ӘӨЖ
801.66 (03)
5-СЫНЫП «ҚАЗАҚ ТІЛІ» САБАҒЫНДА
СИНОНИМДЕР СӨЗДІГІМЕН
ЖҰМЫС
ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ
п.ғ.к.,
доцент Б.У. Курбаналиев, С.Ж. Мырзамуратова
Ә.
Болғанбаевтың «Қазақ тілінің синонимдер
сөздігі» екінші рет 1975 жылы жарық көрді. Бұл
сөздік мұғалімдер мен оқушыларға арналған
болатын.
Осы сөздікке
арналған бірнеше ғалымдардың пікірі газет беттерінде
жарияланды. Атап айтсақ, Ш.Ахметов, А.Ибатов, Жумашев, О.Мусин,
А.Дербишалиевтардың мақалаларында осы сөздіктің
жетістікері мен кемшіліктері айқын айтылды.
5 сыныптың
«Қазақ тілі» оқулығында оқушылар «синоним» деген
ұғыммен танысады. Бастауыш сыныпта олар «мағынасы жуық
сөздер» ретінде таныс болатын.
Оқушыларды синонимдермен мына кесте
арқылы таныстырамыз.
Содан соң олар
ережемен оқулықтың 32 бетін оқи отырып танысады.
Синонимдік қатарды
табу оқушыларға қиын соғады. Сол үшін біз
оқушыларды синонимдер сөздігімен жұмыс жасауды
қалыптастыруымыз керек. Ол үшін синонимдер сөздігін
оқушыларға таратып береміз де, оның
лұғаттық мақаласымен таныстырамыз (Айта кету керек, синонимдер сөздігі
жоқтың қасы. Оқушыларды сөздікпен қамту
үшін, біз оларға сөздіктің көшірмесін таратамыз –
ксерокөшірмесін).
Бұл сөздік
1302 синоимдік қатарды қамтыған. Әрбір
қатарға қазақ, орыс және шетел
әдебиеттерден мысалдар келтірілген. Сол сөздіктен мысал келтірейік:
Мұғалима Керімбала рояльдің
тілдеріне нәзік саусақтарын жүгіртіп ойнай бастады (Омаров).
Оқытушы өз оқушыларына ақылшы,
тәрбиеші болу арқылы да үлгі болуы керек (Көбеев).
Талайдан бері жас буынды
тәрбиелеген педагог адамның жан-күйін білуге
үйренген (Сыланов).
Ұлы ұстазымыз,
қырағы басшы, қымбатты жолдасымыз қайтпас жолға
сапар шекті (Майлин).
Енді біз
оқушыларды синоним сөздігінің лұғаттық
мақаласымен таныстырамыз:
|
|
|
Иллюстративтік мысал |
Біз осы жұмысты тиімді орындау үшін
оқушыларға төмендегідей жұмыстар орындатамыз:.
![]()
![]()
![]()
![]()





Сода
мұғалім,
оқытушы, педагог, ұстаз
I.Оқушыларды
сөздікпен жұмыс жасауға үйрету мақсатта, біз
оларға мынадай тапсырмалар береміз:
1.Төмендегі
сөздерге синоним тауып жазыңдар: бостандық, боз, үлкен,
сәлемет,қол алысу.
2. Ұждан
деген сөзге синоним тауып жазыңдар.
3.
Әшекейлеу сөзінің синоинмін табыңдар.
4. Бала
сөзінің синонимдік қатары неше сөзден тұрады?
5.
Сөздіктен синонимдік қатары 31 сөзді құрайтын
сөзді табыңдар.
6.
Сөздіктен синонимдік қатары 10-12 сөзді құрайтын
сөздерді табыңдар.
II.
Синонимдердің құрылымын еске салу мақсатта біз мынадай
тапсырмалар береміз:
1.
Сөздіктен лексикалық синонимдерді (жалпы мағыналы
сөздер) тауып жазыңдар.
2.
Сөздіктен стилистикалық (мысалы, көз-әдеби тілде, ал
көз жанары- бұл жерде басқа стилде қолданып тұр
деген сияқты) синонимдерді тауып жазыңдар.
3.
Сөздіктен контекстуалдық (мәтін ішіндегі сөздер) синонимдерді
тауып жазыңдар.
4. Азат, бағыт, жалған
сөздердің доминантын (синонимдік сөздердің
қатары) тауып жазыңдар.
III. Тапсырмаларды
орындап болған соң оқушылар төмендегідей
жаттығулар орындайды:
1.Қарамен жазылған
сөздердің синонимін тауып жазыңдар:
Әбден түймелеп, мундирді
нәшіне келтіріп киіп алған кезде, қоқырайған, қызыл жиекті жаңа
қажының бұғағын бұрынғыдан да
төмен түсіріп, ісіндіріп жіберді. Басына түріктің көк қара шашақты
қызыл пәсін (биік тақиясын) киді. Сөйтті де,
айнаның алдында ерсілі-қарсылы жүріп көрді.
Сол күнгі байшыл романтик кәрі «Асан-қайғы»
түркі шайырының бір ауыз өлеңі есіне түсті.
2. Мына сөйлемдерде
нүктенің орнына синонимдерді қойып жазыңдар:
Тоқпағы
күшті болса, киіз қазық жерге ... (Мақал). Жаздың көркі ... жыл қысымен, Жайраңдасып жаз
келер құрбысымен (Абай).
IV.Енді біз
оқулықтағы тапсырмаларға көшейік.
Мына
жаттығуларды орындау барысында оқушыларды синонимдер сөздігін
қоладануға жұмсаймыз:
83-жаттығу. Көп нүктенің орнына
бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып жазыңдар.
Мен 1989 жылы
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би
ауданының Боралдай ауылында ... .
Отбасымызда үшінші бала болып ... мені ата-анам үлкен
қуанышпен қарсы алыпты. Өйткені менің .... атам мен
әжемнің 60 толған мерейтойларына тарту секілді қабылдаған
екен. Сондықтан да үй ішіме «ақжолтай бала» атаныппын.
Қазір менің жасым 11-де. Өзім ... жерді, елді
қастерлеуді, өскен ортамды сыйлауды парыз деп санаймын.
84-жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін
сөздіктен тауып жазыңдар. Синонимдерге сөзді де,
тұрақты тіркесті де алуға болады.
1. Дәрігер,
футболшы, ұста, тракторшы, мұғалім.
2. Жазу,
қорқу, үрейлену, қуану, мақтану.
3. Шебер, әзір болу, сыйласу, көп
сөйлеу, ажарлы.
85-жаттығу.
Төмендегі сөз тіркестерінің синонимдерін сөздіктен
тауып жазыңдар.
1. Жүрегі жарылу,
бүршік жару, бос сөйлеу, биіктен төмендеу, күдік
келтіру.
2.Ауқымы
кең, жүзі жылы, тас жүрек, береген адам, әдепті бала.
V. Тірек
схемалармен жұмыс:
1. Тірек схема бойынша лұғаттық
мақаланы (словарная статья)табыңдар:
|
Синонимдік қатар
|
|
Иллюстративтік мысал |
А)
|
Синоним |
|
Синонимдік қатар |
|
Қолдану стилі |
Б)
|
|
|
Синонимдік қатар |
В)
VI.Тестімен жұмыс
1.Синоним
дегеніміз
А.қарама-қарсы сөздер
В.дыбысталуы әр басқа, мағынасы
жақын сөздер
С.тұрақты сөз тіркестері
Д.сөзді әртүрлі мағынада
қолдануы
Е.айтылуы бірдей, мағынасы бөлек
сөздер
2.Зат
есім синонимдерді тап
А.шыдам, сабыр
В.есепсіз, сансыз
С.ескі, көне
Д.бойшаң, сұнғақ
Е.беймаза, мазасыз
3.Синонимдерді
тап
А.көз, қас, бақ
В.ол, саған, біз
С.алыс, қашық, шамай
Д.оннан бір, үш
Е.кеше, ертең
4.Синонимдік
қатарды тап
А.қыс, жаз
В.күз, көктем
С.соқ, күз, түс
Д.мекен, жету
Е.әдемі, сұлу, көрікті
5.Синонимдік
қатарды тап
А.жағымпаз, жарасақ
В.күндіз-түні
С.жаңғыру, бұрталу, жетілу
Д.жиылыс, жиын, табыс
Е.кейде, кеден, кезең
Жоғарыда
берілген тапсырмалар оқушыларды синоним сөздігімен жұмыс
жасауға үйретеді. Ал синоним сөздігі оқушылардың
тіл байлығын арттырады, сөзді талғаммен қолдануға
үйретеді. Сөздік қорын молайтады.