Инновациялық білімдену
технологиялары
Дәстүрлі білім беру білім алушылардың
кәсіби-тұлғалық, толыққанды, өз
күш жігерін терең білім негіздерін беруге бағыттайды.
Студенттің тұлғалық
потенциалы ерекше атап өтерлік ахуал, болашақ мамандарды
жалпы даярлауға, кәсіби әрекетке бағыттауға
бұл ерекшеліктердің мәні зор. Атап өтерлігі, және
тулғаның бөлім парадигмасына көзқарасы талап
үдесінен шыға білуі тиіс. Білім берудің
жинақталған құндылықтарын нысанға алумен
қоса, дәстүрлі сабақ жүйелерімен бірге
оқытудың сапалы, жаңа технологиясын қолдану да басты
назарда болмақ. Бұндай технологияның өзегі мынада –
студенттердің шығармашылық потенциалын жетілдіру,
тұлғалық қабілет-қарамын нығайту (өз
көзқарастарын мәселелік сауалдарға қатысты
білдіру; қарастыралатын ғылымның мәніне-өзегіне
байлау, меңгерілетін мамандықтың өзектілігіне
көніл бөлу; саналы іріктеу жасай алып, ғалым мен
жаңалық иесінің үлесін бағалай алған
жөн, өз кәсіби әрекеттерінде басқару шешімдерін
шығаруға дағдыманың, жауапкершіліктерін жетілдіруі
тиіс.
Бір ғылым бір оқулық сапасында
жинақталса, оны біздер бір модель, үлгі ретінде қабылдаймыз.
Бұл үлгінің өзі бірнеше ірі және олардың кіші тақырыптарына жіктеледі.
Осындай жіктемені бір-бір модельге салу, әр модульді блокқа
түзу бүгінгі білімденудің инновациялық технологиясына
сай іс-әрекет демекпіз. Ал әрбір модульден кейін кредитті
технология талабы бойынша зерттелім сұрақтары мен тапсырмалары
ұсынылады. Егер бұны ғылым сапасына бернелесек, рейтинг
сұрақтарын тізбелейтіні сөзсіз. Жоғары мектепте рейтинг
сұрақтарын дұрыс құра білу студенттердің
ішкі интеллектуалды әлеуетін дамытуларына мүмкіндік беру дегенді
іске асырады. Рейтингі жүйесіне бейімделу іскерлігін тексеру комбинациясы
білім тұтастығының бірлігінде үш түрлі типпен
жүзеге асырылады. Біріншісі – пән аймағының
ауқымы. Екіншісі – компьютермен тексерудің амалдары мен
ауқымы. Үшіншісі – студенттердің ақыл-ой,
бағамдарының деңгейі мен тәртібі. Мұндай
комбинация оқыту жүйесінде интеллектуалды әлеуетті
өркендету сыңайында өзін-өзі ақтарлық
дәрежеде орындалмақ. Олай болмаған жағдайда
құрғақ даурықпа сөз, сөз
тіркесінің жиынын құрап, студентті мамандығына
бағдарлау жұмысы атқарылмай қалады.
Студенттердің ішкі интериоризациясын, интеллектуалды
оқу жүйесін нәтижеге бағдарлау компьютерді жаңа
дидактиканың белесіне көтеру мақсатында қолданылады.
Оқытудың бұл түрі екі жақты сұқбатты
қамтамасыз етіп, студенттердің бір-бірімен байланысын іске асырып,
іс-әрекеттің жоспарлы, мақсатты жүруіне
қозғаушы күш болады. Оқытудың жаңа
технологиясы деп саналатын модульдік-рейтингі жүйесіне бейімдеу
және оны бағалау педагогикалық қарым-қатынасты
ұйымдастырып, әр студенттің психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктерін оқу іс-әрекетінің жетістігіне жету
мақсатында ескеріп өткізу әдеттегі сараптамадан
әлдеқайда күрделі амал. Оқытудың жаңа
технологиясы модульдік-рейтингі оқыту
моделінің динамикалы құрылымын құрайды.
Мұнда әр студент белгілі бір зерттеу нысанына қатысы бар
ғылыми мәліметтер жинап, оған өзінше тұжырымдар
береді. Оқытудың жаңа технологиясы модульдік-рейтингі оқыту
төмендегі
құралдардан тұрады: 1. Сараптау жүйесі пән
аймағының міндетін шешуге бағдарлау; 2. Студенттердің модульдердегі
блоктарды құрастырудағы үлгілерін сараптан
өткізу; 3. Оқыту стратегиясының генераторы мен оны іске
асырудың ОЖТМРЖ (оқытудың жаңа технологиясы
модульдік-рейтингі жүйесі) әрбір
оқытушының қызметін үлгілейді және оны жаңа
тәсілдерді оқу қызметінде қолдануына басшылық
жинайды. Бүгінгі таңда өркениетті озық елдердің
қатарына қосылудың бірден-бір қозғаушы күші
ақпараттық технология екеніне әлем ғалымдары
дәйекті фактілерді келтіріп жүр. ОЖТМРЖ білім беру
кеңістігінде оқыту мазмұнын сапалық көрсеткішке
сай өзгертуге бірден-бір ұтымды нысан. Оның басымдығы:
1) оқытудың қарқындылығы мен
ұшқырлығы; 2) оқыту үрдісінің жекешеленуі; 3)даралық
болмысты кәсіби-мазмұндық сапада дамытуы. ОЖТМРЖ
амалының қызметін бағалау мақсатында оның
өлшенуі құрылып, «дидактикалық функция» деген
ұғымды іске асырады. Мұның өзі әрбір
нақтылы пәннің
ғылыми сипатын айқындауға бірден-бір қажетті
нысан. Ақпараттық технологияның басты өлшемдігі ретінде
мыналарды атауға болады: ақпараттық; трансформациялау; бекіту
және өзін-өзі басқару; өзінің біліктілігін
өзіне арттыру; интеграциялау; үйлестіру, тәрбие-тәлімді
білім мазмұны арқылы өркендету. Аталған өлшемдік
параметрлері вербальді сипатта болғанымен, ОЖТМРЖ сипатын оқыту
барысында сипаттауға ең ұтымды амал деп есептейді.
Жоғарғы оқу орнында әрбір ғылым саласының
басты бір пәнінің модульдерін тексеру сапасында ақпараттық
технология ретінде тест жүйесі тәжірибеде тиімді қолданылып
келеді. Бірақ тесттің құрылу сапасы білім
мазмұнының стандарт шегіндегісімен сәйкес келе бермейтіні
сараптау қорытындысында
байқалды. Егер осы кемшілікті болдырмасақ, онда ақпараттық
технология меңгеруге тиісті бағдарламаны толық білуге
студенттерді құлшындыра түсетіні тәжірибе барысында
аңғарылды. ОЖТМРЖ-ның
оқыту-бақылаушы жүйе сипатында бірқатар
талаптарды жіктеп өлшеуге болады: 1. Дара тұлғаның
кәсіптік-мәнділік сапасын дамыту, құзыреттілікке
ынталану қабілетін ұштау (жүйенің мақсаты); 2.
Дағды, икемділік пен мамандыққа қажетті біліктілікті
меңгеру (оқыту мазмұны); 3. Студентке пәнге
қатысты тапсырма беру; 4. Студенттің іс-әрекетін
бақылауды қамтамасыз ету; 5. Студенттің мақсатқа
жету деңгейінен ақпарат алу; 6. Студент қызметінің
өнімділігі туралы мінездеме берерлік тапсырма құру; 7.
Студент қызметінің қажеттілігін айқындайтын талаптарды
іске асыратын тапсырма беру; 8.
Студенттің сыртқы іс-әрекетін ұйымдастыру. ОЖТМРЖ кешенді дидактикалық және ақпараттық
құралдар ұсынып, оқу үрдісін автоматты
дәрежеге жеткізеді. Оқыту міндеттерін
біртұтас дидактикалық жүйеде шешіп, оның өте
ұтымды, зерделі нәтижеге бағдарлауына түрткі болады.
Ақпараттық технологияның басымдық тұсы адам факторына
бағдарлануы деп қабылданады. ОЖТМРЖ төмендегілерді іске
қосады:
1. Болашақ мамандардың қызметін
кәсіптік деңгейде меңгеруі оқыту мақсаты
пәннің ғылыми құрылымымен, оқулық
арқылы дамытылуы; 2. Кәсіптік деңгейдің міндетін шешуде
студенттердің интериоризациясын жүзеге асырудың жүйесі
ретінде автоматты бейімділікке баули оқытуды бақылау модульдік-рейтинг
сапасында өткізіледі; 3. Бақылау нәтижесін автоматты
жүйеге түсіру мақсатында
өлшемдік-бағдарлық
тестісін қойма түрінде біліктілікті бақылау
жүргізіледі.
Компьютерлік сұқбатқа түсу
үшін студенттерде мынандай жағымды қылықтар дамытылуы
көзделеді: 1) шыдамдылық (толерантность); 2) достық,
ынтымақтастық; 3) біріне-бірі төзімділік көрсету; 4)
шаршамау. Компьютерлік диалог әр студенттің өзіндік ішкі
интеллектуалды әлеуетін жасқанбай бағалануына, өзі
туралы бағаны әділ-ақиқат нұсқасында беруге
төселеді. Мұның өзі адамның жалған
ұстанымға ұрылуынан сақтандырады. Сөйтіп,
әр студент өзінің тұрақты кәсіби
деңгейінің құнын білетін дәрежеге жетіледі.
ОЖТМРЖ мына түзілімдегі дидактикалық
қызметтерді іске асырады: ғылыми тілдегі нысандарды студенттер
интератациядан өткізеді; жобалайды, өзін-өзі бақылау
арқылы сол білімді кәсібіне бейімдейді, кері байланысқа
түседі, «кешенді оқу іс-әрекетті» төмендегі
сапалық көрсеткіштерге қол жеткізеді: 1. Бұрынғы
толып жатқан «іс-қағаздарын» толтырудан гөрі
білімнің қоймалы «траектория» арқылы бөле отырып, ол
«рейтингімен» тексеріліп, әрбір студент өзінің болашақ
мамандығына даярлық динамикасын есептей алады; 2. Әр студент
өзінің ғылым меңгеру деңгейін тестпен тексеріп,
болашақта жобада қалуы жайлы сенімі пайда болады, немесе керісінше;
3. Тесттен нашар
өткендегі нені меңгермегені жайлы нақтылы
ұсыныс-кеңес алады. Автоматты бейімділікке
оқытуды ұйымдастырудағы оқу іс-әрекетінің
тапсырмаларын таңдау оқытудың автоматты курсын өткізу
іс-әрекеті көбінесе есептеу техникасыз өтеді. Мұның басты себебі барлық
бақылау-рейтинг жүйесін есептеу техникасына салу
оңайлыққа түспейді. ОАК дидактикалық
құндылықты компьютер арқылы көрсетіп,
оқытудың автоматты бейімделу сипатын іске асырады. Алгоритмдік амал
сонау Л.Выготскийдің заманынан бері тұлғалық болмысты
дамытудың екі аймағын іске асырып келген.
1-аймақ дамудың өлшемдігі –
тапсырмаға сай келеді. Бұл тапсырманы студент өздігінен
орындайды. Мұндай тапсырманы орындауда білімдену амалын
қолданудың қажеті жоқ. 2-аймақ тапсырманың
жақын алаңын меңгеру – бұнда студент бейімделу амалын
қолданады. Білім мазмұнының жақын алаңын табу –
бұл тапсырманың басымдығы. Бақылау іс-әрекетін
модульдік-рейтинг бағалау тұрғысында жүргізудің
талаптары: 1. Оқытуды біліммен қорландыру іс-әрекетін
кәсіби бағдарлыққа бағыттап даярлау; 2.
Кәсіптік даярлықты қамтамасыз етер тапсырмалардың
мақсаты мен міндетін оқытудың білім мазмұнына сәйкестендіріп
бейімделу; 3. Белгілі бір мамандық алу үшін меңгеруге тиісті
оқу іс-әрекетінің ақиқаттығымен
бақылауды педагогикалық өлшем негізінде өткізу. Бұл
ғылыми тұжырымдардың негізін қалаған Э.И.Лузин.
Киевтің халықаралық университетінде азаматтық авиация
жүйесін зерттеу нәтижесінде дәлелдеген. Ал біздер
Қазақстан Республикасының білімдену инновациялық
технологияларын зерттеу іс-әрекетін негізге ала отырып,
Э.И.Лузиннің кейбір тиімді деген ілімдеріне талдау жасап, оны
Отандық ғылыммен байланыстырдық. Бақылаудың
бейімделу амалынсыз, оның автоматты жүйеге негізделмей,
бақылау рейтингімен тексеру 90-жылдардың аяқ кезінде
тәжірибеге енгізілген. Бірақ АБЖ толық қарастырылмай,
бірлі-жарым ғалымдардың жекелеген тұжырымдары ғана
жарияланған еді. Ақпараттық технологияның автоматты
бейімделу технологиясына негіздеуі нәтижеге бағдарлайды. Мәселені шешу,
қарама-қайшылықты табу, өзектілігін дәлелдеу –
педагогика ғылымының бөлінбес бір маңызды тұсы.
Бірақ барлық өтілетін сабақтарды проблемалық нысан
деп айтуға болмайды. Оның негізгісі - білім мазмұнындағы мәселелердің
шиеленісі мен оны шешу үдірісінде қолданылатын ең
ұтымды амалдар мен тәсілдердің жиыны.
Проблемалық оқытудың
құрылымы төмендегі әдіснамалық амалдардан
тұрады: 1) Зерттеуге қатысты нысанды өзектендіру; 2) Проблемалық ситуация туғызу; 3)
Оқу проблемасын шығару; 4) Проблемалық мүмкіндіктерді түзеу; 5) Проблема шешімін парасатты
іс-әрекетпен табу (зерттеудің болжамын құру, оны
дәйекті фактілермен дәлелдеу, әрбір болжамның іздерін
жинақтау); 6)
Проблемалық шешімін тексеру және оны қайталау.
«Проблемалық жағдай», «Оқу
проблемасы» және «Проблемалық міндеттер» аталған
технологияның негізгі қолданатын ұғымдары, тірек
сөздері. Проблемалы ситуация – тұлғаның белгілі бір
оқу іс-әрекетіндегі бастан кешірген қиын сәті, оны
шешудің жаңа жолдарын тауып, біліктілікті жаңарту ізденісі
мен зерттеу бағытындағы жаңа тәсілдердің туы.
Проблемалық ситуация – ойлау, бағамдау іс-әрекетінің
таусылмас қайнар көзі. Бірақ бұндай түйінді
сөзді барлық педагогикалық қиындық
туғызған нысанды ойлау қабілетін танытады деген сыңайда
қабылдамаған орынды. Әу баста студенттің
қарастыратын мәселесіне тиісті білім қоймасы жоқ болса,
онда ешқандай проблемалы ситуацияның парасатты іс-әрекетке
әсері бар деген жинақтыққа апарады.
Мұнан басқа, проблемалық
ситуацияның тууына мыналар себеп болады: 1) Жаңа тәжірибе барысында студент өзінің
бұрынғы меңгерген білім қорын пайдаланудың
қажеттілігін түсінген жағдайда; 2) теориялық білімді
тәжірибеде қолдану мүмкіндігінің шектеулілігін
түсінгенде; 3) қарама-қайшылықты шешуде
практикалық қабілеті жетілгенмен, теориялық
біліктілігінің жетімсіздігін байқағанда; 4) егер студент
қойылған міндеттерді шешудің тәсілдерін білмегенде
және оған жаңа фактімен негіздеме бере алмағанда,
мұны шешуге бұрынғы білімнің кәдеге
жарамағанын байыптағанда.
Оқу проблемасы – бұл проблемалық
ситуация, іздену тәжірибесінің қалануы. Оқу проблемасы
зерделеу, зерттеу іс-әрекетін қамтамасыз ету мақсатында
қойылған сұрақтар жиыны. Шешімнің
көптүрлілігі жүзеге асырылады. Проблемалық міндет –
оқу проблемасын шешуді көздейтін нысан. Проблемалық міндетке
мынандай тапсырма жатады: нағыз батыр Қобыланды ма, Алпамыс па?
(Егер мұндай сұрақ бұрын студенттерге таныс болмаса,
проблемалық міндетке жатады). Проблемалық міндетке
студенттердің шығармашыл ойлау мүмкіндігі
төмендегілерді іске асырады: 1. Танымдық проблемалы шешудің
нұсқаларын ұсынады және болжамын айтуға
ынталандырады; 2. Жобалы теориялық және практикалық іс-әрекет
сапасында тексереді; 3. Танымдық құрастырады.
Проблемалық оқытудың әдістері оқытудың
проблемасын шешуге біздер жасайды. Оқыту мен оқу проблемасын
қарастырады. Оқытудың
проблемасы студенттердің іс-әрекетін алдын-ала
қарастырылған мәселенің шешімін жүйемен
табудың шарттылығын
қамтамасыз ету тұрғысында ұйымдастырылады.
Проблемалық оқу студенттердің қызметі шығармашылық бейімділікте
ұйымдасуының тәсіл-амалдарына талдау жасау тұрғысында
өткізіледі. Болжамды шешудің негіздері мен дәлелдері
айқындалады.
Педагогикалық тәжірибеде проблемалық
оқытудың үш түрлі әдістері іс-әрекет
жүйесіне тірек болады: 1)Оқу материалын проблемалық
деңгейде ұсыну; 2) ізденістілік; 3) зерттеушілік.
Оқу материалын проблемалық маңызда
ұсыну әр студенттің ғылыми түсінігін оятып,
шындықтың жүзін айқындауына мүмкіндіктер туады.
Студенттердің ішкі қайшылығын туғызып, оған
нақтылы да нұсқалы жауап табуға қолайлы
жағдай туғызады.
Проблемалық оқытудың ең
негізгісі – оқу материалын бинарлық үдірісте жіктеп алу. Оқытушы-профессордың
іс-әрекеті:
1.Оқылуға тиісті материалды өзектендіру;
2.Міндеттерді жіктеу;
3.Проблемалық ситуация құру;
4.Оқу проблемасын түзеу;
5.Ғылыми негізді демокрациялау;
6.Ішкі қайшылықты ашу;
7.Болжамды талқылау, оның шешімін дәлелдеп айтып беру;
8.Сараптау алаңын дәлелдеу;
9.Қорытындыны жіктеу және жинақтау.
Ізденістік әдісте студенттер
өздерінің өздік жұмыстарының жемісін
оқытушы-профессордың басшылығымен іске асырады.
Студенттердің проблемалық мазмұнда
оқу үдірісін бинарлы сипатта құруының
мүмкіндігі:
1) Бұрынғы меңгерген білімін қайта жаңғырту;
2) Мақсатты түйсіну;
3) Проблеманы ұғу;
4)Логикалық жүйемен құрылған мазмұнды тыңдау және оны қайталап айтып беру;
5)Оқытушы-профессордың кейбір сұрақтарына жауап беру; 6)Эксперимент нәтижесіне тілектес болу;
7) Кейбір жаңа қадамдарға риза болушылық;
8) Байқау, фактілерді еске сақтау, қорытынды шығару.
Ал ізденісті әдістерді бинарлық іс-әрекетте ұтымды пайдалану студенттердің іс-әрекетімен тікелей байланысты. Бинарлық ізденісті іс-әрекетті студенттердің нәтижеге бағдарлауы үшін төмендегілерді ескергені жөн:
1.Проблемалық ситуацияны қабылдайды;
2.Проблеманы ұғады, оның міндетін шешеді;
3.Негіздемесін ұсынады;
4.Тексерудің жоспарын құрайды;
5.Міндеттерін шешеді;
6.Қорыту, тұжырымдауға үлес қосады;
7. Зерттеушінің сұрақтарына жауап беріп, міндеттерін шешеді;
8. Үйге тапсырма алады.
Қорыта
келгенде, аталған технологиялардың барлығы да жоғары
оқу орнында кредиттік оқу жүйесімен бірге еңгізілсе, онда жоғары оқу орнында
оқитын студенттердің білімділігін арттырар еді.
Қолданылған әдебиеттің тізімі:
1. Правила кредитной системы
обучения (Проект). - Астана: МОН РК, 2003. – 20 с.
2. Инновации в образовании: сущность и социальные механизмы
(социологический аспект). - Ростов-на-Дону: НМЦ «Логос», 2005. - 136 с.
3. Қаменов М.Р.,
Игнатаева О.И. Инженерлік графиканы оқыту нәтижесін
арттырудың кілті – сабақты студенттердің жеке
қабілеттерін ескере жүргізу (Ғылыми-әдістемелік
еңбектер жинағы. – А., 1994)
4. Набиев Ы.Жоғары
оқу орындарын студенттерін графикалық тұрғыдан
даярлаудың дидактикалық негіздері.// Ғылыми
ред.басқарған Ә.П., Сейтешев.-А., 1995
5. Асанов Н.У.
Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін
басқарудың педагогикалық негіздері. – Алматы, 2004. - 364 б.