Мусаева А. Я., Омарова
А.Д.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
Инновациялық
білім-іскерліктің жаңа түрі. Қазақстан
университеттерінде басты мақсат-жедел дамып келе жатқан ортада
өмір сүруге қабілетті,
өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта
білуге,өз құқығын өз қалаулары мен
қоғам талабына сай өзін көрсете білетін, жоғары
білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық
және әлемдік мәдениетті бойында
қалыптастырған,
бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Елбасымыздың жүргізіп келе
жатқан сындарлы саясаты ұрпақ тәрбиесі мен біліміне
көрсетіп отырған қолдауы, сергек ойлы азаматтарына үлгі
екені рас. Ия, қазіргі заман білімгерлерінен тек өз
мамандығын терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық,
педагогикалық-психологиялық сауаттылықты талап етеді.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең
басты міндет - білім берудің ұлттық моделіне өту
арқылы жас ұрпақтың деңгейін
халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазақстан
Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы
қабылданды. Бұл құжаттың негізгі
мақсаты-Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін Стратегиялық
даму жоспарының басымдықтары негізінде елімізде көп
деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін
жасап, оны әлемдік деңгейге көтеру. Ұлттық
технологиялардың ең негізгі құндылығы-оқушының
жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты-табиғи
қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және
қалыптастыру. Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі
мұғалімдер өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен,
тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік
береді. Қазіргі заманғы ұлттық тәрбие
берудің педагогикалық-психологиялық мәселелерін шеше
отырып, білім берудің жаңа моделін негізгі қағидаларын
шешу мақсатында елімізде инновациялық технологиялар енгізіліп
жатыр. Инновациялық білім-іскерліктің жаңа түрі. «Тәрбие негізі - білім, даналық
негізі – ғылым» десек, еліміздің педагог-психологтары
шығармашылыққа, жаңа педагогикалық
технологияларды меңгеруге әрқашанда дайын. Инновациялық
білім-іскерліктің жаңа түрі. «Тәрбие негізі - білім,
даналық негізі –ғылым» десек, еліміздің
құқық саласы орындаушылыққа, жаңа
технологияларды меңгеруге әрқашанда дайын.
Құқық саласын дамыту барысында мынандай
әдіс-тәсілдер қолданса екен:
-шетелдік
технологиялардың жетістіктерін қолдана отырып,
өзіміздің ұлттық технологияларымызға мойын
бұру қажет ;
-ұлттық
инновациялық технологияларда ұлттық мінез, ұлттық
дәстүр, ұлттық мақтаныш, ұлттық
ар-намыс, ұлттық абырой, салт-дәстүрлер негізінде
тәрбиелеуде әдіс-тәсілдерінің мәні жоғары;
-мұндай
технологиялар психодиагностика әдістеріне сүйенеді, білімгерлер
қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты
өзгертеді, оқудың түрлі құралдарын
қолдану мүмкіндігін ашады;
-сүйіспеншілік,
қамқорлық,ынтымақтастық ахуалын туғызып,
білімгерлердің шығармашылық қуаттарын жүзеге
асырады;
-жаңа
технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану-ұлттық
білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы, білімгерлердің
шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, интеллектуалдық дамуына көп
әсері бар.
Бүгінгі жаңа
қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де
жаңаша, өйткені, ХХІ
ғасырда Қазақстан өскелең ұрпағынан үлкен
үміт күтуде. Ал әр бір
инновациялық технология мұғалімнен төмендегідей
іс-әрекетті талап етеді:
- өз
білімгерлерінің темпераментін, мінез-құлқын,
көзқарасын, талғамы мен әдеп-дағдыларының
жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;
- білімгердің ойлау
ерекшелігін, қызығуларын, мүддесін, ұстанымы,
бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы,
құндылық бағыттары, өмірлік жоспары сияқты
аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің
нақты қалыптасу деңгейін қадағалап білуі;
- тәрбиелік әрекетке
үнемі тартуы; мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді
уақтылы айқындап жойып отыруы;
- білімгерлердің дербес
әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамыта отырып,
білімгерді табысқа жетелеу.
Ендеше, жаңа дамып
келе жатқан қоғамға жаңа білім алған,
жаңа тұрмысқа , жаңа қатынастарға
бейімделген өзінің мүмкіндіктерін іске асыра алатын
жоғары интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруда
қазіргі таңда педагогтардың атқаратын міндеттері зор.
Қазіргі кезде
біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне
көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең,
яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық
ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ) педагогтар
қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи
ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың
жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі
ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту
технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру
еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының
бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру
ғасыры.
Білім беру үрдісін
ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру
ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты
ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес
студенттерді тұрмыстық, қоғамдық
және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді
араластыру болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен
формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің
бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін,
электрондық оқулықтарды, мультимедиалық
технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану
оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар
кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық,
аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат
алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс
құралдарының барлық түрін,
бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау
тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер,
қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға
арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны,
виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз. Қазақстан
Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін одан
әрі дамыту үрдісін оқып-үйренудің
ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық
құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес.
Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы
кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін
программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер,
оқыту орталары болып табылатын электрондық оқулықтар және
мультимедиялық программалар.
Қазіргі заман талабына сай
адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан
кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық
қоғамның негізгі талабы – оқушыларға
ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық
ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің
ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына
бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық
қоғамға бейімдеу. Ақпараттық технология –
қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау,
сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен
қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация –
ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және
оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын
қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық-коммуникативтік
технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің
функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық
болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен
анықталады. Оқытудың
ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары
бағыттары:
- электронды оқулықтар;
- телекоммуникациялық технологиялар;
- мультимедиалық және гипермәтіндік
технологиялар;
- қашықтықтан оқыту (басқару)
Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік
технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім
алдына жаңа бағыттағы мақсаттарды қояды: өз пәні бойынша оқу-әдістемелік
электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web
–сайттар ашу; жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; бағдарламалау ортасында
инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық
сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және
гипермәтіндік технологиялар), қашықтықтан оқыту
(Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды
қамтамасыз ету. Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл
коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық
қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу
процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін
болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Интерактивтік оқыту –
бұл, ең алдымен білімгер мен оқытушының
қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып
оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет
өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының
әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін -
ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас
жасауды дамытуды ұсынады. Білім беруді ақпараттандыру
жағдайында оқушылардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және
ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі-бүгінгі
күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Ақпараттық
құзіреттілік:
- сын
тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы
шешім қабылдауға;
- өз бетінше
мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа
жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және
жүзеге асыруға;
- ақпаратты
өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға,
қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге
және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы
ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың
көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық
операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей
және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу,
ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып,
ақпаратты өңдеуге;
- өзінің
оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін
ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық –
бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы
міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану
қабілеті.
Коммуникативтік
құзіреттілік:
- нақты өмір
жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін
қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша
коммуникациялардың түрлі құралдарын
қолдануға;
- коммуникативтік
міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды
таңдауға және қолдануға;
- әдептілік
ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- нәтижелі
өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және
әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе
отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге
қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар
тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Сабақта ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай
ақпараттық технологияларды, электрондық
оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану
білімгердің білім беру үрдісінде шығармашылық
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Білімгердің
ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық
мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз
педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi
мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Сабақта
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
- білімгердің
өз бетімен жұмысы;
- аз уақытта
көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім-білік
дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-
шығармашылық есептер шығару;
-
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- қажетті
ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- экономикалық
тиімділігі;
- іс-әрекет,
қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйрену;
қарапайым
көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе
құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын
табиғаттың таңғажайып процестерімен әр
түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
- білімгердің
ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Қазіргі таңда үздіксіз
білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім
беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің
жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту
негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған
жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына
қатаң талап қойылуда. Сондықтан оқытушы
іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру –
бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және
алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында
қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын
қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған
технологияларына көшу талабын қойып отыр. Бастамашылық,
жаңашылдық білім – құзіреттілік білім беру
жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік ,
экономикалық сұранысты қанағаттандыратын , әлемдік бәсекеге төтеп
бере алатын, теориялық білімін кез-келген жағдайда өз
іс-тәжірибесінде пайдалана алатын жаңа нәтижеге
бағытталған білім. Қоғамдағы әлеуметтік
өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі
жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай
қолдануға да тікелей байланысты. Мұны Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасындағы мынадай жолдар «...білім беруді дамыту үшін
оқытудың озық жүйелері мен технологияларын
әзірлеу мен енгізу» талап етіп отыр. Оқытудың жаңа
технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі. «Адам ұрпағымен
мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ
жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған
жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық
жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні
–қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай,
егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән
ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды
тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің
алдында тұрған басты міндет- оқушылардың
шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді
ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып
табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың
ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар
аударған жөн. Білімгер қызметін активтендіру негізінде
педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау
технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:
1.
Әрбір білімгер өзінің даму деңгейінде оқу
материалын меңгергенін қамтамасыз етеді;
2.
Деңгейлеп оқыту әр білімгер өз мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік
береді;
3.
Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы
балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. М. Узбаева
«Ұлттық тәрбие берудің
педагогикалық-психологиялық мәселелерін шеше отырып білім
берудің жаңа моделін құру», «Қызықты
психология» журналы,2011 ж. №4
2. Тоқтар Ф. «Білім
саласын реформалаудың негізгі шарттарының бірі»
«Қазақстан мектебі» журналы, №2
3.
К.Сәдуақасқызы, Г.Талқанбаева
«Тұлғалық-бағдарлық оқыту».