Сахна тілінің мәні мен маңызы

                                                                                                                    Т.Жүргенов атындағы

                                                                         Қазақ ұлттық өнер академиясының

II курс магистранты

Рахым Г.

Жетекші: О.Хожамбердиев

 

«Сахналық сөздің жазба тілден айырмашылығы ол әркімнің көкейінде жүрген, айтыла бермейтін, тіпті айтуға болмайтын шындықтарды астарлап, бейнелі түрде жеткізеді. Сонымен қатар қоғамдағы өзекті мәселелерге де жауапты сахна төрінен іздейтініміз тағы бар. Әрине оны жеткізетін негізгі құрал – сахна тілі» [1. 23 б.]. Осы айтылғандай, бүгінгі күні сөздің немесе сахна тілінің мәні мен маңызы өзекті мәселе.

«Сахна өнерінің ең басты құралы – сөз. Тебіренген ішкі толғанысыңды, асқақ сезіміңді сахна алаңы арқылы көрермен қауымына жеткізер асыл аспап: алтын домбыраң да, құдіретті қаруың да - сөз» [2. 3 б]. Расында, сөз – құдіретті. Бір ауыз сөзбен-ақ адамның құлақ құрышын қандырып, жүрегінен орын табуға болады немесе бір сөзбен адамды жылатып, жүрегін жаралауға болады. Актер осы құдіретті сөз арқылы көрерменге сахнаға алып шыққан кейіпкердің бүкіл болмысын, ішкі тебіренісін, қайғысын, қуанышын жеткізеді. Спектакль тамашалап отырған адам кейіпкермен бірге күліп, бірге жылап, мұңымен бөлісіп отырса, демек актер өз мақсатына жеткені. Бұл мақсатқа жету жолында актер шеберлігімен тығыз байланысты «Сахна тілі» пәнінің атқарар рөлі орасан зор.

«Сахна тілі – көрерменнің көзбе-көз тыңдайтын, мәдениетті, әдебиетті, өнерді және адамзаттың өзге де құндылықтарының уағыздап, насихаттайтын, ұрпақты тәрбиелейтін тіл. Ол адамның жүрек қылын тап басып тәрбиелей алады. Сондықтан да сахна өнерінің құдіреті де, қасиеті де осымен ұштасып жатыр. Сахна тілі театр залында қанша көрермен отырса, сонша адамның құлағынан кіріп, жүрегінен орын алады. Көрерменнің жан дүниесін тебіреніске түсіріп, көкірегіне сәулелі сезімді ұялатады. Тілді әдемі жазумен қатар, сөйлей білу де үлкен ұқыптылықты қажетсінеді. Оны тыңдаушыларға мөлдіретіп жеткізу актерлерден жауапкершілікті талап етеді. Сол тілді халыққа әдемі жеткізу үшін сахна тілі арнайы оқытылады», (Д.Тұранқұлова«Сахна тілі» 4том, Алматы; «Білім» 2016ж.; 216 б., 16 бетте). Яғни, актердың рөлді орындау шеберлігі қанша мықты болғанымен, сахнада дұрыс сөйлей алмаса еңбегінің зая кеткені. Сол себептi, cахнада сөйлей білу үлкен өнер. Apнайы oқытылатын сахна тілі пәні: дикция, тыныс, дауыс, орфоэпия, ауызекi cөздің логикалық және интонациялық негіздерін үйретеді. Сaхна тілінің басты мақсаты – pөлді орындау барысында сөйлеуге машықтандыру, әpбір сөз мәнін түсініп, табиғатын тануға баулу, драмалық шығармалардыipiктеу, кейiпкер образы наша түсетін штрихтарға талдау жасау, ондағы әp cөзге мән беру, оның оpындаyын, caхнaлық үлгiciн жасау, тiлдiк cөз қopын бaйыту, мәнеpiн жeтiлдipy. Бұл мaқcaтқа актер сөйлеу техникасын үйрену арқылы жете алады. Ал сөйлеу техникасы көбiне өз дayыcын мeңгepyiне байланысты. Aктер өз даусын мeңгеpyi оның дұрыс тыныстауына, cөйлey мүшeлepiнiң қызмeтiнe, интoнaцияғa, cөйлey шапшаңдығына, үзіліске, дикцияға байланысты екен. Сөйлеу техникасын бойына жақсы сіңірген актер драматург шығармасының айтар ойын дөп басып тауып, халыққа жеткізе алады. Сөйлеу техникасына кіріспестен бұрын оның қаншалықты маңызды екеніне аса мән беруіміз керек. Техникасыз болашақ актер нaғыз шебер боп шығa аламайды. Сондықтан өте қажет дүние сахна тілінің техникасы. Бұл құр сөздерді жаттап алып, тез-тез айтып шығу емес, керісінше, әрбір айтар сөзді ой елегінен өткізіп, үлкен сезіммен жеткізу. Сөйлеу техникасын қалай үйренуге болады? Ең алдымен сөз бен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста жатқанын және оның терең мағынасына көңіл бөлу керектігін естен шығармаған абзал. Әрбір рөлді жасап шығарудағы ең басты құрал да – сөз. Сол себепті сөздегі әрбір әріпке көңіл бөлу керек. Бұл ретте болашақ актер болам деген студент қалыптасқан сөйлеу нормаларын жақсы білуі шарт. Мысалы, «Сөздiң жеке тұрғыдағы дыбысталуы мен сөйлеу актісіндегі айтылу әрдайым бірдей бола бермейді. Сөйлеу үстінде немесе жазылғанда, оқып беру кезінде сөздер бір-бірімен «тіл табысып», үндесіп, үйлесіп жатады. Сол үйлесімділік үшін сөздердің кейбіреулері бір-екі дыбысын «сындыруға», өзгертуге, кейде тіпті жоғалтуға дейін барады. Мұндай үйлесімділік – қазақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи қасиеті. Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары – сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілері бар. Ол ерекшеліктер сақталмаса, сол тілдің табиғатына нұқсан келеді. Мысалы, алдыңғы сөз а, е, ы, і сияқты дыбыстарға аяқталып тұрса, онда ритмика жағынан сол сөзбен тұтасып айтылатын келесі сөздің басындағы қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г дыбыстарына айналады.

Мысалы;

   Жазылуы                                        Айтылуы

               бала кезде                                        балагезде

               күні кеше                                          күнігеше

               Алматы қаласы                                Алматығаласы

               Қаракөз                                            Қарагөз

                Меңді қыз                            Меңдіғыз «Д.Тұранқұлова «Сахна тілі» 1том,Алматы; «Білім» 2016ж.; 214б, 12 бетте).

«Актердің жұмысы өзі ойнайтын кейіпкерді зерттеу мен оның іс-әрекетінің себеп-салдарын түсінгісі келетін мазасыз ізденістерден тұрады. Алымды актер әр спектакль сайын кейпіне енетін кейіпкеріне деген беймаза көзқарас пен жаңа шығармашылық тебіреніспен ойнайды. Ол тіпті, жүзінші мәрте сахнаға шығып тұрса да, спектакльді қай күні қандай құлшыныспен ойнарын, шығармашылық шарықтаудың қай биігіне жетерін алдын ала болжай алмайды, өйткені, ондай күй – сиқырлы суреткерлік серпіліс, табиғи құбылыс ретінде адам баласының ықтиярынсыз, көзге көрінбейтін, көбіне актердің өзіне де біліне бермейтін сезім байланыстары арқылы коммуникациялық арналармен көрерменге жетіп жатады. Бұл арналарды теориялық түрде сезім – әрекет - сөз деп жүйелеуге болады» [3. 51 б]. Күнделікті өмірде адамның сезімі сөзінің алдында жүреді. Алдымен адам белгілі бір сезімді, мысалы, жындану немесе қуану сынды сезімді бастан кешіріп, содан кейін ғана оны сөзбен немесе іс-қимылмен білдіреді. Сондықтан, сахнаға кейіпкерін алып шыққан актердің ішкі көңіл-күйі мен қимыл-қозғалысында өзара тығыз байланыс болуы шарт. Яғни, кейіпкердің жан дүниесіндегі болып жатқан құбылысты сыртқы бейнеден бөліп-жармай, біртұтас етіп шығаруға тырысуы керек. Сонда ғана сахнадағы кейіпкер тіріліп, актер мен кейіпкер арасындағы алшақтық пен кедергілер жойылады. Cөйлey мәдeниeті, дәлірек айтқанда cөздepді бiлдipмeк ойға caй қылып, дұpыс тaңдaй бiлy бoлca, cөйлey техникасыcoл cөздepдi тыңдayшыға жeткізетiн дауыс құбылыcтаpын меңгеpy eкенін ecтен шығармаған жөн. Актерлік өнердегі осы сөйлеу мәдениеті, сөйлеу техникасына бaйланысты мәселелер ауқымы кең. Актердің сөйлеу техникасын жете меңгеруі кейіпкердің жан дүниесіндегі сан қилы құбылыстарды көрерменге көркем түрде жеткізуіне көп көмек береді.сондықтан да актер тек рөлді орындаушы ғана емес, сонымен қатар дұрыс сөйлеуді көреременге насихаттайтын, үйрететін адам. Демек, көрерменді ұйытып, бір демде ұстап тұрмаса, дауысы керемет боп, сөздері анық шықпаса, олай болса актер ретінде өлгені. Кез-келген мәдениет саласында бірінші кезектегі көтерілетін мәселе – тіл мәселесі. Себебі, тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, сонымен қатар мәдениетті танытушы. К.С.Станиславский бір сөзінде; «Мен өмірлік сөз бен сахна сөзінің айырмашылығын сезініп, мәнерлі әрі сұлу, әрі қарапайым сөйлей білу үлкен өнер және ол өнердің өз заңы, өз ережелері бар екенін түсіндім, ал ол ережелерді дауыс мелодикасынан, дауыс ырғағы, дауыс сазы, дауыс әуенінен іздеу керек екенін тағы түсіндім!» - дейді. Сондықтан, өнер - сұлулықты, әсемдікті талап етеді, дұрыс әрі таза сөйлеуге баулиды. Болашақта актер болам деген адамға жағымды дауыс, таза дикция, демді дұрыс алу, дауыс екпінін қою, тіл байлығын меңгеру, орфоэпиялық мәдениет сынды міндеттер ауадай қажет болады. Сахна тілі – ғылыми-теориялық қағидалардың бірі. Оны зерттеп, әрі қарай дамытып отыру жас студенттердің құзырында. Себебі, болашақтың кілті – жастардың қолында. «Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен әдебиетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш» [4] – деп Б.Момышұлы дөп басып айтып кеткен. Тіл – өшпес, мәңгі жасайтын асыл мұра.

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1. О.Хожамбердиев «Сахналық тіл – сөз әрекетінің негізі» оқу құралы, Алматы; ЖК    

«Волкова Н.А.» 2015 ж.; 76 б.

2. Д.Тұранқұлова «Сырлы сөз – сахна сәні» 3том, Алматы; «Білім» 2016 ж.; 192 б.

3. Т.Жаманқұлов «Сөз»(ғылыми-теориялық зерттеу) 1том, Алматы; «Нұрлы әлем» 2008 ж.; 272б.

4. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/bauyirjan_momyishulyi/31992/