Алиева Д.А. пед.ғ.магистрі, Әбсәлім М.
3-курс студенті
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Оқу үрдісінде
инновациялық білім беру
технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Еліміздің егемендік алып,
қоғамдық өмірдің барлық,соның ішінде білім беру сатысында жүріп жатқан демократияландыру
мен ізгілендіру мектепті осы кезге
дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол
ашады.
Қазіргі Республика
оқу орындары, педагогикалық
ұжымдары ұсынылып отырған
көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес
кез-келген үлгі бойынша кызмет етуіне
мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің
әртүрлі нұсқадағы мазмұны,
құрылымы, ғылымға және тәжірибеге
негізделген жаңа идеялар, жана технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын
оқу мазмұны мен оқушылардың жас және
психологиялықерекшеліктеріне орай
таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты,
жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді.[2;15]
Инновациялық білім беру
технологияларын мектеп мұғалімдері нақты
қабылданған шешім бойынша ғалымдардың басшылығымен
жасалған, ғылыми тұрғыдан негізделген
бағдарламалар арқылы оқу үрдісінде пайдалануына болады. Себебі, мектеп ғылымның теориялық жетістіктерін
іс-тәжірибеде таратудың негізгі ордасы болып табылады.[3;34]
Жана педагогикалық
технологиялар оқушының
шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз
үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей
кезеңдер арқылы іске асады:
I кезең: оқып үйрену;
II кезең: меңгеру;
III кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін
төмендегідей алғы шарттар қажет:
-
оқу үрдісін
интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
-
оқушылардың
сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде
қарастыру.Оның
ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістемелік,
ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау
жасап, назарда ұстау;
-
жаңа буын
оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім
стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру
технологиясын игеру арқылы
оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуте қол жеткізу;
-
оқыту
үрдісін ізгілендіру мен демократиялаңдыруды үнемі
басшылыққа алу. Өйткені оқыту -тәрбиенің негізі.Сондықтан
оқыту да қоғамдық
құбылысқа жатады.[3;36]
Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі -
мектепте арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірде
оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту егіз
ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып
оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда
нақтылау. Оқыту үйрету арқылыіске асады. Бұл оқытудың
маңызы. Оқыту — тәрбиенің
құрамды бөлігі,
қайнар көзі, жүйелі
түрі. Оқыту арқылытәрбиенің саналылығының,
руханилығын, әсемдігін, әсерлігін, адамгершілікке баулу
жолын, еңбекшілдігін т.б. айқындап
толықтыруға болады. Оқыту
- тәрбиенің интеллектуалды
түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік
жүйесі, осы мақсатқа
сапалы нәтижеге
жеткізуге мүмкіндік беретін
танымдық
іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей
байланысты. Сондықтан инновациялықәдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу
барысы, танымдық
іс-әрекеттер
түрлерінің
мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы
екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде
оқушының өз ісіне
сенімділігін жауапкершілік сезімін, шығармашылық
қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға
жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізі түрлері анықталады. Яғни мектеп мұғалімдеріне
бұл мәселені жан-жақты үрдіс ретінде
қабылдауын және
инновациялық технологияны пайдалануға
ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі.
Сондықтан
танымдылық іс-әрекеті белгілі бір
дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік
жүйенің басқа бөліктерінің (мазмұнын,
әдіс, оқыту түрінің), өзара байланысы
қалпында өзгертілуін талап етеді.[3;41]
Жаңа технологияның мақсаты -
оқытуды ізгідендіру, яғни оқу
кұралдары оқушылардың
өздігінен танымдык іс-әрекетін
жүргізе алатындай болуы керек.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері:
оқытудың дербес және топтық түрлері болып
табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты
мақсат -оқушыға деген сенім,
оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне
сүйеніпбеделі мен қадір-қасиет
сезімін дамыту.
Жалпы алғанда, инновациялық
іс-әрекет ішінара өзара бір-бірімен
байланысты әрекеттерден жинақталады. Олардың логикалық
бірізділігі оның құрылымын анықтайды.
Соңғысын қарастыра отырып, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова мұнда келесі компоненттерді атап
көрсетеді: мотивациялық, креативтілік, технологиялық,
рефлексиялық. Жоғарыдағы пікірлерге сүйене отырып,
біз инновациялық іс-әрекет құрылымында
төмендегідей әрекеттерді бөліп көрсеттік:
1. Мұғалімнің
кәсіби іс-әрекетін өзгерту керектігі мен пайда болу
қажеттілігін пайымдауға
әкелетін әрекеттер.
2.Жаңалықты
жобалаумен байланысты
әрекеттер.
3.Меңгерумен
тікелей байланысты
болған әрекеттер.
4.Тәжірибені
қорытындылаумен байланысты әрекеттер.
5. Инновацияларды тарату мен пайдалануға байланысты
әрекеттерді
педагогикалық тәжірибеде
жеке түрде іске асыру.
Келтірілген әрекеттер түрлері
олардың барлық мүмкін болған типтерін, пайда болу формаларын жоққа шығармайды.[4;16]
Мұғалімнің
инновациялық білім беру технологиясын
іске асыру үрдісі.
Мақсатты, жүйелі,
тұлғалық, бағдарланған, қызметтік,
синергетикалық, контекстік қатынастар, әдіснамалық
қағидалар, ұғымдар инновациялық
білім беру технологияларын пайдаланудағы мұғалім
іс-әрекетінің құрылымын жасауға мүмкіндік
берді. Оқыту мазмұнындағы жеке компоненттердің
үйлесімділігі, сәйкестілігі және
көпнұсқалылығы оқушылардың талабы мен
талғамына, өздігінен білімді меңгеруіне бағдар беруге,
мүмкіндігі мен қабілетіне сәйкес жүйеге келтірілді.
Оқытудың негізгі әдістері пән ерекшеліктеріне
қарай - лекция, лекция-әңгіме,
ғылыми, аныктамалық, энциклопедиялық әдебиеттерді
зерделеу, мәтінмен жұмыс, жаттығулар орындау, бұйымдар
әзірлеу, сарамандық жұмыстар атқару арқылы жүзеге
асырылады. Инновациялық білім беру
арқылы мектеп оқушысының
интеллектуалды дамуының сапалық деңгейлері белгіленіп,
оған қойылатын талаптардың негізгі көрсеткіштеріне
сәйкестігі анықталады. [1;23]
Қазіргі
кезеңдегі білім берудің мақсаты- жеке
тұлғаның өзіне және қоғамға
қажетті қабілеттерді дамыту, өзін- өзі тану және
өздігінен білім алуды тиімді қамтамасыз ететін әлеуметтік
құндылықтың белсенділігін қалыптастыру. Білім
беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы
жекетұлғаның қайталанбас даралығының
дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп,
жағымды орта қалыптастырудан тұрады. Осы инновациялық
оқыту технологиялары мұғалім жұмыстың
барлық түрін коррекциялық жағдайда ұйымдастыруы
дәрежесін анықтай отырып жеке тұлғаға
адамдық, азаматтық түрткі жасай білуі қажет. Сол
себепті білім беруді жарияланадыру мен ізгілендіру өзін- өзі
дамытатын, өзін- өзі
жетілдіретін, дұрыс шешімді
өздігінен қабылдай алатын өз іс- әрекетін өзі
жүргізе алатын, яғни педагогикалық үрдістің
субъектісі бола алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды
көздейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Әбуов
Ә. Е. Оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың
педагогикалық шарттары: пед.
ғыл. канд.автореф.- Астана.- 2005.- 28 б.
2. Көшімбаева С. А. Оқу-тәрбие
үрдісінде оқытудың инновациялық
әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шарттары: пед. ғыл. канд.автореф.- Алматы,
-2004.- 24
б.
3. Айтбаева А.Б.
Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы.-Алматы:
Қазақ уникерситеті, 2011.-162 б.
4. Қуанбаева
Б.О. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық
негізде жетілдірудің дидактикалық
шарттары: пед. Ғыл. Канд. ... дисс.- Алматы, 2009.-26 б.