аға
оқытушы Шалғынбаева Г.А., студент Джумадилдаева А.Р., Арысбек Н.М.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕҢІЛ
ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Бүгінгі
таңда жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың
80%-дан астамы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.
Саланың
технологиялық даму перспективалары табиғи шикізаттың,
өндірістік қуаттар мен адами ресурстардың болуына байланысты.
Қазақстанда жеңіл
өнеркәсіптің табысты дамуы үшін қолайлы
жағдайлар мен алғышарттар бар - Оңтүстік
Қазақстан облысында жыл сайын 400 - 450 мың тонна шитті
мақта жиналады, елдегі табиғи шикізат - мақта
талшығының өндірісі (жылына 130-170 мың тонна),
жүн (15-20 мың тонна) және былғары шикізаты 7,5 млн.
данадан астам, табиғи шикізаттан жасалған көрсетілген
өнімге сұраныс бар мата мен тоқыманың, киімнің
әлемдік тауар нарықтарына экспорттау мүмкіндігі бар [1].
Алдағы
кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма,
тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде
жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу
жөніндегі өндірістерді жаңғырту және
әртараптандыру үшін ынталандырулар жасаумен байланысты болады.
Қосылған
құны жоғары өнімдер шығару мақсатында [2]:
- Ақтөбе, Жамбыл, Алматы және
Шығыс Қазақстан облыстарында жүнді бастапқы
өңдейтін кәсіпорындарды жаңғырту, ал Алматы облысында
жүнді қайта өңдеу жөніндегі толық
технологиялық циклды ұйымдастыру үшін жүн кластерін
жасау үшін жүн бұйымдарын өндіретін кіші салаларды;
- «Оңтүстік» АЭА аумағында (ОҚО)
қызмет түрлерін кеңейту арқылы кардтық және
таралған мақта-қағаз тоқыма, мата мен дайын
тоқыма бұйымдары, тоқыма мен матаны бояу және
безендіру, сондай-ақ дайын тігін бұйымдары өндірісінің
толық технологиялық циклын ұйымдастыру үшін, оның
ішінде «Оңтүстік» АЭА қызмет түрлерін кеңейту
есебінен мақтадан жасалған бұйымдар өндірісін (жібек
маталар шығару, маталық емес тоқыма материалдар, кілем
бұйымдары мен гобелендер, мақта целлюлозасын және оның
туындыларын, мақта шикізатынан өндірілетін жоғары сапалы
қағаз және былғарыдан жасалған бұйымдарын
шығару);
- ауыл шаруашылығы жануарларының терісін
тереңдете өңдеуді ұйымдастыру үшін былғары
және аяқ киім кіші саласын және Тараз және Семей
қалаларында былғары-бағалы тері өндірістері негізінде
бәсекеге қабілетті тауарлы былғары, тон-бағалы тері
бұйымдары мен аяқ киім шығару;
- бренд өнімін шығару үлгісінде
(велоспортқа арналған бұйымдар) келісімшарттық
өндірісті ұйымдастыратын кәсіпорындарды
жаңғыртуды жүзеге асыру үшін тігіншіліктің кіші
саласын қолдау шаралары көзделетін болады.
Мынадай инвестициялық
жобаларды іске асыру көзделуде [3]:
- Шығыс Қазақстан
облысы - «Былғары өндірісін реконструкциялау және
жаңғырту»;
- Оңтүстік Қазақстан облысы -
«Оңтүстік» АЭА-да қазіргі заманғы тоқыма
өндірісін ұйымдастыру»;
- Оңтүстік Қазақстан облысы -
«Су сіңіргіш мақта және целлюлоза шығару»;
- Оңтүстік Қазақстан облысы -
«Тарамды және кардтық мақта-мата жібін шығаратын
қазіргі заманғы өндірісті ұйымдастыру».
Жеңіл
өнеркәсіптегі 80 % астам
кәсіпорындарды шағын және орта бизнес субъектілері
ұсынып отыр, сонымен қатар жүктелімі 30-40 %
аспайтын сала кәсіпорындарының 75 % ескі
құрал-жабдықтармен жарақталған.
Жеңіл
өнеркәсіпте нақты көлем индексінің өзгеру
және тауарлық өнім өндірісінің серпіні 1 суретте көрсетілген.
Сүрет
1. 2012-2014 жылдар* аралығында жеңіл өнеркәсіпте
нақты көлем индексінің өзгеру және тауарлық
өнім өндірісінің серпіні [2]
Қазіргі таңда, Қазақстанда
мемлекеттік қолдауымен көптеген жеңіл өнеркәсіп
саласындағы кәсіпорындар жұмыстарын жаңартты. «Almaty
Cotton Plant» (АХБҚ) компаниясында мыңнан аса мамандар жұмыс
істеуде, және де бұл компания жаңадан жабдықталып,
өндірісінде модернизация жасады. Шымкент қаласында жаңадан
тоқыма кәсіпорындары «Ю-Текс» ЖШС, «Қазақ- Орыс
текстиль Альянсы» ЖШС, «Меланж» АҚ ашылып, жұмыс істеуде.
Семейде жүнді алғашқы өңдеу фабрикасының
негізінде былғары – үлбір кластері - «ҚазРуно»
ассоциацияциясы құрылды. Еліміздің ұзақмерзімдік
мамандардырылған экономикасын анықтайтын
қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуы, міндетті
түрде тоқыма және жеңіл
өнеркәсіптерінең дамуына қарқынды әсер
етеді. Ал жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері
біздің еліміздігі шаруашылықтың және әлеуметтік
кешеннің үлкен бөлігін құрайды.
Қазақстанның
жеңіл өнеркәсібі бірінші кезекте өндірістік қуат
пен материалдық ресурстарға мұқтаж. Қазіргі кезде
саланың тиімділігі 6 пайыздан аспайтын төмен табыстылығымен
сипатталады. Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі
соңғы үш жылда 2,2 есе азайған. Дәл осы айналым
қаражатының жетіспеушілігі қазақстандық
кәсіпорындарда өндірістің саябырсуы немесе толық
тоқтауына алып келетін басты түйткілге айналып отыр. Өйткені
саланың технологиялық ерекшелігіне байланысты өнім
шығару мен сату кезеңі 7 айды құрайды. Осы
кезеңде үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету үшін
бір жылға жететін шикізат қорын сатып алуға өте
үлкен көлемдегі айналым қаражаты қажет болады.
Оның үстіне бұл қаражат өндірушілер өз
өнімін өткізіп болғанша ұзақ мерзімге
қажет. Себебі, кәсіпорын жұмысы тоқтаған кезде 30
пайызға дейінгі шикізат барлық қайта өңдеу
сатыларында станоктарда қалады. Тоқыма өнеркәсібіндегі
тиімділік бар-жоғы 3-7 пайызды ғана құрап, тек тігіп
өңделген кезде ғана 25-35 пайызға дейін
өседі.
Әдетте
негізгі капиталға салынатын инвестиция мемлекеттік несие ресурстары
есебінен жүзеге асырылады. Қазақстандық
кәсіпорындардың көпшілігінің айтарлықтай
күрделі қаржы салатындай мүмкіндігі жоқ. Банк
қарыздарының қымбаттығына және кәсіпорындардың
өздерінің өтімділігі төмен болуына байланысты олар
қомақты несие де ала алмайды. Айталық, Қазақстандағы
коммерциялық банктердің қаржыландыру құны (мемлекеттік
демеуқаржыларды есептемегенде) 12-14 пайызға тең. Ал
Қытайда бұл көрсеткіш – 6, Италияда – 4,3, Түркияда –
10,9, Үндістанда 12 пайызды құрайды. Сондай-ақ
Үндістан мен Қытайда және басқа елдерде саланы
мемлекеттік қолдау аясында жеңілдікті қаржыландыру
кеңінен қолданылады. Әрине, Қазақстанның
жеңіл өнеркәсібін Қытай, Италия, Түркия
сияқты жетекші елдердің жеңіл өнеркәсібімен
салыстыруға болмас, бұл саланың даму деңгейін
жақсарту үшін көп нәрсе керек. Дегенмен бізде де жыл
өткен сайын өнім өндіру көлемін ұлғайтып
келе жатқан бірқатар табысты кәсіпорындар бар. 2013
жылдың қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара,
жылқы терісінен былғары өндіру, сәбилер киімін,
қалпақ және бас киімдер, табиғи теріден тігілетін
және сыртқы киімдер өндіретін кәсіпорындарда
өндіріс көлемі артқаны байқалады.
Отандық
жеңіл өнеркәсіп нарығына Қытай үлкен
әсер етіп отыр. Жыл өткен сайын өсіп бара жатқан
жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сырттан тасымалдау
отандық тауарларға айтарлықтай бәсекелестік тудыруда.
Кәсіпорындардың 80 пайыздан астамының мемлекеттік
тапсырысқа бейімделуі, олардың маркетингтік қызметінің
әлсіздігі саланың дамуына кері әсерін тигізуде. Отандық
жеңіл өнеркәсіптің басты түйткілдері –
тиімділігінің төмендігі мен өтелімділік мерзімінің
ұзақтығына байланысты инвестициялық
тартымсыздығы, кәсіпорындардың іскерлік
белсенділігінің төмендігі, кәсіпорындар қызметін
маркетингтеудің әлсіздігі, өндірілетін тауарларды
жарнамалаудың жоқтығы, негізгі қорлардың тозуы
мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің
төмендігі және айналым қаражатының жетіспеушілігі
болып тұр, – дейді «Қазақстанның индустрияны дамыту
институты» АҚ Өңірлік және жергілікті
өнеркәсіпті дамыту оталығының бас сарапшысы Айзада
Ілиясова.
Әйтсе
де оның айтуынша, бизнесті қолдау және жеңіл
өнеркәсіпті дамыту жөніндегі салалық
бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде, 2008–2013
жылдар аралығында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін
өндіру нақты 2,3 есеге өсіп, 27,5 миллиард теңгеден
65,3 миллиард теңгеге жетіпті. Осы мерзім ішінде жоғары
қосылған құн салығы бар өнімдерді экспорттау
көлемі 3 есе ұлғайып, 28,2 миллионнан 91,7 миллион АҚШ
долларына жеткен. 2010-2012 жылдар аралығында «Бизнестің жол картасы
– 2020» бағдарламасы бойынша 383 жобаға қол
қойылған. Екінші деңгейлі банктер және лизингтік
компаниялар тарапынан жалпы көлемі 18,3 миллиард теңгенің
несиесі берілген, соның 1,6 миллиард теңгесін немесе 9 пайызын мемлекеттік
қолдау қаржысы құрайды. Ал жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындарды ынталандыру мен қолдаудың
кешенді құралдары бар «Өнімділік – 2020» бағдарламасы
бойынша жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін лизинг
құны 2 есе арзандатылып, 150 миллионнан 75 миллион теңгеге
түсірілген. Алайда 2014 жылдың 1 қарашасына дейін бірде-бір
кәсіпорыннан өтінім түспепті.
Жеңіл
өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы
негізгі шараларын бағалау кезінде кәсіпорындар «Бизнестің жол
картасы – 2020» және «Экспортер – 2020» бағдарламаларының
тиімділігін орташа деп бағалады. Ал басқа бағдарламалар «дұрысы
тиімсіздеу» деп бағаланды. Сондықтан саланы технологиялық
жаңғырту, экономикалық саясаттың жүйелі
шараларын жүзеге асыру, білікті кадрлармен және мемлекеттік
қолдаудың жобалық жұмыстарымен қамтамасыз ету
қажет. Осы орайда бүгінгі күні жеңіл
өнеркәсіп кәсіпорындарын мақта, жүн және
ауылшаруашылық малдарының терілері сияқты шикізатпен
қамту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуі,
сондай-ақ қызмет көрсету-дайындау орталықтарын
құру қажет.
Жалпы, экономиканың
кез келген секторы сияқты жеңіл өнеркәсіп
саласының табысты жұмыс істеуі үшін де елдегі
макроэкономикалық ахуал, нарық көлемі, білім беру
жүйесі, инновацияны дамыту және басқа да баршаға
ортақ бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар керек.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Государственная программа
по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики
Казахстан на 2010-2014 годы -http://ru.government.kz/resources/docs/doc12
2. Материалы АО «Центр
аналитических маркетинговых исследований»,
Алматы, 2013г.
3.
Аналитический сборник Агентства по статистике Республики
Казахстан, Алматы, 2013г.
4. Материалы АО
«Казахстанский Институт Развития Индустрии», Астана, 2013г.
5. Интернет-источники
www.kaznex.kz