Филологические
науки/Язык, речь, речевая коммуникация.
Абильдинова Г.К.
С.Торайғыров
атындағы ПМУ аға
оқытушы, Павлодар қ.
Казиева Б.А.
Дарынды балаларға арналған Абай
атындағы № 10 лицей- мектебінің оқытушысы, Павлодар қ.
Диалогтік оқыту – оқушының ойлау
және сөйлеу тілін дамытудың
бірден-бір жолы
Оқушылардың сөйлеу дағдысы мен
ойлауын дамыту үшін сыныптың ерекшелігін тану қажет. Осы
бағытта оқушылардың
жеке өмірінде де сөйлеу және ойлауын жоғарылату және оларды сабаққа белсенді қатысуына
қызығушылығын арттыру маңызды болып табылады. Бір мақсатқа біріккен әрекеттердің жиынтығын
ғана іс-әрекет деп атайды»,- деген анықтама берген психолог
Ф.Н. Гоноболин (Вопросы психологии. – 1997. – №4. – с. 55.) пікірі бір
кезеңге дейін созылуымен
сипатталатын үдеріс екенін анықтап берген және педагог
маманның оны келісетіні анық. Ал педагогикалық
іс-әрекетті зерттеуді айтқанда, біз мұғалімнің
бір рет жасаған әрекетін емес, белгілі мақсатқа сай,
педагогтік әрекеттерінен тұратын «мектеп үшін» жасалған
еңбегін айтамыз. Қазіргі жаңа технологиялар заманында педагогика саласындағы өзекті мәселелердің бірі - оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру .
Бүгінгі күннің мәселесі:
алдымызда тілдік қоры аз, орысша және шорқақ
сөйлейтін балалардың, ойын жеткізуде көптеген кедергіге
ұшырайтын, өз ойын ашық айтуға ұялатын, не
қате айтып қоямын деп үрейленетін оқушылардың
көптігі. Сондықтан қазіргі таңда оқытудың
жаңа әдіс-тәсілдерінің қатарындағы
диалогтік оқытудың маңызы зор болғандықтан, тіл
бағытындағы сыныптарда мұғалім мақсаты: оқушының өзіндік ізденісіне,
сеніміне ену, әлеуметтену ерекшеліктерін арттыру үшін
өзгелермен қарым-қатынас жасаудың тиімді
әдістерін қолдану арқылы сөйлеу және ойлау деңгейін
арттыру.
Мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:
-оқушының ойын дұрыс толық жеткізуге диалогтік
тәсілдің белсенді түрлерін сабақ барысында ұтымды
қолдану;
-ауызша тіл мәдениетін көтеру арқылы жазбаша
қабілетін арттыру;
-қарым-қатынасқа түсу барысында ойын ашық
айтудың тиімді жолдарын қарастыру;
-сұрақ арқылы және ой тұжырымдауда
оқушылардың сындарлы әрекетін дамыту.
Диалогтік оқыту барысында шығармашыл тұлға
қалыптастыру үшін
төмендегідей
сұрақтарды қарастыру қажет:
Диалогтік оқытудың тиімді
жолдарына не жатады?
Оқушылардың ойлау тілін дамытуда диалогтің әсері
қандай?
Диалогтік
әдіс-тәсілдер арқылы ынтымақтастық
қарым-қатынасты орнату, тиімді сұрақтар
қоюдың маңыздылығын қалай ашуға болады? Аталған сұрақтарды зерделеу барысында
түсінгеніміз, бастауын тарихта Сократ ілімінен алатын және
жаңа білімді қалыптастырудың көне формасы боп
табылатын, десе де, оқыту мен оқудың жаңа
тәсілдерінің бірі - диалогтік оқытуға байланысты
әдебиеттерді шолу барысында: «Зерттеулерде ересектермен
интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген
жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті
дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский когнитивті дамудың,
оқушылар өздерінің «Жақын
арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе,
жақсаратындығын атап көрсеткен. Бұл тапсырмаларды
орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын
ересектердің көмегі немесе қолдауы керек» деген (МАН,
104-бет), оқушымен қарым-қатынас жасау,
әңгімелесуді жүргізу арқылы мұғалім мен
оқушы қарым-қатынасын тең дәрежеде
талқылау, бірлесіп құру сынды сабақты
белсендірудің түрлерін өзара ынтымақтастыққа
жетелейді. біз біржақты танып жүрген диалог әдісінің түрлі
формалары тек ойын білдірумен шектелген, ал Кембридж технологиясына
негізделген «Мұғалімдерге
арналған нұсқаулықта»: Александер (2004)
«...оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас
жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар
екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде
оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп
тұжырымдайды» (МАН,105-бет). Соның
нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар сарапталынды. Коммуникативтік
құзыреттілік жұмыс үшін диалогтік оқыту тәсілі берілген
тапсырмаға сәйкес жауап беруге дағдыландыруда мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:
-
ақпарат алу және оны жинақтау;
-
ақпаратқа өзінің көзқарасын білдіру;
- бір
нәрсе жайлы мағлұмат беру және жаңа қосымша
мағлұмат алу.
Ақпаратқа өзінің
көзқарасын білдіру мақсатында оқушылар топтық
тапсырмалар жасау кезінде мультидиалог ( Имангалиева Г. Типология диалога: Дисс.: канд. филол. наук: 10.01.01. –
Алматы, 1999. – 121 с.) арқылы өзіндік пікірді топ ішінде талқылай отырып, оны сабақ
барысында қорғауда
көз жеткізді .
Бір нәрсе жайлы мағлұмат беру
және жаңа қосымша мағлұмат алу әрекеті
арқылы бұған дейін бір
жақты мағлұмат алуды, қосымша мәліметпен сол
түсінікті кеңейтуге болатын болса, АКТ арқылы
оқушыларға ізденуге, бірінің ойын бірі тыңдауға
жол ашатын зерттеушілік
әңгіменің септігі
мол болды. «Мерсердің
айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету
аясындағы табысты талқылауларда
әңгімелесудің
зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады» (МАН, 105-бет)
Қосымша материалды ғаламтор жүйесінен ала отырып, бірілген
тапсырманы тексеруде және мәлімет кеңейтуде интербелсенді
тақтаның тиімділігін байқадым.
Мұғалім жаңа ұғымды түсіну
дәрежесін айғақтау үшін «сигналды белгілер» пайдалану арқылы
бағыттаушы роль атқарса, топтың
жұмыс істеу бағытын сарапшы, бақылаушы ретінде
үйлестіруші болады, ал
мұғалімнің қолдау көрсетуші екенін білгенде
өзара ашық әңгімеге түседі де, осыдан болар
топтық жұмыс барысында бәсеке емес, керісінше, сындарлы
саясат ұстанады. Топтық жұмысты белсендіруде
және оқушылардың бойында сыни талқылауды
қалыптастыруда сабақ сайын
тапсырмаларды түрлендіру және өз жас ерекшеліктеріне
қарай оқушыларды
жұптық,топтық түрде ұйымдастыру оқушылардың дарындылығын
дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың
арасында ынтымақтастық пен өзара серіктестікті тудыру,
басқа адамның ойымен есептесу жауапкершілігін түсінеді.
Сынақтан өткізу бағытындағы сұрақтар
оқушылардың ойлау
деңгейін кеңейтуге жол ашады, сондықтан сабақ барысында
бала мүмкіндігі мен танымын танытатын бұл сұрақ
түрі нағыз ізденіске апаратын жол.Басқаға
бағыттау: Сенің ойыңша, тағы не қосуға
болады? Кім көмектесе алады?
деген сарында ойталқыға түсу арқылы да
әңгімелесуді өрбітуге болады.
Іс-тәжірибеге
оқытудың және оқудың сындарлы технологиясын
енгізе отырып, диалогтік оқыту арқылы қазақ
әдебиеті сабағында оқушылардың сөйлеу және
ойлау тілін дамыту барысында диалогтің «өзімен-өзі»,
«оқушы-оқушы», «оқушы-мұғалім», «мультидиалог»
түрлерін пайдалана отырып, әңгімелесудің
«әңгіме-дебат», «кумулятивтік әңгіме», «зерттеушілік
әңгіме» түрлері арқылы диалогтік оқыту
тәсілінің тиімділігін танылады.Зерттеушілік
әңгіменің басқа әңгіме түрлеріне
қарағанда, мағлұматты анағұрлым
ашатындығы және оқушылардың мұғалім
көмегіне, кеңесіне көбірек құлақ асатындығы
және мұғалім-бағыттаушы тарапынан да үлкен
дайындықтың керектігі басым.
Диалог барысында оқушы ойлану кезінде
тек өзімен ғана емес,
сыныптасының, топтың пікірімен санаса аладынтығы
анықталды оқушылардың нақты, дәл, тұжырымды
сөйлеу, сөйлеу үшін ізденіс керек екендігін
өзгенің ойымен санасу, сұрақ қою, жауап беру,
өзіндік идеясын дамытатындығын, көп сөйлеу емес,
дәлелді ой айту, тұжырымды ой алмасуға жетелейтіндігіне
көз жеткіздік. Ал жаңа формациялы мұғалім ретінде
сабақты сындарлы теорияға негіздей отырып жоспарлау білім
берудің әдіс-тәсілдерін өзгерту, сабақ беруде
оқушылардың қажеттілігіне байланысты көзқарас,
оқушы жауабын тыңдауда шыдамдылық таныту және өзара ой алмасуға мүмкіндік беру, оқушы жауабын
қайталамауға байланысты пікір қалыптасты.
Аталған тәсілдің тиімділігі:
-оқушының ойы мен тілін дамытады;
-ашық қарым-қатынаста болуын талап етеді;
-оқу-танымдық белсенділіктері мен білімін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
-еркін де дәлелді сөйлеуіне ықпал етеді.
«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деген
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ойы өзгеріске сай тәжірибені
бағыттау және оған балалардың
қызығушылығын арттыруға қойған шарты екені
даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІ
деңгей. Кембридж Университеті.
Назарбаев зияткерлік мектебі. 3-басылым, 98,101,104,105- беттер.
2. Имангалиева Г.
Типология диалога: Дисс.: канд. филол. наук: 10.01.01. – Алматы, 1999. – 121 с.
3.
Сұлтанғалиева Р. Көркем
туындыдағы диалогтың қызметі және мағыналық
топтары, «Ақиқат», 2013, №5.
4.
Межличностный контакт как исходное понятие психологии устной
пропоганды // Вопросы
психологии. – 1997. – №4. – с. 52-55.