э.ғ.к. Абілқасым А.Б.,
э.ғ.к. Иманбаев А.А., студент
Бөлеева А.Е.
ЕТ НАРЫҒЫ -
ЕЛІМІЗДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ
Бүгінгі таңда
әлемдік агроазықтүлік нарығындағы жаһандану
және еліміздің азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мәселелерінің өзектілігі жағдайында
Қазақстандағы агроөндірістік кешен ауылшаруашылық
өндірісінің дамуына тұрақты ықпал ететіндігін айта кетуіміз керек. Бұған біздің елімізде
барлық жағдай жасалған.
Қазақстан
Республикасындағы ет өндірісі ауылшаруашылығындағы
дәстүрлі түрде негізгі және айырықша
бағыттардың бірі болып саналады.
Өткен ғасырдың 80 жылдарының соңында ет
өндірудің жоғарғы көрсеткіштеріне қол
жетіп, жылдық ет өндіру көлемі 1,5 млн. тоннаға жетіп,
жан басына шаққанда 86 кг, бұл
жалпы одақтық тұтынуда 66 кг. құрады [1].
Қазақстан
Республикасындағы қайта өңдеуші
кәсіпорындардың барлығының қосылған
қуаты ХХ ғасырдың 80
жылдарының соңында бір
ауысымда 2250 тоннадан артықты құрады. Олардың көбінің
қуаты бір ауысымда 20-100
тоннаға дейін, ал ең ірі екеуі бір ауысымда – 200 артық:
Бұл Семей (бір ауысымда 389тонна ) және Алматы (бір ауысымда 386тонна
) ет комбинаттары. Бірақ 90 жылдардағы АӨК реформалары
не өндірістік, не экономикалық көрсеткіштерінің
жақсаруына әкелмеді. Бұл саладағы асығыс
теңестірілген әрекеттер терең ойланбаған, әлсіз
дәйектелген және ғылыми жетілдірілмеген еді.
Қазақстанның етті қайта өңдеу
салаларының қазіргі жағдайы ХХ ғасырдың 90 жылдарының басындағыдан да
анағұрлым нашар болып отыр.
Қазіргі уақытта республикада 68 ірі және орта ет
өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жобалық қуаты бір ауысымда
687,6 мың тонна (етпен
есептегенде), немесе 1990 жылдың деңгейінде 30,5%. Көптеген
кәсіпорындар шикізатпен қамтамасыз ету және айналымдағы
құралдардың мәселелерімен толық қуатымен
жұмыс істемейді немесе тоқтап тұрады. Еліміздің
оңтүстік және батыс аймақтарындағы
кәсіпорындар тіпті толығымен жұмыс істеуден қалды.
Оңтүстік-Қазақстан облысында төрт ірі ет
комбинаты жұмыс істемесе, Атырау және Маңғыстау облыстарында
етті өндірістік қайта өңдеу мүлде жоқ, ал
Қызылорда және Жамбыл облыстарында тек орташа қуаттағы
бір-бір кәсіпорын жұмыс істейді.
Өтпелі кезеңде әсіресе ет индустриясындағы
ірілері болып саналатын Семей, Қарағанды, Петропавл ет комбинаттары
қатты зардап шекті, олар жаңа жағдайларда тиімсіз деп
саналып, соңында құлдырауға келіп тірелді [2].
Әлемдік ет экспортері –
Бразилия тәжірибесінің көрсетуі бойынша бұл елдегі
малшаруашылығының ет
саласын дамытудың негізгі факторы болып:
- плантациялық монодақылдың жайлап оралуы (кофе плантациялары, апельсин өсіру) әлемдік нарықтағы
сұранысқа ие өнім түрлерін жетілдіру, қант
қамысы, соя, жүгері сияқты экспорттық өнімдермен
қатар малшаруашылығындағы азықтық рационның
негізгі түрлері;
- жыл
бойғы жайылымдық малшаруашылығын пайдаланудың
ерекшеліктері;
- ауылшаруашылық жерлерінің
өңделетін ауданын кеңейту;
- аграрлық секторды инвестициялау және
қажетті қаржыландыру;
- малшаруашылығына арналған
азықты өндірудің өзіндік құнының
төмендігі;
- ет өндірісіне заманауи технологиялық
үрдістерді енгізу: селекция, тамақтандыру, ветеринарлық-профилактикалық
шараларды өткізу және асырау;
- аграрлық экспортты либерализациялау: экспорттық лицензиялардың жойылуы,
аграрлық өнімдерге салынатын кедендік тарифтер мен
квоталардың алынуы;
- несиелендіруді мемлекеттік қолдау, преференциалдық өндірістік
желі түріндегі шаруашылықтарға мемлекеттік несиелік
қолдау түрінің іске асырылуы;
- ет
өндірісіне негізделген ірі тауар фермаларын құру;
- мал бордақылау жүйесін арзандату, оның өзіндік
құнын төмендету [1].
Табиғаттың
өзі Қазақстанды малшаруашылығын дамытуға
арнағандай. Бірақ
әлемнің танымал мейрамханаларында Сарыарқадан емес,
Жаңа Зеландиядан әкелінген сиыр етін табу әлдеқайда
оңай.
– 2016 жылы ет экспорты 60 мың тонна болуы керек, бұл
4 млн тонна астық экспортына тең. Малшаруашылығын дамытуға мемлекет 130 млрд теңге несиелік ресурс
бөліп отыр. Бұл ауылды
жерде 20 мыңнан артық
жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, 100 мыңнан артық
ауылдықтарға табыс көзі болады, деді Нұрсұлтан Назарбаев
өзінің Қазақстан халқына арнаған
«Болашақты бірге құрамыз!» атты жолдауында [2].
Егер 20 жыл бұрын
Қазақстан 180 мың тоннадан артық ет экспорттаса, 2013 жылы бар жоғы 300 тоннаға
жуыққа қана жетті. Бұл малшаруашылығының аса үлкен
мүмкіндігінің
ашылмауының белгісі.
Алайда, біздің
республикамыз малшаруашылығында
ет өндіруді дамытудың барлық шарттарына қолайлы.
Бұл табиғи мал жайылымының барлылығы (180 млн.га аса)
және пайдаланылмайтын егістіктер,
малшаруашылығының ет өндірісіндегі азшығынды
жайылымдық технологиясы.
Бұдан басқа, малшаруашылығы жергілікті
халықтың атадан келе жатқан дәстүрлі
кәсібі.
Бұның барлығы Қазақстанның
әлемдік ет нарығында бәсекегеқабілетті
мүмкіндігін көрсетеді. Біздің еліміз географиялық
орналасуы жағынан ірі нарықтық импорттаушы
болуға(бірінші кезекте бұл Ресей мен Қытай) нарық
өтімінде өзіндік септігін тигізеді.
Бірақ,
малшаруашылығының ет саласын дамытудың негізгі шарты -
заманауи жаңа технологияны пайдалану және қайта жаңарту
болып қала береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі ірі қара етін
экспорттау мүмкіндігін дамытуға арналған жоба жасады.
Бұл тұста сиыретін экспорттаушы мемлекеттер АҚШ пен
Австралияның әлемдік тәжірибелері қарастырылды.
Бұл жобаны іске асыруда құрастырушылардың айтуы
бойынша – өзара байланысты қатысушылардың кешенділігінсіз –
бизнес-бірлігінсіз: бордақылау алаңдар торабы, фермерлік
шаруашылықтар, асылтұқымдандырушы – репродуктор
шаруашылықтар, табынды басқару және жаңғырту
орталықтары, азық өндіру инфрақұрылымы және
ветеринарлық қолайлылықпен қамтамасыз ету, сондай -
ақ соңғы өнімді тарату және маркетингісіз
мүмкін емес.
Малшаруашылығы ет саласы
республикамызда мүлде дамымаған.
Тіпті Кедендік одақ құру жағдайында республика
Үкіметі малшаруашылығы ет саласын дамыту туралы бағдарлама
қабылдап, оны осы саланың қарқынды дамуы мен
экспорттық болжамын құруға бағыттаса да
малшаруашылығы ойдағыдай дамымай отыр.
Орын алған жағдайда
қойетінің нарықтығы тиімділігін қамтамасыз ету
үшін кешенділік, жүйелілік
қажет.
Біріншіден, ірі және орта
тауарлық шаруашылықтарда қойшаруашылығы саласын
дамытуда жоғарыөнімді мал
өсіру үшін табиғи экономикалық мүмкіндігі бар
өзіндік ерекшеліктеріне жағдай жасау қажеттілігі.
Екіншіден, мемлекет қойшаруашылығы өнімдерін
(ет, сондай-ақ, жүн және қой терісі) өткізуге,
отандық тауарөндірушінің жоғары кірісін
қамтамасыз ету үшін кепіл
болуы керек.
Үшіншіден, фермерлердің
табысының өсуі және жұмсалатын шығын көлемінің
төмендеуі соңғы
нәтижеде болжанғандай өткізу жүйесін ұйымдасқан
түрде құру және делдалдсыз ет өнімдерін
өткізу.
Бұл шаралар қойетін
өндіруді жылына 15-20% өсуін қамтамасыз етеді және бұл
қойетінің сатылу бағасының өндірістік
өзіндік құнын 12-15%
төмендетеді.
Еліміздегі сиыреті нарығы ірі
қара етін өндіру мен
ұсынудың өсімімен қайта болжануы керек. Бұл жол көптеген инвестицияны
қажет ететіндігімен қатар дамыған елдердің
тәжірибесі көрсеткендей қайтарымы өте
жоғары. Пайдалық
деңгейі 40-60% жетеді.
Еліміздегі ет нарығының
тиімді дамуы, оны құрудағы мемлекеттік реттеу
үрдістерінің, атап айтар болсақ: қажетті
көлемдегі сапалы тауар өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз
ету, өнімнің бағасы бойынша фермерлерге жоғары табыс
әкелетін және республиканың барлық
тұрғындарына қолжетімді экономикалық
мүмкіндігінің болуы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Президенті -
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 14 желтоқсан 2012
жыл
2.
Программа по развитию
агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 – 2020 годы
«Агробизнес – 2020» от «18» февраля 2013 года, № 151.