д.ф.н. Оналбаева А.Т.
Казахский
государственный женский педагогический университет
ҰЛТТЫҚ
МЕНТАЛИТЕТТЕГІ ДАСТАРХАН КОНСТАНТАСЫ
Дастархан сөзінің семантикалық құрылымы
күрделі, ол «дастархан» тұжырымдамасының
ұғымдық
құрамдаушысына кіреді. Осы тұжырымдаманың көркем-ассоциативті
құрамдаушысы келесі түрде түсіндіріледі: дастархан қазақтар
ұғымында аттап өтуге болмайтын қасиетті нәрсемен
салыстырылады (дастарханнан аттау фразеологизмін қараңыз),
бірлесіп тамақ ішу, біреулермен бір дастарханда отыру таныстықты,
жақындауды, достық қарым-қатынас орнатуды білдіреді (дастархандас
болуды қараңыз). Дастарханға шақыру біреулермен
өте жақын, жылы қарым-қатынас орнату ниетін білдіреді (дастарханнан
дәм тату):
Дастархан
сөзі иран тілінен шыққан. Этнографиялық термин ретінде
15-томдық «Әдеби қазақ тілінің сөздігінде»
ол келесідей түсіндірілген: «Қазақ
ұғымындағы отбасының береке-бірлігін,
құтты, киелі қонақжайлықты, үй
иесінің абыройын, ризық-несібесін білдіретін, үнемі барынша
мол жайылуы иесінің пейілін көрсетеді деп саналатын қастерлі
ұлттық мүлік» [1, 512-б.].
Дастархан сөзінің семантикасында үнемі жағымды баға
бар: дастарханы мол, берекелі дастархан, қасиетті дастархан.
Алайда барлық сөздік анықтамаларда өте маңызды
мезет пайдаланылмайды: дастархан – ол тек белгілі бір мақсаттарда
ұйымдастырылған сый, тамақ ішу ғана емес, ол сонымен
қатар өте маңызды, асықпай жүргізілетін
қатынас, үнемі дастархан басында қонақтар үшін
де, үй иесі үшін де қызықты да мәнді
қарым-қатынас болады деп күтіледі. З.К. Сураганова,
қонақжайлық институты әртүрлі тарихи
этностық мәдениетте кеңінен тараған, деп атап
өтеді [2]. Бүгінгі
таңда ол мәдени әмбебаптық ретінде танылған.
Әлеуметтік организм ретінде қонақжайлылықтың
бірқатар міндетті құрамдаушысы бар: қонақты,
сондай-ақ оның мүлігін қорғау және тиіспеу
(белгілі бір уақытқа, ол біткеннен кейін қонақ ондай
басымдықтан айырылады), баспана мен тамақ беру, оны біраз жолға дейін шығарып
салу (үй иесінің немесе үй иесі жататын тектің,
рудың иелігіндегі жерге), егер қонақты біреулер қуып
келе жатса, көлікпен қамтамасыз ету, және соңында
салтанатты түрде сыйлық алмасу.
С.Е. Толыбеков оны
былай түсіндіреді: «Қонақжайлық институты үнемі
әртүрлі оқиғаларға, аштыққа,
суық пен аптап ыстыққа ұшырайтын
көшпенділердің әскери-дала өмір салты
жағдайындағы өте қатты қажеттілігінен
туындаған, аш болғанда тамақ берген, суықта жылу
берген, ыстықта су берген адамның жақсылығын
ешқашан ұмытпау. Көшпенділер қоғамында
тамақ берген адамға құрмет, сый мен көмек
көрсету өте жоғары адамгершілік деп танылған» [3, с. 96]. С.Е.
Толыбековтың ойын түсіндіре отырып, қонақжайлық
институты қазақ халқының адамдарға деген
қайырымдылық, тілектестік және достық, құрметпен
қарау, оған
көрсетілген көмегіне, тіпті ол аз болса да, ризашылық
білдіру, сонымен қатар белгілі бір қорғаныс сезімінің
қалыптасуына ықпал етті деуге болады, өйткені кез келген
қазақ қиын жағдайда, әсіресе жолда көмек
алуға құқылы.
Қонақжайлық
дәстүрінің өзін және оның жекелеген
аспектілерін қазақ паремияларынан көруге болады,
солардың біреуінің – «Қонғанша қонақ
ұялар, қонған соң үй иесі ұялар» (букв. в
гостях гость стесняется, после его прихода хозяин стесняется) терең
түсінігін біз орыс шенеунігі Владимир фон Герннің жазбаларынан
табамыз. Автор, қонақтың ұялатыны ол үй иесін
шығынға ұшыратады, оған «тамаққа
қолданатын ең жақсы малы (қой немесе жылқы –
қонақтың алатын қоғамдық жағдайына
байланысты) кетеді және қонақ кетер кезінде
өзінің жағдайына сәйкес сыйлық – бағалы
шапан немесе тіпті ат алу керек». Үй иесінің қысылуы «келген
қонақ оның қонақжайлылығына риза болмай
қала ма, риза болмай қалса, жолда болсын, үйіне келгеннен
кейін де өзінің туыстары арасында оның сараңдығы
мен қонақжайлық дәстүрін сақтамағаны
туралы айтып, масқара болып қаламын ба деген қорқыныш»
[4, 211-б.].
С.З. Зиманов
қонақжайлық дәстүрін патриархалды
белгілердің қалдығы ретінде түсіндіріп, ХІХ
ғасырдың өзінде-ақ осы «өз кезінде өндіріс
құралдары мен өнімдеріне қоғамдық меншік
базасында пайда болып, дамыған
ескі дәстүр үлкен кідірістермен сақталған», - деп
атап көрсетеді. Ғалым пікірі
бойынша, осы дәстүрдің өміршеңдігі, бір
жағынан, ол
«әркімнің
басқаға қарым-қатынасы» бойынша
қоғамдық парызы болғандықтан, екінші
жағынан, «қоғамның өзі осы
дәстүрлі ғұрыпты
сақтап қалуға мүдделі болғандықтан», - деп
түсінідіріледі [5, 67-б.]. Басқа сөзбен айтқанда,
қонақжайлылық институты адамдарды бір тұтас
қоғамға біріктіруге бағытталған.
З.К. Сураганова осы ойды былай түсіндіреді: адам бақыты
өткен ұрпақтарға (аруаққа), қазіргі
аға ұрпаққа (ақсақалдарға) және
болашақ ұрпаққа қасиетті
қарым-қатынас дәстүріне байланысты.
Ол «Аруақ риза
болмай, тірі байымайды»(предки должны быть довольны
действиями живых (жертвоприношениями), а то они не разбогатеют)
премиясында айқын көрінеді. Осы мақал аруақтар рухына
құрбандық шалып, қанағаттандыру керек дегенді
білдіреді, өйткені халық түсінігі бойынша, тірі
адамдардың игілігі аруақтардың күшті рухына байланысты.
Демек, дәстүрлі қазақ қоғамында
қонақжайлылық Алғашқы ата рухымыз Алашқа
құрбандық шалу ретінде болады және реттеуші, рухани,
этикалық және практикалық функцияларды атқарады [2, 98-б.].
Сөз
мәдениеті туралы айта отырып, тіл мен сөздің
құдіретті функциясына сілтеме жасайды, оның барысында объект
пен оның сөздік атағы теңестіріледі. Бірақ
құдіретті ой тек сөз басымдығы ретінде ғана емес,
сонымен қатар құдіретті әрекеттер ретінде де
көрінеді.
Қазақтың
сөз дегені тек сөзді, тілді ғана емес, сонымен қатар
қарым-қатынасты да білдіретіні жалпы барлығына мәлім.
Біз сөз басымдығы туралы айтқан кезде, оны біз
қарым-қатынасқа да, және А.Т. Қайдаров
нақты және айқын сипаттаған өзінің
барлық ғұрыптық функцияларын атқара алатын ауызша
диалогтік қарым-қатынасқа да аударуымыз керек. Өзін
дүниенің, табиғаттың бір бөлігі ретінде сезіне
отырып, түркілер қарым-қатынасты, қазіргі уақытта біз оны –
тұлғааралық өзара әрекет деп түсіндіретін
сияқты тар және нақты
емес, кеңірек – адамның
қоршаған әлеммен, бөтен дүниемен өзара әрекеті деп қабылдаған, оны
бірқатар тарихшылар да, этнографтар да биязы атап өткен.
«Сөзге деген үлкен назар аударатын түркі
мәдениетінің ауызша сипаты диалогты адамның сыртқы
ортамен өзара әрекетінің әмбебап механизміне айналдырған.
Қоғам өзінің табиғаттан объективті түрде
бөлек екенін түсіне бастай сала, интуициялық түрде
бұзылып бара жатқан бірлікті
- ұқсастықты қалпына келтіруге тырысады,
барлық мүмкін тәсілдермен байланысты ұзартуға
ұмтылады. Адамдар әлемі мен өзге әлемнің екі
жақты өзара қарым-қатынасының қиын да,
драмалық үрдісі соңында ақпарат алмасу және оны түсінумен
аяқталған» [6].
Түркілердің
қатынас басымдығын,
сөз басымдығын сипаттай отырып, біз сөзді → тілді → қатынасты жоғары
құндылыққа жатқызу түркілердің тіл
туралы және ең алдымен сый, жаңалық ретінде
жоғары күш әсері нәтижесінде берілетін шешендік туралы
ойын білдіретінін ұмытпауымыз керек.
Анық
және айқын тіл адамдар
қоғамына жататындықтың ең маңызды
көрсеткіші болып табылатын, бұл ретте адам
қарым-қатынаста қаншалықты сөз шеберлігін таныта
білсе, ол соншалықты шешендік өнерін, тапқырлығын
көрсетіп, қауымдастықта басқа адамдармен
салыстырғанда деңгейі жоғары, құдай берген
сыйға ие, құдай берген рақымға ие адам ретінде
өте жоғары бағаланған. Ал сөзге
шорқақ адам, керісінше, социум алдында беделі жоқ,
құндылығы төмен адамдар қатарына
жатқызылатын, яғни: екі
сөздің басын қоса алмайды, мақау, сөзге
жоқ, - деген бағаға ие болатын.
Қарым-қатынас
дұрыс болу үшін, үй иесі қонаққа, вербалды
түрде де, вербалды емес түрде
де
Сонымен,
қонақжайлылыққа бірқатар компоненттер кіреді,
олардың ең бастысы адам мен социум өмірінің ең маңызды
оқиғаларын: адамның әлеуметтендіру кезеңін,
мауысымдық өзгерістердің басталуын және т.б. белгілеу
құралы ретінде
көрінетін дастархан болып табылады. Мақсатты да,
мақсатсыз да дастархан негізінде «адам және социум»,
«ұрпақ», «отбасы бақытының негізі ретіндегі
өскелеңдік» сияқты басты мәдени константалар жатыр.
Әдебиеттер тізімі
1
Қазақ
әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2007. – Т. 3. – 512 б.
2
Сураганова
З.К. Основы и функции казахского обычая гостеприимства «Қонақасы»
// Вестник КазНУ. Серия историческая. – Алматы, 2006. – №2. – С. 175–177.
3
Толыбеков
С.Е. Общественно-экономический строй казахов в XVII-XIX
веках. – Алматы: Казгосиздат, 1959. – 448 с.
4
Материалы
по казахскому обычному праву. Сб. научно-популярное издание / сост. Т.М. Культеев,
М.Г. Масевич, Г.Б. Шакаев. – Алматы: Жалын, 1998. – 464 с.
5
Зиманов
С.З. Общественный строй казахов первой половины первой половины XIX в. – Алма-Ата: Изд-во
АН КазССР, 1958. – 296
с.
6
Кайдаров А.Т. Культ слова у тюркских народов // Тюркология. – М., 1992. – № 3. – С. 74–78.