Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау

 

 

Сағаев А.А т.ғ.к Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Әлібекова А «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» РММ

 

Арал теңізінің екіге бөлінуі, Амудария мен Сырдария өзенінің су ресурстарын басқарудың жаңа жолын іздестіру қажеттігін көрсетіп отыр. Өзен суын тиімді пайдалану шараларын жоспарлау және жүзеге асыру Сырдария өзені бойындағы ағысты, су шығынын, су мөлшерін есепке алумен тікелей байланысты.

Еліміздің Президенті Нұлсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында сын-қатердің бірі – ол судың тым тапшылығы мен әлемдік су ресурстарының қатты қысым көруінде екенін айтып өтті. Су обьектілерін суды тиімсіз ысырапшылдықпен пайдалану  су ресурстарын жетіспеушілігі туындатады. Су ресурстарының жетіспеушілігі туындаған жағдайда халықтың өміріне және экожүйеге әсер етеді.

 Су жетіспеушілігін болдырмау мақсатында  су ресурстарын  пайдалануды дұрыс реттеу, пайдалану және қорғау шараларын қарастыру қажет.

Бассейндегі су пайдаланушыларға озық технологияларды енгізудің тиімділігін арттыру. Осы бағыттағы жұмыстарды қолға алынып, суды үнемді пайдалануға қол жеткізу қажет. 

Қызылорда облысы территориясындағы жер асты және жер үсті су көздерінен су пайдаланудың мониторингін жасау арқылы су ысырабын болдырмауға іс-шаралар қарастыру қажет. Жер асты және жер үсті су көздерінен халық шаруашылығына, атап айтқанда коммуналдық тұрмыстық, өндірістік мақсатқа, ауыл шаруашылығына және т.б мақсатқа пайданылады.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін су тұтыну көлемі жылына
облыс бойынша 28-30,0 млн м3  шамасын құрайды.

Қызылорда облысы төңірегінде 26 жер асты суларының кен орны зерттеліп, су қоры бекітілген болса, 2013 жылы 19 жер асты суларының кен орнынан 37,945 млн. текше метрі халық шаруашылығына пайдаланылды.

Қазіргі таңда Қызылорда облысының территориясындағы ірі су пайдаланушылар - Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қалалары, сонымен қатар Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы  380 елді мекендер жер асты, жер үсті суын пайдалануда. Аталған қалаларда көптеген елді мекендерде қазіргі таңда жер асты суын топтық су құбырлары арқылы, атап айтқанда Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры  131995 халқы бар 56 елді мекенді  Толағай жер асты су кен орнынан, Жиделі топтық су құбыры  85560 халқы бар 23 елді мекенді  Жиделі жер асты су кен орнынан, Октябрь топтық су құбыры  24708 халқы бар 5 елді мекенді  таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

Қызылорда облысы бойынша коммуналдық шаруашылыққа алынған су көлемі төмендегі кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1.Қызылорда облысы бойынша коммуналдық шаруашылыққа алынған су көлемі,млн.м3

р/с

Аудандар

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

1

Арал

0,39

0,14

0,55

1,45

0,771

0,765

1,142

0,948

0,745

1,197

2

Жалағаш

0,08

0,03

0,02

0,099

0,021

0,266

0,3

0,327

0,31

0,343

3

Қазалы

0,84

0,77

0,95

0,843

1,008

1,091

0,868

1,091

0,862

1,221

4

Қармакшы

21,21

20,76

19,09

17,904

16,59

16,41

16,46

16,27

15,77

13,81

5

Сырдария

0,61

0,6

0,58

0,748

0,639

0,783

0,818

0,842

0,83

0,932

6

Шиелі

0,37

0,3

0,73

0,682

0,709

0,814

0,965

1,066

0,972

1,096

7

Жанакорған

0,18

0,09

0,07

0,505

0,365

0,192

0,225

1,663

1,832

0,973

8

Қызылорда

7,19

6,11

6,79

7,293

8,305

9,654

9,709

8,823

8,445

8,763

 

барлығы

30,87

28,8

28,78

29,52

28,41

29,97

30,49

31,03

29,76

28,33

Халық санының жылдан жылға өсімі байқалуда, бұл суды тұтыну көлемінің өсуіне әкеледі, сондықтан облыс көлемінде су ресурстарын тиімді де, ұтымды пайдалану  қажеттілігі туындап отыр. Елдің дамуы шамасына қарай Қазақстанның басқа да ірі қалаларында халқының ауыз суға және су пайдалану қажеттілігін қанағаттандыру үшін жаңа су шаруашылығы құрылымын салуды қажет етеді. 

Қазіргі таңда коммуналдық шаруашылық құрылымының едәуір бөлігі тозған, бұл судың ысырабының көбеюіне әкеледі.

Өндірістік су тұтыну жылына 12-14 млн м3  құрайды. Өнеркәсіптің су пайдалану тиімділігін жыл сайын көтеру мақсатында айналымдық сумен қамтамасыз ету қажет. Өндіріске алынған су көлемі  төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте 2. Қызылорда облысы бойынша өндіріске алынған су көлемі, млн.м3

р/с

Аудандар

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

1

Арал

0,16

0,04

0,04

0,15

0,05

0,046

0,079

0,095

0,123

0,06

2

Жалағаш

0,007

0,295

0,01

0

0

0

0

0

0

0

3

Қазалы

0,457

0,246

0,18

0,04

0,15

0,14

0,067

0,099

0,1

0,094

4

Қармакшы

1,343

1,175

1,572

2,08

1,457

1,321

1,088

1,33

1,218

1,214

5

Сырдария

4,236

3,859

2,39

2,25

0,631

0,616

0,691

0,783

0,806

0,613

6

Шиелі

0,152

0,294

0,217

0,23

0,242

0,197

0,107

0,149

0,028

0,027

7

Жанакорған

0,086

1,377

1,252

1,63

1,615

0,396

0,164

1,376

1,192

1,433

8

Қызылорда

5,852

5,613

7,995

8,23

11,30

11,04

11,39

11,63

12,18

10,94

 

барлығы

12,29

12,90

13,66

14,61

15,44

13,76

13,59

15,46

15,65

14,38

 

 Жер үсті су обьектісі Сырдария өзенінен ауыл шаруашылығы саласына 2013 жылы Шардара су қоймасына түскен су көлемі 13 млрд.987 млн. текше метрді құрады.  Осы су көлемінің 13млрд. 588 млн текше метрі Қызылорда облысының аумағына келіп кірді. Бұл су көлемі облыстың экономикалық салаларының мұқтажына толығымен жетті.  Атап айтқанда, суармалы егістікке 3564 млн текше метр су алынса, экологиялық жағдайды бірқалыпты ұстап тұруға 1200 млн текше метр су, өзен арнасына жақын орналасқан көлдерді толтыруға  2304 млн текше метр су жіберілді. Жыл бойына Кіші Арал теңізіне 4106 млн текше метр су түссе, соның 2424 млн текше метрі Үлкен Аралға жіберілді.   

Жоғарыда келтірілген цифрлар, су қорын үнемді пайдаланған жағдайда,   өсіп келе жатқан экономика салаларының жер үсті суына деген сұранысын толық қамтамасыз етуге болатынын көрсетті.

Өңірде судың басты пайдаланушысы – суармалы егістік, егілетін басты дақыл-күріш. Суармалы жердің жалпы ауданы Оңтүстік Қазақстан облысында 512,5 мың гектар болса, Қызылорда облысында 215 мың гектарды құрайды. Қызылорда   облысы бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдардың егілген көлемі  барлығы-157504 га, оның ішінде күріш дақылы-74004 га. 2014 жылы 165000 гектар ауылшаруашылығы дақылдарын егу жоспарланды, оның ішінде күріш  дақыл 81245 га. 2014 жылы ауыл шаруашылығына бөлінген шекті су көлемі және өзеннің төменгі ағысына жіберілетін су көлемі Қызылорда облысындағы жоспарланып отырған егістікті сумен толықтай қамтамасыз етті. Өздеріңіз кестеден көріп отырғандай соңғы жеті жыл ішінде суармалы егістікке алынған  3,3-4,9 млрд.текшеметр шамасында су пайдаланылған.

Облыс бойынша ауылшаруашылығына алынған су көлемі төмендегіде кестеде көрсетілген.

Кесте 3.Қызылорда облысы бойынша ауылшаруашылығына алынған су көлемі, млн.м3

р/с

Аудандар

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

 

1

Арал

525,53

466,2

527,4

571,88

415,02

616,59

662,6

564,69

590,95

596,2

 

2

Жалағаш

514,03

590,2

525,72

586,36

372,57

462,52

542,17

525,21

499,36

521,1

 

3

Қазалы

197,16

225,9

194,99

172,68

119,26

180,79

167,99

290,46

276,03

312,22

 

4

Қармакшы

845,26

870,9

915,38

956,85

793,45

778,44

787,51

1191,7

1170,3

1043,9

 

5

Сырдария

796,27

901,4

928,01

879,73

724,49

778,96

812,33

992,29

1081,7

1076,1

 

6

Шиелі

449,55

533,5

449,67

517,97

485,64

496,51

514,3

572,13

662,24

571,45

 

7

Жанакорған

360,87

390

500,61

527,83

416,99

508,83

606,7

697,83

631,49

636,6

 

8

Қызылорда

7,85

22,33

26,45

18,51

14,9

11,07

13,73

17,31

15,33

15,32

 

 

барлығы

3696,5

4000

4068,2

4231,8

3342,3

3833,7

4107,3

4851,6

4927,4

4772,8

 

 

       Сонымен қатар жылына балықшаруашылығына  мақсатына 4,8-5,0 млн м3 және экологиялық мақсатқа алынатын су көлемі 1000-1200 млн м3.

Су тұтыну тиімділігін арттыруға төмендегідей іс-шараларды жүргізе отырып қол жеткізуге болады:

1.Коммуналдық шаруашылықта.

су құбыры желілерінде ысырапты болдырмау мақсатында тозығы жеткен су жүйелерін толығымен ауыстыру, су ысырабын төмендету жөнінде шаралар қабылдау;

барлық су пайдаланушыларда, яғни әрбір су тұтынушыларда су өлшеу құралын орнату;

коммуналдық және мемлекеттік мекемелерде су үнемдеу технологияларын енгізу;

2. Өнеркәсіпте:

өнеркәсіп орындарының алдыңғы қатарлы су үнемдеу технологияларын енгізуін ынталандыру;

өнеркәсіп орындарын қолжетімді технологиялар мен олардың экономикалық тиімділігі туралы ақпараттандырып отыру;

нормалауды және рұқсат ету жүйелерін бақылауды қатаңдату, суды тұтынуға және су объектілеріне ластаушы заттарды тастауға мониторинг жүйесін жетілдіру.

3. Ауыл шаруашылығында:

суармалы жерлерде өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамын қайта қарау және әр дақылдың суару нормасын қайты қарау;

суармалы жерлердің жағдайына, суарудың пайдаланылып отырған әдістері мен ауыл шаруашылығын жүргізу практикасына зерттеу жүргізу;

су шаруашылығы құрылыстарды қайта жаңғырту және су бөлінетін  барлық  магистральды каналдарға өлшеу аспаптарын орнату және су бөлуді автоматтандыру;

суды үнемдеу мақсатында суды аз талап ететін дақылдарды егу және  егістіктерді су үнемдеу тұрғысынан қайта құрылымдау әдістерін, суарудың суды үнемдеу технологиясын тамшылатып суаруды енгізу;

су ысырабын төмендету мақсатында каналдарды, оның ішінде олардың табанын бекіту арқылы,  рекконструкциялау;

коллекторлық-дренаждық жүйелердің сапасы мен тиімділігін арттыру, дренаждық суды қайтару және қайта пайдалану;

өндіріске экономикалық тиімді, экологиялық дұрыс құрылған ауыспалы егіс үлгілерін енгізу;

Сыр өңірінің экологиялық, топырақтың техногендік өзгеріске ұшырауына байланысты ауылшаруашылық дақылдарының суару режимін қайта негіздеу;

ауыл шаруашылығы дақылдарның суару режимі Сыр өңірінің топырақ құрамына, өзен суының минерализациясына, ауа-райына, қазіргі экологиялық – мелиоративтік жағдайына байланысты зерттеу;

ауыл шаруашылығы жерлерін дұрыс пайдалану мақсатында суармалы егіншіліктің құрылымын қайта қарап, күріш  егісінің көлемін ықшамдау есебінен бүгінгі күннің талабына сай суды аз талап ететін дақылдардың суару режимдерін  анықтап, жерге бейімдеп пайдалану арқылы мелиоративтік және өзге де жағдайларға байланысты қайта қарау, топырақ  құрамының өзгеруін үнемі бақылап отыру;

су ресурстарын басқарудағы және су тапшылығын қысқарту саласындағы халықаралық тәжірибені зерделей  отырып, пайдалану.

 Еліміздің су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану, су қорғау шараларына қатысты жұмыстарға жаңа қөзқараспен қарап оны жандандыру қажет. 

Тұжырым

Мақалада Қызылорда облысы территориясындағы келіп түсетін су көлемдері келтірілген. Халық шаруашылығы салалары бойынша пайдаланған судың көлемдері көрсетілген. Су ресурстарын дұрыс пайдалану және реттеу жолдары қарастырылған.

 

Пайданылған әдебиеттер:

1.     Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының жылдық есебі;

2.     Сырдария өзені бассейні су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенді схемасы;

3.     Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы

4.     Смоляр В.А, Буров Б.В и др Водные ресурсы Казахстана  Алматы НИЦ Ғылым 2002 ж