э.ғ.к., Таласов М.Ж., магистр Ожарбаева М.К.., студент Даутбай Л.К.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ

 

Ауыл шаруашылығы өндірісіне инновациялық жаңалықтарды ендіруде қаржылық қолдау көрсету ауыл шаруашылық өндірістің экономикалық тетіктерін реттеуде ғылыми негіздеуді қажет етеді. Тек инновациялық инвестициялау ғана ауыл шаруашылық аумақта сапалы жаңа деңгейді қамтамасыз етеді. Ол үшін инвестицияның құйылуына қолайлы жағдай жасау талап етіледі, бұл саладағы инвестициялық климатты жақсарту есебінен жүзеге асады.

Ауыл шаруашылығы өңдірісінің қарқынды өсуі, ондағы агрохимиялық қызметтердің толық қызмет атқаруына тікелей байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарының барлық санаттарында 2014 жылы ауыл шаруашылық дақылдарына 100% қоректік заттар есебімен енгізілген минералды тыңайтқыштар көлемі 140,4 мың центнер құрады, бұл 2011 жылдың 76,0% құраса, органикалық тыңайтқыш – 138,2 мың тоннаға немесе 26,7% артық ендірілді. Облыстағы минералды тыңайтқыштың едәуір бөлігі шитті-мақтаға 63,0%, көкөніс - 9,2% және органикалық тыңайтқыштар - картопқа   42,7%, көкөніске - 54,0% енгізілді. 

Инновациялық-инвестициялық жағдайды жақсарту ауыл шаруашылық кәсіпорындардың экономикалық жағдайларының жақсаруы, агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық-инвестициялық қызметтің мемлекет тарапынан белсенді қатысуынан табысты болуы анықталды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында инновациялық қызметті жалпы қаржыландырудың құрылымдық талдауында, мемлекеттік бюджет үлесіне 8% келеді, жоғарғы оқу орын ғылымына 6,5%, кәсіпкерлік секторға 84% жоғары үлес бөлінуде [1].

Оңтүстік Қазақстан облысында инновация құрылымы, агроөнеркәсіп кешенінде нарықтық қатынастармен анықталатын ұйымдастырушылық-экономикалық жаңа енуінің маңызды үлес салмағы сипатталып, негізгі бағыттары болатындар:

- ауыл шаруашылығы саласының нарық жағдайына сай экономикалық-ұйымдастырушылық тетік;

- кооперациялық байланыс негізінде кәсіпорынның жаңа түрлерінің дамуы;

- еңбекті ұйымдастыру мен оның қызметін ынталандырудың жаңа түрлері мен әдістері;

- шаруашылықта өндіріс әлеуетін тиімді пайдалану әдісі және тәсілдері;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында техникалық қызмет көрсетудің жетілген түрлері.

Қазіргі таңда Қазақстандағы экономиканың көптеген салаларының ғылыми-техникалық саясатының негізіне мемлекет пен ірі корпорациялардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен оны нарықтық экономика жағдайларына бейімдеу басты бағыт болып отыр. Қазір ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулердің әртүрлі бағыттарында бірлесе жұмыс істеудің жаңа түрлері іздестірілуде. Негізгі міндет аймақтар мен кәсіпорындардың дамуының  инвестициялық кезеңіне өтуге экономикалық, инфрақұрылымдық жағдайлар жасау арқылы тұрақты экономикалық дамуға, экономиканың инновациялық дамуына өтуге мүмкіндік туғызу.

Біздің зерттеу көрсеткендей, АӨК ғылыми-техникалық дамудың ең негізгі шарты болып инновациялық басқарудың құрылуы, ғылыми-техникалық әрекеттің жобалық, технологиялық, материалдық, ұйымдастырушылық, мамандық жақтарын қамтитын, алынған нәтижені талдауды, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіне түзетулер енгізуді, әртүрлі топырақтық-климаттық және қаржылық-экономикалық жағдайларда дамудың болжамын жасауды қамтитын, нарықтың ілгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған үрдіс.

Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық басқарудың негізгі мақсаты жаңа өнімдер жасап, оларды өндіріске ендіру болып табылады. Бұл агроөнеркәсіп өндірісін мамандандыру жөнінде көптеген міндеттерді нақтылауды, агроөнеркәсіп  өндірісінде әртүрлі қызметтердің ауыл шаруашылық өндірістің тепе-теңдігін сақтауда, технология, ұйымдастыру, басқару және инновациялық басқару саласында мамандар даярлауда көптеген міндеттерді нақтылауды қажет ететін үрдіс [2].

Осылайша, аймақтық АӨК-дегі инновациялық үрдістің дамуы ғылыми-техникалық әрекеттердің жаңа технологиялар, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгерумен тығыз байланыста жүруін қамтамасыз ететін инвестициялық және инновациялық жайлы климат қалыптастыруға тәуелді. Аймақтық АӨК-нің ғылыми-техникалық кешенін басқару жүйесін инновацияны меңгерудің жаңа қағидаларына сүйеніп қайта құру инновациялық әрекеттердің де, агроөнеркәсіп өндірісінің де тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қоғамдық өндiрiстiң объективтi және заңды құбылыстарының бiрi – интеграциялық және кооперациялық бiрлесудi дамыту арқылы – агроөнеркәсiп  құрылымдарын құру.     

Қазақстан Республикасының аймақтық инновациялық жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру үрдісінде ғылыми ұйымдарын, ауыл шаруашылық ғылыми орталықтарды, университет кешендерін, интеграцияланған және корпоративтік агроөнеркәсіп құрылымдарды және тағы басқа әртүрлі құқықтық-ұйымдастырушылық жоғары технологиялық ұйымдарды, сонымен бірге инновациялық әрекеттерді қаржыландырушы ұйымдарды іске тарту керек (Сурет 1).

Аймақтық инновациялық жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін ауыл шаруашылығында өндірісті және ресурстарды шоғырландыру тетіктерін ғылыми зерттеу негізінде тәжірибеде қолдануды анықтау қажет. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін үйлесімді орналастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде ресурс сақтағыш технологияларды қолдану, мал басын өсіру, ауыл шаруашылық шикізаттарын сақтау және өңдеуді ғылыми жолға қою үшін қажет.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің терең мамандануы мен шоғырлану дәрежесін асыру, тек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндiретiн құрылымдарының кооперациялық байланыста бірігуi нәтижесінде тез жүзеге асуы және дамуы мүмкiн.

        

Сурет 1 - АӨК инновациялық үрдістің қатысушыларының өзара әрекеттерінің сызбасы

Ескерту – ғылыми зерттеу негізінде автор құрастырып, әзірлеген

 

Ауыл шаруашылық өндiрiсiн орналастыру мен мамандандырудың келешекте дамуын оңтайландырудың нұсқасын анықтауда көп жылдық статистикалық мәліметтерді пайдаланып, болашаққа анықталған техникалық-экономикалық көрсеткiштер негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін  орналастыру  және  мамандандырудың оңтайлы нұсқасын негiздеу қажет.

Қорыта айтқанда айтылған агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық іс-шараларды жүзеге асыра отырып, нарық талаптарына сай, ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер мен шикізаттарды қайта өңдеу, дайын өнімдерді нарық талабына сай сату арқылы агроөнеркәсіп өндірісінің экономикасын тұрақты қалыптастыру мүмкін, бұл ауыл шаруашылық өндіріс тиімділігінің асуына жаңа мүмкіндіктер ашады, жалпы агроөнеркәсіп өндірісі үшін экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.           Байдалинова A.C. Особенности инновационных процессов в агропромышленном комплексе // Каржы-каражат. - 2011. - № 1. - С. 69-72.

2.            П.Бакулина Стратегический инструмент инноваций-функциональные ингредиенты / О. Н. Бакулина, Т. Э. Некрасова // Пищевые ингредиенты сырье и добавки. - 2013. - № 2. - С. 56-58.