Алпысбаева Ж .Б.
М.Мақатаев атындағы №14
орта мектебі, Тараз, Қазақстан
АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Жалпы
сабақтарда қолданылатын ұлттық ойындардан
оқушыларға төмендегідей қасиеттер қалыптасады
1.
Оқушылардың қызығушылығын арттыра
түседі.
2.
Сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.
Балаларды достастырады, қарым-қатынасы
нығаяды.
4.
Бір-біріне ынтымақ көмек көрсетуге баулиды.
5.
Ой-өрісі кеңіп, жылдамдыққа үйренеді.
6.
Оқушылар өз ойын, пікір талабын ортаға сала біледі.
Ал
оқушыларды жан–жақты қабілетті азамат етіп өсіруде
ұлттық ойындардың тәлім–тәрбиелік, білімдік,
танымдық ролі орасан зор.
Ана тілі
сабақтарында ұлттық элементтері бар дидактикалық
ойындарды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
-
ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
-
оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне
бағынады;
-
оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
-
оқу әрекетіне ойын жұмыс элементтері ретінде кіреді;
-
ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.
Ана тілі
сабақтарында ұлттық элементтері бар дидактикалық
ойындарды қолдану үшін мұғалім мына мәселелерді
ескеруі керек.
Ойынның
мақсаты: Оқушылар сабақта қандай іскерлік пен
дағдыны игереді, ойынның қандай тәрбиелік мақсаты
көзделеді?
1.
Ойынға қатысушылар саны.
2.
Ойында қолданылатын материалдар.
3.
Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай
түсіндіруге болады?
4.
Ойын қанша уақытқа созылады? Бұл ойын әсерлі,
қызықты бола ма?
5.
Оқушылардың ойынға қатысу белсенділігін қалай
бақылауға болады?
6.
Ойын бұрын сабақта қолданылған ба? Қандай
жағдайда қолданылған?
7.
Ойын қорытындысын хабарлау.
Ана тілі
сабағында орынды қолданылған ұлттық ойын
элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын
игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын
барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқулық
мазмұнымен үндес болып, оқушыларға ыңғайлы,
түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді.
Ойын
тәртібі: а) жұмбақтардың шешулері жазылған
қима қағаздар немесе суреттер ойынға қатысушы
оқушыларға үлестіріліп беріледі. Әрбір оқушы
өз қолындағы жұмбақтарды ойлап тауып, оның
тұсына қояды.
ә)
ойынға қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді.
Тақтаға мұғалім жұмбақтар жазылған
қима қағазды іледі. Сонымен қатар
жұмбақтардың шешулері (суретті немесе жеке сөз
қима қағаздар) салынған қалтада
тақтаға ілініп қойылады. Оқушылар
жұмбақтарды қима қағаздағы ретіне
қарай біртіндеп шешеді. Оқушы жұмбақтың шешуін
айтып, соның суретін не сөз қима қағазын
қалта ішінен алып, жұмбақ сызығына орналастырады.
Суреттің атын немесе қима қағаздағы сөзді
тақтаға жазады. Сонымен қатар жұмбақ
шешуінің не себепті олай екенін айтып береді. Басқа
жұмбақтар да осы ретпен шешіледі.
Қима
қағаздағы жұмбақтарды дұрыс шешіп,
жұмбақ мәнін орынды түсіндірген оқушылар ойында
ұтады.
б) Бұл
ойында, керісінше, шешулері бойынша жұмбақтарды айту
көзделеді. Мұғалім оқушыларға жазылған
қима қағазды немесе суретін біртіндеп көрсетеді . Оқушылар оған сай
жұмбақты жатқа айтып беруі тиіс. Шешуі бойынша
жұмбақты көп әрі дұрыс айтқан оқушы
ұтады.
«Адам болам
десеңіз» тарауын қайталау кезінде М.Әуезовтың
«Көксерегі» мен Ш.Мұртазаның «Бөртесін» көркем
сөзбен сипаттап, жұмбақтауға болады.
Мысалы:
«Зіңгіттей көк шолақ, тамаққа өлгенше
ашқарақ, жота жүні үрпиіп, көздері жалындап
тұратын» және «Ай сияқты айналма мүйізі, делдиген
танауы бар, басы кекшиіп, тұяқтарымен жерді тарс-тарс тарпиды».
Жүргізуші
«Жануарлар қалай үндейді»
атты ұлттық ойын ойнайтындығын, ойынның
жүргізілу шартын хабарлайды. Мұғалім жануарлардың жеке
суретін көрсетеді, оқушылар олардың қалай дыбыстайтынын
айтады. Мысалы:
Жылқы -
кісінейді,шұрқырайды,оқырынады, арқырайды.
Сиыр -
мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі
- маңырайды, мекіренеді.
Түйе -
боздайды.
Қаз -
қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Бұлбұл
- сайрайды.
Жылан -
ысылдайды, суылдайды.
Аю -
ақырады, өкіреді.
Қасқыр
- ұлиды, ырылдайды.
Түлкі -
ырсылдайды, шәңкілдейді.
Шыбын -
ызыңдайды.
Бөгелек
- ызылдайды.
Құндыз
- сыңсиды.
Суыр -
шулайды т.б.
Ойынды
керісінше ұйымдастыруға болады. Мұғалім бұл
жануарлардың дыбыстауын айтса, бұл дыбыстаудың қай
жануарға тән екенін оқушы шешеді. Мысалы:
-Не
бақылдайды? - Бақа.
-Не
шыңғырады? - Шошқа.
-Не
шықылықтайды? - Сауысқан.
-Не
шиқылдайды? - Тышқан.
-Не
барқылдайды, қаңқылдайды? - Үйрек.
-Не
күркілдейді, бұрқанады? - Жолбарыс.
«Қалай
айтуды білемін» - үй жануарларының, аңдар мен
құстардың жүріс-тұрысын, дауысын дұрыс
сипаттап, тілімізді дұрыс айтуға дағдыландыратын аса
қызықты ұлттық ойындардың бірі. Бұл ойында
шаруашылықта, күнделікті тұрмыстіршілікте маңызы зор
мәліметтер кем қамтылады, ол төмендегіше жүргізіледі.
В.А.Сухомлинскийдің
сөзімен айтқанда «ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты
дамуы да жоқ және болуыда мүмкін емес. Ойын дүниеге
қарай ашылған үлкен жарық терезесі ол арқылы баланың
рухани сезімі жасампаз түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын,
білімге құмарлықпен еліктеудің аздап жанар оты. Міне
ойын даганіміз тыныс кең алысқа меңзейтін ойдан-ойға
жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай
ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі,
өмір тынысы» демекпіз.
Әдебиеттер:
1. Пильщиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль. – М.: «Наука», 1989
г.
2. В.Гофман, А.Хомоненко, Delphi 5, Наиболее полное руководство. Изд-во
"БХВ- Санкт-Петербург", 2001 г. – 800 с.: ил.
3. Культин Н.Б. Delphi в задачах и примерах. – СПб.: БХВ – Петербург, 2005.
– 288 с.: ил.
4. Культин Н.Б. Основы программирования в Delphi 7.– СПб.: БХВ – Петербург,
2003.