Т.ғ.к., Джолдасов С.К., а/ш.ғ.к. Естаев Қ.А., магистр Есенгельдиева П.Н.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Қазақстан

 

ТЕЗАҒАР

 

Соңғы кездері жаңа гидротехникалық құрылымдар салу кезінде, оның экономикалық тиімділігімен қатар, қоршаған ортаға әсері, яғни экологиялық ұтымды жақтарына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда, Қазақстан Респубикасындағы бұрыннан су мамандарын даярлайтын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің де ғалым-мамандары өз салаларында инновациялық жаңалықтар енгізуде. Солардың бірі, төменде ұсынылып отырған өнертабыс.

Бұл өнертабыс гидротехникалық құрылымдарға, соның ішінде бір деңгейден екінші бір деңгейге суды қауіпсіз ең қысқа жолмен түсіруге арналған құрылымдарға жатады, тезағарлар еңістік айырмасы үлкен көршілес екі құрылымды жалғастырушы ретінде де пайдаланылады.

Кіре беріс бөлігі - суағар, еңістікті науасы - тікбұрышты немесе трапеция тәріздес қималы және шыға беріс бөлігінің табаны каналдың ені бойынша кеңейтілген суұрма құдықтан тұратын [1] тезағар белгілі.

Аталған құрылымның кемшілігі - су жеткізуші канал мен тезағар науасының қосылған жері кең, енді болуы. Және тағы бір кемшілігі оның үлкенділігі, бұл өз кезегінде бетонды жұмыс көлемінің арттыруына әкеп соқтырады, сондай-ақ, еңістікті науаның ені үлкен болған жағдайда «жүгірмелі» толқындарды пайда болалы.

Техникалық негізі мен жететін әсеріне қарай өнертабысқа әлдеқайда жақын болып, [2] жасанды бұжырлығы бар тезағар жатады. Бұжырлығы, бір-бірінен 8 арақашықтықта орналасқан көлденең тік төртбұрышты тақтайлар түрінде, биіктігі  (бұжырлық шығуының биіктігі) тезағар науасынан тұрады. Канал түбіндегі бұжырлық  ені бойынша тұтас көлденең жолақпен орналасқан. Бұжырлығы жоқ тегіс жолақтың ұзындығы жоғарыда айтқанымыздай 8 тең. Мұндай бұжырлықты тезағарлар, өз санатында ең қарапайым түрлерінің бірі болып саналады.

Жоғарыда аталған тезағардың кейбір кемшіліктері бар. Атап айтқанда, жасанды бұжырлықтары қарапайым болғанымен, тезағар науасында өтім ұлғайып, жылдамдық пен арыны өскен кезінде, өзінің негізгі мақсаты арын күшін бәсеңдетуге шамасы жетпейді. Ал суда қиыршық және малта тастар сияқты қатты заттардың болуы, ағаштан жасалған жасанды бұжырлықтарды тез жарамсыз етіп, істен шығарады. 

Осы өнертабыстың техникалық жетістігі су энергиясын бәсеңдетудің сенімді әсері, конструкциясының қарапайымдылығы, материал қажеттілігінің аздығы, жұмыс істеу барысының сенімділігі мен оң әсерлігі және құрылымның ұзақ уақыт жұмыс істеу мерзімі, экономикалық жағынан тиімді болуы табылады.

Техникалық жетістікке жету, тезағардың шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаларға бекітілген көлденең бітік құбырларға, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте бұрын пайдалануда болған подшипникте бойлық қозғалып, айналып тұратын машина доңғалақтарының орнатылуымен іске асырылады.

Тікбұрышты қималы ағаштан жасалған кедір-бұдырлықтар орнына,   тезағардың шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаларға бекітілген көлденең бітік құбырларға, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте бұрын пайдалануда болған подшипникте бойлық қозғалып, айналып тұратын машина доңғалақтарымен алмастырылуы, жарамсыз болған доңғалақ түріндегі материалды тез әрі уақытты үнемдеп ауыстыруға мүмкіндік береді, экономикалық жағынан тиімді, жұмыстың көлемі мен уақытты үнемдеуге, су арынын бәсеңдетеді және гидротехникалық құрылым жұмысының әсерін жоғарылатады.

Суретте 1-фигурада тезағардың бойлық қимасы, ал 2-фигурада тезағардың жоспардағы, үстінен қарағандағы көрінісі көрсетілген.

Тезағар – кіру бөлігінен 1, еңісті транзитті науадан 2, шығу бөлігінен 3, шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген биіктігі алмағайып тереңдікке тең көлденең бітік құбырларға 4, бұрын пайдалануда болған су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарынан 5 тұрады [3].

 

Cурет - Тезағар

 

Тезағар былай жұмыс істейді. Су - каналмен тезағардың кіру бөлігі 1 арқылы еңісті транзитті науадан 2 өтіп, шығу бөлігіне 3 түсіп, шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген биіктігі алмағайып тереңдікке тең көлденең бітік құбырларға 4, бұрын пайдалануда болған су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарына 5 соқтығып, суды алып кетуші каналға түседі. Судың кинетикалық энергиясының бәсеңдеуі шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген көлденең бітік құбырларға бұрын пайдалануда болған, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарына соғылуымен жүзеге асады. Машина доңғалақтары шахматты тәртіпте орналасқандықтан, су күші машина доңғалақтарының бірінші жолағына соқтығысып майда ағысқа таралып, қайта жиналып, машина доңғалақтарының келесі жолағына қайтадан  соғылып, солай бірнеше рет соқтығысқаннан кейін, кинетикалық энергиясы төмендейді. Сондай-ақ, бүйірлік қабырғаларға бекітілген көлденең бітік құбырларға, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған подшипниктерде бойлық қозғалып, айналып тұратын машина доңғалақтарының ағысқа бойлық бағытта айналуының салдарынан да ағыстың жылдамдығы азаяды. 

Қолданыстағы техникалық құрылғыларды және мамандардың білімі мен тәжірибесін пайдалана отырып, ұсынылып отырған құрылымның жүзеге асырылуы мүмкіндігі зор. Өйткені, мұның конструкциясы өте қарапайым, бұрын қолданыста болған машина доңғалақтарын табу да, қиын шаруа емес және қаражат жағынан да тиімді, әрі тезағарда пайдаланылып отырған машина доңғалақтарын ауыстыру еш кедергілер келтірмейді. Және де, соңғы кездері аса көңіл бөлініп жүрген, қоршаған ортаны қорғау мен экология жағынан да, гидротехникалық құрылымдарды жобалаушылар мен падаланушылардың көңілінен шығады деп ойлаймыз.

 

Әдебиеттер

1.       Замарин Е.А., Фандеев В.В. Гидротехнические сооружения. М.: Изд. с/х литературы. 1954, С.137-141, С. 142-147.

2.       C.М.Слисский. Гидравлические расчеты высоконапорных гидротехнических сооружений. – М.: Энергия. 1979, С. 248.

3.       Джолдасов С.К., Джумабеков А.А., Есенгельдиева П.Н., Турдыгулов С.Д. Тезағар // Инновациялық патент №27758, 26.04.2012.