ОӘД 37.035 (574)

 

ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДА патриоттық тәрбие құндылықтарын қалыптасТЫРУ

 

Магистрант Көбей Н.С.,

ғылыми жетекшісі п.ғ.д., Алметов Н.Ш

 

ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады

Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріліп, жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.

Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып айтты [1, 8б.].

Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.

ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы Алғашқы әскери дайындық сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау.

Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.

Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау үшін АӘД пәні мұғалім-ұйымдастырушыларына үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар жан-жақты білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт. Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелей отырып, оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп оты [2].

Қазіргі кезде тәрбиелік мән беретін көптеген мәселелерді қайта қарауды және жас өспірімдерді жалпы Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап етуде. Әсіресе, бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық, білім ғана емес, әсіресе өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды болып табылады.

Келешек  жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық  рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының  білім беру жаңа бағдарламасында, қоғамның, бүгінгі күнгі талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды.

Патриотизм - әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді. Патриоттық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып жатқан сезім болып табылады. Отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс»[3.] - деп патриотизм мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын. Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1      Жексенбаева У.Б Диалог-5. Основные направления обновления содержания образования // Учитель Казахстана. -2006, 11 декабря. – С. 8.; Сарыбеков М.Н. Актуальные проблемы подготовки педагогических кадров в условиях перехода на 12-летнее образование // Научное обеспечение функционирования 12-летнего среднего образования. Сборник Международной научно-практической конференции Алматы. – 2007. –С. 17-21.;

2      Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2009-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» журналы. №9, 2010 ж.

3. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14 Желтоқсан 2012.