т.ғ.к.,доцент Е.У.Пірімбетова

                                                     аға оқытушы Болтаева С.Ж.                                              

                                           Т.Рысқұлов атындағы

                                                                     Қазақ Экономикалық Университеті                                                                                                           

  

 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН: МӘДЕНИЕТТІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ        

  

 Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Заман талабына сай мәдени салада да жаңа терминдер орын алды. Оның бірі - интеграциялану.

   Интеграция дегеніміз (лат.integratio – қалпына келтіру, толықтыру, integ – тұтас, бүтін)  - экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.Жаңа мәдениетке интеграциялану, сол ортаның қарым-қатынас түр сипатын белгілі бір мөлшерде қабылдау.

   Жаңа мәдениет дегеніміз не, оны қалай интеграциялауға болады деген мәселелерге келетін болсақ, мәдениеттің дәрежесі, сипаты қоғамдық құбылысқа бейімделеді. Мәдениет адамнан тыс немесе адам мәдениеттен тыс өмір сүре алмайды. Бірақ, сол мәдениетті қабылдау оны өз бойында жетілдіру әрбір жеке адамның қабілетіне, санасына байланысты. Мәдениет неден басталады дегенде біз гигиенадан басталады десек қателеспейміз. Адамның өзін- өзі таза ұстауы, киімінің таза болып оны орынды киюде мәдениет. Өзін- өзі таза ұстаған индивид өзі өмір сүрген аймағын яғни үйін немесе пәтерін жұмыс орнында таза ұстауы анық. Ал ендігі мәдениеттің сатысын оның сауатымен біліктілігімен байланыстыру артық болмайды. Неғұрлым адам білікті болса, оның ойы, санасы соғұрлым дамыған болуы ықтимал. Әрине бұл жерде сол жеке тұлғаның өмір сүру ортасыныңда оның жеке тұлға болып қалыптасуына зор әсер ететіндігі өзінен- өзі белгілі. Демек, адамның санасына оның өскен ортасы оның аясы әсер етпей қоймайды.

   Қазіргі Қазақстанда сауат ашудың, білім алудың, біліктілікке жетудің жолдары сан алуан. Міне, бұл мәдениеттің интеграциялануының басты көрсеткіші. Білім алудың бірнеше сатысы төменгі буын – колледждік білім, орта буынды – институт, университеттік білім, жоғары деңгейдегі аяқталған білім – магистрлік білім. Білім берудің бұл сатылары интеграциялану арқылы бізге батыс Еуропадан келді. Жоғарғы оқу орындарында ерекше білім танытқан студенттер грантқа ие бола алады, бұл да жаңа жүйе. Біліктілікті жетілдіруде де жеңілдіктер жеткілікті  - ол компьютермен байланысты. Компьютерлік яғни желілік байланыс арқасында біздерге, яғни жалпы жастарға сауаттылық деңгейді көтеруге үлкен мүмкіндіктер бар, мысалы тіл үйрену, салауатты фильмдер көру, кез-келген ғылым саласы бойынша ақпарат алу, ары кеткенде науқасына байланысты  дәрі-дәрмек туралы мағлұмат алу, т.б. толып жатқан пайдалы кеңестер. Бірақ, кей жағдайда қоғам мүшелерінің тек қана ғаламторлық мағлұматтармен шектеліп қалуы байқалып жатады. Осының әсері болса керек әсіресе жастар жағы классикалық шығармаларды жалпы әдебиетті қолға ұстаудан қалып барады. Қазақ жастары әдеби шығарма оқудан оның ішінде  ұлы классиктердің шығармаларын оқудан қалып барады. Бұл дабыл қағарлық жағдай. Өйткені, ол шығармалардың рух берерлік, адами қасиеттерді егерлік сипаты бар. Европа алдыңғы қатарлы деген жастарға бір жақты ой қалыптасты. Әрине.технологиялық жетістіктерін мойындамауға болмайды,  ал шығыстың даналығы мен адами өзара қарым-қатынасына оның ішінде туыстық қарым –қатынаста орын алатын дәстүрлі қазақ мәдениеті баршаға үлгі боларлық. Европадан біздің жастар білім мәдениетін қабылдар болса, оның пайдасы зор болар еді. Әр мемлекеттің өзіндік даму жолы мәдени ерекшелігі бар. Біздің жастарымыздың арасында осы жағдайларды ажырата алмай адасатындарыда кездеседі. Оларды ғаламтордағы теріс ақпараттар қызықтырып уақыттың басым бөлігін сонымен жіберіп алып. соңында барлығынан бос қалатындар жеткілікті. От басында уақыттың шектеулі екенін санаға сіңдіріп отыруды тиімді деп есептеймін.

   Мәдениеттің келесі сатысы ретінде ұлттық дәстүр салт-сананы жатқызуға болады. Бұл-төл мәдениет, халықпен бірге жаратылып келе жатқан мәдениет, себебі біз, дәстүр болып қалыптасқан «үлкенді сыйлау қай ғасырда пайда болды?» деген сауалға нақты жауап алуымыз мүмкін емес. Қазақ халқы басқа да халықтар сияқты қалыптасуы тереңнен келе жатқан ұзақ тарихы бар халық. Бұдан айтқым келіп отырғаны, дәстүр халықпен бірге қалыптасатын тарихи ұғым. Қазақ халқына туа бітетін қасиет – үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу ол туралы жоғарыда сөз еттік.Бүгінгі таңда біздің ұлтымызға жат  келеңсіз жағдайлармен кездесіп жатамыз. Жастардың үлкен алдында бойтартпай темекі шегіп, анайы сөздер айтып жататын кездері болады. Бұл қай ұлт өкіліне болса да жараспайтын қасиет. Ұлтымыздың тарихында қарттар үйі, түрме деген ұғымдар тіпті болмаған, ал қазір қарттар үйіне кезек күтіп, барып өту жиі кездеседі, бұның өзі біздің ұлтымызда болмаған жағдай.

   ХХІ ғасырдың шынайы кілті жаһандану білім саласынада келді.Біз қазір ең сауатты ел қатарына жатамыз.Бұл саладағы көрсеткіш өте жоғары,бірақ жаңа технология саласында дәреже төмен. Көп жағдайда сенеріміз шетел мамандары немесе шетел тауарлары. Тәуелсіз еліміздің кезең-кезеңмен атқарып жатқан білім саласындағы іс-шаралары мемлекеттің өре мен қуатының ізденісін аңғартады. Орайы келгенде айтып кететін жағдай білім саласындағы реформаларды жасауда да тиімді жол таңдаған абзал болар еді. Олай дейтін себебіміз әсіресе мектеп қабырғасындағы білім беруде оқулықтардың басым бола түсуімен байланысты. Өзге елдермен тең тұрамыз деп ҰБТ енгізілді. Бұл әдіс біздің байқауымызша өзін өзі ақтап келе жатқан жоқ. Оны мектеп қабырғасындағы оқушыларға жаттанды әдісті үнемі қолдану олардың логикалық ойлау қабілетін төмендетеді. Оның үстіне жаттандылық жауапкершілікті де азайтады.

    Жаһандану заманында интеллектуалды азамат қалыптастыру, қойылған міндетттер бойынша жастардың дүниетанымын өзгертіп, олардың жаңаша ойлау қабілетін арттыруға, білімге деген құштарлығын оятуға, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағытталып отыр, бәсекеге қабілетті азаматтарды даярлауға ғана қатысты емес, оларды ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын күш ретінде орнықтыруға да байланысты. Білім жүйесін әлемдік дамыған инновациялық технологиялармен жабдықтау, білім мен ғылымның халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман даярлау.

   Отандық және шетелдік зерттеушілердің ойына қарағанда, жаһандану жағдайында өмір сүретін болашақтың адамы ерекше құзыреттілікке ие болуы керек олар: өзара ынтымақтастық, мотевациялық факторларды нұсқау етіп пайдалану, барлық жағдайда да шыдамды, тілдерге бейім, азаматтық борышы мықты болу міндет.

Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануыны   ң мақсаты: Біріншіден  Әлемдік жаһандану  жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануының  кезеңінде жастарға берілер білімнің мазмұнын ұлттық құндылықтармен толықтыру. Ұлттық құндылықтарды осы заманға бейімдеп енгізу.Екіншіден, жастардың бойында  қоғамның экономикалық және әлеуметтік саласына деген практикалық таным негізін қалыптастырып, өзінің, отбасының, достарының, айналасының, жалпы қоғамның әл-ауқатын ойлайтын жауапкершілігін сезіндіру.Үшіншіден,шыққан әлеуметтік тегіне қарамай, талантты да белсенді, білімді де ойлы жастарды толық қолдау арқылы  қоғамның әлеуметтік икемділігін қамтамасыз ету, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру.Төртіншіден,білім мәдениеті мен қоғам алдындағы жауапкершілікке бағытталған кешенді іс-шараны жағымсыз нәрселерді (наркомания, бейәдептілік, т.б.) алыстатуға бағыттап құру. Бесіншіден,білім  – еркіндік пен таңдаудың көзі әрі дем берушісі. Білімге әлеуметтік тапсырыс беруші  - жалғыз мемлекет емес, мүдделі мекемелер, ойлы да іскер адамдар болуы тиіс.

2005-2013 жж. білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы негізінде жаңа жүйелеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Басқару деңгейінде құрылымдық өзгерістер енгізілді. Бұл шаралар Юнеско-97 халықаралық стандартына сәйкестендірілді. Мектептерді 12-жылдық білімге көшіру шарасы сын-тәжірибеден өткізілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы білім берудің 2010 жылға дейінгі дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жоғары оқу орындарында үш сатылы білім беру жүйесін қалыптастыру жүзеге асырылуда. Ол бакалавриат-магистратура-докторантура. Бакалавриат жүйесіне көшу негізінен аяқталды. Оған қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар, жаңа бейіндер, оқу стандарттары, бағдарламалары жоғары оқу орындарында жүзеге асырылп жатыр. Жоғары оқу орындарында 4 жылдық бакалавриаттан кейін 2 жылдық магистрлік бағдарламасын жүзеге асыру көзделді. Ал, 2005 жылдан бастап, тұңғыш рет доктор (Ph.D) дайындау бағдарламасын жүзеге асыру енгізілді. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстан халқының сауаттылығы 95%-дан асыпты. Әрине, осыған орай өзінен-өзі туындайтын міндет – ендігі жерде білім сапасына көңіл бөлу. Білім саласын инвестициялауды жақсарту арқылы екі мәселені шешуге мүмкіндік туады, біріншісі, отандық кәсіпорындарды жетілдіруге қол жеткізу болса, екіншісі, жұмыс күшінің тапшылығын жою. Адам сапасының басты көрсеткіші оның білімі мен біліктілігінде екеніне көз жеткізген сияқтымыз. Осы тұрғыда оқытушының орны ерекше, оның басты екі міндеті өзінен-өзі айқын. Біріншісі, білім беру, екіншісі, өз бетінше өмір сүре алатын индивид тәрбиелеу. Қазіргі Қазақстанда білім саласындағы интеграциялану нәтижелері көрініс беріп келеді, ол онлаин оқулар, бұл жүйені алғашқылардың бірі болып енгізіп отырған Қарағандыдағы Букетов атындағы университет.,қос диплом әдісіде осы жүйеде жұмыс жасап келеді.

Мәдениеттің интеграциялануы тек қана білім мен біліктілікті ғана қамтып қойған жоқ,ол – өнердің сан – алуан түріне ықпал етуде. Атап айтсақ,киноматография саласы: шет ел  фильмдерін сатып алу бизнес әрине,оған кез – келген сауатты азаматтың көзі жетеді, ал бірақ жасөспірімдер ондағы образдарды тікелей қабылдайды. Қылмыстық іс жөніндегі 2012ж.статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, Ресейде крименалдық фильмдердің арқасында жастар арасындағы қылмыс түрі 4есеге,ал қылмыстың өсу пайызы 25%,(2000ж салыстырғанда),әсіресе, «Бригада фильмінің кері әсері көп болған».Қазақстандықтар нағыз дағдарысты жылдары өздерін Бразилия, Аргентина фильмдерімен жұбатса,үшінші мыңжылдықтың басынан былай түрік,кәріс драмаларымен уақыт өлтіріп,иллюзияға түсті. Музыка өнеріде бұлқынып барып,өз орнына келе бастаған сияқты,олай дейтін себебім,барлық музыкалық аспаптың діңгегі – домбыра екендігін жастар түсініп , бүгінгі таңда күйден түрлі увертюралар мен импровизациялар жасап бүкіл әлемге танытуда. «Отырар сазы», «Адырна»  күй аспаптар оркестірлері Құрманғазы, Дәулеткерей т,б. күй аталарын танытса, «Ұлытау» сияқты ансамбльдер күйдің жаңа нақышын уағыздаушыларға айналды. Театр өнеріне келетін болсақ,бұл өнерде құлап барып тұрып келе жатқан образ секілді.Жастар театрды түсіне алмайтын дәреже жетті. Сурет өнері, мұражайлық мәдениетте дағдарысты қатты сезінді.Тек экономикалық және саяси маңызды қалаларда болмаса, мұражайлардың көбісі жабылған жағдайлар орын алды. Барлық жағдай экономикамен байланысты, инвестицияны тиімді пайдалану арқылы т. б.экономикалық маңыздағы реформаларды жүзеге асыру арқылы дағдарыстан шығар болсақ, Америка ,Европа алдыңғы қатарлы Азия елдерінен үйренерлік тәжірибе жеткілікті.

 

 Қорыта келе, еліміздің тәуелсіздігі, болашағы білімді,білікті азаматтардың қолында олардың кәсіби деңгейіне байланысты.Қазіргі жүріп жатқан ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануы, білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипаттың байқалуыда уақыт талабынан туындап отырған жағдай. Қазақстан Евразия материгінің кіндігі деп есептесек, қоғам мүшелерінің мәдени дамуына оның сан алуан бағыттарын тиімді  пайдалануға толық мүмкіндіктері бар. Мәдениеттің жаһандануы бізге тиімді, әлем деңгейіндегі алдыңғы қатарлы жетістіктерді  бізге жеткізеді. 2017жылы ЭКСПО әлемдік-дүниежүзілік  көрме Астанада өтетін мәре Қазақстанға тиді. Бұл іс-шараның өткізілуі үшін Астана қаласының маңынан 1,5 млрд долларға есептелген жаңа қалашықтың салынуы жоспарлануда.  Әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер өз жаңалықтарын осы көрмеге алып келіп көрсетеді. Бұл сайысты өткізуге және одан үлгі алуға, материалдық табысқа жетуге, дүние жүзіне танылуға, әлемнің Қазақстанды мойындауына үлкен жол ашылды. Бұл мәдени алмасудың басты көріністерінің бірі. Білімнің біліктіліктің сынға түсер сәттерінің бірі.  Қазақстан өзгені ғана танып қоймай,өзінде танытарлық кездерге жетіп келеді. 

                                  Әдебиеттер тізімі:

1.     Аяған Б.Ғ.,Әбжанов Х.М.,Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Алматы «Раритет» 2010.

2.     Мәдениеттану жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық, Алматы-2005

3.     Болашақ мамандарды даярлау. Ұлт тағылымы №4, 2005

4.     Жаңа технологияға жаңаша көзқарас// Труды международной  научной конференции. Наука и образованоие -ведущий фактор стратегии «Казахстан-2030» Қарағанды, КарГТУ, 2005