э.ғ.к. Шадиева А.А., аға оқытушы Қарсақова Г., студент Адешбек Н.

 

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ

 

Агроөнеркәсіп өндірісінде ең көп таралған инновация кәсіпорындарды басқару және ұйымдастыру, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, механизация, электрофикация және өндірісті автоматтандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау болады.   

Көптеген ғылыми басылымдарда талдаулар көрсеткендей, Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешен шаруашылығында көптеген себептермен инновациялық үрдісті ендіру төменгі деңгейде қалуда, оның себебінің бірі ұтылыссыз, тәуекелсіз қарапайым технологияларды жеткілікті жоғары дәрежелі бағдарда игерілуде, соған байланысты агроөнеркәсіп өндіріс кәсіпорындарында технологиялардың тозуы және техника-технологиялық деңгейінің төмендеуі байқалады [1].

2013 жылы облысты тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 134,1 млрд. теңгені (ағымдағы орташа бағамен) құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 40,9% жоғары, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімдері – 69153,1 млн. теңгеге немесе 16,0%-ға, мал шаруашылығының өнімдері – 64963,1 млн. теңгеге немесе 82,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндіріс салалары бойынша құрылымы зерттеп жатқан 2010-2013 жылдардың аралығында мал шаруашылығының 2010 жылы 37,4%-дан 2013 жылы 48,4%-ға үлес салмағының өскенін, ал өсімдік шаруашылығының, керісінше, бұл жылдарда үлес салмағының 62,6% мен 51,6% төмендегенін байқаймыз.

       Оңтүстік Қазақстан облысы негізінде мақта, көкөніс пен бақша, жеміс-жидек пен жүзім өндіруге жалпы осы өнімдерге деген отандық сұраныс көлемін қанағаттандыратын деңгейде облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарын мамандандыру және оларда өндірісті шоғырландыру қажет [2].

2013 жылы облыста 715,9 мың ipi қapa, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 17,8%; 3415,5 мың қой мен ешкi - 14,7%; 144,0 мың жылқы - 19,8%; 15,1 мың түйе - 4,9%; 32,9 мың шошқа - 11,5%; 2125,2 мың құстың барлық түрлерi - 1,5%  артты. Бұл негізінен үй шаруашылықтары мен шаруа (фермер) қожалықтарындағы мал мен құс санының көбеюі есебінен орын алды, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарында соңғы үш жылдың ішінде мал санының шамалы артуы байқалады.

2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндiрушiлердiң күшiмен 152,1 мың тонна ет, 2010 жылға қapaғaндa 16,4% артық; 608,3 мың тонна сүт немесе 22,7%, 246,9 млн. дана жұмыртқа немесе 20,8% артық өндiрiлдi.

Облыс деңгейінде аудандар бойынша егістік көлемінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру үшін төменгілерді іс-жүзіне асыру қажет:

       - тұрақты және бәсекеге қабілетті егін шаруашылығын қалыптастыруда, ауыл шаруашылық дақылдарын егуде аймақтық мамандандыру мен егін шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген қағидаларын есепке алу қажет;

       - оңтүстік өңірдің ғылыми негізделген даму стратегиясына сәйкес кластерлік жанасу бойынша жүзімдіктер мен жеміс-жидек, көкөніс пен бақша дақылдарының егін көлемін ұлғайту кажет;

       - ауыл шаруашылық дақылдарының элиталық тұкымдық жүйелерін қайта қалпына келтіру және қалыптастыру [3];

       - көкөніс, жүзім-шарапты өңдеу бойынша өңдеуші өнеркәсіп ұйымдардың өндірістік қуатын ұлғайту;

       - ауыл шаруашылық айналымына дағдарыс себебінен пайдаланбай жатқан тың жерлерді қайта пайдалану және ендіру;

       - ауыл шаруашылық өндірісінің өсімін және экономикалық қызмет саласының өрісін кеңейту;

       - облыстық ақпараттық-маркетингтік жүйені дамыту.

       Соңғы жылдарда макроэкономикалық жағдайдағы оң өзгерістер ауыл шаруашылығы саланы қаржылық қолдау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр. 2008 жылы ел ішінде агроөнеркәсіп саласына 120,0 млрд. теңге инвестиция құйылып, инвестиция салымы бірінші кезекте, дақылдардың сапасын жақсартуға, жаңа қазіргі заманғы агротехнологияларды ендіруге, саланың техникалық жаңаруына бағытталды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық дақылдарын өндіруге қажетті фосфор, азот, калийлік тыңайтқыштарды сатып алу толық субсидиялануда. Шаруаларға сатылатын элиталық ұрықтардың құны 50 пайызға дейін арзандатылып, себілетін тұқымдардың сапасын тексеру толығымен қамтамасыз етілуде.

Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар жүйесін талдау оны жетілдіру тетігін кешенді тұрғыда қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дамыған елдерде техниканы сатып алуға берілетін тікелей дотациялар қазіргі кезеңде өте сирек кездеседі. Бірақ, жеке дағдарыс кезеңдерінде ауыл шаруашылығының дамуында олар кеңінен қолданылды. Батыс Еуропа елдерінде фермерлер қажетті техниканың бір бөлігіне ие, ал кейбіреулерінің иелігінде олар тіпті жоқ. Яғни ауыл шаруашылығында мердігерлердің (МТБ, машиналық рингтер және т.б.) техникасын пайдаланады [4].

Индустриалды-инновациялық даму сипатындағы ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестиция көздері республикалық және жергілікті бюджет құралы, сол сияқты мемлекет бақылауындағы кәсіпорындар (ұлттық компания, мемлекеттік кәсіпорындар) арасынан индустриалды-инновациялық даму үшін интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негізін құрайтын сала ғана қалуы қажет [5].

Келешекте ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуды жетілдіру бойынша инновациялық іс-шараларды жүзеге асыра отырып, өзіндік құны төмен, жоғары сапалы өнім өндіру арқылы ғана әлемде бәсекелестікте өз орнымызды ала отырып, төмендегі нәтижеге ие боламыз:

      - техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және олардың тиімділігі артады;

      -  зиянкестермен күрес жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді;

      - агротехникалық іс-шараларды жүргізгенде қуатты, өнімділігі жоғары техникаларды кеңінен пайдалану мүмкіндігін арттырады;

      -  минералды тыңайтқыштар жүйелі түрде пайдаланылады;

      - өндірілген өнімді тиімді бағамен сатуға және нарықтық жағдайда бәсекелестігі жоғары өнім өндіруге ықпалы тиеді.

  Бұл үшін ауыл шаруашылық саласында инвестиция тартудың тетіктерін жетілдіру бойынша мына бағыттар ұсынылады:

      - ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуда ең алдымен аймақтық ерекшеліктерін зерттей отырып, ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіруді ынталандыру мақсатында мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер, жанар-жағар май, субсидия беру тетіктерінің құқықтық базасын дайындау;

      - аймақтардың ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру мақсатында шет елдердің тәжірибесін зерттеп, оны жүзеге асыру қажет.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласына құйылған инвестиция көлемі мен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі арасындағы байланысты көрсететін корреляциялық теңдеу жалпы өнімнің өсіңкілік серпініне қарай сызықты және параболалық тренд үлгілері және детерминация коэффициенттерінің мәндері төменде берілген (Сурет 1).

 

 

   Сурет 1 - Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция көлемінің жалпы өнім көлеміне әсерінің тренд үлгілері

 Ескерту - автордың зерттеуі бойынша компьютерде жасалған

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі мен оған әсер ететін                 таңдалған төрт фактордың арасындағы корреляциялық-регрессиялық байланыстың математикалық үлгісі төмендегі формула бойынша анықталды:

 

                          (1)

 

Мұнда, - ауыл шаруашылығы бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, млн. теңге;  - ауыл шаруашылық кәсіпорындары, бірлік;                          - ауыл шаруашылығында қызмет атқаратын жұмысшылардың орташа айлық жалақысы, теңге;  - облыстағы егілген егін көлемі, мың гектар.

Детерминация коэффициенті тең. Ол жалпы өнімнің ауытқуының 96,82% зерттелетін фактормен болып отырғандығын көрсетеді. Ал қалған (3,18%) басқа факторларға байланысты болып келеді. Демек, жалпы өнім мен зерттелінген факторлар арасындағы байланыс өте тығыз.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығының қазіргі инвестициялық жағдайы күрделі қаржы салымының төмендеуімен ғана емес, сондай-ақ негізгі капиталдың ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерісімен анықталады. Келешекте ауыл шаруашылығы саласын дамыту және оның экономикалық тиімділігін арттыру, бұл салаға инвестицияны тартуға тікелей байланысты екендігін талдаудан байқалады [6].

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.     Бельгибаев К.М, Абдильдина Л.И, «Экономика сельского хозяйства», Алматы, «Кайнар», 2012г.

2.     Коваленко И.Я, «Экономика сельского хозяйства», М, 2011 г.

3.     Ангелов А.И. Проблема обеспечения сельского хозяйства фосфоросодержащими удобрениями/А. И. Ангелов, Б. В. Левин, A. A. Барбашин//Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. - 2012. - № 2. - С. 49-52.

4.           Аскаров А.А. Оценка эффективности продукции сельского хозяйства по системе "Директ-костинг"//Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. - 2013. -№11.- С. 40-42.

5.           Байгулов P.M. Развитие научно-технического потенциала региона / P. M.Байгулов, А.А.Байгулова//Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. - 2012. - № 3. - С. 13-15.