Т.ғ.к., Джолдасов С.К., а/ш.ғ.к.Естаев
Қ.А., магистр Қожамқұлова Г.Е.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ГАЛЕРЕЯЛЫ ТЕЗАҒАР
Кіре беріс
бөлігі - суағар, еңістікті науа тікбұрышты немесе
трапеция тәріздес қималы және шыға беріс бөлігі -
табаны каналдың ені бойынша кеңейтілген суұрма
құдықтан тұратын [1] тезағар
белгілі.Аталған құрылымның кемшілігі су жеткізуші канал
мен тезағар науасының қосылған жерінің
кеңдігі болып табылады. Және тағы бір кемшілігі оның
үлкенділігі, бұл өз кезегінде бетон жұмыстары
көлемінің артуына әкеп соқтырады, сондай-ақ,
еңістікті науаның ені үлкен болған жағдайда
«жүгірмелі» толқындар пайда болады.
Техникалық
негізі мен жететін әсеріне қарай өнертабысқа
әлдеқайда жақын болып, [2] қос зигзагты жасанды
бұжырлығы бар тезағар жатады. Тезағар қос
зигзагты бұжырлықты, бір-бірінен
(бұжырлық
қыры арасындағы ұзындық)
арақашықтықта, бұжырлықты тіс биіктігі
, зигзаг етіп орналасқан тік төртбұрышты
тақтайлар түріндегі науадан тұрады. Канал түбіндегі
бұжырлық ені бойынша
тұтас зигзаг (дұрыс ирелең) жолақпен орналасқан.
Жасанды бұжырлықты тезағардың кейбір кемшіліктері
бар. Жылдамдық қатты
жоғарылағанда сумен ауа қарпылып, науадағы
тереңдік әлдеқайда
өсіп, науа соңындағы ағын тереңдігі едеуір
өседі. Тезағар науасында өтім ұлғайып,
жылдамдық пен арыны өскен кезінде, өзінің негізгі
мақсаты арын күшін бәсеңдетуге шамасы жетпейді.
Техникалық
жетістікке жету, тезағардың шығу бөлігінің
табанына суұрма құдық орнына шығу бөлігінен
басталатын, беті ашық, еңістігі құбыр түбіне
дейін өсіп отыратын екі қатарлы галереялы, диаметрі алмағайып
тереңдікке тең, ағын бағытына қарсы жағында
құбыр түбінен шығу бөлігі табаны бетіне 450
шығатын тік қималы құбыршадан тұратын,
көлденең құбырды орнатумен іске асырылады.
Тік
төртбұрышты зигзаг тәрізді тақтайлар
түрінде жасалған бұжырлық орнына,
тезағардың шығу бөлігінің табанына суұрма
құдық орналасатын шығу бөлігінен басталатын, беті
ашық, еңістігі құбыр түбіне дейін өсіп
отыратын екі қатарлы галереялы, диаметрі алмағайып тереңдікке
тең, ағын бағытына қарсы жағында
құбыр түбінен шығу бөлігі табаны бетіне 450
шығатын тік қималы құбыршадан тұратын
көлденең құбырды орнату тезағар конструкциясын
қарапайым етеді, экономикалық жағынан тиімді, су арынын
галеяралы құбыр көмегімен бәсеңдетуге және
тезағар жұмысы тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.
Суретте
1-фигурада галереялы тезағардың бойлық қимасы, ал
2-фигурада жоспардағы, үстінен қарағандағы
көрінісі көрсетілген.
Галереялы
тезағар [3] – кіру бөлігінен 1, еңісті транзитті науадан 2,
шығу бөлігінен 3, тезағардың шығу
бөлігінің табанына 4 суұрма құдық орнына
шығу бөлігінен басталатын, беті ашық, еңістігі
құбыр түбіне дейін өсіп отыратын екі қатарлы
бойлық галереялы 5, диаметрі алмағайып тереңдікке тең,
ағын бағытына қарсы жағында құбыр
түбінен шығу бөлігі табаны бетіне 450
шығатын тік қималы құбырша 6 жалғанған,
көлденең құбырдан 7 тұрады.

Сурет
1 – Галереялы тезағар
Тезағар
былай жұмыс істейді. Су - тезағардың кіру бөлігі 1
арқылы еңісті транзитті науадан 2 өтіп, шығу
бөлігіне 3 енеді де, судың шамалы мөлшері
тезағардың шығу бөлігінің табанында орналасқан,
шығу бөлігінен басталатын, беті ашық, еңістігі
құбыр түбіне дейін өсіп отыратын екі қатарлы
бойлық галереяға 5 түседі де, диаметрі алмағайып
тереңдікке тең көлденең құбырға 7
үлкен жылдамдықпен кіріп, бұрандалы қозғалыс
жасай отырып, құбырдың ағын бағытына қарсы
жағындағы, құбыр түбінен шығу бөлігі
табаны бетіне 450-пен үш тармақ болып шығатын тік
қималы құбыршадан 6 сығылу күштері әсерінен
үлкен жылдамдықпен сыртқа шығып, бастапқыда
бойлық галереяға енбеген су өтімімен ұрынып,
ағынның кинетикалық энергиясын, өз энергиясын
сөндіруге жұмсайды.
Әдебиеттер
1.
Замарин Е.А., Фандеев В.В. Гидротехнические сооружения.
М.: Изд. с/х литературы. 1954, С.137-141, С. 142-147.
2.
В.C.Лапшенков. Курсовое и дипломное проектирование по
гидротехническим сооружениям. – М.: Агропромиздат. 1989, С. 92-93.
3.
Джолдасов С.К., Джумабеков А.А., Барнаханова
К.Т., Бимурзаев Н.К. Галереялы тезағар // Инновациялық
патент №27757, 26.04.2012.