ҚАЗАҚ
ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Ашамаева
Г.Ж., Ашамаева Б.Ж.
Қарағанды
облысы, Абай ауданы, Ақтасты орта мектебі
Қазақстанның
экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын,
әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де
мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат
тәрбиелеп шығару - бүгінгі мектеп, ұстаздар
қауымының міндеті. Адамзат ұрпағымен мың жасайды
дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де
халықтық мәселе болған. Тарихта айтылғандай:
дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.
«Қазіргі заманда
жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте
қажет»,- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев[1] атап көрсеткендей, ұлттық
мектептерімізде жаңа типпен білім беруді жаңаша әдіс-
тәсілмен жүргізу керек. Яғни білім беру технологиясын
өзгерту қажет. Қазіргі педагогика теориясы
жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны
жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа
технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясын
жете меңгеріп, оны оқушылардың жас және
психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың
маңызы зор. Педагогикалық технология ұғымы
іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып,
практикаға енуде.
Кез келген технология
мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен
педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне
білетін психолог болуды талап етеді. «Ұстаз өз тарапынан
қашанда барынша ынталылық пен табандылық көрсетуі
керек. Өйткені бұлар құдды жұрт айтатын,
тамшысымен тас тесетін су сияқты»,- деп Әл-Фараби атамыз
айтқандай, қазіргі кезде мұғалімнің
мамандығы ең жауапты, ең қадірлі болып табылады.
Мұғалімге қазір ең ауыр міндет жүктеліп отыр. Осы
міндетті әрбір мұғалім көп ізденіп алдына міндет,
мақсат қойғанда ғана атқара алады.
Технология - шеберлікпен өнім
алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен окыту. Осы мағынаны
негізге ала отырып, И.П. Волков, М.В. Кларин, Б.С. Блум, Б.Т. Лихачев, В.М.
Шепель және т.б. ғалымдар оны оқыту, білім беруге
қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, анықтамалар
берді.
Педагогикалық
технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу,
оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі –
бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Мұның
өзі оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығының артуына, біліктілігінің, пәннің
идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап,
тебірене қабылдауға мүмкіндік туғызып,
оқырмандық белсенділіктерін арттырады[1, б. 182]. Сондай-ақ,
оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу
әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін
түсініп-тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болады.
Әртүрлі пәндерден қызықты идеяны алып зерттеу,
оқушыларға дүниені тұтастай қабылдауға
көмектеседі. Демек, жаңа идеяны зерттеу барысында оқушылар
өз білімдерін жетілдіреді. Ал соның нәтижесінде бастауыш сынып
оқушыларының білім көрсеткіштері көтерілері
сөзсіз.
Осындай жауапты міндетті шешуде
өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді,
парасатты, ата-бабасының әдеп-ғұрпын,
салт-дәстүрін бойына сіңірген ұрпақты
тәрбиелеуде педагогикалық технологиялардың алатын орны
ерекше.
Оқыту технологиясы мектепте
оқу процесіне қажетті амал, тәсіл, әдіс,
дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық
іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Былайша
айтқанда, педагогикалық технология-оқу-тәрбие
үрдісінің шығармашылықпен терең
ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі
оқыту мен тәрбиенің тиімділігн қамтамасыз ететін
жаңа құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде білім беру
үрдісінде 50-ден астам жаңа технология қолданады екен.
Сондықтан, біз оқу процесінде технологияны пайдалануды жөн
көрдік. Бірақ, бастауыш сынып оқушыларына аталған
50-ден астам технологияның ішінен, біз деңгейлеп оқыту
технологиясын пайдалануға тоқталдық.
Деңгейлеп
оқыту технологиясы мұғалімнің де, оқушының
да белсенді шығармашылық қызметін дамытатының сурет 3
көруге болады.


Сурет 3
Мұғалімнің де, оқушының да белсенді
шығармашылық қызметін дамытуға деңгейлеп
оқыту технологиясының тиімділігі.
Осы деңгейлеп
оқыту технологиясының ерекшелігіне сүйене отырып, оның
тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:
-
дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын
арттырады;
-
оқушылардың ойлау қабылетін жетілдіріп, білім сапасын
көтереді;
-
пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады.
Осы технологияның
арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты
талдауға, өз ойын ашық айтуға үйренеді[2].
Сонымен, аталған
педагогикалық технологиялар бастауыш мектепте оқу процесінде
қолдану барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларын
қалыптастыруға септігін тигізеді. Бірақ, оны қолдануда
бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп,
сабақтың тақырыбына байланысты қолдану керек.
Деңгейлеп оқыту технолгиясын пайдаланудың жолдарын
анықтап алу керек. Сонымен қатар, 2-сынып оқушыларына
денгейлеп оқыту технологияны қолдана отырып, тақырыпқа
сәйкес денгейлік тапсырмалар жиынтығын жасадық.
Сабақтың
тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың
мақсаты: 1. Оқушыларға
сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлемнің
құрамындағы сөздердің бір – бірімен байланысты
болатындығы, сөйлемнің соңынан қойылатын тыныс
белгілері туралы ұғым қалыптастыру.
2.Оқушылардың сөйлеу тілін
дамыту. Сөйлемдергі сөздердің байланысы туралы пысықтай
отырып, сөйлем
құрастыру дағдыларын дамыту.
3.Сөйлемнің айтылуына қарай
қойылатын тыныс белгілері туралы ұғымды қалыптастыра
отырып, алған білімдерін
пысықтау кезінде өзара достыққа, көмекке
тәрбиелеу.
Денгейлік
тапсырмалар жиынтығы
I
деңгей
1.Төмендегі сызбаға сәйкес сөйлемдер
құрап жаз.
![]()
0 .
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
?
!
![]()
![]()
![]()
2.Әр жолдағы сөздерді оқып,
сөйлем құрап жаз.
0Суытты, кеше, күн.
Балалар, киінді, жылы.
Олар, далаға, ойнады, шығып.
Қорытынды
жаса.
1.
Сызбаны аяқта:
Сөйлемнің түрлері:
![]()
II деңгей.
1.
Суреттегі сөздерді
байланыстырып, сөйлемдер құра.
0

Сөйлемдегі
сөздер туралы қорытынды жаса.
![]()
III
деңгей.
4. Мәтінге суреттегі
нәрселердің атын қатыстырып және тыныс белгілерін
қойып көшіріп жаз.
![]()
- үй құсы ол
салады оның
жұмырқасын
тағамдарын дайындауға
пайдаланамыз мамығы да қажет сондықтан адамдар
- ты күтіп оған
жем су беріп асырайды.
IV деңгей.
Жапырақтың артына жасырынған сөздерді тауып
сөйлем құрап жаз:
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
.
![]()
![]()
![]()
Қорытынды:
Төмендегі
сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдырып жаз:
Әжем ауылдан келді.
Оқушылардың
жазған жұмыстарын жинап тексеру. Деңгейлік тапсырмаларды
орындауға қойылатын талаптар бойынша тексеріледі және
бағаланады. Жіберген қателіктер есепке алынып, қатемен
жұмыс жүргізіледі. Бірінші және қатесіз орындаған
оқушыны көмекке алуға болады. Ол оқушылардың
жұмыстарын тексеру барысында оларға көмек көрсете
алады.
Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Егер мұғалім жаңаша
әдіс-тәсілдерді жүйелі, орынды қолдана білсе,
оқушылар өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай алады,
шығармашылық жұмыс жасауға дағдыланады, жүйелі
білім алады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушылардың
оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны
ерекше. Оқушының ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге
жетеді, танымдық белсенділігі, сабаққа
қызығушылығы артады, өз бетінше білім алуға
талпынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Дандыбаева
А.С., Кожамбердина Б.Х. Бастауыш
мектепте денгейлеп оқыту
технологиясын пайдалану жолдары // Білім беру жүйесіне мамандарды
даярлаудың замануи мәселелері: Республикалық
ғылыми-әдістемелік конференция материалдары.-
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010-Б. 181-185.
2. Дандыбаева А.С. Сабанбаев
Н.И.Педагогикалық технологияларды топтастыру жолдары// Materialy VIIІ
Miedzynarodowej naukowi - praktycznej konferencji
«Strategiczhe pytania swiatowej nauka -2012» Volume 11. Pedagogiczne nauki.: Przemysl. Nauka i studia-30-35 str