Диханбаева Қ.Т., Бимурзаева З.Е.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ЛОКОМАТИВТІК ДЕПОСЫНДАҒЫ  ӨРТТІҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ

 

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Сонымен қатар ғылыми жұмыстарды жүргізу, ұтымды жолын пайдалану және де қоршаған ортаға зияны келмейтін техниканы жасап шығару.

От – тілсіз жау дегендей өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі. Өрт барлық жерлерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін әлеуметтік  жағдайларда нақты қадағалайды. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторларына мыналар: ашық от және от ұшқыны, ауа температурасының және  қышқылдар концентрациясының жоғарылауы, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы мен қирауы, түтін және тағы басқалар жатады. Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу  да себеп болып табылады. От сөндірілмей қалған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады. Өрттің біразы адамның кінасынан, найзағайдың соққысы әсерінен, құрғақ ағаштың жануынан, басқа  да себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы) яғни, күн сәулесін өзіне тартып заттардың қатты қызуынан да пайда болуы мүмкін. Өртті жайылтпау және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күші мен құралдарының деңгейі.         

 Өрттен сақтандыру – оны ескертуге, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені. Өтр сөндіру техникасы өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары пайдаланылады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б.з.б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған, бұл – су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. XVI ғасырда өрт сөндіргіш қол насостары, бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды.

1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді, және ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады, сондықтан 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланыла бастады.

Біз қарастырып отырған Жамбыл облысының локомативтік эксплуатациялау депосының филиалы АО «Локомотив» эксплуатациялау депосы Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі,  № 81 үйде орналасқан. АО «Локомотив» эксплуатациялау депосы Тараз қаласының оңтүстік бөлігінде жалпы аймағы  5,9249 гектарды алып жатыр. АО «Локомотив» эксплуатациялау депосының тұрақ – жайлары  1974 жылдан бастап тұрғызылған  оның жалпы алаңы  2847,0 гектарды құрайды. Соның ішінде құрылыс салынған алаңы  1185,7 гектар. Тұрақ – жайларының орналасқан аумағы  11264 км ал, негізгі алаңы 2117,3 гектар, қабырғалары кірпіштен салынған.

         Сонымен қатар АО «Локомотив» эксплуатациялау депосының аумағында: күзет пункті, асхана, еңбек қорғау бөлімінің ғимараты, электромашиналардың цехы, жөндеу депосының ғимараттары, «Тұлпар ат» және «Тараз тұлпары», механикалық цехтары, насосты су станциясы, қоймалар, мекеме көліктерінің гаражы, автокөлік тұрағы және мөлшері   5 тонналық дизель-мазут жанар – жағармайын сақтайтын үш цистерна, сонымен қатар қызметкерлерге арналған спорттық демалыс алаңы  және де басқа ғимараттар бар.

Нысанда өрт қауіпі мына жағдайларда пайда болуы мүмкін :

         - автомат құю станциясынан өрт шыққан жағдайда;

         -өртке қарсы  шаралар жөніндегі нұсқау сақталмағанда;

         -шағын нысанда өрттің шығу себептерін зерттеу және өрттің алдын алу шараларын жасалмағанда.

АО «Локомотив» эксплуатациялау депосында қауіпсіздік техникаларының ережесі қатаң сақталынған. Әкімшілік ғимараттың әр қабатында өрт сөндіру құралдары қойылған. Олардың қатарына құм, су, шелек, қалың материал, күрек, ОУ – 2 - өрт сөндіргіш баллондар орнатылған.

         Өрт шығудың алғашқы кезеңінде өртке қарсы жағдайға жауапты нысан қызметкерлері. Олар алдымен ғимарат ішіндегілердің бәріне міндетті түрде хабардар етді, оларды тез ғимараттың ішінен шығарады және кәсіби өрт сөндірушілерді шақырады.

АО «Локомотив» эксплуатациялау депосында өрт шыққан жағдайда ең алдымен өрт сөндіруші команда шақырылады. Нысан аймағындағы өрт сөндіруші топ дайындыққа келтіріледі және өрт сөндіруші команда жеткенше өртті сөндіруге кірісе береді. Өртпен іргелес жердегі ғимараттардан құжаттар мен бағалы мүліктерді шығару шаралары қолданылады және күзет қойылады. Нысанға келген өрт сөндіруші команда қарсы алынады, бастығына өрт ошағы, қолданылған шаралар және өрттің өршуі мен жайылуына әсер етерлік нысан ерекшеліктері туралы хабарлайды.

         Әдебиеттер

1. «Жану және жарылыс теориясы» пәнінің зертханалық жұмыстары. Ә.Ә.Жумабеков; Ж.Қадыр. Тараз 2010ж. 2-2 СИС. 1экз  №116

2. «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» оқу құралы. С.Абдрахманов,  Н.Ермұханова Астана-2015