Набидуллин А.С.

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің жоғары санатты

дене шынықтыру пәні мұғалімі

aibosha@mail.ru

 

Дене тәрбиесіндегі қимыл- қозғалыс ойындарының рөлі

 

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»

                                                                                                 Т. Карлейль

Қимыл – қозғалыс жаттығуларын жасау және спорт түрлерімен шұғылдану адамның қозғалыс қабілетін жетілдіріп, ақыл – ойын өсіруге көмектеседі.

Егер бала жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай өзіне лайықты қимыл – қозғалыс жаттығуларын таңдап алып, оларды тұрақты орындап отырса, ол икемді, күшті, төзімді болып шығады. Қимыл – қозғалыс жаттығулары мен спорт түрлері адамның денсаулығында жақсартады. Дені сау, күшті, төзімді бала сабағын да жақсы оқиды. Мұндай балалар еліміздің келешегін жалғастыратын жігерлі, білімді азамат болып өседі.

Ойын адам өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді.

Мұндай ойындар адамды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойдағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Қимыл – қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшықеттің шынығу дәрежесін реттеуді үйренеді. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап, бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Қимыл – қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліліктен көрінеді. Қимыл – қозғалыс ойындарының саңғырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызады. Қимыл – қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді. Спорттық ойындар нышандары бар ойындар балалар қимыл қозғалыс ойындарын өз бетінше ұйымдастыра білетін кезде жүргізіледі.

Өз денесін өз ықтиярына бағындыра алу, өз ықтиярымен дене мүшелерін шапшаңдық, тездікпен пайдалана білу жеңілдік, тездікке жатады. Адам баласы өзінің денесіндегі бұлшық еттерін толық билеу арқасында ғана денесіне, дене әрекеттеріне ие бола алады.

Қай жаттығудың орындалу тәсілін алсақ та, олар бір-бірінен кеңістік, уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамалары болады. Қеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Қеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін (ілініп тұру, тіреліп тұру, т.б.) немесе көлденең (көлденең тепе-теңдік, тірей тұру) және сүйену (жата сүйену) түрінде де кездеседі.

Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы, яғни дененің қалпы, жаттығуларды орындау тәсілінде зор маңыз атқарады:

а) дұрыс алынған негізгі тұрыс жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық әсерге жетуге;

ә) қозғалыс процесі кезінде керек дене қалпын сақтауға;

б) жаттығуды аяқтағандағы керек дене қалпын сақтауға көмектеседі.

Әрбір қозғалыста ең алдымен, қозғалып келе жатқан дене траекториясынан дене мүшесі траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз – кеңістіктегі қозғалыс шамасы және елестеткендегі қозғалған дене ізі. Траекторияға қарап, дене мүшелері қозғалысының бағытын, түрін, амплитудасын анықтайды. Қозғалыс траекториясы түзу сызықты және қисық сызықты болады. 100 метрге жүгіруді – түзу сызықты, ядро игеруді – қисық сызықты деп, шартты түрде айтамыз. Өйткені, тәжірибе бойынша таза түзу сызықты қозғалыс жоқ. Олардың ішінде әрқашанда қисық сызықты қозғалыс жүреді (дене серпілуі, ауырлық нүктесінен амплитудалы ауытқу, т.б.). Жаттығулардың организімінде дене тәрбие жаттығуларымен тиімді әсер ету және қозғалыс тәсілін жақсы орындау, қозғалып келе жатқан денеге немесе оның мүшелерінің траекториялық бағытына байланысты (мысалы, биіктікке секіру үшін спортшылар жерден аяқпен дұрыс серпілу бұрышын, тиімді қозғалыс бағытын дұрыс анықтай білуі керек).

Қозғалыс бағыттары: жоғары – төмен, алға – артқа, оңға – солға болып бөлінеді. Дене мүшелерінің бір шеткі қалыптан екінші шеткі қалыпқа дейін жеткізе сілтеген қозғалысын қозғалыс амплитудасы дейміз (мысалы, аяқты алға-артқа сілтеу қозғалысы). Қозғалыс амплитудасы белсенді және бәсең болып екіге бөлінеді. Белсенді қимыл жаттығушының бұлшық еттерін белсенді жиырумен орындалады. Бәсең – серігінің, тренажердың көлемімен керілу-созылу жаттығулары. Белсенділік амплитудасы бәсең амплитудаға қарағанда әрқашанда аз болады. Уақыт сипаттамасы – уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Ұзақтық – әрбір қозғалысқа кететін уақыт шамасы.

Л.С. Шубина кәсіби дайындық үрдісінде педагогикалық іс-әрекетке бейімделу мәселелерін қарастырады. Осы мәселе жөнінде М.Я. Педаяс өз зерттеу жұмысында атап кеткен, ол оқушының бейімделу әсерін оқытылған педагогикалық іс-әрекет тәжірибесімен ұйымдастыруды ұсынады. Н.А.Свиридов пікірінше, әлеуметтік психологиялық бейімделу үрдісінің мәні – «Адам – ұжым – орта - қоғам» жүйесінде әрқашан қарым-қатынасты жақсартуында: оқушының кез-келген іс-әрекет түрлеріне бейімделуге; тұлғаның жақсы жаққа өзгеруінде әлеуметтік-психологиялық бейімделу жаңа келген жас тұлғаның ұжымға сәтті енуін қамтамасыз етуіне, басқаша айтқанда, ол ұжымның толық мүшесі болып, эмоционалды аймаққа жетуінде. 

Тәрбиеде түпкілікті нәтижеге жету – оның барлық жақтарының өзара байланысын қамтамасыз етуді қажет етеді. Сондықтан да дене тәрбиесінің міндеттерін анықтағанда оның ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге тәрбие мен білім берудің жалпы жүйесіндегі орны да, атқаратын ролі де есепке алынады. Осыған байланысты дене тәрбиесінің ерекше және арнайы емес екі категориясын ажырата білу қажет. Бірінші санатқа сауықтыру міндеттері қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға әкелетін біліктілік міндеттерінің бір бөлігі жатады. Екінші санатқа тәрбиелік өзге түрлерімен байланысын көрсететін тәрбиелік міндеттер де, білім де, дағдыларға байланысты бейімділіктер де жатады. Осы айтылғандар дене тәрбиесінің міндеттерін төмендегідей саралауға мүмкіндік береді.

Дене жеңілдігі, қозғалыс әрекетінің тездігі көбінесе: дене тәрбиесінен, дене қозғалыс ойындарының нәтижесінен ғана болады. Жеңілдікті, тездікті арттыратын шараның ең дұрыс жолы доппен ойналатын ойындар. Әсіресе бұл ойындарға түрлі дене қозғалыстарына себеп болғандай түрлер қатынастырылса өте пйдалы болмақ. Мысалы: жүгіру, қарғу, секіру, еңкею, шалқайып және осыған ұқсаған толып жатқан түрлері. Жеңілдік, тездік ойындары балалардың тілегін орындауды, жаратылыс жағдайына, шаруашылық хал жағдайына қарап, пайдалы іске бейімдеп тәрбиелеуге үлкен әсері бар.

Дене тәрбиесі – ол адамның жан-жақты жарасымды қалыптасуына, дененің  дұрыс дамуына, денсаулығына, өмірге керекті қозғалыс аппараттарының белсенділігін арттыруға және дене күші мен рухани күшінің бірлесуіне бағытталған саналы тәрбие жұмысы. Бұл жан-жақты тәрбие жүйесі адам ағзаларының бірлігінен, оны бөлуге болмайтындығынан туындап отыр. Адам ағзасы бір және бүтін болғандықтан, оның дене мүшесінің қасиеттерінің бәрін бірдей дамыту керек. Өйткені, адамның әрбір жеке қасиетінің төмендеуі оның өзге тәрбие тек денені, не жанды емес, адамды тәрбиелеу бағытында жүру керек . 

А.Н. Вишневский дене тәрбиесінде 2 бағыт қолданылатындығын көрсетеді. Біріншісі – дененің дұрыс өсуіне, және сол дененің саулығына бағытталса, екінші бағыт – дене мүшелерінің қалыпты өсуіне, шыдамдылық, беріктілік, икемділік қасиеттерін дамытуға бағытталған.