынып
ұжымына үйренуін және сыныпта өз орнын таба алатын
баланың жеке басының қасиеттерін
жүріс-тұрысының әлеуметтік мотивтерін,
жүріс-тұрысын игеру ережелерін және т.б. жатқыза аламыз.