Магистр, оқытушы Л.Т.Байтуова

1 курс студенті А.Темирова

«Қаржы академиясы» АҚ, Қазақстан

Бухгалтерлік есептілік сапасын бақылаудың негізгі аспектісі ретінде аудиторлық қызметті дамыту

 

Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек маңызға ие болуда. Белгіленген стратегияны іске асыру үшін экономиканың нақты секторының халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тездетіп өтуді қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылдануда.

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес аудиторлық қызмет халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:

- осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз ақпарат беру мүмкіндігімен;

- қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына байланыстылығымен;

- ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен;

- ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен.

Аудит Қазақстанда 80-жылдардың соңында пайда болды, дәл сол уақытта аудиторлық ұйымдар өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. Және 1993 жылы аудит «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші Заңның қабылдануымен өзінің дүниеге келуін ресми түрде бекітті.

Қазіргі уақытта аудиторлық қызметті реттеудің жеткілікті тұтас жүйесі қалыптасты, ол 2006 жылғы 5 мамырда қабылданған өзгерістерімен «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы ҚР Заңын (бұдан әрі - Заң), «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы Заңын қоса алғанда бірқатар нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ҚР Қаржы министрінің Бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді қамтыды.

Осыған байланысты, Концепцияның орта мерзімді перспективаға бағыт алуы аудиторлық қызметтер сапасын бақылауды күшейтуге қатысты және осы үшін негізгі күш білікті аудитті дамытуға жұмсалады.

Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби қоғамдастықта белсенді талқылануда.

Кәсіби ұйымдардың ұйымдар қызметіндегі маңызды нәрсе кәсіби қауымдастықты және қоғамды тұтастай алғанда толғандыратын мәселелер болуы тиіс: корпорациялық басқару, салық салу, халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тиімді көшу жағдайы.

Аудитор мамандығын дамыту қоғамдық мүдделерге жауап беруі тиіс, онда бұрыш басына тікелей пайдаланушы мүддесін қою қажет және осы мақсатпен аудиторлардың өздерінің мүдделері шегінде оны жабық кеңістікте дамыту мүмкіндігін алып тастау қажет. Аудитор пайдаланушы алып жатқан ақпаратқа сенімді болу үшін жұмыс істейді. Бұл, былайша айтқанда, оның құқығын қорғау, кепілдік беру. Егер кәсіби ұйымдар аудиторлардың кәсіби деңгейін тексерсе және жетілдірсе, онда мемлекет олардың заң нормалары мен жалпы ережелерді сақтауына жауапты.

Аудиторлық тексеру нәтижелері көптеген экономикалық шешімдер негізі болып табылғандықтан, аудиторлық қызмет барлық елдерде жеткілікті дәрежеде қатаң реттеледі.

Аудит жүйесін жетілдіру үшін орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттар:

- орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына ХАС оқытуды енгізу және оларды тәжірибеде пайдалану білу;

- кәсіби аудиторлық ұйымдармен аккредиттелген практикадан өтетін аудиторлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру;

- аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалаудың тиімді жүйесі.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып, брифингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың мәртебесін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу қажет.

Аудитті жетілдіру жөнінде сипатталған шаралар аудиторлық кәсіпті одан әрі үдемелі дамытуға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты көзқарас мемлекет пен аудиторлық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың өздерінің арасындаға өзара іс-әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл Қазақстан Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет етеді.

 

  Ғылыми жетекшісі:

магистр, оқытушы Л.Т.Байтуова

1 курс студенті А.Темирова

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Заңы

2.     «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы Заңы

3.     http://www.minfin.gov.kz/